1-4 сыныптарға «Цифрлық сауаттылық» пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар ТҮсінік хат



бет3/24
Дата22.11.2022
өлшемі330.5 Kb.
#361235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
түсінік хат 1-11 cыныптар информатика 2022-20233
7 класс урок №16, 6 сабак-1, Енбек коргау -8 лекция (1)
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап); программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар түсінігі, меню командаларын қолдану; қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау, желіде орналасқан ақпараттардың шынайылығы мен пайдасы;
2)«Ақпаратты өңдеу және көрсету»: Мәтіндер: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теру, қаріпті және абзацты пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету), құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; Графика: суретті өңдеу; қию, бұру, өлшемін өзгерту, суреттің фрагментін көшіру; Мультимедиа: дыбыс жазу және дыбысты ойнату, дыбыстық эффектілер, дыбысты өңдеу;
3) «Интернет желісінде жұмыс істеу»: берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану, қосымшалар арасында деректермен алмасу;
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: сызықтық алгоритм, алгоритмнің сөздік формасы, алгоритмнің графикалық формасы; программалау: атқарушының командалар жүйесі, лабиринт. Бағдарламалау: ендірілген графикалық редакторда ойын бағдарламалау ортасын құру, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру;
5) «Робототехника»: Робот қозғалысын ауызша түрде берілген алгоритм бойынша ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, робот үшін аудио файлды жүктеу, робот үшін бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар), программа менюі, меню командаларын қолдану, файлдар мен бумалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының ережелері;
2) «Ақпаратты өңдеу және көрсету»: мәтіндер: мәтіндік редактордың қызметі, программа менюі, мәтінді теру және өңдеу, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтінмен болатын операциялар, символдарды қосу; графика: графикалық редактордың қызметі, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын қолдана отырып, сурет салу, түстер палитрасы, суреттерді өңдеу, суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту, сурет бөліктерінің көшірмесін жасау; презентация: презентация құру программаларының қызметі, программа менюі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру, слайд арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қосу; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыс редакторының қызметі, дыбысты жазу, дыбыстарды өңдеу және ойнату, дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: құжаттағы мәтіннің фрагментін іздеу; ақпарат алмасу: желіде ақпарат алмасу тәсілдері, жобамен бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді жүзеге асырудағы Орындаушының командалық жүйесі. Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік алгоритмді енгізу, дайын сценарий бойынша ойын жасау, ойын бағдарламалау ортасында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) «Робототехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналу санын баптау, роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері. Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: Мәтіндер: мәтіндегі кестелер. Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне және дыбысты енгізу. Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу. Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер). Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары. Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз сценарийі бойынша дамыту;
5) «Робототехника»: түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені