«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Заңды тұлғалар»



жүктеу 116.89 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі116.89 Kb.
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік  көрсетілетін қызмет).



Мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылы 31 желтоқсандағы №1570 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)  көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік  қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:

1) Қазақстан  Республикасы Көлік және  коммуникация  министрлігінің

Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);

2) өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz(link is external)«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: электрондық құжат түрінде анықтамалар беру:

1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;

2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;

4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;

5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;

6) құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;

7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы;

8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;

9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы;

10) заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы.

 


  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіздеме болып табылады.

5. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, сәйкес құжаттар келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 

Ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамадағы талаптарға сәйкес келген жағдайда, жауапты қызметкер құжаттарды дайындауға кіріседі. Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беруге дайындау және қарау уақыты 40 минуттан аспайды.

 


  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:

1) Орталықтың инспекторы – құжаттарды қабылдау және табыстау;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы – көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу және жолдау;

3) көрсетілетін қызметті беруші – Орталықтан құжаттарды қабылдау, сұрау салуды қарау, анықтамалар дайындау және орындалған құжаттарды Орталыққа беру;

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелер:        

1) ЭҮП;

2) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ);



3) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДҚ АЖ);

 4) ХҚКО ақпараттық жүйесінің автоматты жұмыс орны (бұдан әрі - ХҚКО АЖ АЖО);

7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетілген) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

 


  1. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа

көрсетілетін қызметті берушілердің өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

8. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» және «терезе» арқылы қызмет көрсету, аты, тегі әкесінің аты және лауазымы көрсетілген орталық қызметкерімен жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 10-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылданғаны туралы қол хат беріледі.

9. Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері күн сайын «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхаттың  негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

10. Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде тіркеу үшін және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

11. ПЭП арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген:

1) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің ғаламтор-браузерінде сақталады өзінің ЭЦҚ-ның көмегімен көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-да тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

2) 1 процес – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің ғаламтор-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-на паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

  3) 1 шарт – ЭҮП-да логин жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процес - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-да қалыптастыру;

5) 3-процес - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажетті құжаттарды сұрау салу нысанына қоса тіркеу;

6) 4 процес – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2 шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

8) 5-процес – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процес – көрсетілетін қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қою);

10) 7-процес – «ЗТ» МДҚ АЖ-де электрондық құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және ЗТ МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;

11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген құжаттардың Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіздерге сәйкес келуін тексеруі (өндеуі);

12) 8-процес – «ЗТ» МДҚ АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылыықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9-процес – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ АЖ-де қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып,  қалыптастырылады.

12. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ХҚКО-ның адымдық іс-қимылдары және шешімдері осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген:

1) 1-процес – мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО операторының  ХҚКО АЖ АЖО-ға логин мен парольды енгізуі (авторизациялау процесі);

2) 2 процес –  Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және Орталық қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

3) 3 процес – ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ-на  жолдау;



4) 1 шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;

5) 4 процес – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректер алу мүмкін еместігі жөнінде хабарлама қалыптастыру;

6) 5 процес – Орталық операторының  қызмет көрсетуге сұрау салу нысандарын толтыруы;

7) 6 процес – Орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ АЖ-не жіберу; 

8)  7 процес – ЗТ МДҚ АЖ-на электрондық құжатты тіркеу;

9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті алушы қоса берілген құжаттардың Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіздерге сәйкес келуін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);

10) 8 процес – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 9 процес – көрсетілетін қызметті қызмет алушының Орталық операторы арқылы ЗТ МДҚ АЖ-деқалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы;

13. Сұрау салуды өңдеген соң көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуды өңдеудің нәтижелерін көру мүмкіндігі мынадай түрде беріледі:

"ашу" кнопкасын басқаннан кейін – сұрау салудың нәтижесі экранның дисплейіне шығарылады;

"сақтау" кнопкасын басқаннан кейін – сұрау салудың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы сұратқан магнитті жеткізгіште Adobe Acrobat форматында сақталады.

14. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңес беруді  саll-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер

қорынан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет



регламентіне 1-қосымша      

Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған

ақпараттық жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеуі кезінде халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің рәсімдер

(іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы


1

Іс-қимыл (жұмыстар барысы,
ағыны)

1

2

3

4

5

6

7


8

9

2

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖ АЖО

Орталық операторы

Орталық операторы

ЖТ МДҚ

Орталық операторы

Орталық операторы

ЗТ МДҚ АЖ

ЗТ МДҚ АЖ

ЗТ МДҚ АЖ

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Логин және пароль арқылы Орталықтың операторы авторизациядан өтеді

Қызметт тандайды және сұраныстың деркетерін қалыптастырады

Сұранысты ЖТ МДҚ жолдайды

Тұтынушының деректерінің болмауына байланысты деркетерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭСҚ куәландыру және сұранысқа қажетті құжаттарды қоса тіркеуімен сұранысты толтыру

ЭСҚ
арқылы
куәландырылған (қол
қойылған) сұранысты
ЭҮӨШ
АЖО-ға
жолдау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың
болуына
байланысты,
бас тарту
хабарламасын
қалыптастыру

Электрондық құжат

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық ету шешімі)

Өтінішке нөмір беру арқылы сұранысты
жүйеде тіркеу

Сұранысты сәтті қалыптастыруы туралы хабарламаны көрсету

Сұранысты бағдарлау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Сұранысты сәтті қалыптастыруы туралы хабарламаны көрсету

Сұранысты бағдарлау

Өтінішке
нөмірберу
арқылы сұранысты тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Анықтама

5

Орындау мерзімдері

30 сек-1 мин

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек –1 мин

1 мин

-

-

1 жұмыс күні

2

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4 – егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда; 5 – егербұзушылықтар болмаса

-


-

-

8- егер бұ-
зушы-
лық
болса;
9 - егер
бұзу-
шылық
болма-
са

-

-

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер

қорынан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 2-қосымша
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер

қорынан анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне



3-қосымша
Орталық арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету

кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілер:





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет