Тобы: Бк-215 Пәні: Қазіргі қазақ тілі,қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Loading...


Дата21.03.2020
өлшемі19.24 Kb.
Уақыты: 16.03.2020

Тобы: Бк-215

Пәні: Қазіргі қазақ тілі,қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Тақырыбы: Сөзжасам жүйесі.

Сөзжасам – тіл білімінің жеке, дербес саласы.Оның зерттейтін мәселесі – сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөз жасаушы типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы т.б.

Қазіргі қазақ тілінің қалыптасқан, күрделі сөзжасам жүйесі бар. Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудырсақ та, басқа – басқа бірнеше сөз тудырсақ та, ең әуелі сол туынды сөзге негіз болған сөздің тұлға – тұрпаты, морфологиялық құрылысы өзгереді. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік деген сияқты бірнеше сөз тудырсақ та, немесе, қосарлау арқылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқты әлденше сөз тудырсақ та, сөздің бастапқы тұрпаты өзгереді. Сондай – ақ, екі түбірді бір – бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі) сөздерін алсақ та, олардың морфологиялық құрылысы өзгеріске ұшырайды. Осы сөздер не түбірге қосымша қосу арқылы, не екі түбірді біріктіру арқылы, қысқасы, солардың морфологиялық құрылымын өзгерту арқылы жасалған. Олардың қай – қайсысы болса да тіліміздің грамматикалық құрылысына тән заңдарға лайықты құрылған. Осы сөздердің сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ жалғау, түбірлерді қосарлау я біріктіру тәсілдерін алсақ, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған жаңа сөздердің лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.



Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын сөз тудыру тәсілі деп атайды.

Сөз тудыру дегеніміз – жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жиынтығы.

Сөзжасам – қай тілде де өте ертеден келе жатқан тілдік құбылыс. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық дәлел бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөздер жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы (күн-түз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йүз. т.б. ), сондай-ақ, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы арқылы ( қат: 1. қабат, қатар; 2) жеміс (қарақат) 3) жануардың аты 4) қату (тоңу,жаурау, сұйықтан қатты күйге айналу) 5) араластыру ( сүт қату) жасалғанын көреміз. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдерінің болғанын көрсетеді.

Тілдің сөздік құрамы үнемі байып, толығып отыруы, негізінен, тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік құрамы үнемі толығып отырады. Бұл құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы, тілдің сөзжасам жүйесі сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Тілдің ішкі мүмкіндіктері арқылы сөздік құрамды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Олардың жалпылық жақтары ескеріле отырып, жинақталып, төмендегідей үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналған. Олар: 1) синтетикалық (морфологиялық) тәсіл; 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл; 3) лексика – семантикалық тәсіл.


Пайдаланатын әдебиет.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Уақыты: 17.03.2020

Тобы: Бк-215

Пәні: Қазіргі қазақ тілі,қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Тақырыбы: Сөзжасам тәсілдері


Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл - ( грек тілінің sintehesis – «тізбек», «құрастыру» - «синтездің нәтижесінде жасалған», «біріктіруші» деген мағынада қалыптасқан термин) сөзжасамның түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ тілінде ең жиі қолданылатын тәсілі. Түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін синтетикалық (морфологиялық) тәсіл дейді. Синтетикалық сөзжасам негізінде пайда болған тілдік бүтіндер туынды түбір, туынды сөз делінсе, олардың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім (ки-ім, тара-қ, оқу-шы, біл-м, заң-гер),туынды етістік (бас-та, ақ-та, шеге-ле, екеу-ле, жоғары-ла) т.б. осы тәрізденіп жеке – жеке сөз таптары тұрғысынан қарастырылады. Синтетикалық сөзжасамның ең түпкі мағыналы бөлшегі – түбір.

Аналитикалық тәсіл деп ( грек тілінің analytikos – «анализдің нәтижесінде жасалған, «ажыратушы» деген сөзінен шығып қалыптасқан термин) түбір я туынды сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы жаңа сөз жасау тәсілін айтады.

Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің мынандай ішкі түрлері бар: 1) біріктіру тәсілі; 2) қосарлану тәсілі; 3) тіркестіру тәсілі; 4) қысқарту тәсілі.



Сөзжасамның лексика – семантикалық тәсілі. Бұл тәсіл белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы, омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ, кейбір сөздердің о бастағы мәнін жоғалтуы, не болмаса, мағынасы әлсіреп, басқа бір сөз табының қатарынан орын алуы да осы тәсілге жатады. Тіл білімінде мұндай құбылыс прономинализация деп аталады. Мысалы, Біреу ән салып отыр деген сөйлемдегі біреу сөзінің алғашқы, негізгі мағынасы –бір – сандық мағына болса, келе – келе бұл сөз «әлдекім, белгісіз адам) деген мағынадағы есімдікке айналған. Бұлақтың басы, көлдің жағасы, таудың етегі,үстелдің аяғы, екі аяқты мотоцикл, ұшақтың қанаты, алты қанат ақ үй деген тіркестердегі бас, жаға, аяқ, етек, қанат сөздерінің мағыналары да осындай мағына ауысу жолмен жасалған.

1-тапсырма: Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тұлғаларын табыңыз, түрлерін анықтаңыздар.

1). Қолындағы кескегін ырғытып жіберіп, Желдібай орнынан қарғып тұрды (Б. М.) 2). Қаз -қатар киіз үйлер көрінді, түтіні сылаң қаға шұбатылып, ошақтарда от маздайды ( С. Ж. ). 3). Біз бәріміз де заман алдындағы жауапкершілігімізді түсінуіміз керек ( С. Ш. ). 4). Көшті жайлауға жөнелтіп жіберді де, Есеней мен Ұлпан қыстау салатын жер көруге жүріп кетті ( Ғ. Мұст. ). 5). Мәрзия көзі ілініп, әдемі түс көріп, ұйқтап бара жатып шошып оянды (Ш. М. ).



2-тапсырма.Сөйлемдерден аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тұлғаларын тауып, түрлеріне қарай талдау жасаңдар.

1)Үй іші бірталай жым – жырт отырып қалды ( М. Ә ). 2) ЕҚЫҰ – ның Астана Саммитінің алдында күрделі саяси және әлеуметтік міндеттерді шешу тұрды («Егемен Қазақстан» ).3) «Қос шалқар» – қос босағаға орнатқан күміс бағана тәрізді екі көл ( Ғ. Мұст.).4) Ол туған жерде демалуды, сөйтіп денсаулығын түзеп алуды ойлаған еді ( С. Бақ.). 5) Елең – алаңнан көшкен ауыл күн қыза құм арасындағы ойдым көгалға келіп қонған еді ( Ө. Қ. ). 6) Құнанбай мұның сәлемін алды да, тебініп қап, жүр деді ( М. Ә.



Пайдаланатын әдебиет.

Оралбаева «Қазақ тілінің практикумы»



https://kk.wikipedia.org/wiki/

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...