3-әжірибе:Реагенттер бетінің әсері . Бір сынауыққа темір түйірін ,екіншісіне темір ұнтағын салып, екеуіне де концентрациясы бірдей тұз қышқылының ерітіндісінен2мл қосыыңдар.Қай сынауықта реакция жылдам жүретінін байқаңдар.
Қорытынды жаса:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні__________ 7-зертханалық жұмыс Химиялық тепе теңдіктің ығысуы «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы» Реактивтер: натрий ацетатының 1М ерітіндісі, аммоний гидроксидінің 0,1М ерітіндісі, фенолфталеин ерітіндісі, 1г аммоний хлориді.
Құрал-жабдықтар:сынауықтар, спиртшам, микроқалақша.
Жұмыс барысы:
Сынауыққа 3 мл натрий ацетатының ерітіндісін құйыңдар. Оған 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндіде түс пайда болғанға дейін сынауықты қыздырыңдар. Түсті ерітіндісі бар сынауықты суық судың ағынында суытыңдар. Ерітінді түсінің әлсірегеніне немесе жойылғанына көңіл аударыңдар.
2 Концентрацияның әсері.
Екі сынауыққа 2мл-ден аммоний гидроксидінің ерітіндісін құйып, әр сынауыққа фенолфталеиннің бір тамшысын қосыңдар. Бір сынауыққа микроқалқашамен аммоний хлоридінің кристалдарын салыңдар. Екі сынауықтағы ерітінділердің түсіне көңіл аударыңдар.
Тәжірбиенің нәтижелері бойынша тепе-теңдіктің ығысуы жөнінде қорытынды жасаңдар.