1-апта. Кіріспе


Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал



бет28/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы. Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы.

Жоспары:

  1. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары

  2. Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.

  3. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі.

Негізгі ұғымдар: әкімшіл-әміршіл жүйе, жеке басқа табыну, демилитаризация, ақша реформасы, карточкалық жүйе.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Кеңес елінде 1920ж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшіл жүйе 1930-50жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіргіш құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар тән еді. Елде И.В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Жас талантты тарихшы Е. Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың қатарында болды, оларға А.М. Панкратова, А.П. Кучкин, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин, т.б. Кеңес тарихшылары жатты. Кітап 1943 ж. маусымында жарыққа шықты. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Бекмахановтың «ХІХғ. 20-40жж. Қазақстан» (1947ж.) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл-ұлтшыл деп жарияланды. «Правда» газетінде кітап айыпталды. Бекмахановты ғылыми атақтарынан айырды. 25 жылға соттады. 1954ж. Қазақстанға қайта оралды. Бұндай істер жалғыз болған жоқ. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов, жазушылар Ю. Домбровский, Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин сияқты саяси айыптармен жазаланды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті Қ.И. Сәтпаев пен М.О. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде