1. 1Көне түркі жазбаларының аталуы және тарихи мәні


,2 Монғол хандығының құрылымы және дамуы



бет7/7
Дата01.01.2023
өлшемі25.29 Kb.
#405341
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1,2,3 билет
слайд әлеуметтану , Мерей 5срс, 6 срс философия Диас 6.2, Глоссарий
3,2 Монғол хандығының құрылымы және дамуы
1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында Моңғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, Моңғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды. 1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин) еліне қарсы аттанып, бес жылдың ішінде бұл елдің басты бекіністерін басып алып, мол олжаға батты. Алайда бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді. Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60 мыңдық әскерді Қытайға қалдырып, Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті өлтіріп, Іле, Жетісу аймағын билеп тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды. 1211 жылы Жетісуға Моңғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, ейткені Шыңғысхан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды.
3,3 Қасым ханның «Қасқа жолы»
Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер:

мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);


қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу);
әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 - 1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 - 1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезеңінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» (Жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосылған бұл екі тарау: жесір дауы; күң дауы. Бұл кезеңде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын өз алдына бөлектен, қылмыс заңына айналдырған. XV - XVIII ғасырларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер қалпында сақталған. Мысалы, «Қара қылды қақ жару»; «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет