1. Амбулаторлық хирургия түсінігіне анықтама беріңіз. Хирургиялық патологияны диагностикалау әдістері. Амск мекемелеріндегі хирургиялық кабинеттің, таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру



бет1/11
Дата22.11.2022
өлшемі234.22 Kb.
#361121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№3-4
№1-21

1.Амбулаторлық хирургия түсінігіне анықтама беріңіз. Хирургиялық патологияны диагностикалау әдістері. АМСК мекемелеріндегі хирургиялық кабинеттің, таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.
Амбулаториялық хирургия-бұл хирургиялық терапияның бір түрі, онда науқасқа операция жасалады және сол күні үйге жіберілуі мүмкін. Амбулаторияның хирургиялық көмек, ауыр асқыныстары жоқ, 17-60 дейінгі жастағы науқастарға көрсетілген. Амбулаторлы хирургияға кері көрсеткіш ретінде бауыр, бүйрек, жүрек қантамыр аурулары жатады. Егер де созылмалы аурулар асқынбай, компенсация сатысында болған жағдайда, амбулаторлы хирургия жүргізуге болады.
Амбулаторлы хирургияға үзілді-кесілді кері көрсеткіштер:


  • Тұмаудың жедел түрлері (грипп, ЖРВИ)


  • Қан ұю бұзылысымен байланысты аурулар


  • Дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар

Хирургиялық кабинетте қабылдауды хирург пен медбике жүргізеді. Хирург науқасты қарайды, негізгі құжаттарды жүргізеді, ал медбике таңу мен әртүрлі манипуляцияларға қатысады. Жоспарлы операциялар белгілі күндерде жүргізіледі, ол кезде басқа науқастар қабылданбайды. Емханаларда хирургиялық әртүрлі кіші операциялар жүргізіледі. Соның ішінде жиі кездесетіні:липома, атерома, жараны хирургиялық емдеу, панарицияны ашу, іріңді мастит, киста , өскен тырнақ, абсцесстерді ашу, шынтақтық қисаюда араласулар т.ю жасалады. Амбулаторлық хирургияда хирургиялық операциялардан басқа, операциядан кейінгі стационардан шыққан найқаутарды ары қарай емдеу жүргізеді. Бұл науқастар учетке тұрып, бақылауда болады.
Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы
Қабылдау бөлімшесі. Науқастарды қабылдау бөлімі арқылы іске асырылады, бұл жерде науқастар бірнеше түрге бөлінеді. Науқастар ауруының түріне қарай тиісті бөлімшелерге жатқызылады
Қабылдау бөлімі тұрады: Тіркеу бөлімі, Науқастарды бірінші рет қарау
бөлімі, Ванна бөлмесі, Таза аурухана киімдерін сақтауға арналған бөлме,
Науқас киімдерін сақтауға арналған бөлім. Қабылдау бөлімдерінде 1-2
диагностикалық бөлмелер және инфекциясы бар науқастар үшін
оқшаулауыш бөлменің болғаны орынды.

Жалпы хирургиялық бөлім. Хирургиялық науқастарды емдеу арнаулы және барлық керекті нәрселермен жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі.


Травматологиялық бөлім. Бұл жарақаттанған науқастарға ем жүргізілетін
хирургиялық бөлім. Травматология бөлімінің жалпы хирургиялық бөлімнен
айырмашылығы, онда рентген кабинеті, гипстеу, байлау аппараттар бөлімі,
емдеу дене шынықтыру және механикалық терапия кабинеті болады.
Наркоз бөлмесі – бұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрідәрмектер, құжаттар сақталатын жер.
Құрал – сайман бөлмесі. Хирургиялық құрал-саймандарды, аспаптарды және
аппаратураны сақтауға арналған жер.
Мейірбике күзет орны. Әдетте дәлізде бөлмелерге жақын жерде кезекші
мейіркеш столы орналасқан.
Хирургиялық ауруларды диагностикалауда аспаптық және лабораториялық әдістер қолданылады.
Лабораториялық әдістерге жатады:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Қанның биохимиялық талдауы

Аспаптық әдістерге жатады:
Рентгенограмма
УДЗ
Ирригоскопия
Колоноскопия
Фиброэзофагогастродуоденоскопия
Ангиография
Пункциялық биопсия
Компьютерлік томография
Реовазография және т.б.
Таңу бөлмесі дегеніміз жарақатты таңуға және хирургиялық іс-шараларды орындауға арналған арнайы жабдықталған бөлме( тігісті алу, лапароцентез, емдік және диагностикалық пункциялар,т.б) Хирургия бөлімшесінде Іріңді және таза
таңу бөлмелерін ажыратады.
Таңу бөлмесі үшін қажетті құралжабдықтар
- Пинцет;
-Науалар;
-Қысқыштар;
- Маскалар;
- Инеұстағыш;
- Фолькмана қасығы;
- Зондтар;
- Тігістерді шешуге арналған қайшы;
- Скальпель;
- Қарапайым қайшылар;
- Плевральды пункция үшін бірреттік жиынтық;
- Тігіс материалдары.

Таза “таңулар


Сүйектерді, буындарды,жұмсақ тіндерді және
жұлын каналдарын пункциялау;
Плевра қуысына пункция;
Отадан кейінгі жаңа жараларды таңу, тігістерді алу;
Басқада таза таңулар;

Іріңді” таңулар


Іріңдіктерді ашу;
Эмпиема кезіндегі плевра қуысын дренаждау т.б;
Ішек және нәжісті жыланкөздері бар науқастарды
таңу;
2.Қолдың іріңді қабыну аурулары кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы: панариций, қол басы флегмонасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары. Сырқаттың ерекшеліктері және хирургиялық емдеу. Жансыздандыру әдістері.
Панариций – бұл саусақтардың тіндерінде локализацияланған және саусақтардың алақан бетінде пайда болатын жедел іріңді қабыну процесі.
Жіктелуі:
Беткей: терілік, теріастылық,тырнақ айналасының панариций, тырнақастылық
Терең: сіңірлік, буындық, сүйектік, пандактилит
Клиникасы: бастапқы кезеңдерінде қызару, шамалы ісіну және әлсіз немесе орташа ауырсыну, мүмкін жану сезімі байқалады. Содан кейін ісіну күшейеді, ауырсыну күшейеді. Қабыну аймағында іріңді флюктуация пайда болады, ол панарицийдің беткей формаларында айқын көрінеді. Іріңдіктің пайда болуы әлсіздікпен, шаршаумен, бас ауруымен және дене температурасының жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін. Интоксикация белгілері тереңауыр түрінде айқын көрінеді.
Хирургиялық емі:
Беткей формаларда науқас амбулаториялық режимде болуы мүмкін, терең болса, ауруханаға жатқызу қажет. Ерте кезеңдерде беткей панарициямен ауыратын науқастарға консервативті терапия тағайындалуы мүмкін: дарсонваль, UHF, жылу процедуралары. Беттік панаритийдің соңғы кезеңдерінде, сондай-ақ аурудың сүйектік және сіңірлік түрінің барлық кезеңдері операцияға көрсеткіш болып табылады. Операция іріңнің максималды тиімді ағуын қамтамасыз ету үшін дренажбен толықтырылады.
Сүйек немесе буын панарициясындағы хирургиялық тактика зақымдалған тіндердің сақталу дәрежесімен анықталады. Ішінара жойылған кезде зақымдалған жерлерді резекциялау жүзеге асырылады. Тотальды деструкция кезінде ампутация көрсетіледі. Сонымен қатар, қабынумен күресуге (антибиотиктер), ауырсынуды азайтуға және жалпы интоксикация құбылыстарын жоюға бағытталған дәрілік терапия жүргізіледі.
Қол ұшы флегмонасы деп май клечаткасының жедел іріңді түрде қабынуын айтады. Абсцесспен салыстырғанда айқын шекаралары болмайды.
Қол ұшының флегмоналары келесідей жіктеледі:

  • Бірінші саусақ дөңесінің (тенардың)флегмонасы;

  • Бесінші саусақ дөңесінің (гипотенардың) флегмонасы;

  • Алақан орталығындағы кеңістіктің флегмонасы;

  • Комиссуралды флегмона;

  • U тәрізді флегмона;

  • Алақан сыртының теріасты флегмонасы;

  • Апоневрозасты флегмоналары

Клиникасы:
Клиникалық көрінісі процестің тез пайда болып таралуымен сипатталады. Науқаста жалпы және жергілікті көріністер орын алады.
Жалпы белгілеріне:
дене температурасының жоғарылауы,
жалпы мазасыздану


Жергілікті белгілері:
ruber (қызару),
color (жергілікті температураның жоғарылауы),
tumor (домбығу),
dolor (ауырсыну),
functio laesa (қызметінің бұзылуы).
Хирургиялық емі:
Қабынудың серозды-инфильтративті кезеңінде спиртпен компресс салу, трипсин, химотрипсинмен электрофорез жасау, УЖЖ – терапия. Қабыну ошағына көктамыр арқылы регионарлы тәсілмен антибиотиктерді енгізумен қатар, жалпы антибиотикотерапия жүргізеді. Қабынған жердің қатты солқылдатып ауырсынуы жедел операцияны қажет етеді. Қол ұшына операция жасау үшін оның анатомиялық ерекшеліктерін, әсіресе алақандағы n. medianus тармақтарының орналасуын мұқият ескерген жөн, себебі аталған нерв тармақтары зақымдалса, үлкен саусақтың функциясы істен шығады.
Қол ұшында жеңіл операциялар Лукашевич – Оберст тәсілімен жергілікті жансыздандыру арқылы жасалса, асқынған іріңдіктерде венаішілік наркоз беріледі. Қол ұшының операцияларында көз операцияларына қолданатын құралдарды пайдаланған жөн. Қол ұшында іріңдіктердің таралуына байланысты сызық тәріздес, бір немесе екі жақты тіліктер жасалып, солар арқылы жаралар силикон түтікшелермен дренаждалып, іріңді қуыстар антисептиктер, протеолиттік ферменттермен жуылса, жара жылдам тазарып, тез арада жазылады.

3. Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені