2,2, Ақ Орданың саяси-әлеуметтік құрылымы және дамуы Монғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді Жетісудың солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Маураннахр мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінген-ді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан-ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілердің мүддесі империяның ыдырап, жеке мемлекеттерге айналуына алып келді. Берке ханның (1257-1263 жж.) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділіктен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312 жж.) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357 жж.) билігі тұсында шарықтау шегіне көтерілді. Өзбек хан 1312 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.
2,3 Есім ханның «Ескі жолы» Есім ханның ескі жолы» заңының түп-нұсқасы бүгінгі күнге жеткен жоқ. Дегенмен, фольклорлық деректерде «Есім ханның ескі жолының» төрт тұғыры болғандығы айтылады. Олар: 1. Хан болсын, ханға лайық заң болсын. 2. Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын, 3. Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын. 4. Би болсын, би түсетін үй болсын. Бірінші ұстындағы ханға деген көзқараста ескі «чингизидтер» билігінің сорабы жалғасын тауып жатқандығы байқалады. Яғни, «Есім хан ескі жолында» төрелердің билігін кие тұту түсінігі әлі де үстемдік еткен. Екінші ұстында Шыңғысхан құрған милитаристік мемлекеттің атрибуттарының әлі де сақталғандығы аңғарылады. Яғни, «ескі жолда» әскери адамдар ел билеу ісінде өзінің сословиялық үстемдігін сақтап қалған. Үшінші ұстындағы абыз сыйлауды фарз үкіміне жатқызуы сөз жоқ «ескі жол» заңының жаңалығы болатын. Қазақтар бұрын Құранды жатқа білетін дана адамдарды «абыз» (хафиз) деп атап, оларға құрмет көрсететін. Есім хан осы құрмет көрсету дәстүрін парызға айналдырып,ел билеу ісіне теократиялық элементтерді енгізуді қолға алды. Оның Жиембет жырауды қыз алып қашқаны үшін шариғат заңымен жазаламақ болғандығы осыны әйгілесе керек. Төртінші ұстындағы би-қазыларға орнықты мәртебе бекітуі – Қазақ хандығындағы құқықтық үстемдіктің көрінісі еді. Сот билігі атқарушы биліктен тәуелсіз болған басқару жүйесін біз құқықтық мемлекет деп атап жүрміз. Олай болса, «би болсын, би түсетін үй болсын» ұстыны сот билігін нығайту үшін жасалған ілкімді қадам еді.