1. Амбулаторлық хирургия түсінігіне анықтама беріңіз. Хирургиялық патологияны диагностикалау әдістері. Амск мекемелеріндегі хирургиялық кабинеттің, таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру


Сыртқы қан кету туралы түсінік. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. Қан жоғалтудың дәрежесі. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату



бет5/11
Дата22.11.2022
өлшемі234.22 Kb.
#361121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№3-4
№1-21
8. Сыртқы қан кету туралы түсінік. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. Қан жоғалтудың дәрежесі. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. 

Қан кету (грекше – қан, – ағу) – қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).
Сыртқы ортаға, ағзаларға және тіндерге қатынасына байланысты тін ішілік, сыртқы және ішкі қан кету деп бөлінеді.

  • Тін ішілік қан кету. Қан тамырдан шығып оның айналасындағы тіндерге сіңгенде, қан құйылу пайда болады, егер қан тіндерді ажыратса гематома түзіледі.

  • Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді.

  • Қан ішкі қуыс ағзалардың ішіне немесе организмнің табиғи қуыстарына құйылатын болса ондай қан кетуді ішкі қан кету деп атайды.


Қан кетудің ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.
Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).

  • жеңіл дәрежесі – АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)

  • орташа дәрежесі – АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)

  • ауыр дәрежесі – АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 – 2000мл)

  • массивті дәрежесі – АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)

Қан жоғалту дәрежесін анықтаудың емдеу тактикасын және трансфузиялық емнің сипатын анықтау үшін маңызы зор.

Қан кетуді уақытша тоқтату
Тәсілдері: Қан тоқтатудың уақытша әдістерінің барлығы да механикалық болып табылады.
Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.

  1. Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.

Көрсеткіштері:

  • аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;

  • аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.

Қыл бұрау салудың ережелері:

  1. Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.

  2. Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.

  3. Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.

  4. Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.

  5. Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.

  6. Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.

  7. Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.

  8. Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.

Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының белгілері.

Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек (саусақпен басу).


  1. Артерияны саусақпен басу.

Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы – тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс. Аталған әдісті тез және ұтымды пайдалану үшін
артериялардың орналасқан жерін, олардың сыртқы нобайларын және оларды қысатын сүйекті түзілістердің нүктесін жақсы білу қажет. Олар топографиялық анатомия мен жедел хирургия әдебиеттерінде жеткілікті дәрежеде келтірілген.


  1. Аяқ-қолды мейлінше бүгу.

Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын – қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.


  1. Қысып таңу.

Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материалдар қажет. Қысып таңу әдісі көктамырлар мен ұсақ қан тамырларынан, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс.


  1. Жараны тығындау (тампонада).

Қуысты жараның ұсақ тамырларынан, капиллярлардан, көктамырдан қан кеткенде, әсіресе операция кезінде жиі қолданылатын шара.


  1. Қанап тұрған тамырға қысқыш салу.

Негізінен операция кезінде қолданылатын әдіс. Бұл әдіс сенімді, қарапайым, нәтижелі, сондықтан кең таралған. Бірақ қысқышты ұқыпты және көзбен бақылап отырып салу керек. Өйткені, қысқыш езулерінің арасына магистралды қан тамыры немесе нерв түсіп кетуі мүмкін.

  1. Тамырды уақытша жалғау.

Бұл әдіс магистралдық қан тамырлары жарақаттанған кезде қолданылады. Аталған тамырларда қан айналысының тоқтауы науқастың өміріне қауіп төндіруі немесе басқаша да қиын жағдайлар тудыруы мүмкін. Бұл әдісті хирург тамыр тігісін білмеген жағдайда, аудандық аурухана жағдайында және науқасты тасымалдау үшін ұзақ уақыт қажет болғанда қолданса әбден дұрыс болады. Магистралдық қан айналысын сақтау және ишемияны болдырмау үшін хирург жарақаттанған тамырларға түтік (полиэтилен, әйнек) қойып бекітеді. Науқасты тасымалдаған кезде аяқ – қолды бекітіп, антикоагулянттар тағайындау қажет.

Қан кетуді біржола тоқтату
Тәсілдері. Қан кетуді түпкілікті тоқтатудың әдістері табиғатына орай механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық әдістер – ең сенімділері.

  • тамырды жара ішінде байлау (ең дұрысы осы әдіс);

  • тамырды бастауынан байлау: жарақаттанған жердің жоғары жағындағы ірі магистралдық діңгек тамырды байлау жөнінде сөз қозғалып отыр. Бұл әдістің ең бір кемшілікті жері – жарақат ішінде байлауға қарағанда қан айналысынан айырылатын тіндер көлемінің үлкендігі. Әдіс амалсыз шара ретінде ғана қолданылады.

Тамырды бастауынан байлауға көрсеткіштер:

  • көлемді бұлшық ет массивтерінен қан кетуі кезінде қантамырының ұшының жараның ішінен табылмауы;

  • іріңді немесе шірулік жарадан екіншілік аррозиялық қан кетуі.

1.Қан тамырын көктеп тігу.
Қанап тұрған тамыр жара ішінде көрінбесе және оны қысқышпен қысу мүмкін болмағанда тамыр айналасындағы тіндерге бүрме немесе 2-тәріздес тігіс салынады да қысып байланады. Бұл әдіс – тамырды көктеп тігу әдісі.

2.Қан тамырын бүрау, қысып езгілеу.
Ұсақ қан тамырларынан қан кеткенде қолданылады. Тамырды бұраған кезде оның жарақаттанып қан ұйық (тромб) түзілуіне негізделген әдіс.

3.Жараны тығындау, қысып таңу – бұл аталған әдістер қан тоқтатудың уақытша әдістері болғанмен кейде түпкілікті әдіс ретінде де қолданылуы мүмкін.

4.Тамыр ішіне эмбол енгізу (эмболизация). Эндоваскулярлық хирургияның әдістерінің бірі болып табылады. Тамырды Сельдингер әдісімен катетеризация жасаған соң, жарақаттанған аймаққа артерияның қуысын бітейтін жасанды эмбол жеткізіледі (спираль, спирт, химиялық заттар, полистирол).

5.Қан кетумен күресудің арнаулы әдістері. Операциялардың жекелеген түрлері – спленэктомия (талақ жарақаттанғанда), асқазан резекциясы (жарадан қан кеткенде) да қан тоқтатудың механикалық әдістеріне жатады.

6.Қан тамырын тігу және тамыр реконструкциясы.
Қан тоқтатудың бұл түрлері ірі қан тамырлары жарақаттанған кезде қан айналысының тоқтауы науқас өміріне қолайсыз жағдайларға әкеп соғатын болған кезде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені