1-апта. Кіріспе



бет23/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Жоспары:

  1. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы.

  2. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

  3. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі және салдары.

Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары. Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Шаруашылық құрлыс машиналар мен құрал жабдықтар әкелетін елден машиналар мен құралдар шағаратын елге айналдыру, яғни жаңа техникамен жабдықталған индустриялды елге айналу бағытында даму керек делінді съезд шешімінде. Большевиктер Кеңес үкіметі жалғыз өзі социализм құрып жатқан ел, осыған байланысты КСРО капиталистік дүниежүзілік шаруашылыққа тәуелсіз дербес экономикалық бірлестік болу керек деп тұжырымдады. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерізімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті. Оның себебі большевиктердің алға қойған бұл мақсаты саяси мәселемен, яғни бір елде соцализм құру мүмкіндігі туралы тұжырыммен байланысты еді.

Сонымен қатар социалистік индустрияландырудың капиталистік индустрияландырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салалары дамиды.

Осыған орай елді социалистік индустрияландыруға байланысты алға қойған міндеттер партияның Орталық комитеті мүшелерінің арасында үлкен пікірталас тудырды. Съезд қарсаңында партия ішінде “жаңа оппозиция” деген атпен белгілі болған топ қалыптасты. Олар партияның КСРО-да социализм құру мүмкіндігін жоққа шығарып, елді индустрияландыру бағытына қарсы шықты. “Жаңа оппозиция” пікірі бойынша мемлекеттік өнеркәсіп орындарын социалистік деп атау қате, оны мемлекеттік капитализм деу керек, ал ЖЭС болса капитализмге кері қайту деген пікірде болды.

Кеңестік тарихнамаға партияның он бесінші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде әсіресе Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.

Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға қарсы болды, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.

Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту, яғни байырғыландыру (коренизация) саясаты өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер” деп айыптады.

Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Осы тұста қазақ еліне көп қасірет алып келген Қазақстандағы халық комиссарлар кеңесінің қызметіне (1925-1933 жж.), оның шешімдеріне тікелей тоқтала кеткен жөн секілді. Халық комиссарлар кенесі үкімет ретінде құрылып республикамыздың саяси-экономикалық өмірінде үлкен роль атқарды. Бүгінгі таңда халық комиссарлар кенесінің кызметінің негізгі бағыттарын қарастыру ғылыми, саяси маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар