1. 2 Сұрыптау станциялары 1 Тағайындау және желіде орналастыру


 Сұрыптау станцияларының негізгі жолдарының орналасуы

Loading...


бет2/4
Дата10.04.2020
өлшемі255.09 Kb.
1   2   3   4

1.2.4 Сұрыптау станцияларының негізгі жолдарының орналасуы

 

Сұрыптау станциясында негізгі жолдардың ең озық орналасуы көлемді (1.17, а-сурет) болып табыладыБұл жағдайда поездарды қабылдау және жөнелтуде қиылысулардың ең қысқа саны, бірақ кірме жолдар болған кезде олар негізгі жолдармен қиылысады. Жолаушылар құрылғыларын шетке орналастыру ыңғайсыз: олар бір-бірінен елеулі ара қашықтықта негізгі жолдан әртүрлі жақта болады, олардың дамуы оңтайлы емес, ал бұл жолаушылар үшін қиыншылық тудырады.



Бір жақта негізгі жолдар орналасқан кезде (1.17, б-сурет) сұрыптау станциясына тақ жүк поездарын қабылдау маршруттарының қиылысуы, II негізгі жол бойымен жұп поездарды өткізетін сұрыптау станциясы бар жұп поездарды жөнелту басталады. Сұрыптау станциясынан жұп поездарды жөнелту маршруты жұп поездардың II негізгі жолы бойымен  өткізу маршрутымен қиылысады. Жолаушылар қозғалысының елеулі өлшемі кезінде жол өткелдік айырым салынуы мүмкін (1.17, в-сурет). Негізгі жолдарды бір жақты орналастыру кезінде жолаушылар құрылғысын орналастыру ыңғайлы. Егер қасында ірі қала орналасса, жолаушылар станциясын салуға болады.

 

 

1.17-сурет - Сұрыптау станциясының шегінде негізгі жолдарды орналастыру



 

Негізгі жолдарды іштен орналастыру бұрын екі жақты сұрыптау станцияларында кеңінен қолданылды, бұл жағдайда олар жалғама және жүріс жолдарымен қиылысады.

 

 

1.2.5 Сұрыптау құрылғылары



 

Станциядағы вагондарды сұрыптау үшін келесі сұрыптау құрылғылары пайдаланылады:

- вагондардың ауырлық күшін пайдаланатын қуаты жоғары, үлкен, орташа және шағын дөңестер;

- вагондардың ауырлық күшінде және локомотивтерді итеруде пайдаланылатын арнайы профильдегі және стрелкалы алқымдағы тартымдық жолдар;

- тек вагондардың ауырлық күші пайдаланылатын, вагондар қозғалысын арнайы күшейткіштермен оларды жабдықтауда пайдаланылатын құрылғылар;

- тек локомотивтің тартым күші пайдаланылатын – тартымдық жолдар және алаңдағы стрелкалы жол алқымдары.

Сұрыптау құрылғыларының типі және қуатын жұмыстың көлеміне байланысты оншақты жыл пайдалануға болады деп белгілейді. Қуаты жоғары сұрыптау дөңесі (ГПМ) саны 40-тан астам сұрыптау жолдары кезінде тәулігіне 5500 вагонды қайта өңдеу кезінде жобаланады. Қуаты жоғары дөңесте бірнеше құрамдарды параллель (бір уақытта) тарата алатын мүмкіндігі болуы тиіс.

Қуаты үлкен дөңес (ГБМ) саны 30-дан 40-қа дейін сұрыптау жолдары кезінде тәулігіне 3500-5500 вагонды қайта өңдеу кезінде жобаланады. Негізінен, екі жылжыту жолы және екі түсіру жолы салынады. Жылжыту жолын қосу үшін айқаспалы ауыспа пайдаланылады, қабылдау паркінің кез келген жолынан кез келген сұрыптау жолына вагондарды жіберу мүмкіндігі болуы тиіс. Дөңестің түсіру бөлігінде баяулатқыштың екі тежегіш позициясы қарастырылады. Дөңес (сұрыптау) паркінде бір тежегіш позиция салынады, олар баяулатқыштармен немесе табандықтармен жабдықталады.

Қуаты орташа дөңес (ГСМ) саны 17-ден 30-ға дейін сұрыптау жолдары кезінде тәулігіне 1500-3500 вагонды қайта өңдеу кезінде жобаланады. Бұл дөңестер екі жылжыту жолы және екі (түсіру) түсіру жолы жобаланды  (саны 24-тен артық сұрыптау жолы кезінде екінші түсіру жолын салады). Қуаты орташа дөңесте тежегіш позициялар қуаты үлкен дөңестегі сияқты, дөңестің түсіру бөлігіне – екі позиция орналасады, оның біреуі дөңес астындағы паркте орналасады.

Қуаты шағын дөңесте (ГММ) саны 4-тен 16-ға дейін сұрыптау жолдары кезінде тәулігіне 250-ден 1500-ға дейінгі вагондарды қайта өңдеу кезінде жобаланады. Қуаты шағын дөңес негізгі сұрыптау құрылғылары ретінде учаскелік, жүк, сондай-ақ өнеркәсіптік сұрыптау станцияларында қолданылады. Қуаты шағын дөңестер бір жылжыту жолымен және бір түсіру жолымен жобаланады. Егер төбе астындағы парк болмаса, дөңес алдында құрамның есептік ұзындығынан артық 10% пайдалы ұзындығы бар бір немесе екі тартымдық жол қарастырылады. Дөңестің түсіру бөлігінде бір тежегіш позиция салынады.

Сұрыптау құрылғыларының типіне байланысты тежегіш позициялармен, стрелкаларды дөңес автоматты орталықтандырумен (ГАЦ), ағытпаның сырғу жылдамдығын автоматты реттеу құрылғыларымен (АРС) толықтай немесе жартылай жабдықталады.

 

 

1.2.6 Сұрыптау дөңестерінің элементтері



 

Сұрыптау дөңесі үш бөліктен тұрады: жылжыту бөлігі, дөңестің биігі және түсіру бөлігі.



Жылжыту бөлігіне тартымдық жолы немесе қабылдау паркі және дөңестің биігіне дейін сұрыптау паркінің жағына оның жалғасқан жері енеді. Жылжыту бөлігіне мынадай талаптар қойылады.

1. Құрам қолайсыз жерге (бірінші вагон дөңестің биігінің алдында) тоқтаған кезде орыннан локомотив алынуы тиіс, орыннан қозғалу жағдайы қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Тіркеме аспаптары тіркеме аспаптарының ағытуын қамтамасыз ететіндей сығылған күйде болуы тиіс.

Бірінші талапты орындау үшін жылжыту жолының орташа көлбеуі мына формула бойынша анықталады:

 

                                                                                                (1.1)

 

мұндаорыннан құрам қозғалған кездегі локомотивтің ауырлық күші, кгс;



құрамның салмағы, тс; Р – локомотивтің салмағы, тс;

орыннан қозғалған кездегі толық кедергі, кгс/тс;

қисықтықтан қосымша кедергі.

 

1.18-сурет - Сұрыптау дөңесі жоспарының және профилінің жалпы түрі 



 

Екінші шартты орындау үшін дөңестің биігінің алдында ұзындығы 50 м-ден кем емес және 8 ‰-дан кем емес көлбеумен көлбеуге қарсы салады.



Дөңестің биігі немесе дөңестің үсті деп дөңестің жылжыту бөлігінің түсіру бөлігімен қосылатын жерін ең үлкен қып белгілейтін нүкте саналады. Бойлық профильдегі көлбеумен жанасатын вертикаль қисықтардың ең аз радиусы жылжыту және түсіру бөлігіне қарай дөңестің биігінде 350 м, дөңестің түсіру бөлігінің қалған элементтерінің тоғысуы үшін ең аз  радиус 250 м деп қабылданады.

Дөңестің түсіру бөлігі үш ірі учаскеден тұрады: жылдамдық учаскесі, тежегіш позицияларды орналастыру учаскесі және стрелкалы аймақ. Жылдамдық учаскесі біркелкі немесе айнымалы профильмен жобаланады; соның шегінде ағытпа үлкен жылдамдыққа ие болады, ал бұл қууға және ертерек түсірілген вагондардың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Вагондардың әртүрлі типіне байланысты қуу болады: жабық, жартылай вагон, цистерналар, платформалар; жаңа немесе тозған; жүк тиелген немесе бос вагондар әртүрлі жылдамдықпен; дөңестен түсіп келе жатқан вагондар және кешкі уақытта бұрын ертерек түсірілген вагондар.

Осындай жағдайды болдыртпау үшін дөңестің түсіру бөлігінде вагонның жылдамдығын азайтуға мүмкіндік беретін тежегіш құрылғылар орнатылады. Стрелкалы аймақ сұрыптау жолдарын өзара біріктіреді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...