1 Алаш әдебиеті тәуелсіз ұлт руханиятының негізі

Loading...


бет2/2
Дата05.05.2021
өлшемі23.1 Kb.
1   2
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан «Алаш әдебиеті», «Алаш ұранды әдебиет» делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, «Әдебиет танытқышқа», «Әдебиет тарихына» ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу – олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
2) М.Әуезов және жалпыадамзаттық құндылықтар
М.Әуезов әлем әдебиетінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өрнекті із, тағылымды табыс қалдырды. М.Әуезов мұрасы қазақ әдебиеті көкжиегін кемелдікпен толықтырып, қазақ руханиятына даңғыл жол салуымен де ерекшеленеді. Мұхтар Әуезов есімі Абай есімімен рухани сабақтастықты жалғастырып, адамзаттық құндылықтар шеңберін шеберлікпен дамытуымен де асқақтай түседі. 

      М.Әуезовтей суреткердің соңына қалдырған мол рухани дүниесінің  әлі де болса ашылмаған қырлары жетерлік деуге болады. Әузов мұрасы адамзат өмірінің сан-саласына қарай пайдалы қызмет атқарып, жалпыадамзаттық құндылықтар биігінен көз тастайды. Ғалым мұрасы әуелі қазақ руханияты үшін заңғар шың болса, әлемдік әдебиет деңгейінің биік талаптарымен де үндесіп жатады. М.Әуезов және жалпыадамзаттық құндылықтар негізі де ауқымды ұғым. Осы ұғымның бастауындағы Әуезовтің заңғар тұлғасы уақыт өрнегі өткен сайын жаңғырып, әлемдік арнада биіктей түседі.

     М.Әуезов -  20-жылдардағы қазақ зиялыларының бірден-бірегейі.  Болашаққа деген сенімділік – оның өмірінің мәні. Қазақ халқының үні, халық арманының тарихы, халық мұңы мен үміті – оның талантының жан-жақтылығының кілті, міне, осында жатыр. Романдар мен повестер, әңгімелер мен пьесаларында кешегі ескі өмірдің күйреуін суреттей келе М.Әуезов әлемнен адамға қарай бет бұрады. Күнделікті өмірдің шыңырау тереңінен шыққан мазмұнды да философияға толы  Әуезовтің  көркем ойы нағыз халықтық образдарды сомдай білді, мәселен Абай образы, әлемдік әдебиеттегі өз орнын алып, жалпыадамзаттық мәнге  ие болды.

    «Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді,  белгілі бір қоғамдық коллективтің мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән мен мазмұн бар. Бұл – даусыз шындық. Жалғыз-ақ осы шындықты әр көзқарастың өкілі әртүрлі түсінуі ықтимал»,- деп академик З.Қабдолов айтқандай, әр ұрпақ өз дәуірінің тұрғысынан баға берері даусыз. 

    Жазушының шығармашылық өнегесі мен адамдық бейнесі баршаға үлкен өнеге мектебі болды. Оның ғұмыр жолы үлкен де күрделі кезеңдерден тұрса да, жазушы таланты ерте мойындалып, бағаланды. Қаншама еңбектер жазылып, тарих қойнауына ізсіз аттанып кетіп жатыр, ал Мұхтар еңбектері бүгін солардың бәрінен озып, тарих таразысынан өтіп, дүниежүзілік үлкен әдебиетке барып қосылды. Оның есімі туған халқының әлем алдында бетке ұстар тұлғасына айналып, ал мұралары жалпыадамзаттық құндылықтарға толық тәлім  бере алады. Мәселен, Әуезов және Абай, Мұхтар және әлем әдебиеті, М.Әуезов және айтыс өнері, Әуезов және шығыс әдебиеті, М.Әуезов және қорқыттану, Мұхтар және фольклор, М.Әуезов және  түрік, араб әдебиеті тәрізді т.б. өте күрделі мәселелер мен тың тақырыптарды қамтиды.  

  Академик С.Қирабаевтың пікірінше: «Мұхтар жаңа дәуірде қайта түлеп, жаңа мәдениет жасаған өскелең ұрпақтың ұстазы еді. Жазушылық өнегесіне қоса, ғылымда да, жоғары мектепте де шәкірт тәрбиеледі. Оның алдынан көп адам өтті. Әсіресе, ол ізденімпаз, талантты жастарды бауырына тартты. Қазақ халық әдебиетінің, әдебиет тарихының  деректерінің білгірі есебінде де Мұхтар аса беделді болды. Қазақтың сөз өнерін ол жетік білді, оны сақтап, біздің заманға жеткізушілердің алдыңғы легінде қызмет етті. Ол жайында зерттеу еңбектер жазды. Оның көркем шығармаларының тілі де тұнып тұрған халықтық сөз өнерінің үлгісі болатын».

   Әуезов сөзімен Ұлы Даланың өзі сөйлеп тұрғандай.  Ол қалың оқырманға тұтас мазмұнды образдар галлериясын тарту етті, мейлі ол шындық үшін шарқ ұрған,  жалғыздықтың ащы зарын тартқан  «Қараш-Қараштағы» Бақтығұл болсын, мейлі әділдігі мен қаһары  бір басына жетерлік Ханкененің өзі  болсын.өз кейіпкерлерінің қимылы арқасында  әлемдегі тартыс пен  жанталас, шындықтың жеңіске жеткен ащы сәттері мен әділдіктің үстемдік құруын  тартымды да нанымды суреттейді. Қазақ халқы туралы сөз болғанда, Мұхтар Әуезовтен кейін, ол қандай халық: үлкен бе, кішкентай ма, оны дәлелдеудің өзі артық. Ол өз халқының  сайын далаға қанатын кең жайған  дарқандығын, жарты әлемді алып жатқан, аспанмен астасқан  жайдарылығын мейлінше көркем суреттеп, әлемге танытты.

    М.Әуезов алғашқылардың бірі болып өз шығармаларына , қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеген  ақын мен халықты арқау етті. Халық ақынының жарқын бейнесі арқылы  Әуезов тұтас бір халықтың көркем ойын, өзіндік ерекшелігін көрсете білді. 

   Абайтанудың негізін салушы М.Әуезов қазақ ақыны мен ұлы ойшылының  өлмес, толыққанды образын көркем әдебиетте сомдай білді. Жазушы санасында Абай шыңға біткен жалғыз бәйтеректей дараланып, оның даналыққа толы шығармалары қазақ халқының «рухани мәдениетінің синтезіне» айналды. Алайда әр жазушының өзінің жанына жақын тақырыбы болатын болса, М.Әуезов үшін мәңгілік-мәнді тақырып -  Абай тақырыбы. Хакім Абай жазушы шығармашылығының  өмірлік мән-мағынасына айналды.  

   «Абай жолы» эпопеясында қазақтың ұлттық ерекшелігі айқын танылады. Кейіпкерлердің қайталанбас тұлғасы,  олардың ішкі жан-дүниесін ашудағы сезімталдық, бір-біріне, отбасына деген , табиғатқа, қоғамға деген көзқарастарын ашу арқылы бүкіл бір ұлттың тұтас бейнесін қимыл-қозғалыс үстінде көрсетеді. 

   Қазақ романының ауыз әдебиеті мен оның шебер  қолданылуын француз жазушысы Арман Гати былай жеткізеді: «Әуезов шығармалары сияқты кітапты оқып отырғанда, шын мәніндегі нағыз  романистің  шеберлігі өзіңе жат елдің  әдет-ғұрып, салт-санасынан аттап өтіп, оның терминологиясына терең бойлап, бірнеше жүзжылдықты  артқа салып, өзіңді нағызкөшпенді қазақ сияқты сезініп, кейіпкерлермен бірге дарқан далада көсіле шауып, бірде өмірден түңілсең, бірде үміт сәулесі жарқ еткендей сезімде боласың».

   Абайды тани отырып, Әуезов халық жүрегіне бойлап,халықтың тума талантын, адамгершілігі мен әдемілікке ғашық жанының нәзік иірімдерін , ән-жырының сырын ұғынады. 

  Жазушы-ғалымның шығармаларының жетпістен астам тілдерде жарық көріп, әлемдік арнадан орын алуы Әуезов әлемінің көркемдігін еселей түседі. Дүниежүзілік әдебиеттен ойып орын алатын Толстой, Шекспир, Тагор, Назым Хикмет тәрізді дарынды тұлғалармен қатар қазақтың біртуары М.Әуезовтің де рухани мұраларын әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтар аясынан, көреміз. Бұл – біздің  қазақ халқы үшін  қазыналы қуаныш әрі үлкен мәртебе. М.Әуезов әлем әдебиетінің бір кірпіші болып қаланған мұралары арқылы дүниежүзілік әдебиетті молықтыра түсті. 

   Әуезовті жалпыадамзаттық арнада, әлем әдебиетімен сабақтастырар болсақ, ғұлама ғалымның Шығыс пен батыстың мәдениетін, әдебиетін жетік білгендігін көреміз. Оның үстіне, шет ел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, мағыналы мазмұнын жеткізе білді. 

   Әуезовті алғаш шет ел әдебиетімен табыстырған Абай болды. Жастайынан Абай үлгісімен сусындаған ол,деңгейдегі Шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Низами және т.б. шайырлардың туындыларын танып-біліп, Мұхаммед  (с.ғ.с) пайғамбардың өмірі туралы деректерге қанығып, араб әдебиетінің асыл мұралары «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты көркем шығармалармен нәрленген. Абай дүниетанымы мен болмысын зерделеуде оның өлеңдеріндегі Шығыстың, соның ішінде араб әдеби үлгілерін көп кездестіріп, соған талдаужасаған.

    Абай ең әуелі қазақ халқының ақыны болғандықтан, ауыз әдебиетінен нәр алып сусындап, тек ұлттық әдебиеттің шеңберінде ғана қалып қоймай, адамзаттық игіліктер тұрғысында асқаралы шыңға көтеріліп, өнер биігіне өрледі. Осы турасында белгілі ғалым Арап Еспенбетов былайша тұжырады: «Абай ауыз әдебиетін жастық шағында үлгі тұтты және  халық әдебиетінің көлеңкесінде қалмай, одан әлдеқайда шырқап ұзап кетті. Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, асыл перзенті. Шын мәніндегі жазба мәдениетінің басты өкілі. Ұлы ойшылдың творчествосының қуаты, қайнар бұлағы – халық өнері, ауыз әдебиеті. Сондықтан Абай шығармасы турасында пікір қозғағанда осы байланысты әрдайым есте ұстаған абзал».

   Ауыз әдебиетінің мол мұхитынан нәр алған ақын, шығыс әлеміне де кең құлаш сермеді. Алайда өткен мезетте қоғамымыз «Шығыс» деген ұғымнан бойын ала қашып, кертертпалықтың көрінісі ретінде бағымдалды. Бұл – қазақ халқының өз түсінігінен туындамаған, керісінше, евроцентристік көзқарастың жемісі еді. Дәл осыы жерде Абай әлеміндегі Шығыстық өрнектерді зерделей отырып: «Абайда Батыстан кірген белгіден Шығыстық белгі басымырақ» ,- деген М.Әуезовтің пікірінің ғылыми мәні қашанда құнды екендігіне көз жеткіземіз.

      Айтылған ой-толғамдар М.Әуезов көзқарасында төмендегіше өрнектклкді: «дұрыстығын айту керек, Абай терең сезім мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлеңқұру шеберлігі, түр жаңалығы жөнінде бұл кезде де көп нәрсе табады. Сонда, әсіресе, өзіне ең жақын ұстаз етіп классик Науаи шығармаларынанүлгі іздейді. Дастан жазған Науи емес, ғазелдер жазған Науаиға еліктегісі келеді».

      Хакім Абай шығыс әдебиетіндегі классиктер мұрасына біржола тоқтап қалмайды, оны көп жағынан өзіндік өзгеше өрнегі бар ұлттық нақыштағы тұрғыда таным таразысынан қорытып, ешкімге ұқсамайтын өлең өлшемдеріне әдемі ажар береді. Бұған қоса Абайда үлгі іздегіштік, сыншылдық бір ерекшелігі ақын болмысын тұлғаландыра түседі.

    М.Әуезов: «Жалғыз бұл өлеңдер ғана емес, Абайдың сол жылдарда осы алуандас жазған басқа да өлеңдері болса керек. Бірақ олардан із-дерек табылған жоқ. Мынау өлеңдер тұсында айқын байқалатын ерекшелік – шығыс ақындарының үлгісінде жазылғандықтары. Екінші өзгешілік – бұл өлеңдер жатқа, ауызша шығарылған шығармалар емес. Бұнда абай анық жазушы ақын». Уақыт керуені ілгері басқан сайын Абайдың рухани тұрғыдан эволюциялық өсуі, шығармашылығын таза қазақы дәстүр мен көркемдік қуатқа құруы – ақынның соны серпін, тың түрленуге қадам басқандығының бір көрінісі. Абайдың жас шағынан бізге жеткен өлеңдрініңбір – «Сап-сап, көңілім». Аталмыш өлең біз жоғарыда тілге тиек еткен сипаттардан ада, мұндағы келесі бір өзгешелік өлең қазақтың құнарлы тілімен жазылады. М.Әуезовтің пайымдауынша: «Ең әуелі, бұл өлеңде Абай қазақ әдебиетінен бөлек үлгігі еліктеуді өзіне лайық көрмегене сияқты. Өз өмірінің шындығы бұл жырда аса айқын қонымдылықпен айтылады». 



 М.Әуезов: «Тегінде, Абай шығармаларының барлық қор, нәрі үлкен үш арнадан құралады. Бұның біріншісі, ең молы – қазақтың халық әдебиетінің мұра-тумалары, екіншісі – шығыс әдебиетінен келген және ең аз сезілетін белгілер. Үшіншісі – Абайды мәдениетті, үлкен аңғарлы зор ақын етіп көрсететін батыс әдебиетінің үлгі-өрнектері»,-деп замана ағымына сай шығыс ықпалын болымсыз бейнеде ғана көрсеткен еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...