«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


жүктеу 143.88 Kb.
Дата31.01.2017
өлшемі143.88 Kb.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 199 қаулысымен
бекітілген

«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)

құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен

бастап – тиісті қызметтіалушылардың жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;

2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген

ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

  5. Көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді ұсынады.

Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушiден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушiден ағымдағы жылы сатып алған көрсетілетін қызметті алушы тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып

қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
_____________________________________ «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

____________облысы ___________________________________________________________
(ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
_______________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Өтінім
_____тонна (килограмм, литр)___________________________көлемiнде,

(тыңайтқыш түрi)

_____ тонна (килограмм, литр) ________________________________ көлемiнде,

(тыңайтқыш түрi)

_____ тонна (килограмм, литр) ________________________________ көлемiнде

(тыңайтқыш түрi)

тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) сатып алу (өтеу) үшiн субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiне енгiзудi сұраймын.





Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі




тіркеу күні




атауы




орналасқан жері




мемлекеттік тіркеу күні




кім берді




2.



Жеке басын куәландыратын құжат –

жеке тұлға үшiн





жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі




ЖСН




кім берді




берілген күні




Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк – жеке тұлға үшiн

орналасқан жері




тіркеу күні




кім берді




3.


Жер учаскесiн сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

акт нөмірі




кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, га







оның ішінде егістік




нысаналы мақсаты

сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні,

кім берді



жер учаскесі иесінің және (немесе) жерді

пайдаланушының атауы



4.

Ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктiң анықтамасы

ЖСК




Кбе




Банк деректемелері:

банк атауы






БСК




К/Е




БСН




Кбе




5.


Шот-фактура (инвойс) (тыңайтқыштарды шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда сатып алған АШТӨ үшiн)*



шот-фактура нөмірі




берілген күні




тыңайтқыш сатушының атауы




тыңайтқыш сатушы орналасқан жердің мекенжайы




тыңайтқыш сатушының ЖСК




тауарлық-көлік жүкқұжат нөмірі




тыңайтқыш атауы




өлшем бірлігі




саны (көлемі)




ҚҚС-қоса бағасы (теңге)




барлық өткізу құны




6.

Кедендiк жүк декларациясы (тыңайтқыштарды шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда сатып алған көрсетілетін қызметті алушылар үшiн)*



нөмірі




берілген күні




тыңайтқыш сатушының атауы




тыңайтқыш сатушының орналасқан жерінің мекенжайы




7.



Сатып алынған тыңайтқыштарға сәйкестiк сертификаты*


сертификат нөмірі




сертификаттың қолданылу мерзімі




сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)







өтінім беруші (атауы, мекенжайы)




кім берді




8.

Шығу тегі сертификаты/ сапа сертификаты (шетелдік өндіріс тыңайтқыштары үшін)*

нөмірі мен берілген күні




тауардың атауы




экспорттаушы/жүк жөнелтуші




импорттаушы/жүк алушы




9.


Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік*


куәлік нөмірі




химиялық өнімнің толық атауы

өндіруші фирма




куәліктің қолданылу мерзімі




тіркеу күні




кім берді



Ескертпе: *Көрсетілген құжаттардағы мәліметтер тыңайтқыштың әр түріне толтырылады.


Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі


Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы,

гектар


Тыңайтқыштарды 1 гектарға қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары

Тыңайты-латын алқап, гектар

Тыңайтқыш түрі,

(килограмм, литр)



1

2

3

4

5

6

7











































Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.


Басшы_______ ___________________________________
          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

куәландыратын құжатта бар болса)


МО

20__ жылғы «__»_____________



Талон

Өтінім 20__ жылғы «__»_____________ қарауға қабылданды.

_____________________________________________________ __________

Өтінімді қабылдаған жауапты адамның (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)


_______________________
: upload -> files -> Standarty -> 10 2014
10 2014 -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
10 2014 -> Қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
10 2014 -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
10 2014 -> «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
10 2014 -> «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №78 қаулысы
10 2014 -> «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...