Microsoft windowst [version 6.1.7601]
(с) корпарация Майкрософт (Microsoft Corp.) 2009. Все права защищены.
C:\User\ Dinara>Hostname
Dinara – пк – осы келтірілген нұсқауды орындаңыз.
ІІІ. Ipconfig командасы. Бұл команда ТСР/ІР –дің DHCP сервері мен DNS аттарын қоса, ағымдық баптауларды береді.
DHCP (Dinamic Host Configuration Protocol) – тораптардың динамикалық конфигурациясын беретін хаттама, IP – адрестерінің динамикалық таралуын және ТСР/ІР желілерінің қарапайым, сенімді, қауіпсіз конфигурациясын, желі клиенттерінің арасындағы конфигурацияны қамтамасыз етеді. IP – адрестер арасындағы қиындықтарды болдыртпайды, клиенттердің IP – адрестерін сақтауға көмектеседі. DHCP хаттамасы клиент-серверлі модельді қолданады, онда DHCP сервері желінің ІР- адрестерін орталықтан басқаруды жүзеге асырады.
DNS (Domain Name System) – иерархиялық бөлінген ақпараттар базасы DNS компьютерлер мен қызметтерді түсінікті атаулар бойынша табуға, басқа да ақпараттар алуға көменктеседі.
Ipconfig командасының синтаксисі:
Ipconfig |/all| |/renew [адаптер]] [/release [адаптер]] [/fhishdns] [/displaydns] [/registerdns] [/showclassid адаптер] [/setclassid адаптер] [класс коды]].
Мұндағы параметр:
/all – барлық адаптерлар үшін ТСР/ІР –дің толық конфигурациясын шығарады. Адаптерлер жойылған қолжетімділіктің не физикалық, не логикалық интерфейстерін ұсынады.
/renew адаптер – DHCP конфигурациясының барлық адаптерлері үшін (егер ол берілмесе) немесе жекеленген адаптерлерді жаңартады. Бұл параметр ІР - адрестерді автоматты түрде алуға бапталған компьютер адаптерлері үшін қолжетімді.
/release адаптер – DHCP серверіне DHCPRELEASE хабарламасын DHCP-нің ағымдағы конфигурациясын ІР – адрестер конфигурвацияларын өшіру үшін шығарады. Адаптер ІР – адрестерін автоматты түрде алуға бапталған ТСР/ІР хаттамаларын өшіреді.
/displaydns – DNS – клиенттің атауларының кэш мазмұнын бейнелейді. Бұл ақпарат DNS – сервер конфигурацияларына тез қолжеткізу үшін шығарылып тұрады.
/registerdns – DNS аттары мен ІР – адрестердің қолмен динамикалық тіркелуін қамтамасыз етеді.
/showclassid адаптер – көрсетілген адаптерге DHCP класының кодын көрсетеді.
/fhishdns – DNS – клиент атауларының кэш құрауштарын тазартады.
/setclassid адаптер (класс кода)- көрсетілген адаптерге DHCP класының кодын көрсетеді.
Arp командасы Ethermet секілді жазбаларды өшіруге, қосуға, IP – адрестерін MAC – адрестерге тасымалдауға қызмет етеді.
Arp командасының синтаксисі:
Arp [-a[инетадрес] [-N ифадрес]] [-g [инетадрес][-N ифадрес]] [-d инет адрес] [иф адрес]] [-s инет адрес е адрес] [иф адрес]]
Мұндағы параметр:
- a[инетадрес] [-N ифадрес] – барлық интерфейстер үшін ағымдағы ARP хатамаларының кестесін шығарады. Анықталған IP – адрес үшін ARP жазбаларын шығару үшін ARP а – ны инет адрес параметрлерімен қолдану қажет мұндағы инетадрес – IP – адрес. ARP кэшінің кестесін шығару үшін - N иф адрес параметрін қолданыңыз, мұндағы иф адрес - интерфейске бекітілген IP – адрес.
- N – параметрі регистрді есепке алады.
- [-g [инетадрес][-N ифадрес] – қызметі а- мен сәйкес.
- [-d инет адрес] [иф адрес] – анықталған IP – адрестің жазбасын өшіреді, мұндағы инетадрес – бұл IP – адрес.
- [-s инет адрес е адрес] [иф адрес] – статикалық жазба қосады.
Route командасы. Бұл команда командалық қабықшадан IP – маршрут кестелерін қарауға, түзетуге қолданылады.
Route командасының синтаксисі:
Route [-f] [-p] [ішкі команда][соңғы нүкте] [mask желі маскасы] [шлюз] [metric өлшем ]] [if интерфейс]].
Мұндағы параметр:
F - тораптық маршрут болып табылатын маршрутизация кестесін барлық жазбалардан тазартады (ішкі желілік маска 255. 255. 255. 255 маршруты болса).
p – Print ішкі командасы экранға тұрақты маршруттар тізімін шығарады.
Соңғы нүкте – маршруттың соңғы нүктесін анықтайды. Соңғы нүкте ретінде IP – адрес қолданылады.
Mask желі маскасы - жету нүктесіне сай желі маскасын ұсынады.
№ 4-5 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |