ТҰЛҒаның АҚпараттық МӘдениеті нұрмахан Д.Ә., 5В091000-«Кітапхана ісі»



жүктеу 36.87 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі36.87 Kb.
ТҰЛҒАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Нұрмахан Д.Ә., 5В091000-«Кітапхана ісі», 1 курс студенті

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., Нұржанова Г.И

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі мамандардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру екені белгілі.  Бұл мәселені зерттеуге арналған зерттеу жұмыстары да баршылық. «Тұлға» және «мәдениет» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда мәдениет пен тұлғаның қарым-қатынасының мәселелері екі аспектіні қамтиды. Біріншісі, мәдениет анықталған тұлғаның типін қалыптастырады. Енді осы ұғымдарға талдау жасап көрейік.

Жоғары білім беру тұжырымдамасы мамандар даярлаудың негізін құзырлықты қалыптастыру ретінде анықтайды. Құзырлық деп – жеке тұлғаның өзара байланысқан сапаларының жиынтығын, білімі, іскерлігі мен дағдыларын, іс-әрекетінің тәжірбиелері, түсінігі мен еркін көрсететін интегративті сипаттама ретінде түсініледі. Бірнеше негізгі құзырлықты ерекшелеуге болады, оған ақпараттық коммуникациялық құзырлық (АКҚ) жатады.  М. В. Лебедева мен О. Н. Шилова аппараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы құзырлықты индивидтің ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу есептерін шығару, тұрмыстық, кәсіптік есептерді шығара білу қабілеті ретінде анықтайды. Авторлар ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсіптік кезеңдерін ерекшелейді және оқу іс-әрекетінде қолданылатын ақпараттық технологиялар мен кәсіптік есептерді шығаруға технологияларды пайдалануды нақты ажыратып көрсетеді. Бұл мазмұнда ақпараттық құзырлық екі құраушының: компьютерлік сауаттылық пен компьютерлік білімділіктің жиынтығы ретінде сипатталады.

Е. П. Велиховтің пікірінше, компьютерлік сауаттылық информатика саласындағы бастапқы іргелі білімдерді, компьютерді пайдалануға байланысты білім мен дағдыларды ЭЕМ-нің қолданылу саласы мен  мүмкіндіктерін, компьютерлендірудің әлеуметтік салдарлары туралы болжамды қамтиды. Компьютерлік технологияның дамуына байланысты компьютерлік сауаттылық ұғымы өзгеріп, нақтыланды. В.А.Каймин жоғары қалыптасқан ақпараттық сауаттылықтың басты белгісін – компьютерді қолданып, өз бетімен жұмыс істеу, есептеу, жазу, сурет салу, компьютерлік техниканың көмегімен ақпаратты іздеу деп ерекшелейді.

«Мәдениет» терминін қалай түсінетінін қарастырайық. Орыс тілінің академиялық сөздігінде бұл сөздің жеті мәні келтірілген. Біздің жағдайда төмендегі анықтама біздің талқылауға жақын:Мәдениет – шаруашылық немесе ақыл – ой іс-әрекетінің қандай да бір саласын дамыту деңгейі, дәрежесі

Бұл күндері «ақпараттық мәдениет» ұғымының бірнеше анықтамасы бар, әлеуметтанудан қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің рөлін қарастыруды табуға болады (А.И.Ракитов), педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымның құрылымы, мазмұны және өлшеу жүйесі ашылады  (В.А.Каймин, В.Ю.Милитарев, И.М.Яглом және т.б.), жалпы мәдениеттің құрылымындағы ақпараттық мәдениеттің рөлі, орны мен мәні анықталады (А. А. Кузнецов, С. А. Бешенков және т.б.).К.К.Колин алғашқылардың бірі боп қоғамның жаңа ақпараттық мәдениеті ұғымын енгізді: «қоғамның ақпараттық мәдениеті өзінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстарды, қазіргі информатика құралдары мен ақпараттық технологияларды қалыптастыру және пайдалану қабілетін сипаттайды».И. Г. Хангельдиева оны жалпы адамдық рухани құндылықтар басым болып есептелетін ақпаратты алу, тарату, сақтау және пайдалану салсындағы адам қызметінің сапалы сипаттамасы ретінде анықтайды .Е. А. Медведеваның пікіріне сәйкес ақпараттық мәдениет – бұл адамға ақпараттық кеңістікте еркін бағдар алуға мүмкіндік беретін білімдер деңгейі, оны қалыптастыруға қатысып, ақпараттық өзра әрекеттесуді қамтамасыз ету . Э. Л. Семенюк ақпараттық мәдениет деп адамның, қоғамның немесе оның белгілі бір бөлігінде ақпаратпен мүмкін болатын жұмыс түрлеріндегі жетілдірілген дәрежесі: кез келген текті ақпаратты алу, қорландыру, өңдеу, кодтау және осы негізінде жаңа сапалы ақпарат құру, оны тарату, практикалық пайдалану .

Ақпараттың дамуы мен пайдаланылуына байланысты әртүрлі пән салаларының маңызды бөлігі бола отырып, ол білім беру процесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ақпараттық мәдениет – бұл жеке тұлғаны сипаттайтын сапа, оның еңбегінің процессі және нәтижесі.

Педагогикалық зерттеулер мен тәжірбие ақпараттық технологиялардың дамуы мен пайдаланылуына байланысты пайда болған мәселе оның техникалық және әдістемелік жағымен қатар тағы бір маңызды аспектіні – гуманитарлық - қамтитынын көрсетеді. Маманның ақпараттық дайындығының қалыптасу деңгейін анықтау үшін ақпарттық міндеттерді екі деңгейге бөлу қажет: ақпараттық құзырлықты қалыптастыру деңгейі - оқу пәндерінің шеңберінде шешілетін міндеттер типі және ақпараттық мәдениет деңгейі – практикалық іс-әрекет кезеңінде маман шешетін міндеттер. Бұл кәсіптік міндеттер жиынтығы жоғары буындағы маманның тұтастай ақпараттық іс-әрекеттін  анықтайды және маманның ақпараттық мәдениетінің құрылымын береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. Лебедева М. В., Шилова 0. Н. Что такое ИКТ - компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать// Информатика и образование. 2004. № 3. С. 96—100.

революция // Bестник высшей школы. 2002.№8.

2.Хангельдиева И. Г. О понятии «информационная культура»// Информационная культура личности: прошлое, настоящее, будущее: Краснодар, 1993. С. 2.

3. Медведева Е. А. Основы информационной культуры//Социс. 1994. № 11. С. 59.

4.Досумбекова А.Г., Нұржанова Г.И. Ақпараттық мәдениет.-Алматы:Библиокітап, 2012.-164б.



5.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет