Адам деген ардақты ат
Халық нақылы
Мұғалім сыйы Оқиға айту. Өміріміздегі 1 мен 0-дер Профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байтатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”. Сұрақтар: Әр адамның өмірінде болуы керек ең маңызды қасиет қандай? Профессордың “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды” деген сөздерін қалай түсінесіздер? Шығармашылық жұмыс ЖАҚСЫ АДАМДАР. Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсынақ ниет бар адамдар!
Қайырмасы: Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсынақ ниет бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Қайырмасы: Жүректен - жүрекке Қош, сау болыңыздар!