§ Біздің айналамыздағы ақпарат Ақпарат деген не?



Дата10.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#267703
Байланысты:
1) біздің айналамыздағы ақпарат
Преддипломная практика Экономика

§ 1. Біздің айналамыздағы ақпарат
Ақпарат деген не?
Айналаңа, қоршаған ортаға көз салшы. Табиғаттың адамдардың тіршілігін, кқліктердің қозғалысын көресің. Түрлі құбылыстарға куә боласың, яғни түрлі ақпарат аласың.
Ақпарат бізге қалай беріледі?
Ақпарат бізге жазбаша, ауызша және қимыл-қозғалыс түрінде де беріледі. Ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады. Демек, ақпарат алмасудың алуан түрі бар. Атап айтатын болсақ, ақпарат алмасу қарым-қатынас жасау арқылы, ойлану, өз бетімен зерттеу нәтижесінде жүреді

Ақпарат – сақтау, өңдеу, жеткізу жəне пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған ортада болып жатқан мəліметтер мен өзгеріс- тер. Қоршаған орта – ақпарат көзі.
Біз ақпаратты қалай қабылдаймыз?
Біз ақпаратты көру, есту, иіскеу, дәм тату, сипап сезу арқылы қабылдаймыз. Ақпаратты алуға адамның сезім мүшелері қатысады. Олар – көз, құлақ, мұрын, тіл және тері

Ақпарат адамға не үшін керек?
Адам ақпаратты пайдалана отырып, белгілі бір мәселелерді шешеді. Жаңа ұғымдар мен ақпараттар алады. Қажет болса, ақпаратты өңдейді. Мысалы, сен компьютерде мәтін жазасың, оны өңдейсің, қағазға басып шығарасың, пошта арқылы досыңа жөнелтесің. Демек, біз ақпаратты есімізде сақтап қана қоймай, өңдеп, тарата да аламыз. Бұл – ақпараттық үдерістер деп ата- лады.

Ақпараттың өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Ақпаратты өң- деген соң адам оны əрі қарай қажетіне жаратады.
«Ақпарат» ұғымы ғылымның барлық салаларында, мысалы, информатика, экономика, физика, философия, биология т.б. ғылымдарда кездеседі.Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты, себебі ақпараттардың көбін компьютердің көмегімен өңдейміз.
Информатика – ақпараттық үдерістерді (ақпаратты іздеу, жи- нақтау, сақтау, жөнелту, пайдалану жəне өңдеуді) зерттейтін ғылым.
Бақылау тапсырмалары?
1) 1. Ақпарат деген не?
2. Ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдауға болады?
3. Ақпарат адамға қалай беріледі?
4. Информатика ғылымы нені зерттейді?
5. Ақпараттық үдерістер деген не?
2) Суретке қарап, ақпараттың сезім мүшелері арқылы қа- былдануы туралы айтып бер. Неліктен ақпараттың басым бөлігі көз арқылы қабылданады

3) 1. Суреттерге қарап, ақпарат көздері туралы мәтін құрас- тыр. Мәтінге атау қойып, компьютерде теріп, оны сақта.

2. «Біздің айналамыздағы ақпарат» тақырыбы бойынша дискідегі тапсырманы орында.
 
4) Табиғаттың төрт мезгілінің суреттерін салыстырып, қандай ақпарат алуға болатынын талдап, зерттеп айт. Саған қандай жыл мезгілі ұнайды?

5) 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы