Трансұлттық корпорациялардың Қазақстан экономикасында алатын рөлі мен орны



жүктеу 171.72 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі171.72 Kb.
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ОРНЫ.

Қазіргі нарықтық экономика кезінде ішкі және сыртқы экономиканың дамуы мемлекеттің саяси – экономикалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептерінің бірі. Әлемдік тәжірибе сыртқы нарықты жаулауда көптеген шаралар қолдануда, соның тиімдісі трансұлттық корпорациялар құру.

Трансұлттық корпорация (ТҰК) – келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның штаб-пәтері орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады. Бас компанияға тиесілі капиталдың көлеміне, сонымен қатар бас компанияның ықпал ету салаларындағы фирманың құқықтық жағдайы мен бағыныштылық деңгейіне қарай келесідей үлгіде жіктеуге болады: филиалдар, еншілес компаниялар, ассоциаланған компаниялар және бірлескен мекемелер.

ТҰК өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы ТҰК ХІХ ғасырдың соңынан бастап бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918ж) кезеңдерінде пайда болды. Ол кезде Азия, Африка елдерінде шикізат ресурстарын өндірумен айналысты. Олар көбіне картель және синдикат ретінде қызмет атқарды.

Екінші кезең (1918-1939 ж) дүниежүзілік соғыс кезінде болғандықтан табыс әкелетін іспен, яғни қару-жарақ және әскери техниканы өндірумен айналысты. Ол елдерге Еуропа, Жапония, Американы жатқызуға болады.

Үшінші кезең екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық кезең, ғылым және өндіріс (атом энергетикасы, электронды құралдар, космос) зерттеулері. Көбіне ұйымдық қатынас бойынша концерн, конгломератқа ұқсас болды.

Төртінші кезең 1970-1980 жылдары дами бастады. Нарық дами бастағасын, бәсекелестік деңгейі жоғарылап, дамушы дүниежүзілік ТҰК құрылды.

Бесінші кезең ХІХ ғасырда аумақтық экономикалық интеграция кезінде дамыды. Бірлескен экономикалық аумақтар пайда болды.

Бас компаниялар мен олардың еншілес мекемелерінің өзара қатынасы түрі жөнінен барлық трансұлттық компаниялар үш түрге бөлінеді:

  1. Этноцентрлік (этноорталықтық)

  2. Полицентрлік немесе аймақтық

  3. Геоцентрлік

Этноцентрлік түр ТҰК жоғары басқаруының біртіндеп бас компанияның приоритетіне бағытталуымен сипатталады. Бұл типте корпорациялар үшін шетелдік нарықтар ең алдымен бас компания орналасқан мемлекеттің ішкі нарығының жалғасы болып табылады. ТҰК бұл жағдайда шетелдегі филиалдармен ең маңыздысы арзан шикізаттың тұрақты жеткізілуі немесе шетелдік нарықты өніммен қамтамасыз ету үшін ашады. Бұл типтегі ТҰК бас компания тарапына шетелдік филиалдар қызметін қатаң бақылайды, шешім орталықтандырылу арқылы қабылданады.

Полицентрлік немесе аймақтық түр бойынша ішкі нарыққа қарағанда сыртқы нарық ТҰК қызметінің мәнді секторы болып есептелетін кезеңде сыртқы нарық маңыздылығының артуымен сипатталады. Бұндай ТҰК – да шетелдік филиалдар ірірек және көптүрлі, олар бас компанияның өнімін сатып қана қоймай, оларды талап еткен нарық орнында шығарады. ТҰК-ның бұл түрі басқару қызметінің орталықсыздандырылуы, құзыретін еншілес компанияларға беруімен сипатталады.

Геоцентрлік көзқараста ТҰК бөлек мемлекеттердің нарықтарына емес, аймақтарға бағытталады. Шетелдік филиалдар бұл қатынаста жеке мемлекеттерде орналасқанмен, бағытты бүкіл аймаққа болады.

ТҰК құрамына компанияның енуі үшін сараптамалық көрсеткіштер қолданылады:

  • Компания қызметінің басқа мемлекеттерде болуы, яғни мемлекеттер саны (5-тен аз болмауы тиіс)

  • Мемлекеттердегі өндірістік күштің бар болуы (кем дегенде 3)

  • Нарықтағы алатын орны

  • Компанияның басқарушы – әкімшілік құрылымы

Форбс журналының мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі 100-ден аса ірі корпорацияның 35-і мұнай және осыған ұқсас секторларда жұмыс істейді екен. Егер осыдан 15-20 жыл бұрын ірі трансұлттық корпорациялардың барлығы Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінің үлесінде болса, қазір едәуір бөлігін енді Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Бразилия елдерінің ірі компаниялары құрай бастаған. Өйткені, бұл елдер трансұлттық корпорциялардың ел экономикасының іргесін кеңейтудегі рөліне мән беріп, оларға барынша көмек көрсетуде.

ТҰК экокономикадағы негізгі салаларда алатын орны. Сараптама бойынша 100 ірі қаржылық емес ТҰК-лар арасында 13-і химикалық-фармацевтикалық құрылым (SA, BASF AG,Pfiser Inc., Procter&Gamble, Bayer AG, Du Pont (E.I.) De Nemours), 12-сі бөлшек сауда және қызмет көрсету бойынша(Wal-Mart Stores, Carrefour SA), 10-ы автокөлік өндірісі бойынша(Ford Motors Company, General Motors, Toyota Motors Corporation Volkswagen Group), коммуналдық қызмет көрсету 9 және электронды жабдықтар өндірушілер 9 (General Electric, Siemens AG, IBM, Sony Corporation, Hewlett-Packard), 8-і мұнай өндірушілер(Dutch/Shell Group, Total Fina Elf, ExxonMobil, ChevronTexaco) және 7-і телекоммуникция(Vodafone Group Pls, France Telecom, Telefonica SA, Deutsche Telekom AG). Сонымен қатар сусындар мен азық-түліктер, металлургия бойынша 5 ТҰК және 2 көлік пен қағаз басып шығарумен айналысушы ТҰК жатады.

ТҰК жағымды жақтарына ТҰК-да жаңа технологияларды қолдануға, өндіріс пен басқару қызметінде жаңашылдық енгізуге, ЖІӨ-ді жоғарлатуға, инвестиция тартуға, төлем балансының және экспортқа шығарылатын өнімнің табысын жоғарлатуға көмектеседі. Ал кері жақтарына көбіне нарықтың монополиялық жағдайға түсуі. ТҰК-ның қоры көп болғандықтан, олар нарықтағы кішігірім компанияларды сатып алады немесе өз бәсекелестерін демпинг арқылы жойып, кейін бағаны көтере алады.

Қазақстан қазір астық экспорты жөнінен әлемдегі ең озық алты елдің қатарына кіреді. Ал ұн экспорты жөнінен алдыңғы үштіктің құрамында. Қазақстанның астық жөніндегі экспорттық саясатын жүзеге асыруға “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ барынша үлес қосып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның ішкі рыногын астықпен қамту, нарықты тұрақтандыру мәселесінде де елеулі рөл ойнайды. Астық экспорты мәселесінде Орталық Азияда және ТМД-ның көптеген елдерінде оған тең бәсекелес болатын кәсіпорын жоқ.



Global 500 мәліметтері бойынша Қазақстандағы ТҰК



Компания аты

Сала

Мемлекет

Көрсететін қызмет түрі

Қазақстан нарығындағы алатын орны

Global 500 рейтингі

1

Nestle

АӨК

Швейцария

Тамақ өнімдері, косметика, балаларға арналған арнайы тағамдар және тағы да басқа.

ЖАҚ «Нестле Фуд Қазақстан» Орталық Азия және Кавказ елдерінде жетекішілік етеді. Қазақстан нарығына 1997 жылы енді, 2004 жылы толықтай компания ретінде құрылды, ол өзінің қоймалары мен маркетингтік шаралар өткізеді.

48

2

Unilever

АӨК

Ұлыбритания, Нидерланды

Әлем бойынша тамақ өнідіріс және тұрмыстық-химиялық заттарды өндіретін дамушы компаниялардың бірі. Негізгі брендтері – Lipton, Brooke Bond, Беседа, Calvé, Балтимор, Dove, Rexona, Axe, Timotei и др.)

 

121

3

Bunge Limited

АӨК

АҚШ

Әлемдегі астық өнімін өндіру, шырын және сұйық май өндірісі мен айналысушы ірі компаниялардың бірі. Индия, Бразилия, Еуропа елдерімен қызмет атқарады.

 

138



















4

Danone

 

Франция

Негізгі саласы сүтөнімдері, балаларға арналған тамақ өнімі, минералды су. Тауар белгілері: Danone, Активиа, Danette, Vitalinea, Danissimo, Evian.

Danone Kazakhstan LLP

413

5

The Coca-Cola Company

ғарыш

АҚШ

Концентраттар мен сусын өнімін өндіруші және тасымалдаушы компания.

"Кока-Кола Алматы Боттлерс"

259

6

Caterpillar

көлік құрылысы

АҚШ

Caterpillar көлік саймандары, ауылшаруашылық жабдықтар, дизельдік моторлар т.б. Ол әлем бойынша 480 бөлімшесі бар.

«Катерпиллар С.А.Р.Л.»

144

7

Deere and Company

көлік құрылысы

АҚШ

Ауылшаруашылық көліктер мен құрал-сайманлар, құрылыс техникасы және т.б.

Ресми дистрибьютор «Евразия Групп»

307

8

ABB

көлік құрылысы

Швейцария

көлікке арналған электронды ақпарат тасымалдаушылар мен көрсеткіш құралдары

ЖШС"ABB (ЭйБиБи)"

230

9

Mitsubishi Group

көлік құрылысы

Жапония

көлікке арналған саймандар, электронды құралдар мен қорғаныс заттары т.б.

ЖШС«Риком-Каз»

114

10

ArcelorMittal

металлургия

Люксембург

Әлемдегі ірі металлугрия ісімен айналысушы компанияның бірі.

"АрселорМиттал Темиртау"

28

11

ThyssenKrupp

металлургия

Германия

Әлемдегі ірі металлугрия ісімен айналысушы компанияның бірі.

ThyssenKrupp Group Representative Office

74

12

Royal Dutch Shell

мұнай өндіруші

Ұлыбритания, Нидерланды

Мұнай өндіру, өңдеу

Шелл Казахстан Девелопмент Б.В. представляет интересы Шелл в Казахстане

1

13

Exxon Mobil Corporation

мұнай өндіруші

АҚШ

Мұнай өндіру, өңдеу

Exxon Mobil Kazakhstan Inc.

2

14

BP

мұнай өндіруші

Ұлыбритания

Мұнай өндіру, өңдеу

BP Kazakhstan"

4

15

Total

мұнай өндіруші

Франция

Мұнай өндіру, өңдеу

ТОО "Total E&P Kazakhstan"

6

16

HeidelbergCement

құрылыс заттары

Германия

Цемент өнімін дайындау

Бухтарминская Цементная Компания
Каспий Цемент
Байказ Бетон
Бектас Grou

440

17

Microsoft

телекоммуникация

АҚШ

электрондық бағдарламалар, техникаға керекті ақпараттық қамысздандыру бағдарламалары т.б.

"Microsoft Kazakhstan"

177

18

Oracle Corporation

телекоммуникация

АҚШ

электрондық бағдарламалар, техникаға керекті ақпараттық қамысздандыру бағдарламалары т.б.

"Oracle Nederland B.V. CIS"

406

19

Dupont

фармацевтика және химиялық заттар

АҚШ

Химиялық заттардың барлық түрін өндіреді.

Dupont Kazakhstan

262

20

Johnson & Johnson

фармацевтика және химиялық заттар

АҚШ

дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар

"IHCC"

103

21

Procter & Gamble

фармацевтика және химиялық заттар

АҚШ

негізгі тауар белгілері: Tide, Ariel, «Миф», Ace, Mr. Clean, Lenor, Comet, Fairy Oxi, Mr. Proper, Dreft,PampersNaturella, Wash & Go, Head & Shoulders, Pantene, Shamtu, Herbal Essense, Wella, Londaт.б.

Procter & Gamble Kazakhstan

68

ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ




Тарихта алғаш рет 1997жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2030жылға дейін құрған «Қазақстан – 2030» қоғам мен экономиканың ұзақ мерзімді стратегиялық даму ғылыми болжамын жариялады. Мұнда әлемдік және өзінің тәжірбиесі негізінде әлеуметтік-экономикалық ағымдық мәселелерді, осал және объективті талдаудың жақтары,елдің стратегиялық мақсатымен сыртқы мүмкіншілігі және қаупі де анықталып: «Барлық тұрғындардың экономикалық әлеуметтік әділеттігі, ұлттық бірлігі бар тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанды құру» қарастырылады.Алдағы үш он жылдықтар шамасында жеті ұзақ мерзімді басымдылық қарастырылып отыр:

1.Толық аумақтық тұтастықты сақтау үшін ұлттық қауіпсіздікпен және унитарлы тәуелсіздік қажет.

2.Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы.

3.Шетел инвестициясының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

4.ҚР-ның азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты

5.Энергетикалық ресурстар

6.Инфрақұрылым және көлік байланыстары.

7.Маманданған үкіметтің нашарқорлықпен және қылмыскерлермен күресі.

«2015ж дейінгі аралықта даму кестесі және ҚР өндірістік күштердің араласуы» дегенді үкімет стратегия ретінде қарастырылған. Бұл жоспар индикативті мінездеме ретінде ұсынылады.Кесте келесідей стратегиялық мақсаттарды қарастырады:


  • Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздікті экономикалық негізде бекіту;

  • Ұлттық экономикалық жүйеде әлемдік жоғары бәсекелестік туғызу;

Экономикалық даму деңгейіне жету, орташа дамыған елдердегі деңгейлі және сапалы өмір көрсеткіштері орташа жылдық шамамен экономикалық өсімді 5-6 қамсыздануы кем емес, ал ЖІӨ әлемдік экономикалық өсім шамасы 1,5-1,7 рет жоғарылауымен ЖІӨ деңгейі 1,9-2,2 реттен кем емес.

Экономиканың даму кезеңдері:



  1. 2001-2004жж-дағдарыстан кейінгі кезеңдегі өндірістің қайта өрлеуі.жылына 7-8 шамамен өсім экспорттық мұнайдан және пайданы кеңейту есебінен алды.

  2. 2005-2008жж – бастапқы сапалы өзгерістер кезеңі құрылымдық және жаңаланған өндірісіндегі аппарат кәсіпорын және түрлендірудің жаңа салалы және өнд. қатысыуы жылына 4-5шамамен өседі.

  3. 2009-2015жж – жылына 7-8 шамамен экономикалық өсімді тездету кезеңі.

Басымдық кестеге жатады:

Өндірістің жоғары деңгейлі техникасы, барлық қосылған құнға және ғылыми көлем; барлық салалары мен сфералары өсу нүктесі түрлендіру және ұлттық экономикалық бәсекелестік, экспорттық бәсекелестікті дамыту, білім мен ғылымды тез арада дамыту.

Негізгі өндіріс күштерінің орналастыру бағыттары:


  • нүктеліктен бас тарту және аумақтық шоғырландыру өндірісіне көшу;

  • аудан қарамағындағы ірі кәсіпорын , инфрақұрылымдық объектілердің дамуы;

  • үшінші, төртінші және бесінші өзгерісті өндірістің экономикалық шикізат секторының дамуын жүзеге асыру.

  • орта және шағын аудандардағы, орталықтарда, ауылдарда, өмірмен қамсыздандыру жүйесін, аймақтық саяси қағидаларын жаңа механизімінің құралымен, аймақтық мәселелері, құлдырау кезінде көмек көорсету өнеркәсіптік өндірістің араласуымен.

  • өмірмен қамсыздандыру жағдайының жоқтығына вахталық жұмыс әдіске көшірілді.

2003жылы Президент 2015 жылға дейін Қазақстаннық стратегиясының индустриялық-инновациялық дамуына шешім шығарды. Бағдарламаның негізі жоғары қосылған құнның экспорттық өнімі және өндірістің мемлекеттік ұзақ уақыт тұрақты, қарқынды экономикалық дамуы және сервистік –техникалық экономикада ұзақ мерзімді жоспарға көшу жағдайына дайындалу және диверсификациялы өнеркәсіптік бәсекелестікті құру болып отыр.

Бағдарламаны 3 кезең ішінде жүзеге асырылады (2003-2005,2006-2010,2011-2015)

Елде 2010ж дейін ҚР стратегиялық жоспарын қамту қарастырылды Мұнда анықталған стратегия, мақсатты, басымдықты , экономикалық құрылымын дамыту кезеңі, саяси экономикалық белгіленген мақсатты өзгерістерді жүзеге асыру мәселелері қарастырылған.

Әлеуметтік-экономикалық даму стратегисына қарай нақты мемлекеттік инвестициялық бағдарлама және халықшаруашылық басымдығының негізгі ұлттық бағдарламасының дамуы пайда болып отыр.

2003жыл «ҚР-ның2004-2015ж экологиялық қауіпсіздік концепциясы» деп мақұлданды. Үкімет 2004 жылы «2015ж дейін ҚР білімді дамыту концепциясы» деп жарияланды.

2004-2010жылды ҚР-ның ауылаумақтарын дамыту деген мемлекеттік бағдарлама құрылды.

ҚР-ның Президенті өз жолдауында Қазақстан халқына былай деген «Қазақстан әлеуметтік және саяси модернизация мен экономикалық өсу жолында».

Жалпы мемлекеттік жоспар ұсынысты бағыттайтын мінездемеден тұрады.Бұл дегеніміз шаруашылық субъектілердің көрсеткіштермен және бағыттарды таңдауға құқығы барын білдіреді.



Жоспарлау келесі қағидаларға бөлінеді:

  1. Ғылыми пайда бөлу және мүмкіншілік. Бұл принцип жоспарлы қорытынды мен көрсеткіштер арқылы, ғылыми жетістікті пайдалану, ауыспалы технологиямен, ұйымдар және басқарумен ерекшеленеді.

  2. Пропорционалдық. Балансталған көрсеткішпен және өзара байланысты жоспарды болжайды.

  3. Мемлекеттің, қоғам және жеке кәсіпорындардың қызығушылығын туғызу. Бұл принцип шаруашылық субъектілермен бірге қатысатын ұлттық бағдарламаны қорытындылау жолымен жүзеге асырылады.

  4. Жалпы жоспарлы жүйенің жүргізуші бөліммен ерекшеленеді. Бұл жоспарлы шешімді қорытындылау негізінде міндетті түрде приоритеттік бағыттарды көрсету қажет екендігін білдіреді.

  5. Үздіксіз, яғни оперативтік анықтама, ағымдық және перспективтік жоспарды дамыту.

  6. Бірліктік принцип, бұл өз уақытында өзгерісті енгізетін және корректировкалайтын және сонымен қатар диспропорцияны қысқартуға мүмкіншілік береді.

Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мынандай бөлімдерден тұрады:

    • Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

    • макроэкономикалық саясат

    • әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының концепциясы

    • инвестициялық саясат

    • білімді қайта институциялау

    • аграрлы саясат

    • экономикалық саясат

    • әлеуметтік саясат

    • аймақтың экономикалық саясат

    • сыртқы экономикалық саясат

Үкімет дайындаған жоспар құжатын Парламенттің қарауына беріледі.Еліміз нарықтық экономикаға көшкенмен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жоспардың алатын орны бөлек деп түсінеміз.

  1. 2030ж дейінгі ҚР-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясы.

  2. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына жарлығы «Қазақстан әлеуметтік және саяси модернизация мен экономикалық өсу жолында»


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет