Заң дегеніміз адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамдық даналылықтың жоғарғы көрінісі. С. Джонсон



жүктеу 445.38 Kb.
бет1/2
Дата15.02.2017
өлшемі445.38 Kb.
  1   2
Заң дегеніміз - адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамдық даналылықтың жоғарғы көрінісі.

С.Джонсон

БЕКІТІЛДІ _______________

«Еркетай» МДҰ-ң меңгерушісі



Сарсенгалиева М.Т.

«____» ______ 2013 жыл

№7 «Еркетай» МДҰ-ң қызметкерлеріне арналған Ішкі еңбек тәртібінің ережесі.

І. Жалпы ережесі.

1.1. Жұмыстың сапасы мен нәтижелілігін көтеру үшін, жұмыс уақытын рационалды қолдану мақсатында Ішкі еңбек тәртібінің ережесі қабылданды. Бұл тәртіп балабақшаның барлық қызметкерлеріне қатысты.

1.2. Ішкі еңбек тәртібінің ережесінде балабақша қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, жұмысқа қабылдану мен шығу, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, сонымен қатар жұмыстағы жетістіктер үшін марапаттау қарастырылады.

ІІ. Жұмысқа қабылдау мен шығару тәртібі.



2.1. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес МДҰ-ға жұмысшының жеке өтініші бойынша балабақша меңгерушісі қабылдайды. Ол бұйрық шығарып, келісімшартқа отырады. Жұмысқа қабылдауға қажетті құжаттар:

- жеке құжат (удостоверение)

- білім алған құжат, санатын бекіткен құжат;

- еңбек кітапшасы

- медициналық кітапша

- РНН


-СИК

-зейнеткерлік фонд.

2.2. Жұмысқа қабылдағаннан кейін меңгерушісі келесі құжатпен жұмысшыны таныстырады:

- ұжымдық шарт

-ішкі еңбек тәртіп ережесі

- лауазымдық міндеттер

- еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау бұйрығы

- кіріспе нұсқау (вводный инструктаж)

2.3. Еңбек шартын бұзу туралы жұмысшы 2 апта бұрын ескертеді.

2.4. Осы мерзім арасында меңгерушісі жұмысшының еңбек кітапшасын беріп, төлемақысын толық төлейді.

2.5. Меңгерушісі жұмысшының келісімшарт мерзімі бітер алдында 3 бұрын ескертуге міндетті.

2.6. Еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрық шығарылады.

2.7. МДҰ-ң әрбір жұмысшысына жеке іс-құжат жүргізіледі. Оған жеке парағы, өмірбаяны, білім туралы құжаты, аттестаңия өткен мерзімі сақталады.

ІІІ. Жұмысшының құқығы мен міндеттері.

3.1. Жұмысшының міндеттері:

3.1.1. МДҰ-ң жоспарын, балабақша меңгерушісінің бұйрықтары орындау.

3.1.2. Жұмыс тәртібін сақтау: жұмысқа уақытымен келу, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, берілген тапсырманы уақытылы орындау.

3.1.3. МДҰ-ң мақсаты пен міндеттерін шешу мақсатында барлық күш-жігерді жұмсау, шығармашылық таныту.

3.1.4. Еңбек қауіпсізідігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, санитариялық-гигиеналық нормаларды орындау.

3.1.5. Балаларға және олардың ата-аналарына, балабақша қызметкерлеріне сыпайы қарым-қатынаста болу.

3.1.6. Өзінің теориялық, әдістемелік деңгейін үнемі көтеру.

3.1.7. Өзінің жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау.

3.1.8. МДҰ-ң құрал-жабдықтарын (ойыншық, жиһаз, оқу құралдары және т.б.) сақтау, электр қуатын үнемдеу.

3.1.9. Медициналық тексерістен уақытымен өту.

3.1.10. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болу: сабақ кезінде, тәрбиелік шаралар өткізгенде, серуенге шыққанда және т.б. оқыс жағдайлар туралы басшыларға ата-аналарға айту.

3.1.11. Тәрбиешілер өздеріне берілген топ учаскілеріне толық жауапты.



3.2. Педагогтар жауапты:

3.2.1. Өз жұмыстарына сәйкес талаптарды орындау.

3.2.2. МДҰ-ң Жарғы мен ішкі еңбек тәртіп ережесін орындау.

3.2.3. Ата-аналардың келісімшарт ережесін орындау.

3.2.4. Оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарына байланысты ата-аналармен қарым-қатынаста болу.

3.2.5. МДҰ-ң тәрбиелік жоспарын орындау.

3.2.6. Лауазымдық қызмет талаптарын орнындау.

3.2.7. МДҰ-ң әкімшілігі мен меңгерушісінің тапсырмаларын уақытылы орындау.

3.2.8. Өзінің кәсіптік деңгейін көтеруге жұмыстану.

3.3. МДҰ-да тыйым салынады:

3.3.1. Балабақшада жоғарғы киіммен және бас киіммен жүруге.

3.3.2. Қатты дауыспен сөйлеуге, шулауға.

3.3.3. Балабақша территориясында темекі тартуға.

3.3.4. Ішімдік ішуге.

3.4. Жұмысшылардың құқығы:


  • Әкімшілік пен ата-аналар тарапынан сыйлы қарым-қатынасқа.

  • Өзінің жұмыс жетістігіне қарай моралдық және материалдық көмекке.

  • Өзінің жұмысының өміріне қауіптілігін білуге.

  • Өміріне және денсаулығына зиян әкелетін тапсырманы орындамауға.

3.5. Педагогтардың құқығы:

  • Жалпы жиналыстарда шешім қабылдауға.

  • Өзінің кәсіптік білімін жетілдіруге.

  • Аттестаттауға өтініш беруге.

  • Ішкі тәртіп ережесіне сай жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, жазғы демалыс алуға, зейнеткерлікке шығуға.

І. Жұмыс берушінің міндеттері:

4.1. Жұмыс беруші міндетті:

  • Нормативтік-құқықтық актілерді, заңдарды орындауға, еңбек шартында берілген келісімдерді орындауға.

  • Бақылау ұйымдарының нұсқаулықтарын орындауға.

  • Еңбек шартына сай қызметкерлерге жұмыс беруге.

  • Еңбек кодексіне және еңбек қауіпсіздік ережесіне сәйкес жұмысшыға жағдай жасау.

  • Жұмысшыға тиісті төлемақы төлеуге.

  • Еңбек тәртібін қатаң сақталуын қадағалау.

  • Жұмысшылардың санатын көтеруге, кәсіптік деңгейлерін көтеруге.

  • Медициналық тексерістен өтпеген жұмысшыны, ішімдік ішіп келген жұмысшыны, еңбек қауіпсіздік нормаларын сақтамағандарды жұмыстан шығаруға.

  • Әрбір тәрбиеленушінің жеке тұлғасын дамыту мақсатында оның жеке ерекшеліктерін, қызығушылығын, денсаулық жағдайын ескеруге.

  • Жұмысшаларға қолайлы гигиеналық талаптарға сай жағдайлар жасау: жарықтану, температуралық режим, және т.б.


4.2. Жұмыс берушінің құқығы:

  • Барлық ұйымдарда МДҰ атынан сөз сөйлеуге.

  • Сенімхат беруге.

  • ҚР заңына сәйкес банкте счет ашуға.

  • Жұмысқа қабылдауға, қызметкерлерді мадақтауға, жұмыстан шығаруға.

  • Жұмысшалардың орындауына бұйрықтар шығаруға.

  • МДҰ қаражатын тиімді жұмсауға.

  • Штат бекітуге.

  • Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекітуге.

  • Жарғы ережесіне сай балаларды балабақшаға қабылдауға.

  • Педагогикалық ұжыммен бірге ата-аналардың сұранысы қосымша үйірмелер ашуға.

5. Жұмыс уақыты мен бос уақыт.

5.1. ҚР Еңбек заңына сәйкес МДҰ қызметкерлеріне 5-күндік жұмыс белгіленеді. Демалыс- сенбі, жексенбі.

5.2. Тәрбиешілер үшін жұмыс уақыты 1 аптада 24 сағат, күніне 5 сағат қарастырылады.

5.3. Тәрбиешілер жұмысқа 15 минут бұрын келу керек. Жұмыс жерін қарап, дайындалу қажет.

5.4. ҚР заңына сәйкес мерекелік күндері демалыс беріледі.

5.5. Егер жұмысшы жұмысқа себепті шықпайтын болса, ол міндетті түрде әкімшіліке хабарласу керек.

5.6. Қызметкерлер мен жұмысшыларға қатаң тыйым салынады:

5.6.1. Күн тәртібі мен жұмыс тәртібін өзгертуге.

5.6.2. Сабақтар кестесін өзгертуге,қысқартуға.

5.6.3.Топтарға басқа адамның кіруі тек балабақша меңгерушісінің рұқсатымен ғана.



6. Жұмыстардағы жетістіктер үшін мадақтама.

6.1. Жақсы жұмыс, өзіне берілген тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін, жұмыста жетістікке жеткені үшін марапаттау мүрлері:



  • Алғыс жариялау;

  • Ақшалай сыйлық;

  • Қымбат сыйлық;

  • Мәртебелі марапат.

6.2. Маратап жұмысшыға бұйрықпен шығарылып, еңбек кітапшасына жазылады.

7. Еңбек тәртібін бұзған үшін жауапкершілікке тарту.

7.1. Еңбек шарты, МДҰ Жарғысы, лауазымдық міндеттер, ішкі тәртіп ережесі бойынша тапсырмаларды орындамағаны үшін жұмысшы жауапкершілікке тартылады.

7.2. Жұмысшы өзінің жұмысының міндеттерін орындамағаны үшін төмендегідей жазалар алады:

- ескерту

- сөгіс

- ҚР заңына сәйкес жұмыстан шығару.



7.3. Жұмыстан шығарады егер, жұмысшы бірнеше рет себепсіз тапсырманы орындамағаны үшін, себепсіз жұмысқа келмей қалса.

7.4. Сонымен қатар жұмысшы бірнеше рет МДҰ Жарғысын бұзса, балаларға байланысты физикалық және психикалық зорлық жасаса.

7.5. Шара қолданар алдында Жұмыс беруші жұмысшыдан жазбаша түсініктеме алады. Егер де жұмысшы жазуға бас тартса, акт жасалады. Жұмысшының қарсылығы оны тәртіптік жаза қолдануға кедергі болмайды.

7.6. Тәртіптік жаза туралы бұйрық жұмысшыға 3 күн арасында айтылып ескертіледі.

7.7. Тәртіптік жаза 1 жылдан соң алынады.

7.8. МДҰ-ң ішкі тәртіп ережелерімен балабақшаның әрбір қызметкері мен жұмысшысы таныс болуы тиіс.


МДҰ-ң жалпы жиналысында таныстырылды.

Қараша 2012 жыл.


7 «Еркетай» қызметкерлірінің жұмыс кестесі

Жалпы ережелер.

МКҚК №7 «Еркетай» балабақшасының 2 жастан 6(7) жасқа дейін балалардың тәрбие мен оқытуы қазақ тілінде жүргізіледі. 12 топ жұмыс жасайды. 280 бала.

Педагогикалық ұжым- 35 адам: меңгеруші-1, әдіскер-1, тәрбиешілер-24, педагог-психолог-1, музыка жетекшілері-3, хореограф-1, дене шынықтырудан нұсқаушысы-1, медициналық қызметкерлер-2, ағылшын тілі пәні және орыс тілі пәні мұғалімдері-2.

Балалардың болуы- 07.30-ден 18.00-ге дейін.

Балабақшаның жұмыс апталығы бес күндік, жалпы жұмыс уақытының ұзақтылығы 40 сағаттан аспайды.

Жүктеменің көлемі, ережеге сай, тұрақты.

Балабақша меңгерішісінің, әдіскердің, психологтың, шаруашылық меңгерушісінің жұмыс уақыттары 7 сағаттан асуы мүмкін.

Қызметкерлер жұмыстың басталуына дейін 15 минут бұрын келулеріне міндетті.

Қызметкерлер сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда алдын ала ескертуге міндетті.

Педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:



  1. өзінің көзқарасына қарай жұмыс кестесін өзгертуге;

  2. балаларды топта, музыка, дене шынықтыру залдарында, серуенде жалғыз қалдыруға.

Педагогикалық кеңес- жылына 5 рет.

Әкімшілік отырысы- әр аптаның дүйсенбісі.

Әдістемелік кеңес- екі аптада бір рет.

Шаруашылық кеңестер айдың төртінші бейсенбісінде өтіледі.


Қызметкерлердің жұмыс кестесі.



Қызметкерлер

Жұмыс уақыты

Түскі ас

1

Меңгеруші

09.00-17.00

13.00-14.00

2

Әдіскер

09.00-17.00

13.00-14.00

3

Емдәмбике

08.00-12.00

-

4

Шаруашылық меңгерушісі

09.00-17.00

13.00-14.00

5

Психолог

09.00-17.00

13.00-14.00

6

Музыка қызметкері

08.00-13.00

-

7

Дене шынықтыру нұсқаушысы

08.00-13.00

-

8

Хореограф

08.00-13.00




9

Бейнелеу пәнінің мұғалімі

08.00-13.00

-

10

Орыс тілі пәнінінің мұғалімі

08.00-13.00

-

11

Тәрбиеші

07.30-12.30, 12.30-18.00

-

12

Тәрбиеші көмекшісі

07.30-12.30, 14.30-17.30

12.30-14.30

13

Есепші

08.00-17.00

13.00-14.00

14

Хатшы

08.00-17.00

13.00-14.00

15

Кастелянша

08.00-17.00

13.00-14.00

16

Қоймашы

08.00-17.00

13.00-14.00

17

Кір жуу операторы

08.00-13.00,14.00-17.00

13.00-14.00

18

Еден жуушы

07.00-13.00,13.00-19.00

-

19

Вахтер

08.00-18.00

12.00-14.00

20

Аспаз

07.00- 17.00

12.00-14.00

21

Аспаз көмекшісі

07.00- 17.00

12.00-14.00

22

Жұмысшы

08.00- 18.00

12.00-14.00

23

Аула тазартушы

09.00- 18.00

13.00-14.00

24

Сантехник

09.00- 18.00

13.00-14.00

25

Электрик

9.00- 13.00

-

Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және балабақшаның Жарғысына сай құрастырылған, қызметкерлер әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және балабақшаның қызметімен байланысты т.б. сұрақтарды ретке келтіреді.

Қызметкерлердің міндеттері, лауазымдық нұсқаулары еңбек шартымен анықталады.



Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады.

Балабақша қызметкерлерінің жалпы міндеттері:



  1. Балабақшаның Жарғысында, ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқауларында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындау;

  • Еңбек тәртібін сақтау- жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, әкімшіліктің бұйрықтарын уақытылы орындау;

  • Еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, өндірістік санитарлық, өртке қарсы ережені және алдын-ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау;

  • Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды реттеп сақтау;

  • Балабақша балаларына балабақшаның мүлкіне ұқыпты қарауды үйрету, жылу, электроэнергияны, материалды үнемді қолдану;

  • Медициналық тексерістер туралы нұсқауларында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен, қажетті егілуден өту;

  1. Балабақша қызметкерлері баланың балабақшада болған уақытында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Балалардың жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде хабарлау тиіс.

  2. Балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салынады.

  3. Педагогикалық кадрлардың аттестаттау туралы ережесіне сай педагогтар, тәрбиешілер бес жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.

  4. Балабақша әкімшілігі педагогтың шығармашылық жұмыстарына жағдай жасайды.

Келісілді: Бекітемін:

Кәсіподақ ұйымының төрайымы №7 «Еркетай» МДҰ-ң меңгерушісі

Бердешова А. Сарсенгалиева М.Т.

«_____» ______ 2013 ж «_____» _________ 2013 ж
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды қабылдау және топтарға жіктеу туралы ереже


  1. Жалпы ереже.

  1. Мектепке дейінгі мекемеде балаларды қабылдау және топтарға жіктеу туралы ережесі Ақтөбе облысы Хромтау қаласының №7 «Еркетай» МДҰ-да баланың қызығушылығын және ата-аналардың қажеттілігін ескере отырып, оқыту-тәрбиелеу процесіне қатысушылардың құқығы мен міндеттерін реттейді.

  2. Ереже ҚР Үкіметінің 2012 жылғы қаулысы «МДҰ құжаттарды және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтік стандартына сай құрылған.

  3. Балаларды топтарға жіктеу демократиялық, ашық, ата-аналардың сұранысы бойынша өткізіледі.

  4. МДҰ-ң негізгі жүйесі жалпы дамытушылық бағытта жүргізіледі.

Топтарға жіктелген кезде балалардың жас ереекшілігі ескеріледі.

  1. Білім процесіне қатысушылар.

  1. Балаларды қабылдау және шығаруға қатысушалар: ата-аналар, МДҰ әкімшілігі, балабақша меңгерушісі.

  2. МДҰ-ң құзырлығында:

а) МДҰ Жарғысына сәйкес балаларды қабылдау және жіктеу.

ә) Жылда 15 маусымнан 1 қыркүйекке дейін жоспар бойынша балаларды топқа жіктеу

жұмысы жүргізіледі.

б) Балаларды жіктеу барысында ата-аналарды қабылдау жұмысы өтеді.

в) Топтардағы балалар саны және топтар саны туралы ай сайын аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне хабарлап отыру.

3) Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзырлығында:

А) МДҰ-ң Жарығысының орындалуын бақылау.

Ә) МДҰ-ң топтарға жіктеу құжаттарын тексеру.



3. Топтарға жіктеу тәртібі.

1) Топтар саны-12.

2) Топтарға балаларды жіктеу жұмысымен балабақша меңгерушісі айналысады. Ата-

аналардың өтініші бойынша және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізіледі.



  1. Балаларды қабылдау өткізіледі: ата-ананың өтініші және олардың жеке құжаттары, медициналық қорытынды, баланың жеке куәлігі.

  2. Балаларды қабылдау барысында ата-ананы МДҰ Жарғысымен таныстырып, жеке келісімшартқа қол қойғызу керек.

  3. Балаға төлейтін ақысы- күніне 320 тенге туралы ата-ананы ескерту.

  4. МДҰ-ға 2-7 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

  5. Жыл бойына бос орындарға балаларды қабылдау жүріп отырады.

  6. Жыл сайын 1 қыркүйекте балабақша меңгерушісі балаларды қабылдау және топтарға жіктеу туралы бұйрық шығарады.

  7. Кезектен тыс орынға ие бола алады:

  • Мүгедектер;

  • Жетімдер;

  • Ата-анасының біреуі мүгедек болған жағдайда;

  • Көпбалалы жанұя;

  • Бір ата-анамен тәрбиеленетіндер.

  1. 3-күннен артық бала балабақшаға келмесе тек дәрігер анықтамасы арқылы қабылданады.


4. МДҰ-да баланың орнының сақталуы.

1) Баланың орны сақталады, егер бала ауырып жатырса, денсаулығын емдеу санаториясында болса.

2) Баланың орны сақталады, егер:

- карантинде болса,

- ата-аналары кезекті демалысында болса,

- отбасы жағдайын байланысты өтініш жазса.



5. МДҰ-н баланы шығару.

5.1. Балабақшадан бала шығады, егер:

- ата-аналарынан бала денсаулығы бойынша өтініш жазылса;

- ата-аналар тарапынан келісімшарт бұзылса;

- бала 10 күннен астам себепсіз немесе ескертусіз балабақшаға келмеген жағдайда;

6. МДҰ ата-аналарының бала үшін берілетін ақысын төлеу тәртібі.

6.1. МДҰ-да балаға ата-ана тарапынан төлемақы алынады.

6.2. Төлемақы көлемі Аудандық әкімшілік, Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаулысы бойынша белгіленеді.

6.3. Ата-аналар төлемақыны әрбір айдың соңына дейін төлейді.

6.4. Тәрбиешілер балалардың қатысым журналына белгілеу арқылы төлемақыны санап, есептейді.

7. Қорытынды ЕРЕЖЕ.

7.1. МДҰ меңгерушісі әрбір айдың 28-де Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне балалардың қатысымы туралы және қабылданған немесе шығып кеткен балалар туралы ақпарат береді.

7.2. Осы ереженің орындалу жауапкершілігі балабақша меңгерушісіне бекітіледі.



Тамақтануды ұйымдастыру туралы ереже.

Жалпы ереже

  1. Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жұмысы білім беру үрдісінің бір бөлігі болып табылады.

  2. ҚР білім және ғылым министрлігінің 2006 жылдың 7 шілдедегі №372 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру туралы Жалпы ережесіне» сәйкес балабақша жұмысы құрылған.

  3. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар рационы және тамақ дайындау технологиясы ҚР САНПИН

  4. МДҰ-да тамақтануды ұйымдастыру баланың физиологиялық тамақтану нормасын сақталуы міндетті.


Рационалды тамақтануды ұйымдастыру.

  1. МДҰ балаларды Санпин нормаларына және жас ерекшеліктеріне сәйкес тамақтануды ұйымдастырады.

  2. МДҰ-ғы тамақтану балабақша меңгерушісіне жүктеледі.

  3. МДҰ-ға тамақтануды ұйымдастыру кезінде ПОРТАЛҒА шығылады және тамақты әкелетін адамдардың қажетті құжаттары тексеріледі.

  4. Тамақтар баланың қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, оның жас организміне ешқандай зиян тигізбеуі керек.

  5. Тамақты дайындаудағы ыдыс-аяқтар, дайындау құрал- жабдықтары және тамақты сақтау, әкелу, т.б. әрекеттері Санпин нормаларына сәйкес болуы қажет.

  6. Тамақтану кезінде онкүндік ас мәзірі пайдаланылады.

  7. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде МДҰ-да төмендегідей негізгі қағидалар ескерілуі қажет:

  • Толық рационалды тамақтануды құру;

  • Минералдық және дәрумендер құрамында бар тағамдар түрлерін пайдалану.

  • Балабақшадағы күн тәртібі мен балаланың физиологиялық ерекшеліктері сақталуы тиіс.

  • Жыл мезгілі, ұлттық ерекшеліктері, ауа райы ас мәзірін құру кезінде ескерілуі тиіс.

  • Тамақты дайындау технология талаптарын міндетті түрде сақталуы тиіс.

  • Асханадағы жағдайды, тамақтануды дұрыс ұйымдастыруды күнделікті бақылау.

  • Балалардың тамақтану тиімділігі туралы есеп жүргізу.


Тамақтануды ұйымдастыруды бақылау.

  1. МДҰ-ғы балаларды дұрыс тамақтандыруды балабақша меңгерушісі, медбике және МДҰ-ң бракераждық комиссиясы тексереді.

  2. Балабақша меңгерушісі:

  • Қажетті тамақты алдыратын қоймашы мен шаруашылық меңгерушісінің жұмысын бақылайды;

  • Тамақтану кезіндегі балаларға берілетін тамақты бақылайды;

  • Тамақтардың сақталуы мен әкелуін бақылайды;

  • Ас мәзірін, асханадағы санитариялық-гигиеналық нормалардың орындалуын, тамақтану жұмысының ұйымдастыруын бақылайды;

Медбике:

  • Әкелінген тамақтардың сапасын қарайды;

  • Олардың сақталуын ұйымдастырады;

  • Іске асыруды бақылайды;

  • Ас мәзірін жасайды;

  • Тамақтың сапасын, олардың бала организміне қажеттілігін анықтайды;

  • Асхананың санитарлық жағдайын бақылайды;

  • Аспазшылардың жеке гигиенасының сақталуын бақылайды;

  • Асхана жұмысын ұйымдастырады.

Бракераждық комиссия:

  • Тамақты әкелу, түсіру және сақтау кезіндегі санитарлық- гигиеналық нормалардың орындалуын бақылайды;

  • Ас мәзірінің дұрыс жасалуын бақылайды;

  • Асхана жұмысының ұйымдастырылуын бақылайды;

  • Тамақты пісіру кезінде салу кезін қарайды.

БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл бөлінеді.  

 

 



Біздің мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптері  мыналар:

 

* Тамақ мөлшерінің энергетикалық құндылықтары баланың энергетикалық шығындарына сәйкес келеді;



* Тамақ мөлшеріндегі барлық ауыстырылатын және ауыстыруға болмайтын азық түліктер теңдестірілген.

* Тамақ мөлшерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін азық-түліктер мен тамақтардың көптеген түрлері; 

*  Азық-түліктердің технологиялық және аспаздық дұрыс өнделуі, олардың тамақ құндылықтарының бастапқы қалпын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тағам дәмінің жоғары сапасы. 

*    Үйлесімді тамақтану тәртібі, айналадағы жағдай балалардың тамақтаны мәдениетін дағдыландыруға себепші болады; 

*   Тамақтануға деген гигиеналық талаптарды сақтау (тамақтану қауіпсіздігі)

 

Біздің балабақшада күніне 4 рет тамақтанады:



 

Тәңертеңгілік ас – сүт ботқалары: сұлы, күріш, қарақұмық, бидай, "Достық", макарон өнімдерінен көже. Ботқалар жұмыртқа, ірімшік өнімдерімен ауыстырылып отырады.  Сусын ретінде сүт қосылған кофе, какао, маймен, сыр бутерброды.

 

Түскі ас – өсімдік майы қосылған балғын көкөністерден түрлі салаттар (қияр, қызанақ, сәбіз)

Бірінші ыстық тағам - щи, борщ, көкөніс көжесі, балық сорпасы, жарма немесе макарон өнімдері қосылған көжелер.

Екінше тағам - гарнирмен ет, балық, тауық.

Үшінші тағам – балғын жемістерден, кепкен көкөністерден компот,    табиғи жидектерден кисель.  

  

Бесін ас - сүт, ішетін йогурт, шырын, балшырын, лимон қосылған шай, печенье, кондитерлік бұйымдар, тоқаштар.  

 

Кешкі ас -  жеңіл азық-түліктер (көкөністер, жемістер, сүт, ірімшік, балық тағамдары) 
Тамақты сақтау және дайындау үдерісіне және ас үйге деген санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау балалардың тамақтарын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызды. Балабақшаға келіп түсетін барлық азық-түліктер санитарлық ережелерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар. 

Бекітемін:__________

№7 «Еркетай» МДҰ-ң

меңгерушісі

Сарсенгалиева М.Т.

«___» _______ 2013 ж.
7 «Еркетай» МДҰ-ң дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

туралы ережесі

Балабақшадағы оңтайлы тамақтандыру

Мектепке дейінгі білім берудегі денсаулық сақтау тенологияларының басты міндеттерінің бірі бұл балалардың денсаулығын сақтау мен жақсарту медициналық қызметкердің, педагогтардың, тәрбиешілердің басшылық етуімен жүргізіледі:

-мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығының мониторингін ұйымдастыру

-мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтануын ұйымдастыру мен бақылау

-мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуы.

Балалардың тамақтануы балалар ағзасының қалыпты өсімі мен дамуын қамтамасыз ететіндей, бұлшық етті, сүйек пен миды мектептегі сабақтардың басталуымен байланысты тәртіптің өзгерісіне ойды және денені дайындайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сондықтан да, тамақтану сапасына балабақшада баса назар аударылады. Балабақшадағы тамақтану саны 4 реттік.



Таңертеңгілік ас. Сүтті ботқалар (сұлы, манная, күріш, бидай, қара құмық, достық) табиғи жұмыртқалардан жасалған тағамдармен кезектестіріліп беріледі. Сусын ретінде сүт қосылған шәй, бутербротпен какао, май мен ірімшік. Яғни, таңертеңгілік аспен бірге балалар жеткілікті көлемде көмірсутектер алуы қажет. Көмірсутектері жүрек жұмысы үшін қажетті бұлшық ет жұмысы үшін қажетті энергия көзі болып табылады. Таңертеңгі уақытта балалардың қозғалысы мен дене белсенділігінің көп болуына байланысты энергия көп жұмсалады. Түскі ас алдында сағат 10.00-де жеміс шырыны немесе жемістер (алма, банан).

Түскі ас. Жас көкеністерден өсімдік майы қосылып жасалған салат (үгіршік, қызанақ, сәбіз, қырыққабат). Бірінші ыстық тамақ (борщ, қышқылтым көже, көкеніс сорпасы, балық сорпасы). Екінші тағам (ет, балық, құс еті). Үшінші тағам кептірілген жемістерден жасалған компот немесе «С» дәрумені бар кисель. Ақуыздар мен майлардың көп бөлігін балалар түс кезінде алады. Майлар мен ақуыздар өсіп келе жатқан ағзаның құрылыс материалы болып табылады. Ағзаға ақуыз жетпеген жағдайда бойдың өсуі мен дамуы баяулайды, иммунитет төмендейді, ақыл-ой жұмысы нашарлайды. Сондықтан да, ақуыз мектеп жасына дейінгі баланың тағамына енгізіліп отыруы қажет. Тағамның әр түрлі болғаны маңызды, сол ғана оның пайдасын арттырады.

Жеңіл тамақ. Сүт/тұшы айран, печенье

Кешкі ас. Кешкі асқа қыздырып пісірілген ірімшіктен тағамдар, балықтан жасалған тағам, піскен нан енеді.

Балабақшаға әкелінетін тағамдардың сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжаты болады. Санитарлық нормалар ережелері сақталады.



Келісілді Бекітілді

Жалпы ұжым жиналысы Бұйрық № ___

Хаттама № ____ «___» _______ 2013 ж.

«__»________ 2013 ж №7 «Еркетай» МДҰ меңгерушісі

Төрайымы Сарсенгалиева М.Т.

Бракераждық комиссия туралы ереже

7 «Еркетай» МДҰ



Хромтау қаласы


  1. Жалпы ереже.

    1. МДҰ-ң Жарғысына, СанПин ережесіне сай, мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібін ұйымдастыру және балалардың тамақтануын ұйымдастыру, әкелінген тағамдардың сапасын бақылау үшін бракераждық комиссия құрылады.

    2. Бракераждық комиссия МДҰ-ң басқару кеңесімен және әкімшілікпен тығыз байланыста жұмыс істейді.

  2. Бракераждық комиссия мен оның мүшелерін таңдау тәртібі.

    1. Бракераждық комиссия МДҰ-ң жалпы жиналысында құрылады. Оның құрамы, жұмыс бағыты балабақша меңгерушісімен бекітіледі.

    2. Бракераждық комиссияның құрамында 3-4 мүшелері болады. Оның құрамына енеді:

  • Балабақша меңгерушісі (комиссия төрайымы)

  • Медбике

  • МДҰ қызметкері.

  1. Комиссияның құқығы:

Бракераждық комиссия:

  • Тамақты әкелген, қабылдаған кезде Санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылайды;

  • Тамақты сақтау қоймаларының ережеге сәйкестігін тексереді;

  • Ас мәзірінің дұрыс құрылуын күнделікті тексереді;

  • Асханадағы жұмысты бақылайды;

  • Тамақтың сапалығын және дайындау кезіндегі сапасын тексереді;

  • Асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасының сақталуын бақылайды;

  • Тамақтың салуын және беру нормаларын тексереді;

  • Тамақтың түсін, иісін, дәмін, қоюлығын, дәмділігін тексереді;

  1. МДҰ-ғы балалар тамақтануын ұйымдастыруды бағалау.

    1. Берілген астардың шығу нормаларын тексеріп, бракераждық журналға толтыру. Қандай да болса оқылық жағдайлар анықталса, бракераждық комиссия берілуді тоқтатуға құқығы бар.

    2. Болған оқыс жағдайлар бракераждық журналға енгізілуі тиіс.

    3. МДҰ-ң әкімшілігі бракераждық комиссияның әрекетіне ықпал етіп, кемшіліктердің жоюлуына шара қолдануына құқығы бар.



КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТІЛДІ:

Кәсіподақ ұйымының төрайымы №7 Еркетай меңгерушісі

___________А. Бердешова _______М.Сарсенгалиева

«__»________2013ж. «___»_______2013ж.


ҚАБЫЛДАНДЫ:

Педагогикалық кеңесте

Хаттама № __ «__»_______2013ж.
Үйірме жұмысы туралы ереже.


  1. Жалпы ереже.

Бұл ережені №7 «Еркетай» МДҰ-ы ҚР «Білім туралы» Заңына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» типтік ережесіне, балабақша Жарғысына сәйкес қабылданды.

Білім стандартына қосымша ретінде ақысыз оқыту қызметі болып табылады. Үйірме жұмысы- ересек пен балалардың өзара жұмыс әрекетінің бір түрі. Үйірме- тұлғаның жаңалыққа, танымға және шығармашылыққа талпындыратын мақсаттағы қызығушылық бойынша қосылған балалар тобы. Ата-аналар мен балалардың еркі бойынша топ құрылады. Үйірмеге қатысушылар: үйірме жетекшісі, балалар. Үйірме жұмысына ата-аналардың да қатысуы мүмкін. Бірақ олар негізгі топқа енбейді. Бұл ереженің қолдану мерзімі шексіз. Жаңа ережені қабылданғанға дейін ереже істе жүреді.



  1. Үйірме жұмысының негізгі мақсаты.

Үйірме жұмысының мақсатын құрайды:

  • Балалардың оқыту қажеттілігін толық қанағаттандыру;

  • Балалардың қызығушылығын арттыру;

  • Қоршаған ортану тануға, жаңалықты білуге, шығармашылыққа баулу.

  1. Үйірме жұмысының функциясы.

Үйірме жұмысы:

  • Белгілі бір әрекет айналысында балалардың қызығушылығына қарай жинайды;

  • Берілген стандарттан артық білуге үйретеді;

  • Практикалық жағдайда дағдыны қалыптастырады;

  • Балалардың коммуникативтік қарым-қатынасын дамытып, өзін жетілдіруге баулиды.

  1. Үйірмеге қатысушылардың құқығы.

Үйірме жетекшісінің құқығы:

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктерін анықтай отырып, қызығушылықтарын дамытуға әрекет жасау;

  • Оқыту- тәрбиелеу барысында әдіс-тәсілдерді өзі таңдау;

Балалар құқығы:

  • Үйірмеде берілген жұмыста өзінің танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

  • Үйірменің әрбір сабағына қатысуға;

  1. Үйірме жұмысын ұйымдастыру.

Үйірме жұмысын лауазымдық қызметіне қарай МДҰ-ң мұғалімдері жүргізеді. МДҰ-ң оқыту бағдарламасы сабақтарын қайталмауы қажет. Әрбір үйірме сабағы бір тақырыппен өткізіліп, ол мазмұны жағынан аяқталғандықты білдіруі тиіс. Үйірме жұмысы 1 жыл бойы жүргізіледі. Үйірме сабағы аптасына1-2 рет, түстен кейін сағат 15.00-16.00 аралығында болады.

Сабақ ұзақтылығы 20-25 минут.

Сабаққа қатысушылар саны-15-20 бала. Үйірме жұмысының нәтижесі балалар шығармашылығының көрмесі, концерт, театрлық қойылым, ашық сабақ ретінде беріледі. Үйірме жұмысын бақылау МДҰ әдіскері жүргізеді.


  1. Басқа бөлімшілермен өзара байланысы.

Үйірме жұмысы туралы сұрақтар Педкеңесте, әдіскер отырысында, жалпы жиналыста, ата-аналар жиналысында қарастырылады.

  1. Жауапкершілік.

Үйірме жетекшісі жауапты:

  • Үйірменің мақсаты мен міндеттерін орындауға;

  • Берілген тапсырманың сапасына,

  • Балалардың қажеттілігіне, қызығушылықтарына, жас ерекшіліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрін дұрыс алуға;

  • Санитариялық-гигиеналық талаптарды орындауға.

  1. Құжаттар.

Үйірме жұмысының жетекшіснің міндетті құжаттары:

  • Үйірме жұмысы туралы ереже;

  • Үйірме жұмысының жылдық жоспары;

  • Үйірмеге қатысымды есепке алу журналы;



© МБДОУ «Детский сад № 3 «Теремок» ОРВ с. Яренск




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет