Юриспруденция кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/5
Дата23.06.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЮРИСПРУДЕНЦИЯ КАФЕДРАСЫ

Н.С. ГАЗИЗОВА


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050115 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттеріне арналған




Семей -2013ж.

Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы _______ «___»________ 200__г. Газизова Н.С.

Старший преподаватель кафедры «Юриспруденция»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ж., № __.

Кафедра меңгерушісі _________ Елеманов С.Х.


2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __

Төраға _________ ___________________

Қолы аты -жөні
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __.

ОӘК төрайымы _________ __________________

Қолы аты -жөні

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (немесе басылым №___



«___» ______200_ж орнына.)

МАЗМҰНЫ

  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту пәні бойынша глоссарийлер

  2. Қысқаша дәрістер курсы

  3. Семинар сабақтарды өткізуге арналған

әдістемелік нұсқау


  1. Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік

жұмыстарына (СОЖӨЖ) әдістемелік нұсқау


  1. Студенттің өздік жұмыстарына (СӨЖ) әдістемелік нұсқау



  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту пәні бойынша емтихан сұрақтары



ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР

Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуолардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.

Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге сыйлай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.

Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті – заң ғылымдарының негізінде оқушыларды терең құқықтық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті адамдарды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқытудың әдістемесі курсының пәні болып оның зерттейтін аясы табылады, яғни мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму заңдылықтары, ерекшеліктері т.б.

Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнайы құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын – алу шараларын жүргізу.

Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты – азаматтардың қоғамдық қатынастарда құқықтық белсенділігін арттыру, басқа да мемлекеттік қызметкерлер өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылықты қатаң сақтау, құқықтық қатынастарға байланысты жағдайларды заңи тұрғыда шешу, әр түрлі құқықтық әрекеттері бейнелеуде құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Құқықтық белсенділік - әлеуметтік-құқықтық шеңбердегі қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке, ал құқықтық міндеттердің қарапайым талаптарға өзінің міндетті әрекетіне ие болу жағдайын білдіреді.

Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың амалдары: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін - өзі тәрбиелеу (құықтық өмірге) бейімделуі қажет.

Экономикалық білім беру адамға қоғамның негізгі экономикалық заңдары, мемлекетіміздің экономикалық саясаты жөнінде білім берумен қатар, ұйымдастыру-экономикалық ептіліктерімен қаруландыруға бағыттайды.

Экономикалық тәрбие - тәрбиенің құраушы бөлігінің бірі. Ол қоғамның мүшелерінде шаруашылық нормалары мен принциптеріне сәйкес білім, ептілік және дағдыларды , қажеттіліктермен қызығушылықтарын, ойлау стилін, өзін алып жүру мен іс-әрекетін қалыптастыруды болжайды. Экономикалық тәрбие процесінде жеке тұлғаның тәртіптілік, іскерлік, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, қамқорлық және т.б. сапаларды қалыптастырады.

Құқықтық – нормативті актілермен жұмыс істеу оқушылардың қоғамдық мәселелер туралы кең ұғуына, толық сипаттама алуға, қазіргі кезеңнің қарама – қайшылық мәселелерін саралап түсінуге, әлемді барлық түсімен көруге, өмірде кездесетін ахуалдарға сын көзбен қарауға, әр түрлі мәселелерді баламалы шешуге көмектеседі.

«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»

КУРСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
ДӘРІС 1

«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫНЫҢ ПӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

Мақсаты:.Студенттерге «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің маңызы мен мәнін теориялық тұрғыда түсіндіру және пәннің болашақ құқық және экономика пәні мұғалімі үшін алатын ролін ұғындыру.

Жоспар:

  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні және оны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.


1. Еліміз құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатқандығын паш етіп, оны Ата заңымыздың бірінші бабында заңдастырғаны бәрімізге белгілі. Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан – салалы. Мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр – қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.

1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.

Қазіргі «Білім туралы» заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық -–нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы – құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге бой алдырмайды.

Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім берудің міндеті – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.

Қазіргі кезде жас оқытушылар тобы өз жұмыстарын жаңа қоғамға, яғни қоғамдық жаңа өзгерістерге лайықтап бастап отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында: «Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан тарихи сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдануда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік даму болашағы анықталған.

Қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезеңінде білім беру ісіне ықпал етеді және оны жаңа тарихи кезеңнің шақыруына жұмыла үн қосуды, әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономикалық даму қажеттіліктеріне сай болуы тиіс».Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауап , шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру. Қазақ халқы Жолдауда көрсетілген бағыттарды сәтті іске асыруға талпынуда. Мектеп өмірінде құқықтық білім беруге бағытталған қайта құрулар жүргізіліп жатыр. Құқық пәнін оқытудың рөлі артты. Орта мектептердің оқыту жоспарларына жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын одан әрі көтеруге бағытталған «Адам.Қоғам.Құқық», «Қаржылық білім негіздері» арнайы пән ретінде енгізілді. Пәнді оқытудың нысандары мен әдістері таңдалып алынды.

Құқықтық мемлекеттің талабына сай жаңа азаматты және жоғары дәрежелі, білікті мамандарды қалыптастыру мектеп қабырғасында алған білімге байланысты. Мектепте «Құқық және экономика негіздері» пәнін оқытудың сапасын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің ғылыми тұжырымдалуы және әрбір мұғалімнің осы теорияны меңгеру дәрежесі болып табылады. Тек қана дұрыс анықталған әдістемелік теория мұғалімді құқықтық – нақты іс –тәжірибе жолына бағыттайды. Сондықтан «» курсының пәнін, міндеттерін, қызметтерін анықтап алу қажет.

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәні өзінің міндеттері етіп мыналарды қояды:



  • оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық және экономикалық білім беруді жүйелеу;

  • құқықтық және экономикалық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет