1 – апта тапсырмасы Комбинаторика Көбейту ережесі



Дата19.11.2021
өлшемі18.36 Kb.

1 – апта тапсырмасы

Комбинаторика

1. Көбейту ережесі

    1.  Бірінші топта 5 қыз және 7 ұл бала, ал екінші топта 8 қыз және 9 ұл бала бар. Әр топтан бір бір студенттен алу арқылы:

- екі ұл баладан тұратын неше топ құруға болады?;

Нұсқау: Құрылған топты

(1 – топтың ұл баласы; 2 – топтың ұл баласы)

жұбы ретінде қарастырып, барлық жұптар санын көбейту ережесін қолданып анықтаңыз.




    1. 12 қабатты үйдегі лифтіге отырған 3 адам лифтіден неше тәсілмен шыға алады?

Нұсқау: Әрбір тәсілді (1 – адамның этажы; 2 – адамның этажы; 3 – адамның этажы) үштігі ретінде қарастырып, барлық үштіктер санын көбейту ережесін қолданып анықтаңыз.

2. Дирихле принципі

2.1. 20 кісінің ең үлкені 35, ал ең кішісі 16 жаста. Олардың ішінде жастары бірдей тым болмаса екі кісі бар екенін дәлелдеңіз.

Нұсқау: Дирихле принципін адамның жасын – ін ретінде, адамды – қоян ретінде қарастырып қолданыңыз.
2.2. Кезкелген үш бүтін санның ішінен қосындысы жұп болатын екі сан көрсетуге болатынын дәлелдеңіз.

Нұсқау: Жұп сан мен тақ санды – екі ін ретінде, үш бүтін сандарды – қояндар ретінде қарастырыңыз.



3. Қайталамасыз орналастырулар, терулер, алмастырулар
3.1. Қайталамасыз алмастырулар


  1. Тоғыз параққа 1 ден 9 дейінгі цифрлар жазылған. Осы парақтарды пайдаланып бірдей цфрлары жоқ неше 9 орынды сан жазуға болады?



  1. Үш бірдей және сегіз әртүрлі кітапты бір сөреге үш бірдей кітап қатар тұратындай етіп неше неше тәсілмен қоюға болады?


3.2. Қайталамасыз терулер

  1. 3 допты 5 қорапқа бір бірден неше тәсілмен салуға болады?

Нұсқау: Әрбір қорапты 5 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

  1. 9 адамның үшеуін неше тәсілмен таңдап алуға болады?

Нұсқау: Әрбір адамды 9 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.


3.3. Қайталамасыз орналастырулар



  1. 25 студенттен тұратын топтың старостасы мен оның орынбасарын неше тәсілмен тағайындауға болады?

Нұсқау: Әрбір студентті 25 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

  1. 12 қабатты үйдегі лифтіге отырған 3 адамның лифтіден бір қабатта тек біреуі ғана шығатындай неше тәсіл болады?

Нұсқау: Әрбір қабатты 11 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

4. Орналастырулар, терулер, алмастырулар

4.1. Алмастырулар

  1. Физикадан 2, алгебрадан 4, геометриядан 3, химиядан 1 және астрономиядан 1 оқулық бар. Егер әрбір пән бойынша оқулықтар бірдей болса, онда осы оқулықтарды бір сөреге неше тәсілмен орналастыруға болады?



    1. Терулер

  1. 3 алманы 5 балаға неше тәсілмен таратуға болады?

  1. Пошта бөлімшесінде 10 түрлі конверт сатылады. 12 конвертті неше тәсілмен сатып алуға болады?

Нұсқау: Конверт түрін 10 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

4.3. Орналастырулар





  1. 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып неше 5 орынды сан жазуға болады?

Нұсқау: Әрбір цифрды 3 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

  1. 12 қабатты үйдегі лифтіге отырған 3 адам лифтіден неше тәсілмен шыға алады?

Нұсқау: Әрбір қабатты 11 элементті жиынның элементі ретінде қарастырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік