Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы №524 қаулысы. Шағын діни топтарды тіркеу туралы



жүктеу 65.81 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі65.81 Kb.
Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы

524 қаулысы.




Шағын діни топтарды

тіркеу туралы
Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мүддесінде діни ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында әкімдік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» заңы 31 бабының 2 тармағы, Қазақтстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы 6-2 бабының 2) тармақшасы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді жүргізу бойынша уәкілетті орган болып, «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ анықталсын.

  2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу бойынша нұсқаулық бекітілсін.

  3. Аталған қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э. Гейгерге жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күні мерзімі өткеннен кейін әрекетке енгізілсін.
Зырян ауданының әкімі Р. Мусин

Қаулы ШҚО Әділет департаменті Зырян ауданының Әділет басқармасында № 5-12-103 25.03.2010 ж. тіркелді.

Зырян ауданы әкімдігінің

2010 жылғы 16 ақпандағы

524 қаулысымен



бекітілген
Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқау


  1. Жалпы ережелер

  1. Осы Нұсқау заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді.

  2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудан, қалалар әкімдерінің аппараттарының уәкілетті органы жүргізеді (бұдан кейін – тіркеуші органдар).

  4. Есептік тіркеуге жататын, шағын діни топ болып заңды тұлғасы жоқ жергілікті діни қауым болып танылады, оның мүшелерінің саны 10-нан артпайтын кәмелетке жеткен азаматтар.

  5. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу осы субъектілердің діни қызметті жүзеге асыруда заңдылық берудің тәсілі болып табылады және ол шағын діни топ туралы мәлеметтерді тіркеуші органның тіркеу журналына енгізу жолымен іск асады. Есептік тіркеуден өткені туралы ресми растаушы, тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.

  6. Заңды тұлғаның шағын діни тобы, оны тіркеуші органда есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.




  1. Шағын діни топтарды есептік тіркеудің тәртібі




  1. Шағын діни топтарды есептік тіркеу құрылатын топтың қажетті құжаттарының әрекет етіп тұрған Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкестігін тексеруден, діни топ туралы мәлеметтерді есеп журналына енгізуден және осы Нұсқаудың 1 ережесіне сай есепке қойылғаны туралы анықтама беруден тұрады.

  2. Есептік тіркеуден өту үшін діни топ аудан әкімдігіне:

1) осы Нұсқаудың 2 ережесіне сай діни қауым атауы, ұстанған діни бағыты, орналасқан жері, топтың жетекшісі, жайында мәліметтер, ғибадат үйінің бар-жоқтығы және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумағы көрсетілген арыз;

2) осы Нұсқаудың 3 ережелеріне сай топты құраушы кәмелетке жеткен азаматтардың тізімі;

3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы


  1. Осы Нұсқаудың 4 ережесіне сай шағын діни топты есептік тіркеу туралы мәлеметтер қатаң есептегі арнайы журналға енгізіледі.

  2. Есептік тіркеу құжаттар өткізген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

  3. Шағын діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуші орган тиісті мәлеметтерді журналға енгізеді.

  4. Шағын діни топтардың есепке қойылғаны, сонымен бірге есеп журналына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер туралы мәліметтер облыстың Ішкі саясат департаментіне беріледі.

  5. Діни топ жетекшісі аудан әкімдігіне жылына екі рет өз қызметі туралы ақпарат береді.

  6. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.

  7. Шағын діни топ жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен өзінің қызметін нақты тоқтатқан, не әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда шығарылады.



Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Матаева

Заңды тұлғаның белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 1-қосымша _______________________________

(арызды тіркеген органның атауы)

Діни топтың есептік тіркеуге қойылғаны туралы анықтама
№_______
200___ жылғы «____»_________________________берілді
Діни топ атауы_____________________________________________________

__________________________________________________________________


Ішкі саясат бөлімінің бастығы Қолы
Мөрі

Заңды тұлғаның белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 2-қосымша

_____________________________________________

(арызды тіркеуші органның атауы және мекенжайы )



Арыз

__________________________________________________________________

(топ жетекшісінің аты, әкесінің аты, тегі)

__________________________________________________________________

(діни топ атауы, ұсынған діни бағыты)

__________________________________________________________________

(кәмелетке толған мүшелерінің саны)

__________________________________________________________________

(діни топтың мекенжайы және ғибадат үйінің болуы)

__________________________________________________________________

(өз қызметін соның шегінде жүзеге асыратын аумағы)



__________________________________________________________________
Қолы

Мерзімі

Заңды тұлғаның белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі нұсқауға 3-қосымша



Діни топты құраушы азаматтардың тізімі


е/ш



Аты, әкесінің аты, тегі

Туған жылы, айы, күні

Тұрғылықты жері

Қолы






























мша


Шағын діни топтарды тіркеу журналы


е/ш



Тіркеу нөмірі және тіркелген уақыты

Діни топ атауы

Діни топтың діни ұстаным бағыты

Діни топтың орналасқан жері

Діни топ қызметінің ауданы

Ғибадат (құлшылық үйінің бар-жоғы)

Жетекшісінің аты, әкесінің аты, тегі, мекен-жайы, телефоны

Тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі

Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет