«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Туберкулез диспансерінен анықтама беру»



жүктеу 65.8 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі65.8 Kb.
Жамбыл облысы әкімдігінің

2014 жылғы «14» сәуір №116 қаулысымен бекітілген


«Туберкулез диспансерінен анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

      1. «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысымен бекітілген «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Жамбыл облысының медициналық ұйымдары (аумақтық туберкулезге қарсы диспансерлер, ауруханалар, туберкулезге қарсы кабинеттер) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулез диспансерінен анықтама беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз  көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

  1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері отыз минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығы мен дұрыстығын тексеріп, идентификация жүргізіп, «Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры» базасында бар/жоқтығын тексереді. Нәтиже теріс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері жазылған анықтама қағазын беріледі;

      2) Дәрігер-фтизиатр отыз минут ішінде рентген немесе флюорографиялық суреттерді тексеріп, нәтиже теріс болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің анықтама беруге жауапты қызметкерінің қолы қойылған анықтама қағазын өз қолы мен дәрігерлік жеке мөрімен куәландырады.

3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы он минут ішінде дәрігер-фтизиатр мен медициналық тіркеушінің қойылған қолын идентификация жасайды, осыдан кейін көрсетілетін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтама ұсынылады.

     6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің дәрігер-фтизиатрға беру;

      2) дәрігер-фтизиатрдың рентген немесе флюорографиялық суреттерді тексеруі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысылығына қол қояға дайындау және көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну .

3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету

процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші тіркеу бөлімінің жауапты қызметкері;

      2) дәрігер-фтизиатр;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы.     

      8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері отыз минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығы мен дұрыстығын тексеріп, идентификация жүргізіп, «Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры» базасында бар/жоқтығын тексереді. Нәтиже теріс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері жазылған анықтама қағазын беріледі;

      2) Дәрігер-фтизиатр отыз минут ішінде рентген немесе флюорографиялық суреттерді тексеріп, нәтиже теріс болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің анықтама беруге жауапты қызметкерінің қолы қойылған анықтама қағазын өз қолы мен дәрігерлік жеке мөрімен куәландырады.

3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы он минут ішінде дәрігер-фтизиатр мен медициналық тіркеушінің қойылған қолын идентификация жасайды, осыдан кейін көрсетілетін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтама ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимыл тәртібінің сипаты осы регламентке қосымшаға сәйкес блок схемада келтірілген.

" Туберкулез диспансерінен

анықтама беру "

мемлекеттiк қызмет 


көрсету регламентiне
қосымша     
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы

Көрсетілетін қызметті беруші







" Туберкулез диспансерінен анықтама беру " мемлекеттiк қызметі



Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік); соңғы 12 айдың ішінде орындалған рентгенологтың қорытындысымен қоса, ал медициналық ұйымдарға, балалар мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына жұмысқа орналасатын адамдар үшін – 1 айдан кешіктірмей рентген немесе флюорографиялық түсірімдер.

30 (отыз)минуттан артық емес





Көрсетілетін қызметті алушының сұрауын бағыттау (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері, дәрігер-фтизиатр, қызмет беруші басшылығы )



Белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

Белгіленген талаптарға сәйкес келуі

30 (отыз)минуттан артық емес

Құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту

Нәтиже теріс болғанда анықтама беру





Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде



" Туберкулез диспансерінен анықтама беру " қызметі қызметін көрсету нәтижесіне шағымдану

Шағымды қабылдауды растайтын құжатты алу







Мемлекеттiк қызметін көрсету нәтижесіне шағымдану нәтижесін алу


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет