Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен

Loading...


Дата05.03.2017
өлшемі59.1 Kb.
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен

жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды

жүргізу құқығына куәліктер беру»

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАСПОРТЫ




1

Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары («Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері).

2

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар

3

Қызмет нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі) беру, тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын қағаз нысанда беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті алушының тракторшы-машинист куәлігін немесе тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алуына болатын мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.



4

Қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Қызмет ақысы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетiледi.

6

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті беруші жүгінген жерде куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (телнұсқаны алу үшін);

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

2) порталда – екі жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті беруші жүгінген жерде куәлік беру туралы мәлімет болмаған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (телнұсқаны алу үшін).


7

Қажетті құжаттар

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасымен көшірмесін (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді);

куәлікті беру үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжатты;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басы мен тұратын жерін куәландыратын құжаттардың көшірмесін;

төменгі сол жақ бұрышында ақ немесе түрлі түсті фоны бар мөлшері
3,5х4,5 см фотосуретті;

жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесін;

«қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін:

осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

«А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігін;

куәлікті беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басы мен тұратын жерін куәландыратын құжаттардың көшірмесін;

төменгі сол жақ бұрышында ақ немесе түрлі түсті фоны бар мөлшері


3,5х4,5 см фотосуретті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушыға:

кіріс нөмірін;

тіркеу мерзімін;

өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні және құжаттар беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі;

2) порталға жүгінген жағдайда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;

тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасымен көшірмесін (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді);

куәлікті беру үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек – электрондық көшірмесін;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басы мен тұратын жерін куәландыратын құжаттардың көшірмесін;

төменгі сол жақ бұрышында ақ немесе түрлі түсті фоны бар мөлшері
3,5х4,5 см фотосуретті;

жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, орта кәсіптік оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесін;

«қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат» деген жазбасы бар куәлік алу үшін:

осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

«А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігін;

куәлікті беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басы мен тұратын жерін куәландыратын құжаттардың көшірмесін;

төменгі сол жақ бұрышында ақ немесе түрлі түсті фоны бар мөлшері


3,5х4,5 см фотосуретті ұсынады.

8

Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қызмет алу жеріне байланысты аудандық / қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым аудан, қала әкімі аппараттары басшыларының атына жолданады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін



9

Өзге де талаптар

Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі: 8 (7242) 60 54 43, бірыңғай байланыс орталығы (1414).

10

Нормативтік құқықтық актілер

 

Каталог: upload -> media
media -> «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
media -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі
media -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
media -> Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
media -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты
media -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...