Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»

Loading...


жүктеу 79.77 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі79.77 Kb.
ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ БҚО, Орал қ., Ж.Досмұхамедов көш., 45 үй, 4 қабат, акті залы мекен-жайы бойынша 2016 жылдың «19» қаңтары жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00- облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізілетіндігін жариялайды.

  1. Тендерге келесі объекті ұсынылады:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С.Датов көшесі 4/4 мекенжайында орналасқан «Батыс Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің 100% қатысу үлесі әрі қарай мәтін бойынша- Объект).

Объектінің нарықтық құны 10 635 908 000 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 10 635 908 теңгені құрайды.



  1. Тендер өткізу және жеңiмпазды таңдау бойынша шарттар мен критерийлер:

1. Тендерге қатысуға төмендегі шарттарға жауап беретін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалар жіберіледі:

1) Қазақстан Республикасының қалаларындағы су арналарын басқару бойынша тәжірибесі бар 250 000 адам санынан кем емес мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының қалаларындағы су арналарын басқару бойынша тәжірибесі бар 250 000 адам санынан кем емес мемлекеттік емес заңды тұлғалармен комплексті кәсіпкерлік лицензиясының (франчайзинг) келісімшарты бар заңды немесе жеке тұлғалар;

2) сумен жабдықтау, су бұру саласында халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту бойынша тәжірибесі бар немесе халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту бойынша тәжірибесі бар заңды тұлғалармен комплексті кәсіпкерлік лицензиясының (франчайзинг) келісімшарты бар заңды немесе жеке тұлғалар.

2. «Батыс Су Аранасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (әрі қарай - Серіктестік) тиімді басқаруды қамтамасыз ететін келесідей шарттар мен іс-шаралардың орындалуы бойынша басқару бағдарламасы болуы қажет:

- Серіктестіктің негізгі қызмет түрін сақтау;

- тиімді шаруашылық жүргізу мақсатында өндірістің, оның техникалық-технологиялық базасының құрылымын қайта құру;

- алдыңғы қатарлы технологиялар мен энергиялық тиімді жабдықтарды енгізу;


  • СТҚ (Су Тазарту Құрылыстары), ЖАС (Жер Асты Сутартқысы), ЖСС (Жоғарылату Сорғы Стансасы), КСС (Кәріздік Сорғы Стансасы), КТҚ (Кәріздік Тазалау Құрылыстары) сорғы жабдығының және ұңғымалардың қайта құрылысын жүргізу және жаңғырту;

  • автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу;

  • энергетикалық жабдықты қайта құрылымдау;

  • МемСТ – 2874 - 82 және 16.03.2015ж. №209 Санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ету.

3. Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің тиісінше орындалуын инвестициялық бағдарлама мен іс-шаралар шеңберінде техникалық ысырап көлемін азайту арқылы қамтамасыз ету.

4. Отандық өндірушілер мен шет елдік инвестициялар, сондай-ақ, тиімді қолайлы шарттар негізінде банк қаражаттарын тарту арқылы өндірісті жандандыру және қаржылық көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстар болу қажет.

5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тариф бағамын белгілеу.

6. Табиғатты қорғау шараларын өткізу:



  • 2018 жылы БҚО Орал кен орнындағы жер асты суының шығарылуын жүзеге асыру туралы №585 келісім шартын ұзарту;

  • КТҚ учаскесі аумағындағы топырақ жамылғысының химиялық ластануын жыл сайын сынақтан өткізу;

  • Кәсіпорын нысандарының аумағындағы және СҚА шекарасындағы ауа бассейнінің газбен ластануын жыл сайын анықтау;

  • КТҚ учаске аумағындағы ағынды сулардың химиялық ластануын анықтау;

  • Серіктестік аумағынан ТҚҚ және өнеркәсіптік қалдықтарды шығару;

  • Үш жылда бір рет қауіпті қалдықтардың құрамын анықтап олардың шоғырландырылған тізімін жасап, төлқұжаттау.

7. Бар жұмыс орнының санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын қолданыстағы штаттық кестеге сай және сумен жабдықтау және су бұрудың саласындағы нормативтік санына сәйкес құру.

8. Өндірістік инфрақұрылым нысандарын пайдалану тәртібін сақтау.

9. Серіктестіктің берешектерін, салық және өзге де міндеттемелерін уақытылы бекітілген мерзімде өтеу.

10. Коммуналдық меншікке қатысты мәмілелер мен белгілі қызметтер жүргізу:

- Сенімгерлік басқаруға берілген нысанды кепілге бермеу, үшінші жақтың құқықтарымен ауыртпалық түсірмеу және үшінші жақпен Сенімгерлік басқару құрылтайшының келісімінсіз Келісімшарт мерзімі аяқталмай сатуға қоймау.

11. Сенімгерлік басқарушы тарапынан Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына (әрі қарай – Уәкілетті орган) жыл сайын аудиторлық компания қорытындысын қоса алғанда есеп беру, сондай-ақ, жабдықтарды және желілерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу бойынша жоспарды есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін беру.

12. Уәкілетті органға кәсіпорын қызметі жайында есеп пен жедел ақпарат беру мерзімі:


  • қаржылық жағдайы – дебиторлық, кредиторлық берешегі – ай сайын, сондай-ақ, уәкілетті органның сұранысы бойынша;

  • кадр бойынша есеп – тоқсан сайын;

  • негізгі нысандар мен желілердің жағдайы – ай сайын;

  • технологиялық бұзушылықтар, авариялар мен өшірулер жайында жедел ақпарат беру – күн сайын.

13. Сенімгерлік басқару нысандарында лаңкестікке қарсы шаралар өткізу:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс нысандарды айқындау Қағидасының (бұдан әрі - Қағида) өлшемдеріне сәйкес, мемлекеттік күзетілуге ауыз сумен жабдықтау мен су тарту құрылыстары нысандары, улы заттарды (хлор) сақтау қоймалары жатады. Қағиданың 4 тармағына сәйкес күзетке тапсыруда серіктестік нысандарының техникалық нығайтылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген талаптарына сәйкестендіріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысының 8 тармағына сәйкес лаңкестік тұрғыдан осал нысандар қатарына ауыз сумен жабдықтау – су тарту құрылыстары стратегиялық нысандары жатады, лаңкестікке қарсы қызметтерді ұйымдастыру және бақылау ішкі істер органдарына жүктелген. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жыл сайын «Батыс су арнасы» ЖШС нысандарында тәжірибелік лаңкестікке қарсы оқулар өткізеді. («Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы).

14. Сенімгерлік басқарушы Серіктестіктің мүлкіне (активі) толықтай материалдық жауапкершілікке ие. Сенімгерлік басқарушы Серіктесмтікті басқаруда Құрылтайшы мүддесіне орай жасалған кез-келген кесел немесе залал үшін жауапты.

15. Сенімгерлік басқару шартының мерзімі 15 жыл.



Сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптар:

  • келісімшартты дұрыс орындамау себебінен туындаған шығындарды Құрылтайшыға қайтару;

  • сенімгерлікпен басқару туралы келісімшарттың аяқталуына 2 ай қалғанда, жазбаша түрде өз қызметі туралы Құрылтайшыға есеп ұсыну;

  • «Батыс Су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысын өзгерту, жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту), жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату, оны қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның атауын өзгерту туралы мәселелерді шешу құқығы Сенімгерлік басқарушыға берілмейді.

Тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға жауап беретін, ұсыныстары тендер шарттары бойынша ең үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

3. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:

1) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасының (әрі қарай - Қағида) 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп жарияланған жағдайда, оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;

2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;

3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

6) жарғының нотариат куәландырылған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, жарғы көшірмесін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады;

7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған және мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасын немесе электронды көшірмесін;

8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;

9) тендерге әлеуетті қатысушы өкілінің, оның ішінде Қағидалардың 19-тармағына сәйкес кепілдік жарнаны енгізген өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдік паспортты (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);

10) әлеуетті қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Жеке тұлға болып табылатын тендерге әлеуетті қатысушы ақпараттық хабарламаның 3-тармағының 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:



  1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктің, шетелдік паспорттың (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәліктің көшірмесін;

  2. дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.

Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі. Өтінімдердің әрекет ету уақыты сенімгерлік басқару шартын жасасу сәтіне дейін тең.

Тендерге қатысуға өтінім салынған конверттер «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ №301 кабинетке қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы ұсынылуы тиіс.

Тендер өткізу туралы хабарлама шыққан күннен бастап үміткерлерді тіркеу басталады және тендер басталуға жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, 2016 жылғы 18 қаңтар сағат 11.00.

Өтінімдерді қабылдау «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ мекен-жайына тігілген түрде, нөмерленген парақтармен және соңғы парақта үміткердің қолы және мөрімен бекітіліп (жеке тұлға үшін, ол болған жағдайда) ұсынылған жағдайда қабылданады.



Кепiлдiк жарна «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, БСН 050240000302, ЖСК (депозиттiк шоты) КZ860705022572016006, банкі - «ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті» ММ, БСК KKMFKZ2A, КБе 12, ТТК 172 (кепілдік жарнаны енгізу үшін), мемлекеттік мекемесінің коды-2572016 2016 жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей депозиттiк шотына енгiзедi. Төлем мақсаты - тендерге қатысуға кепілдік жарна.

Мүліктік кешенге қатысты барлық сұрақтар бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламаның ресми жарияланған күннен бастап «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ жүгінуге болады. Анықтама телефондары: 8(7112)506578, 505065.







Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...