Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/8
Дата25.01.2017
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8





Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі  
N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.



      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.



      2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады.



      4. Алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2010.09.14 № 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.



      5. Алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2013 № 223 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Министр

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің 


2007 жылғы 12 сәуірдегі


N 112 Бұйрығымен  


бекітілген     

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен

өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 № 68 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.



      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу:



      мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi;



      бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;



      заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды.



      Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.



      3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:



      заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;



      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;



      Ұлттық тiзiлiмді жүргізу;



      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.



      4. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.



      Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.



      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда) жүзеге асырады.



      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.



      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.



      Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.



      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 19.06.2013 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Тіркеуші орган құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтері бар Ұлттық тізілімді қалыптастырады.



      Ұлттық тізілімді жүргізу заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді есепке алу және өзекті ету арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

      6. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларын, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу үшін тіркеуші органға:



      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін осы Нұсқаулыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініштер;



      2) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тізбесі ұсынылады;



      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады.



      Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:



      1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;



      2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.



      7. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашатын заңды тұлғалар үшін тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес Ұлттық тізілімнен үзіндісі ұсынылады.



      8. Акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.



      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады.



      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Акционерлік қоғамдардың жарғыларын, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелері мемлекеттік тіркеуге ұсынылмайды.



      10. Қызмет мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, қосымша Ұлттық Банкінің рұқсаты талап етіледі.



      Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.



      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.



      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.



      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.



      Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.



      12. Саяси партияларды құру үшін саяси партияларды құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес нысандағы саяси партияларды құру ниеті туралы тіркеуші органға:



      1) саяси партияны құру бойынша бастамашы топтың тізімі және осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, электрондық және қағаз жеткізгіштеріндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;



      2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжалды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжалды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшесі туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы ұсынылады.



      Тіркеуші орган осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген хабарламалар мен құжаттарды алған күні, ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына, оларды ұсынғанын растайтын осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды ұсыну туралы растау құжатын береді.



      Саяси партияларды тіркеу кезінде саяси партиялары мүшелерінің тізімі осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысандағы, электрондық және қағаз жеткізгіштерінде ұсынылады.



      13. Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға діни бірлестікті құру туралы шешім қабылдаған кезден бастап екі айлық мерзімде өтініш беріледі. Өтінішке Қазақстан Республикасының «Діни қызмет туралы» Заңының 12-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.



      Діни бірлестіктерді құратын бастамашы - азаматтар тізімі осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.



      14. Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде қосымша өңірлік діни бірлестікті құруға бастама жасаған, жергілікті діни бірлестіктің әрбіреуінің қатысушыларының тізімі, сондай-ақ, олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.



      15. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімін тоқтату туралы шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дін істері уәкілетті органға діни сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру және діни бірлестікті құруға бастамашы-азаматтар тізімін тексеру үшін қажетті құжаттардың көшірмесін жолдайды.



      16. Ұсынылған құжаттарды заңнамаға сәйкестігін тексеру, жүргізілген діни сараптаманың, діни бірлестікті құруға бастамашы-азаматтардың тізімін тексеру нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.



      17. Республикалық діни бірлестіктер тіркелген күннен бастап бір жыл өткенше мәртебесін растау үшін, Министрлікке олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.



      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Заңды тұлғаны қайта құру

      18. Заңды тұлғаның қайта құруы келесі жағдайларда жүргiзiледi:

      1) қосу;



      2) бiрiктiру;



      3) өзгерту;



      4) бөлу;



      5) бөліп шығару.



      19. Қосылу, біріктіру және өзгерту кезінде тіркеуші органға:



      1) Қосылу және өзгерту жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, біріктіру жағдайда осы Нұсқаулықтың 12, 13, 14, 15, 16, 17, 20-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші;



      2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;



      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген тапсыру актісі және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісін бекіту туралы шешімі;



      4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат.



      5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.



      20. Заңды тұлғаның бөліну, бөлініп шығу кезінде тіркеуші органға:



      1) бөлінген жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, бөлініп шығарылған жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші;



      2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;



      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып – бөліну балансы



      4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат.



      5) бөліну нысанындағы қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.



      21. Осы Нұсқаулықтың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тіркеуші органға бұрыңғы құрылтай құжаттарының төлнұсқалары ұсынылады.



      22. Біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп саналады.



      23. Қосылу, бөліну, өзгерту кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға, Ұлттық тізілімнен (Ұлттық тізілімнен шығару онда заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі) шығарылуға жатады, ол туралы жаңадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.



      24. Біріктіру кезінде өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлға Ұлттық тізілімнен шығарылуға жатады (Ұлттық тізілімнен шығару оған заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі), ол туралы Ұлттық тізілімнен шығару туралы немесе қайта құрылған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу кезінде бұйрықта көрсетіледі.



      25. Біріктіру кезінде, бір немесе одан көп заңды тұлғалар қызметін тоқтатқанда, бір заңды тұлғаның іріленуі жағдайында қосылған заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері тапсыру актісіне сәйкес, мирасқор заңды тұлғаға ауысады. Біріктірілген заңды тұлғалар Ұлттық тізілімнен шығарылады, ол туралы бір уақытта мемлекеттік қайта тіркеу және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.



      26. Егер біріктіру нәтижесінде, біріктірілетін заңды тұлға қайта тіркеуге, өзгертулерді тіркеуге жатпаса, онда біріктерілген заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізген тіркеуші органға осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көрсетілген құжаттар тізімі ұсынылады.



      Ұсынылған құжаттар негізінде тіркеуші орган Ұлттық тізілімнен шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрықты мұрағаттық тіркеу материалдарын қоса салу арқылы заңды тұлғалар біріктірілген заңды тұлғаның тұрған жері бойынша тіркеуші органға жолдайды.



      27. Егер қайта құру кезінде біріктірілетін заңды тұлға қайта тіркеуге, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуге жатса, онда біріктірілетін заңды тұлғаны Ұлттық тізілімнен шығаруды қайта тіркеуге, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуге құжаттар топтамасы тапсырылған тіркеу органы жүзеге асырады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тіркеу және құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу және Ұлттық тізілімнен біріктірілген заңды тұлғаны алып тастау туралы бұйрықтың көшірмесі тиісті тіркеуші органға жолданады.



      28. Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру кезінде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.



      29. Акционерлік қоғамды өзгерту, қосылу, бірігу және бөліну кезінде тіркеуші органға қосымша акционерлік қоғамның барлық акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік ұсынылады.



      30. Бөлініп шығу кезінде заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы жүргізілмейді.



      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлімі) 42-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бар болған жағдайда, алғашқы заңды тұлға қайта тіркеуге жатады.



      Қайта ұйымдастырылу жолымен құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Осы Нұсқаулықтың 12-тарауында көзделген мерзімде жүргізіледі.



      31. Құжаттар тізімі тіркеуші органға ұсынылғаннан кейін:



      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дұрыс толтырылғандығын тексереді.



      2) Құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, қазақ және орыс тілдерінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарылады (бұйрықтың жобасы заңды тұлғаның құжаттарын қараған тіркеуші органның маманы 3 данада қазақ және орыс тілдерінде дайындалады, және оған сол маман, сондай-ақ, тіркеу бөлімінің бастығы қолтаңбасын қояды, содан соң, тіркеуші органның басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынылады);



      3) Ұлттық тізілімге заңды тұлға туралы мәліметтер енгізеді;



      4) тіркелген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде БСН бере отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жүргізу туралы хабарламаны мемлекеттік кіріс органдарына жібереді.



      5) Заңның 12-бабына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама береді;



      6) құрылтай және басқа да құжаттарының (акционерлік қоғамнан басқа, жеке кәсіпкерлік субъектілерін санамағанда), 1 данасы бар істі ресімдейді, істі ресімдегеннен кейін (БСН беруді растайтын тиісті мөртабандары мен мөрді қойғаннан кейін) құрылтай құжаттарының түпнұсқалары құрылтайшыға не оның өкіліне қайтарылады.



      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.



      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет