ҚӨО өнеркәсіптік қауіпсіздігі - жеке тұлға мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің ҚӨО апаттарынан және көрсетілген авариялардың салдарларынан қорғалуының жай-күйі.
Авария - ҚӨО -де қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы.
Оқыс оқиға - ҚӨО-де қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе зақымдануы, технологиялық процесс режимінен ауытқу, ҚӨО-де жұмыстар жүргізу қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттар ережелерінің бұзылуы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі өндірістік бақылау болып табылады. Негізгі міндеттері:
* Пайдаланушы ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
* Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру жолымен талдау;
* Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту және қоршаған ортаға залалдың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу;
* Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
* Аварияларды оқшаулауға дайындықтың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша жұмыстарды үйлестіру;
* Техникалық құрылғыларға қажетті сынақтар мен техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуін, бақылау өлшеу құралдарының жөнделуін және тексерілуін бақылау;
* Технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.
ҚӨО - кәсіпорындар немесе олардың цехтары, учаскелері, алаңдары, сондай-ақ оларда:
1) қауіпті заттар – уыттылығы жоғары, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттар алынады, пайдаланылады, қайта өңделеді, түзіледі, сақталады, тасымалданады, жойылады;
2) 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен немесе 115 0С астам судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін жабдық пайдаланылады;
3) стационарлық орнатылған жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер пайдаланылады;
4) қара және түсті металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар алынады;
5) тау-кен жұмыстары, пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізіледі.
6) Өсімдік шикізатын сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылады, олардың процесінде өздігінен тұтануға, тұтану көзінен тұтануға және оны алып тастағаннан кейін өздігінен жануға қабілетті жарылыс қаупі бар тозаң-ауа қоспалары түзіледі, сондай-ақ өздігінен жануға бейім астықты, оның қайта өңдеу өнімдерін және құрама жемді сақтау жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |