1. 2 Сұрыптау станциялары 1 Тағайындау және желіде орналастыру

Loading...


бет1/4
Дата10.04.2020
өлшемі255.09 Kb.
  1   2   3   4
1.2 Сұрыптау станциялары

 

1.2.1 Тағайындау және желіде орналастыру

 

Сұрыптау станциялары құрастыру жоспарына сәйкес поездарды құрастыру және вагондарды жаппай қайта өңдеуге: өтпелі, учаскелік, құрамалы, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында әкетуге және беруге арналған. Сұрыптау станцияларында станцияға жақын орналасқан жүк, порт, паром станциялары үшін құрама поезд құрамында вагондарды іріктеу орындалады.



Сұрыптау станцияларында транзиттік поездармен жұмыс орындалады:  локомотивтер және локомотивті бригадалардың ауысымы, вагондарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық тексеру.

Станцияда сұрыптау жұмыстарын орындау үшін дөңестер (қуаты жоғары, үлкен, орташа және шағын), сұрыптау парктері және тартымдық жолдар бар. Таратылатын поездарды қабылдау үшін және құрастырылған поездарды жөнелту үшін станцияда жеке парктер болады. Қабылдау паркі, сұрыптау және жөнелту паркі сұрыптау жүйесін немесе сұрыптау кешенін түзеді. Қайта өңдеусіз және жартылай қайта өңдеусіз поездарды қабылдау және өңдеу үшін жекелеген қабылдау-жөнелту жолдары қарастырылады.

Сұрыптау станциясында жолаушылар операциясы орындалады. Ірі тораптарда орналасқан сұрыптау станцияларында тек қала маңындағы жолаушыларға ғана қызмет көрсетіледі, өйткені алыс жолаушылар поезды арнайы жолаушылар станцияларында қызмет көрсетіледі. Тораптан тыс орналасқан сұрыптау станцияларында жолаушылар операциялары учаскелік станция сияқты маңызды көлемде орындалады.

Бұдан басқа, сұрыптау станцияларында жүк жұмысы орындалады: ұсақ жөнелтулер мен контейнерлерді сұрыптау, кірме жолдарға қызмет көрсету; вагондар мен локомотивтерді жөндеу, локомотивтерді жабдықтау орындалады.

Сұрыптау станциясында жолаушылар, локомотивті және вагон шаруашылығы құрылғылары, энергиямен жабдықтау, СЦБ және байланыс құрылғылары, сұрыптау платформалары, контейнерлерді сұрыптау жабдықтары және басқа құрылғылар орналасқан.

Сұрыптау станциясы электрлік орталықтандыру құрылғыларымен (микро процессорлық сұлбада электрлік орталықтандыруды енгізу басталды), стрелканы автоматты тазалау, телевизиялық бақылау жүйесімен, ағытпаның жылдамдығын автоматты реттеу жүйесімен (АРС), автоматты тарату жылдамдығының жүйесімен (АЗСР), сұрыптау құрылғыларында вагондардың жылдамдығын квази-үздіксіз реттеу құрылғыларымен жабдықталған. Сұрыптау станциялары станция жұмысының технологиялық процесін автоматты басқару жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Сұрыптау станциялары Қазақстанның темір жол желісінде әртүрлі орналасқан. Бұл ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың орналасқан жеріне байланысты әртүрлі аудандардағы темір жолдар желінің жиілігіне, вагондар ағынының сипаты мен өлшеміне байланысты.

Сұрыптау станциялары жүктерді жаппай тиеу мен түсіру аудандарында (өндіруші бассейндердің шыға беріс жерінде, ірі өнеркәсіптік орталықтарға жақындау жерде, ірі өзен және теңіз айлақтарына жақын жерде), сондай-ақ тоғысатын желілер арасында вагондар ағынын елеулі корреспонденция болатын және поездардың үлкен саны өңделетін ірі темір жол тораптарында орналасады.

 

 

1.2.2 Сұрыптау станцияларын жіктеу



 

Сұрыптау станцияларын былай жіктейді.



Ведомстволы тиесілігі бойыншатемір жолдардың жалпы желісіндегі станциялар, өнеркәсіптік сұрыптау станциялары және біріккен станциялар.

Сұрыптау станцияларын желідегі маңызы бойынша желілік маңыздағы және аймақтық маңыздағы негізгі станциялар деп бөлуге болады.

Негізгі станцияларды жергілікті ауқымды жұмысымен, қуатты вагондар ағынымен маңызды магистральдер қиылысында орналасады. Негізгі сұрыптау станцияларын өтпелі поездар, қайта өңдеусіз бірнеше сұрыптау станцияларынан өтеді, учаскелік поездар және құрама поездар және торапқа жақын жүк станциясына дейінгі беріліс поездары құрайды.

Аймақтық сұрыптау станциялары сұрыптау станциялары арасындағы учаскеде қызмет көрсетіледі, тораптарда және солардың арасындағы учаскеде туындайтын вагондар ағыны қайта өңделеді. Учаскелік және құрама поездар және келесі сұрыптау станциясына дейінгі поездар, сондай-ақ жүк станцияларына арналған поездар құрастырылады. Кейде бір, екі тағайындаудағы өтпелі поездар құрастырылады.

 

 

1.2.3 Сұрыптау станцияларының сұлбасы



 

Бір жақты сұрыптау станцияларыЕң озық бір жақты станциялар парктері тізбектеліп орналасқан станциялар болып табылады, өйткені  бұл жағдайда станциядағы жұмыс ағыны қамтамасыз етіледі. Қабылдау, сұрыптау және жөнелту парктері тізбектеліп орналасқан, транзитті поездарға арналған жолдар жөнелту немесе келу паркімен қатар орналасқан болуы мүмкін, локомотив шаруашылығы сұрыптау паркіне немесе келу паркіне параллель орналасуы мүмкін. Локомотив шаруашылығын келу паркімен орналастыру нұсқасы кезінде станция үшін бірінші нұсқаға қарағанда ені аз аудан талап етіледі.

Парктері тізбектеліп орналасқан сұрыптау станциясының сұлбасы 1.13-суретте келтірілген. Барлық бағытқа жөнелтілетін және барлық өту жолдарынан тақ немесе жұп бағыттағы поездарды қабылдауға арналған қабылдау және жөнелту парктері. Тақ поездары қайта өңдеуге Г және Б бағытынан келіп түседі. Б және Г бағытынан келетін поездар П парк жолының жоғарғы тобынан қабылданады. Локомотив 11жалғама жол арқылы жабдықтау құрылғысына (ЭИ) немесе локомотив шаруашылығына жөнелтіледі. Парк жолында желі бойынша операциялар орындалады (техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, құрамды тарқатуға дайындау). Маневрлі локомотив 12 тұйық жолынан қабылдау жолына келеді, құрамға тіркеледі, дөңестің етегіне дейін итереді, құрамды сұрыптау паркінің жолына сұрыптау паркінің арнайы жолына сәйкес жібереді.



Сұрыптау паркінің жоғарғы жолдары (сызба бойынша) тақ бағыт үшін, ал төменгі жолдары жұп бағыт үшін арнайыландырылған. Сұрыптау паркінің жолында ұзындықтың нормасына немесе массасына дейінгі құрамды жинақтау басталады. Жинақтау аяқталған соң бір топтағы поездар  құрастыруды аяқтау орындалады, соның нәтижесінде құрастырылған құрам ПТЭ талаптарына жауап беруі тиіс. Тарқатылған құрам О паркінің жоғарғы жол тобына арналған жөнелту паркіне қойылады. Парк жолында жөнелту бойынша операциялар орындалады. 14, 15 жолы бойынша ЭК-тен поезд локомотиві беріледі, автотежегіштерді сынау орындалады, сосын поезд жөнелтіледі.

 

 

 



 

 

 



 

 

П- қабылдау паркі; Г-дөңес; О – жөнелту паркі; С – сұрыптау паркі; ТР1, ТР2 – транзитті парктер; ЭК – жабдықтау құрылғылары; ЛХ және ВХ – локомотивті және вагон шаруашылығы; МПРВ – вагондарды жөндеудің механикаландырылған бекеті; СП – сұрыптау платформасы



 

1.13 – сурет - Қуаты үлкен немесе орташа болатын дөңесі бар негізгі парктері тізбектеліп орналасатын сұрыптау станциясының сұлбасы:



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1.14-сурет - Негізгі парктері аралас орналасқан бір жақты сұрыптау  станциясының сұлбасы

 

А және В қайта өңдеуге келетін жұп поездар IIб жолы бойымен II жолдың төменгі тобына арналған паркке жөнелтіледі. Поезд локомотиві 13-жолға жиналады, сосын локомотив шаруашылығына жіберіледі, әрі қарай бұрын ертеректе көрсетілгендей құрамға байланысты операциялар орындалады. Маневрлі локомотив 12-жолдан құрам астындағы паркке келеді, тіркеледі және дөңестің биігіне дейін итереді, сосын сұрыптау паркінің жолына таратып жібереді.

Сұрыптау паркінің жолында құрам ұзындық пен массаның нормасына дейін жинақталады, О паркі жолының төменгі тобында құрастырылады және қойылады.

Жөнелту паркінің жолында операциялар орындалады: техникалық қызмет көрсету, ағытпасыз жөндеу, коммерциялық тексеру. Локомотив шаруашылығынан поезд локомотиві беріледі және тежегіштерді сынаудан кейін поезд  II негізгі жол бойымен IIа жол бойымен жөнелтіледі.

Транзитті тақ поездар I негізгі жол бойымен ТР1 паркке қабылданады. Поезд локомотиві 14 және 15 жолы бойымен ағытылады, ЭК жіберіледі. Парк жолында техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, ағытпасыз жөндеу орындалады. Поезд локомотиві 15 және 14 жолы бойымен беріледі. Құрамға тіркеледі, автотежегіштерді сынау орындалады, поезд жөнелтіледі.

Тақ транзитті поездар ТР2 паркінде қабылданады. Тақ транзитті поездардағы сияқты операциялар орындалады, поезд локомотивін тіркеген соң, тежегіштерді сынаудан кейін поезд  II негізгі жол бойымен және IIа жол бойымен жөнелтіледі.

Парктері тізбектеліп орналасқан сұрыптау станциясының өткізу және қайта өңдеуші қабілеті жоғары. Өйткені келу және жөнелту парктері сұрыптау паркімен тізбектеліп орналасқан, поездарды тарату мен құрастыру кезінде ағынды қамтамасыз етеді. 



1.15-суретте сұрыптау және қабылдау-жөнелту парктері параллель орналасқан сұрыптау станциясының сұлбасы көрсетілген. Поездарды қабылдау және жөнелту үшін учаскелік станциялар сияқты парктер біріктірілген. Б-дан қайта өңдеуге түсетін тақ поездар ПОI паркіне қабылданады. Поезд локомотиві ағытылады және 25 жүріс жолы, 26 мен 27 жол бойымен локомотив шаруашылығына жіберіледі. Парк жолдарында келу бойынша және тарқатуға дайындық бойынша операциялар орындалады. Маневрлі локомотив 21-тартымдық жолдан келеді, құрамды 21-тартымдық жолға итереді, сұрыптау паркінің жолын құрастыру мен арнайыландыру жоспары бойынша тағайындауға сәйкес сұрыптау паркінің жолына таратып жібереді.

 

 

1.15-сурет - Парктері параллель орналасқан бір жақты сұрыптау станциясының сұлбасы



 

Құрамды жинақтаған соң сұрыптау паркінің жолдарында 23 және 24 тартымдық жолда құрастыру орындалады. Дайын құрамдарды 23 немесе 24 тартымдық жолға итереді, ПО1 паркінің жолына қояды. Парк жолдарында бұрын ертерек көрсетілгендей жөнелту операциялары орындалады. Локомотив шаруашылығынан 27, 26, 25 жолымен поезд локомотиві беріледі, автотежегіштерді сынаудан кейін поезд  I негізгі жол бойымен жөнелтіледі.

ПОI және ТР1 паркінің алқымы құрамды тартымдық жолдан ПОI және ТР1 парктің кез келген жолына қоюға, кез келген жолға локомотивті беруге және кез келген жолдан поезды жөнелтуге мүмкіндік береді.

Таратуға А-дан келіп түсетін жұп поездар ПО2 паркінің жолында қабылданады, поезд локомотиві локомотив шаруашылығына жіберіледі. Парк жолдарында келу бойынша операциялар орындалады, құрамды таратуға дайындайды. Маневрлі локомотив 22-тартымдық жолдан құрамға келеді, құрамды тартымдық жолға итереді, сұрыптау паркінің жолына жібереді. 23 және 24 тартымдық жолда жинақтау мен құрастырудан кейін дайын құрамды сұрыптау паркінен 28-жол бойымен ПО2 паркке қояды. Жөнелту бойынша операциялар орындалады, поезд локомотиві локомотив шаруашылығынан беріледі. Автотежегіштерді сынаудан кейін поезд  II  негізгі жол бойымен жөнелтіледі. Транзитті поездар ТР1 және ТР2 паркінде қабылданады.

Парктері параллель орналасқан сұрыптау станциясының сұлбасы кезінде қабылданады: шағын жұмыс көлемі кезінде, жергілікті қиын жағдайда және учаскелік станцияларды қайта жаңарту кезінде. Парктері параллель орналасқан сұрыптау станциясының қайта өңдеуші қабілеті  соншалықты жоғары емес, өйткені поездарды құрастыру кезінде де, тарату кезінде де ағындылығы жоқ.

Екі жақты сұрыптау станциялары. Екі жақты сұрыптау станциясының негізгі сұлбасы екі жүйеде де парктері тізбектеліп орналасқан станция болып табылады (1.16-сурет). Әрбір жүйе тек бір бағыттағы вагон ағынын қайта өңдеуге арналған, сондықтан басым вагон ағыны бар бір жақты станция сияқты жұмыс істейді. Локомотив шаруашылығын бір жүйедегі қабылдау паркі және станцияның басқа бір шетінен жөнелту паркі арасында орналастыру қолайлырақ. Локомотивтерді беру мен жинау үшін екі жүріс жолын төсейді.



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1.16-сурет - Екі жақты сұрыптау станциясының сұлбасы

 

Екі жақты сұрыптау станциясының артықшылығы үлкен қайта өткізуші қабілеті болып табылады. Екі жақты станцияның ірі кемшілігі мынада, яғни бұрыш ағынын екі рет қайта өңдеуге тура келеді. Бұрыштық вагондар деп қай жақтан келсе, сол жаққа жіберілетін вагондар аталады.



Құрамды тарату кезінде бір жақты станцияда бұрыштық ағынның вагондары тиісті тағайындаудағы сұрыптау жолдарына келіп түседі. Сұрыптау паркі тақ және жұп бағыттағы сияқты вагондарды жинақтайды,  бір жақты станциялар үшін бұрыштық вагондар мәселесі мүлдем жоқ.

Екі жақты станцияда бір жүйе қалыптасады және поезды тек бір бағытқа ғана жөнелтеді: жұп немесе тақ бағытта. Сондықтан бұрыштық вагондар құрамды тарату кезінде арнайы ерекше бөлінген сұрыптау жолына жіберіледі, сұрыптау паркінің жолдарын арнайыландыруда «бұрыштық вагондар үшін» деп көрсетіледі. Белгіленген ұзындыққа дейін жинақтаудан кейін құрам басқа жүйедегі қабылдау паркіне қойылады және құрастыру жоспарын тағайындауға сәйкес сұрыптау паркінің жолына таратылады, яғни бұрыштық вагондар екі жақты станцияларда екі рет қайта өңделеді. Бір жүйеден басқа жүйеге бұрыштық вагондарды беру үшін Пl қабылдайтын тақ паркі С2 жұп сұрыптау паркімен қосылады, П2 қабылдайтын тақ паркі С1 жұп сұрыптау паркімен жалғама жолдармен қосылады (1.16-сурет).

Станцияның жұмысы былай ұйымдастырылады.

Қайта өңдеуге келіп түсетін тақ поездар Пl паркінде қабылданады.

Поезд локомотиві жабдықтауға жөнелтіледі. 19-жолдан дөңесті локомотив паркке келеді, құрамды дөңеске дейін итереді, оны сұрыптау паркінің жолына таратып жібереді. Бұрыштық вагондар бұрыштық вагондарға арналған арнайы ерекше бөлінген жолдарға жіберіледі. Дайын құрам жинақтау мен құрастырудан кейін 01 паркке қойылады, онда жөнелту бойынша операциялар орындалады. Поезд локомотиві ЭК-тан 27-тұйыққа, сосын 01-паркке жіберіледі. Локомотивті тіркеген соң, автотежегіштер сынаудан кейін поезд жөнелтіледі.

Тақ транзитті поездар үшін ТР1 паркі тағайындалған.

Қайта өңдеуге келіп түсетін жұп поездар П2 паркінде қабылданады.

Поезд локомотиві 30-жалғама жолмен ЭК-ға жіберіледі. П2 парк жолдарында келу бойынша операциялар орындалады. Дөңесті локомотив 34-тұйық жолдан П2 паркке кіреді, құрамды итереді және С2 сұрыптау паркінің жолына жіберіледі. Дайын құрам жинақтау мен құрастырудан кейін 02 паркке қойылады.

Жөнелту бойынша операциялар орындалған соң локомотив шаруашылығынан поезд локомотиві 33-жалғама жол бойынша беріледі, автотежегіштерді сынаудан кейін поезд жөнелтіледі.

Бұрыштық вагондар үшін С2 паркінде жекелеген жол болады. Ұзындық немесе масса нормасына дейін жинақтаудан кейін вагондар П1 паркіне қойылады, онда құрам құрастыру жоспарын тағайындау бойынша С1 паркінің жолына жіберіледі.

Жұп транзитті поездар ТР2 паркінде қабылданады.

Парктері тізбектеліп орналасқан станциялардан басқа екі жүйеде де екі жақты сұрыптау станциясының басқа сұлбалары қолданылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...