ТҰЛҒА Әлеуметтенуіндегі қарым-қатынас рөЛІ

Loading...


Дата10.03.2020
өлшемі56.5 Kb.
ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС РӨЛІ
Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.

Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.

Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды орын алады.

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.

Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді. Олар біріншіден, Әлеуметтік, мұнда әлеуметтік - экономикалық статус, мамандығы, білімі; екіншіден, Әлеуметтік - психологиялық, мұнда құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың ортақтығы; Психологиялық, мұнда тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл - ой денгейі; Психофизиологиялық, мұнда темперамент, эмоционалдылық.

Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, Сонымен қатар ұғым, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым - қатынасқа деген ынтасын арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік психологиялық факторлары біріншіден, әлеуметтенудің - мәдени, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын әлеуметтік топ болса, екіншіден, белгілі бір денгейде өмір жолының кезеңдерінде көрінетін жеке тұлғалық топ. Осы орайда В.Г.Крыско тұлғаның әлеуметтенуінің үш түрлі факторын ұсынды. Олар: микрофакторлар - отбасы, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар; мезофакторлар - этнос, аймақтық шарттар, мекені, қарым - қатынас құралдары; макрофакторлар - мемлекет қоғам ел және мәдениет.

Қарым - қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да, кері де жағдайларында болуы мүмкін. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс - әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі. Соған сәйкес карым-қатынас стильдері де өзгермелі болады. Қарым - қатынас стилі адамның басқа адаммен өзара әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Сонымен адамнын қарым - қатынас стилі, оның анықталған нақты бір қарым - қатынаска орнықталынуы, бағытталуы соған дайындығы мен адамның сол жағдайдағы өзін көрсетуі.

Қарым - қатынас адам өмірінің рухани және материалдық формаларының сан алуандығын сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып табылады. Кейде «қарым - қатынас», «әлеуметтік қарым - қатынас», «тұлғаралық қарым - қатынас» түсініктерін теңдестіру тенденциялары көрініс береді. Дегенмен бұл түсініктер өзара байланысты болғанымен, бір - біріне тепе - тең болмайды. себебі олардың өз өзгешеліктері болады. Қарым - қатынас, біріншіден. топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы аппарат алмасу: екіншіден, қарым - қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; үшіншіден, қарым -қатынас - бірлескен міндeттepдi шешу процесіндегі адамдардын бірін - бірі қабылдауы мен түсінуі.

Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас негізінде өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті. перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс - әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс - әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым - қатынастың түрлері мен арақашықтықтары.

Адамнын психикасы тіршіліктің барлық кезеңінде үздіксіз дамиды. Кеңес психологтарының теорияларына сәйкес, баланың психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады, яғни оның қоғамдағы орны, үлкендер және құрбыларымен қарым - қатынас жүйесі. Дамудың әлеуметтік ситуациясы кездейсоқ құрылмайды, бала және оның айналасындағылар арасындағы жанды өзара әрекеттестік процесінде жасалады. Бір жас кезеңінен екіншісіне өту дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі бала - «ойын баласы», яғни оның айналасындағылармен қарым - қатынас жүйесін анықтайды. Оқушы - басқаша қарым - қатынас жүйесінде болатын «білім алушы бала», ал ересек белгілі еңбек әрекетіңдегі қарым-қатынасқа түсуші кәсіби  маман иесі.

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс - әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. А.С.Золотнякованың пікірінше, қарым -қатынас - бұл әлеуметтік және тұлғаға бағытталған процесс, мұңда жеке тұлғалық қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады. Оның ойынша, қарым - қатынас әлеуметтік процесс болып табылады. Осы орайда, қарым - қатынас коммуникативтік- процесс ретінде түсіндіріліп, тек әлеуметтік құндылық мөлшерін реттеумен шектелмейді, индивид пен әлеуметтік жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруымен сипатталады.

Әлеуметтік психологияда тұлғалардың өзара әрекеті - бұл қарым -қатынастың үш координаталық бірі. Өзара әрекет - бірлескен іс - әрекетті ұйымдастырудың белгілі формасы. Тұлға қалыптасуында негізгі орынды оның басқалармен қарым - қатынас жасау қабілеті алады. Қарым - қатынас арқылы тұлға өзін көрсете алады, Сонымен қатар ерекшеліктерінің ашылуына, танымдық белсенділігінің артуына ықпал етеді.

Тұлға және қарым-қатынас - психологиялық білімнің осы маңызды саласының негізгі түсініктері. Әлеуметтік психология қарым - катынас процесінде тұлғаның дамуын, қарым - қатынасын және іс - әрекетін зерттейді. Басқа адамдармен қарым - қатынас процесінде адам адами мәдениетті, тарихи даму және жалпылама түсініктерде, еңбек дағдыларында, мінез - қулық ережелерінде т.с.с жинақталған тәжірибені игереді.

Басқа адамдармен тікелей қарым - қатынасты /тұлға аралық/ қажет ету - адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі. Басқа адамдармен қарым-қатынас орната отырып, адам танымдық - жаңа әсерлер, жаңа ақпараттар қажеттілігін қанағаттандырады. Осы екі өзара үздіксіз байланысқан қажеттіліктер адамның алғашкы күндерінен оның психикалық дамуын анықтап, бірлескен іс -әрекетте  қарым - қатынас қажеттілігіне қызмет етеді.

Тұлғанын қалыптасу және даму заңдылықтарын, түрлі жағдайлардағы оның мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін зерттейтін, адамдарды жиі жағдайларда жақындықтары бойынша біріктіру (отбасы, оқу топтары, өндірістік ұжым) әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік психолог үшін адамдарды біріктіру мәселесі зерттеудің екі аспектісі бойынша қарастыру маңызды. Олар: біріншіден, адамдарды біріктіру тұлғаны қалыптастыру шарты ретінде және, екіншіден, тұлғаға тиімді тәрбиелік әсер ету құралы ретінде. Аталған аспектіңің екеуі де өзара тығыз байланысқан. Адамды өмір сүріп, жұмыс жасап, оқып отырған ортасынан тыс тіршілік етуін елестету мүмкін емес.

Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тілі табысып, олардың күнделікті қажеттіліктері мен талап - тілектеріне жете мән беріп, оларға ерекше мән беріп отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу қажеттігі өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр.

Қарым-қатынастан, адам қоғамнан тыс адам салыстырмалы түрде өзіндік адами қасиеттерін жылдам жоғалтады. Адамдардың ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі немесе одан да көп адамның өзара әрекеттесуі қарым-яатынас болып табылады Сондықтан қарым-қатынас әлеуметтік байланыстың негізгі құралы

Сонымен, қарым-қатынас кұралы - бұл тұлғалар арасында ақпарат алмасу кезіндегі операция болып табылады. Ал, бұл қатыңас екі негізгі қарым-қатынас каналы вербалды және вербалды емес жүзеге асырылады. Адамның тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асатын каналы - вербалды қарым-қатынас болса дене тілі деп аталатын адамның ым-ишарасы, бет қимылы және т.б. үнсіз қозғалысы вербалды емек қарым-қатынас.

Тұлғаның көпшілік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін бақылау оның айтатын сөзін жеткізу ерекшелігі болып табылады. Олай болса, оның қоғамдық ортада сөйлеу қасиеті мен мәнерін бағалау, жалпы айтқанда сөйлеу ерекшеліктерін анықтау қажет. Сондықтан, қарым-қатынасқа қабілеттілік тұлғаның сөйлеу мәнеріне, мінез-құлық құрылымына, типологиялық қасиетіне байланысты екендігі байқалады. Мұнда тұлғаның ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалары маңызды болып табылады. Ал бұл сапаларының дамуы басқалармен оның тиімді тұлға аралық қатынас құруға, олармен бірлескен іс-әрекетте өзара әсер етуге мүмкіндік береді.

Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі және ұжымдағы орнын басқа жағдайдан бөліп қарастыруға болмайтындығын А. Абұльханова-Славская еңбектерінен көреміз. Ол тұлғаға қоғамдық тұрмыс пен қатынастың ықпалы қоғамдық сана, идеология және т.б. арқылы жүзеге асырылып, қоғамдық сананың жекеленуі  жанама түрде болатындығын атап өтті.

Қарым-қатынасты зерттеудің бірден бір орталық міндеті ретінде тұлғаның қалыптасуы мен даму факторы оның маңызды рөлін анықтау болып табылады. Қарым-қатынас субьектілердің өзіндік өзара әрекет формасы ретінде, түрлі ақпараттар алмасу барысында жүзеге асырылады.

Сонымен, қарым-қатынас - бұл адамдардың өзара әрекеттесуі мен бір-бірін түсінуге талпыныстары, басқа адамға деген қатынасы болғандықтан, оның мағынасын, мазмұнын толық түсіне алу үшін «субъект - субъект» жүйесі тұрғысында қарастырған тиімді. Яғни, қарым-қатынас процесін анықтауда зерттеу объектісі ретінде жекелеген адамдар емес, біртұтас процесс ретінде қарым-қатынас процесінің өзі басты назарға алынуы тиіс.

Әлеуметтік орта және ішкі топтардағы тұлғааралық қатынастар мен ішкі қатынастар жүйесіндегі адамдардың бірлескен өмірлік әрекеттері қарым-қатынас процесін кұрайды. Әлеуметтік қатынастар - әлеуметтік класстардың: жұмыс беруші мен жұмысшы; экономикалық құрылымдардың иерархиялық ресми емес ұйымдардын және т.с.с. қарым-қатынасы ретінде көрініс берсе, Тұлғааралық қатынастар іскерлік және эмоционалды бағалаудың негізінде құрылады, Сонымен қатар адамдардың бір-біріне таңдау білдіруі де маңызды болып табылады. Сондықтан, қарым - қатынас - негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады.

Қандай да бір қоғамдық қатынастардын жүйесі адамдардың өзара қарым-қатынасы мен қоғамға қатынасынан көрінеді. Қарым-қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да. кері де жағдайларында болуы мүмкін.

Сондықтан әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірнеше жіктеулерін көрсетуге болады. Олар:

- Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы;

- Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни бағыттарын) анықтайтын заң;

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы;

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заңы;

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.

Қарым-қатынас адамның өмір сүруі үшін ең қажетті шарт болып есептеледі, Сонымен бірге оның қалыптасын дамуындағы ең негізгі фактордың бірі. Б. Г. Ананьев зерттеулерінде: "Жеке тұлғаның қоғамдық даму мәселелері барлық ғылым салапарына маңызды мәселе. әлеуметтік құрылым әлеуметтік өмірдің жалпы көрінісі - деген.

Дамудың барлық кезеңіде баланың әлеуметтік ортаға дағдылануы және мінез құлқының сапалы үлгілерін менгеруі, жеке басының психикалық қасиеттері қалыптаса бастайды. Қарым-қатынас жағдайында психикалық процестер мен олардың қызметі жаңа қатынас, дағды мен қажеттігін тәрбиеші-мүғалімнің педагогикалық іс-әрекетін жүйелі жоспарлау, ата-аналары мен құрбыларының жағымды ықпалы маңызды орын алады.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған саласы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйреншіктердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгершуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін сондай-ақ кәсіби -педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін.

Сонымен, қарым-қатынасын екі жақты сипатта қарастырып, анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі, жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-кұрдас, ал мазмұны-онымен қатынас құру және қолдау жасау (Эльконин Д.Б., Драгунова Т.В.) болса, екінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі жағдайларды менгереді. (Фельдштейн Д.И.). Қарым - қатынас көбіне өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс -әрекет ретінде қарастырылады. (М.И.Лысина). Баланың ересектермен қарым - қатынастарының жүйесі жеке қарым - қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д.Б.Эльконин)

Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады (А.НЛеонтьев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым - қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы баланы мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс - әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович).

Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Отандық психолог, профессор СМ. Жақыпов оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккең танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайтындығын ерекше атаған. Сондықтан, қарым-қатынас тұлғаның қоғамда дамуына орасан зор ықпал етеді.

Тұлғаның дамуында өзін адам етіп сезіндіретін, оны кемсітуге, қорлауға басуға, дербестік құқығынан айырылтуға болмайтын өршіген сезім пайда болады. Алайда оларда ересектер статусының әлеметтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан олар ата-аналар қарауында. Мектепте, үйде бір жағынан сен есейдің, үлкейдің десе, екінші жағынан тіл алуды талап етеді.



Баланың әлеуметтеңуі мен тұлғалық дамуында, оның жақын достары мен құрбыларының қатынасы ерекше мәнге ие. Жыл өткен сайын құрбыларымен қарым-қатынас байланысы ерекше қажетті. Ол сыныптас құрбыларымен өзара достық қатынас жасауға тырысады, мүмкіндігінше оны сақтауға талпынады. Сол арқылы құрбылары арасында беделі көтеріледі, бірін-бірі сыйлау қасиеті артады.

Қорыта келе, қарым - қатынас - ол тұлғаның өміріндегі негізгі рухани, адамгершілік, білім қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Осындай қажеттіліктерді өтеуге қарым-қатынастың мәнерлі белгілері мен құралдарын меңгеру негізгі міндеттерді атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...