Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу ҚАҒидалары

Loading...


жүктеу 0.69 Mb.
бет1/5
Дата06.02.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5

Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу қағидалары

"Қазақтелеком" АҚ

2015 жылғы "___" ______ № _______

бұйрығына 2-қосымша

Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған

типтік шартты жасасу

ҚАҒИДАЛАРЫ


  1. Осы Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1718 қаулысымен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес әзірленген.

  2. Қағидалар қызметтерді көрсету барысында туындайтын қатынастардың барлық қатысушылары үшін міндетті шарттарды, Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу (бұдан әрі – Шарт), сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін алуға өтініштерді қабылдау, қайта ресімдеу, қосымша сервистерді алу және т.б. тәртібін (бұдан әрі – Қызмет) анықтайды.


1 Қағидаларда қолданылатын ұғымдар, терминдер мен қысқартулар


  1. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар, терминдер мен ұғымдар қолданылады:

  1. Абонент байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

  2. абоненттік желіжол – Абонентке телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін тиісті байланыс операторы ұйымдастырған және Абонентке қызмет көрсету үшін Оператордың пайдаланатын, абоненттік жабдықты Оператордың деректер беру желісінің байланыс торабымен жалғайтын және/немесе телерадиохабар бағдарламаларын тарату үшін байланыс желісінің байланыс құралдарын абоненттік тарату жүйесі арқылы абоненттік жабдықпен жалғайтын байланыс желіжолы;

3) абоненттік төлем – Абоненттің тарифтік жоспарымен көзделген ақшалай қаражаттың белгіленген көлемі. Оны Абонент есеп айырысу кезеңі ішінде Оператордың Абонентке көрсететін қызметтері үшін дербес шотқа аванстық төлеммен енгізеді;

4) абоненттік жабдық – Оператордың техникалық талаптарына жауап беретін, Абонентте орнатылған және (немесе) теңшелген және Абонентке Оператордың қызметтерін алуға мүмкіндік беретін сертификатталған түпкілікті (пайдаланушылық) жабдық, техникалық құралдар немесе құрылғылар;

5) авторландыру – Оператордың серверінде Абоненттің енгізген аутентификациялық деректерін талдау үдерісі, осының нәтижесінде Абоненттің қызметті алуға немесе Жеке кабинетке кіруге құқығы барлығы анықталады;

6) АЕЖавтоматтандырылған есеп айырысу жүйесі;

7) аутентификациялық деректер – деректер беру желісінен Интернет желісіне және Жеке кабинетке қатынау үшін немесе тиісті Қызметтерге қатынау үшін Абоненттің пайдаланатын бірегей логині (login) мен паролі (password);

8) Делдал – заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, Қызметтердің өтімділігін арттыруға «Қазақтелеком» АҚ филиалымен шарт жасасқан және Абонент жағында инсталляциялау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға;

9) Шарт – ҚР заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптармен (оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес Абонент таңдаған қолданыстағы тарифтік жоспармен) жасалған қызметтерді ақылы көрсету туралы Оператор мен Абонент арасындағы келісім;

10) қосымша қызмет түрлері "Қазақтелеком" АҚ көрсететін әмбебап қызметтердің тізбесіне кірмейтін қызметтер (ҚҚТ – қосымша қызмет көрсету түрлері; КЖҚ – кеңжолақты қатынау қызметтері, ISDN желісінің қызметтері; қалааралық/халықаралық телефон байланысына және «8» қатынау коды арқылы көрсетілетін басқа қызметтерге қатынауды жабу/ашу қызметі және т.с.с.);

11) "Бас тартусыз орнату" аймағы – қызметтерді алу үшін 100 пайыздық техникалық мүмкіндігі бар аудандар;

12) ЖК (жеке кәсіпкерлер) – заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

13) Клиент – Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік Аты жасасуды қалайтын жеке, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

14) Сәйкестендіру коды (12 таңбалы код) – АЕЖ биллинг жүйесі өндіретін және техникалық мүмкіндік болғанда, қызметтерді қосу мақсатында биллинг жүйесінде Абонентті тіркеуді жүзеге асыру үшін Абонентке берілетін сандар мен символдардың 12 таңбалы жиынтығы;

15) Контент – бір уақытта ақпаратты берудің және өңдеудің түрлі нысандарын пайдаланатын мультимедиялық ресурстарда орналастырылған ақпаратты мәнді материалдардың және басқа да ақпараттың, оның ішінде Қызметтерді көрсету шеңберінде Абоненттерге ұсынылатын авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектілері болып табылатын материалдардың жиынтығы;

16) БО – байланысу орталығы;

17) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;

18) FMS қызметтерінің топтамасы – тіркелген телефонияның қызметтері, SIP-платформа базасындағы қызметтер, Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтері, «Азия Селл» ЖШС кәбілдік телевидение қызметтері, «Alacast» ЖШС цифрлы телевидение қызметтері, «АЛТЕЛ» АҚ ұтқыр байланыс қызметтері: DEF-709 коды бойынша ұтқыр телефония, 3G/4G Интернет желісіне қатынау қызметтері, қосымша қызметтер (SMS, MMS) қосылған телекоммуникациялық қызметтердің топтамасы;

19) СЖО – филиалдың сервис желісі орны;

20) Қызметке жазылушарттың, оған қосымшалардың және осы Қағидалардың талаптарымен Абоненттің нақты қызметке қатынауды алуға бағытталған іс-әрекеттерді орындауы;

21) ілеспе қызметтер деректер беру қызметтерімен технологиялық жақтан тығыз байланысты және олардың тұтынушылық құндылығын көтеруге бағытталған қызметтер;

22) тарифтік жоспар Оператордың белгіленген нысанда өз бетінше бекітетін Қызметтердің көлемі мен құнын, есеп айырысу әдістерін, тарифтеу ерекшеліктерін белгілейтін баға талаптарының жиынтығы;

23) Филиал – «Қазақтелеком» АҚ филиалы;

24) ЖТ – жеке тұлғалар;

25) Оператор "Қазақтелеком" АҚ;

26) ЗТ – заңды тұлғалар;

27) ADSL (ағылш. Asymmetric Digital Subscriber Line – асимметриялық цифрлы абоненттік желіжол) – Интернет желісіне кеңжолақты қатынауды ұсыну технологиясы;

28) DEF-кодGSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға арналған географиялық емес код;

29) GSM (Groupe Spécial Mobile) уақыты және жиілігі бойынша бөлінген цифрлы ұтқыр ұялы байланыстың жаһандық стандарты;

30) FMS (Fixed mobile solution) инфрақұрылымды және биллинг жүйелерін конвергенцияламастан, тіркелген және ұялы байланыстың шешімдерін (қызметтерін және тарифтерін) біріктеру.





  1. Байланыс қызметерін көрсетудің жалпы тәртібі




  1. Оператор Абоненттер ұсынған мәліметтерге қатысты құпиялықты сақтауды қамтамасыз етеді. Мұндай мәліметтерге дербес деректерден тұратын және Абоненттің келісімінсіз пайдалану оның ар-ожданына, абыройына, іскери беделіне, өзге де материалдық емес құндылықтарына және мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттар жатады.

  2. Абонент-жеке тұлға Оператордың көрсететін Қызметтерін жеке, отбасы, үй немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де мұқтаждықтары үшін ғана пайдаланады. Абонент телефония, деректер беру қызметтерін лотереялар, дауыс беру, конкурстар, сауалнамалар, жарнамалар өткізу, хабарламаларды жаппай жіберу және т.б. үшін пайдалана алмайды.

  3. Оператор мына талаптарды орындау кезінде Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындайды:

  1. Абоненттің өтініште көрсеткен бастапқы деректері кезінде қызметтер көрсетудің техникалық мүмкіндігі бар;

  2. Қызметтерге жазылу кезінде Абонент көрсеткен бастапқы деректер дұрыс болып табылған;

  3. Абонент пен Оператор арасында жасалған байланыс қызметтерін көрсетуге арналған басқа Шарт бойынша Абоненттің Оператордың алдында мерзімі өткен берешегі жоқ.

  1. Оператордың жалпы міндеттері:

        1. Абоненттің таңдаған тарифтік жоспарының талаптарына сәйкес деректер берудің меншікті торабына дейін деректер беру жылдамдығын қамтамасыз ету;

        2. ресімделген өтініш талаптарының негізінде деректер беру қызметтерін орнату мекенжайы бойынша абоненттік жабдықты теңшеуді жүзеге асыру және олардың жұмыс істеуін көрсету;

        3. телефон нөмірлері бойынша телефонмен консультация алу мүмкіндігін ұсыну;

        4. Абоненттің өтініші бойынша (БО телефондарымен ауызша түрде, Оператордың ресми сайттарының кері байланысының типтіксі арқылы электронды нысанда) Оператордың жауапкершілік аймағындағы барлық бұзылымдарды жою;

        5. Шарт бойынша және Опертор мен Абонент арасында жасалған басқа да шарттар бойынша қызметтердің ақысы уақытында төленбегені үшін Қызметтерге қатынауды жабу кезінде Абоненттің дербес шотында берешек өтелгеннен кейін 24 (жиырма төрт сағат) ішінде қызметтерге қатынауды ашу;

        6. Абонент қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктерді сатып алған немесе жоғалтқан жағдайда қызметтердің құнын қайта есептеуді біржақты тәртіпте жүргізу;

        7. Қызметтерді көрсетумен байланысты ақпаратты Абоненттердің талабы бойынша көрсету;

        8. Абонент Жеке кабинетке қатынау үшін авторландыру деректерін немесе сәйкестендіру кодын жоғалтқан жағдайда, оған жазбаша өтініші бойынша хабарлау. Абонент өтінішінде жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, А.Ә.Т., дербес шотын және Абонентке жоғалтқан деректері хабарланатын ақпарат беру тәсілін (почта, электронды почта, факс және т.б.) көрсету керек;

        9. Абонентке Операторға меншік құқықтарымен тиесілі және үшінші тұлғалардың алдында барлық міндеттемелерден бос, жұмыс істейтін және Жабдықты қабылдау-тапсыру актісі бойынша пайдалануға дайын клиенттік жабдықты иелену және пайдалану құқығымен беру;

        10. жаңа автоматтық телефон стансыларын пайдалануға беруге және жергілікті телефон желілерін қайта құруға байланысты абоненттік нөмірлерді ауыстыру кезінде ауыстырып қосу күніне дейін күнтізбелік 15 күн бұрын Абонентке алдағы ауыстыру туралы хабарлау. Абоненттік нөмірлер жаппай өзгертілген кезде Абоненттерге ауыстырып қосу күніне дейін күнтізбелік 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау. Оператордың бастамасы бойынша абоненттік нөмірлерді ауыстыру тегін жүргізіледі.

  1. Абоненттің жалпы міндеттері:

        1. аутентификациялық деректер мен сәйкестендіру/тіркеу кодының құпиясын және желілік ресурстарды теңшеу бойынша тиісті шараларды қабылдауды, о.і. Интернетке қатынау үшін парольды және Жеке кабинетке қатынау үшін парольды тұрақты (айына кемінде 1 рет) өзгертуді қамтамасыз ету. Бұл үшінші тұлғалардың көрсетілген деректерді рұқсатсыз пайдалануына жол бермейді. Деректерді рұқсатсыз пайдалану фактілері анықталғанда, тез арада http://www.megaline.kz және http://www.telecom.kz сайтында көрсетілген Оператордың байланысу телефондары бойынша хабарлау;

        2. Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық заңнаманың талаптарына сәйкес таратуға тыйым салынған ақпаратты Оператордың желісі бойынша жібермеуге;

        3. Оператордың http://www.telecom.kz, http://www.iDPORT.kz, http://www.megaline.kz, http://www.idphone.kz, http://www.id-tv.kz/, http://idnet.kz/ru/ сайттарында шарттың, Қағидалардың жаңа талаптарының енгізілгені туралы және тарифтердің өзгергені, желідегі авариялар және оларды жою мерзімдері туралы хабарламалардың болуын ұдайы тексеріп тұру;

        4. Оператордың қызметтерді ұсынуын қамтамасыз ететін терминалдар, жабдықтар және байланыс құралдары орналасқан орынжайларға және аумаққа оларды байқау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін Оператордың өкілдерінің кіруін қамтамасыз ету;

        5. Қызметтерден бас тартқан жағдайда (жазбаша түрде) бас тартудың көзделген күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде Операторға хабарлау;

        6. Қызметтерді адамның абыройын қорлайтын, зорлық-зомбылықты немесе экстремизді насихаттайтын, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздыққа от салатын, бұзықтық немесе алаяқтық мақсатты көздейтін материалдарды тарату үшін пайдаланбау;

        7. Оператордың жабдығын немесе бағдарламалық жасақтамасын теңшеуді өзгерту мақсатындағы іс-қимылдарды немесе олардың жұмыс істеуі іркіліске әкелетін басқа да іс-қимылдарды жүзеге асырмау;

        8. Қызметтердің иесінің немесе оның өкілетті өкілінің рұқсатынсыз Қызметтер арқылы бағдарламалық жасақтаманы немесе авторлық немесе басқа құқықтармен толықтай немесе жартылай қорғалған басқа да материалдарды жібермеу, жарияламау, тапсырмау, ойнатпау және таратпау;

        9. TCP/IP желісінде (бұдан әрі – IP-адрес) торапты (компьютер немесе құрылғы, мысалы, принтер немесе маршрутизатор) ерекше сәйкестендіретін 32 разрядты нөмірді және басқа желілік протоколдарда пайдаланылатын адрестерді, сондай-ақ Оператордың желісінде деректерді беру кезінде өзге де қызметтік ақпаратты фальсификацияламау;

        10. Оператордың желі ресурстарына рұқсатсыз қатынау, желілік шабуылдар мен желілік бұзу жүргізу және оған қатысу фактілеріне, оның ішінде мыналарға бағытталған іс-әрекеттерге жол бермеу:

Абонентке тиесілі емес Оператордың желі элементтерінің (компьютерлердің, басқа да жабдықтардың немесе бағдарламалық жасақтаманың) қалыпты жұмыс істеуін бұзуға;

Оператордың желі ресурсына (компьютерге, басқа жабдыққа немесе ақпараттық ресурсқа) рұқсатсыз, оның ішінде басым қатынауды алуға, сондай-ақ осы бағдарламалық жасақтаманың иесімен немесе осы ақпараттық ресурстың әкімшілерімен келісусіз мұндай қатынауды одан әрі пайдалануға (Абонентке тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманы немесе деректерді жоюға немесе өзгертуге);



        1. Оператордан жауапты сақтауға қабылданған клиенттік жабдықты оның орнатылу орны бойынша ғана пайдалану;

        2. жауапты сақтауға қабылданған жабдықты жоғалтқан жағдайда Операторға Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген толық құнды төлеу, ал жабдықты бұзып алған жағдайда Опеарторға жабдықты жөндеуге жұмсалған соманы төлеу;

        3. жауапты сақтауға берілген клиенттік жабдықты ұрлатып алған жағдайда тиісті органнан анықтаманы беру кезінде төлемақы алмау.

  1. Оператор мыналарға жауапты болмайды:

1) егер жергілікті телекоммуникация желіжолдарына қосылған клиенттік жабдық қолдануға ұсынылған, Оператордың ресми сайттарында орналастырылған тізімге енгізілмесе, деректер берудің жылдамдығына және сапасына;

2) Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Абоненттің тартқан шығындарына;

3) Операторға тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманың немесе жабдықтың іркілісі жағдайында Қызметтерді көрсетудегі үзілістерге;

4) үшінші тұлғалар әкімшілендіретін бүкіләлемдік Интернет желісінің жекелеген тораптарының немесе ресурстарының қолжетімсіз болуына. Мұндай қолжетімділік жағдайлары байланыс үзілістері болып табылмайды. Оператор Интернет желісі арқылы уақытша немесе ұдайы қолжетімсіз деректер беру желісінің тораптарымен немесе серверлерімен ақпараттық алмасу мүмкіндігіне кепілдік бермейді;

5) берешегін төлемегені үшін телефон желісінен Абонентті ажыратқан жағдайда Қызметті көрсетудің тоқтатылғанына;

6) үшінші тұлғалар деректер беру желісінде жұмыс істеу, Қызметті алу үшін Абоненттің аутентификациялық/авторландыру деректерін және бірегей/тіркеу кодын пайдалану нәтижесінде Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаған дауларға және егер мұндайлар Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаса, оларды шешпейді;

7) жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе Оператордың техникалық құралдарының жұмыс істеуін қолдау және дамыту қажеттілігімен туындаған басқа да жұмыстарды өткізуге байланысты қызметтерді көрсетудегі толық немесе ішінара үзілістерге. Бұл ретте Абонентке жұмысты өткізу күніне дейін кемінде бір тәулік бұрын мұндай жұмыстардың өткізілетіні туралы алдын ала хабарлау керек;

8) Операторға байланысты емес электр энергиясын берудегі іркіліс салдарынан байланыс қызметтерін көрсету кезіндегі үзілістер үшін;

9) Оператордың телефон консультациясы арқылы берген нұсқаулықтарын Абоненттің дұрыс орындамауынан туындаған, Абонент үшін жағымсыз болуы мүмкін салдарға;

10) Абоненттің бұрыс күйдегі және/немесе Оператордың талаптарына сәйкес келмейтін абоненттік жабдықты пайдалануынан болған қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасына, қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуына немесе Қызметтерді көрсетудегі іркілістерге;

11) басқа байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасы үшін;

12) Қызметтерді пайдалану кезінде Абонент беретін (алатын) ақпараттың мазмұнына;

13) ұтқыр байланыс қызметтерінің көрсетілу талаптарына (4G,GSM):

радиотолқындардың таралуына табиғи шарттар мен факторлар, рельеф пен құрылыстың жергілікті ерекшеліктері, метеорологиялық шарттар мен өзге де себептер, оның ішінде ғимараттардың, туннельдердің, жертөлелердің, жертөле түріндегі орынжайлардың және басқа да жерасты құрылыстардың жанында абоненттік жабдықтың орналасу орны мен шарттарына байланысты сигнал қабылдауды қиындататын кедергілер, радиокедергілер, нақты бір уақытта байланыс арналары жүктемесінің көптігі, Абоненттің жабдығында орнатылған бағдарламалық жасақтама, абоненттік құрылғының теңшеулері және басқа сипаттамалары әсер етуі мүмкін;

Абонентке көрсетілетін қызметтер байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне қарай Оператордың құзыретінен тыс ұялы операторлардың жабдықтарының, жергілікті сым телефон желіжолдарының, халықаралық және қалааралық байланыс операторларының жабдықтарының сапасына байланысты болады;


        1. базалық стансының орналасу ауданына, қабылданатын сигналдың сапасына, яғни оның базалық стансыдан қашық болуына, жүктемесі мейлінше жоғары уақытқа, қосылу кезінде базалық стансымен қызмет көрсетілетін деректер беру абоненттерінің санына байланысты болатын Интернет желісіне сымсыз қатынауды ұсыну кезіндегі жылдамдық пен сапаға.

  1. Абонент мыналарға жауапты болады:

1) Қағидаларға, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауға;

2)  үшінші тұлғалардың Абоненттің аутентификациялық деректерін және сәйкестендіру/тіркеу кодын пайдаланғанына;

3) GSM sim-картасын жоғалтқан немесе бұзып алған жағдайда Операторға GSM нөмірін бұғаттау туралы уақытында хабарлауға;

11. СЖО-да, Оператордың сайтында мынандай ақпарат орналастырылады:

1) Қызметтерді және сервистерді алуға өтініштер беру тәсілдері (БО арқылы телефонмен, факс, электронды почта бойынша, корпоративтік портал, ақпараттық дүңгіршек және т.б. арқылы);

2) Шарт жасасуға қажетті құжаттардың тізбесі;

3) "бас тартусыз орнату" аймақтары, техникалық мүмкіндікті анықтау және Қызметтерді орнату мерзімдері;

4) өтініштердің нысандары.

12. Әртүрлі түсінішпеулікке жол бермеу мақсатында (қызметтерді ұсынуға «жалған» тапсырыстар, абонент туралы- телефон нөмірлері, электронды почта адрестері, телефонмен сөйлесудің анықтама парақтары, биллинг мәліметтері, оған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және т.б. туралы қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялауға қатысты шағымдар) қызметтер мына жерлерде көрсетіледі:
1) СЖО-да – Абоненттің жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткенде;

2) Абонент БО-ға, корпоративтік портал арқылы өтініш білдірген жағдайда – код сөзін (парольды) сәйкестендіргенде. Код сөзі (пароль) сервисті алу, Қызметке жазылуды ресімдеу кезінде абоненттің айыратын сәйкестендіру шартты белгісі ретінде пайдаланылады. Клиент/Абонент ұсынған код сөзі 8-ден 16-ға дейінгі символдан тұру керек (әріптік және цифрлық мәндер);

3) ақпараттық дүңгіршектер, Жеке кабинет арқылы – абоненттің тіркелген паролі бойынша жүйеге кіру кезінде.

13. Оператор қолданыстағы тарифтерді өзгертуге құқылы. Бұл ретте өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын http://www.telecom.kz, http://www.iDPORT.kz, http://www.megaline.kz, http://www.idphone.kz, http://www.id-tv.kz/, http://idnet.kz/ru/ сайттарында мұндай өзгерістер туралы хабарламаларды жариялау керек.

14. Қолданыстағы тарифтік жоспарды қысқарту (толық жою) жағдайларын қоспағанда, Оператордың біржақты тәртіпте Абонентті оның таңдаған тарифтік жоспарынан басқа тарифтік жоспарға ауыстыруға құқы жоқ. Бұл ретте бұл жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте қысқарту күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын Абоненттерге алдын ала хабарлау керек. Егер жоғарыда көрсетілген мерзімде Абонент басқа тарифтік жоспарға көшпесе, Оператор басқа қолданыстағы тарифтік жоспарда Абонентке қызмет көрсетуді жалғастыруға құқылы.

15. Оператор тарифтік жоспарларды, қолданыс мерзімін, оларға қосылған қызметтердің көлемін, сондай-ақ Оператордың өзге Қызметтерінің талаптарын анықтайды және Оператор ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың қызметтерін ұсыну талаптарын осы қызметтердің жеткізушілері анықтайды және тиісті жеткізушілер белгілеген тәртіпте өзгеруі мүмкін.




  1. Оператордың Клиенттерден және Абоненттерден өтініштер қабылдау тәртібі




    1. Қызметтерді көрсетуге арналған өтініштер («Тапсырыс бланкісі» өтінішінің нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада берілген):

        1. Оператордың СЖО-да (жазбаша түрде);

        2. Оператордың БО-да (телефонмен);

        3. Оператордың сервис агенттерінің делдалдық сату орындарында;

        4. Оператордың ақпараттық сайттары арқылы;

        5. басқа да интерактивті арналар арқылы (ақпараттық дүңгіршектер, Homebank және т.б.) қабылданады.

17. Клиенттің бірінші рет өтініш білдіргендегі Шарт жасасу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі:

1) ЖТ және ЖК үшін:

көрсетілген мекенжай бойынша клиенттің тіркелуін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жекеменшікке сатып алу, жалдау немесе қосалқы жалға алу туралы құжат;

Клиенттің жекебасын куәландыратын құжат;

жеке кәсіпкердің куәлігі (ЖК үшін);

2) ЗТ үшін:

көрсетілген мекенжай бойынша Клиенттің тіркелуін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жекеменшікке сатып алу, жалдау немесе қосалқы жалға алу туралы құжат;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы).



  1. Абоненттің қайталама өтініш білдіруінде Қызметтерді алуға арналған өтініші қосымша шарттарды және келісімдерді жасаусыз қабылданады (басқа байланыс операторларымен бірге Оператордың ұсынатын қызметтерінен, қызметтердің топтамаларынан басқа, мұндай жағдайда Абонентпен бөлек шарт жасалады), егер:

1) Абонент-ЖТ дербес шоттың нөмірін/қолданыстағы телефонының нөмірін/жекебасын куәландыратын құжаттың нөмірін/Шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін) атаса;

2) Абонент-ЖК Шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін) атаса;

3) Абонент-ЗТ Абоненттің дербес шотының нөмірін/есеп айырысу шотының нөмірін/Шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін), атаса.

19. Байланыс қызметтеріне және сервистерге жазылу үшін Клиент/Абонент:

1) СЖО-ға өтініш білдіргенде:

егер телефон орнату мекенжайы немесе Қызметтер «бас тартусыз орнату» аймағына кіретін болса, онда шарт жасасу өтініш берілген күні желіге қосылу құнын алдын ала төлеусіз мүмкін болады. Клиентпен/Абонентпен уағдаластық бойынша желіге қосылу төлемі көрсетілген қызметтер үшін жалпы шотқа қосылады;

егер телефон орнату мекенжайы немесе қызметтер «бас тартусыз орнату» аймағына кірмейтін болса, онда техникалық мүмкіндікті анықтағаннан кейін Клиентке/Абонентке қызметтерді орнату үшін мүмкіндіктің бар екендігі немесе жоқтығы туралы хабарланады;

2) БО-да Оператор Клиентке байланысу телефон нөмірлері бойынша тапсырысты қосымша растау қажеттілігі туралы хабарлайды. Мұнымен қатар, Клиент өз тапсырысын өз қолымен (мөрімен) тапсырыс бланкісінде (осы Қағидаларға 1-қосымша) растауы керек. Оны почтамен, факс-хабарламамен жібера алады немесе Шарт жасау кезінде бере алады;

3) Оператор электронды почта бойынша, факс-хабарлама арқылы, корпоративтік портал, ақпараттық дүңгіршектер және т.б. арқылы тапсырысты алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны өтініш берушінің деректерін, өтініштің мазмұнын, тапсырысты қабылдау күні мен алу тәсілін көрсете отырып тіркейді. Клиент/Абонент хабарлаған деректер мен байланыс телефоны бойынша Клиенттен/Абоненттен сұрау кезінде Операторда бар деректердің сәйкес келуі тапсырыстың растауы болып табылады.

20. Телефонды орнату, қызметтерді қосу үшін техникалық мүмкіндіктің бар болуы туралы оң қорытындыны алу кезінде Оператор бұл жөнінде Клиентке/Абонентке байланысу телефон нөмірлерімен хабарлайды. Техникалық мүмкіндікті алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Клиенттің/Абоненттің тарапынан растау болмаған немесе онымен хабарласу мүмкін болмаған жағдайда «Заңды тұлғалар» және «Жеке кәсіпкерлер» санатындағы Клиентке/Абонентке Шарты жасасу үшін шақыру жіберіледі (Қағидаларға 2-қосымша). Желіжол деректері техникалық мүмкіндік анықталған сәттен бастап 15 (он бес) күндік мерзімге броньға қойылады.

21. Қызметтерді көрсету үшін техникалық мүмкіндіктің жоқтығы туралы қорытындыны алу кезінде Оператор бұл жөнінде байланысу нөмірлері бойынша Клиентке/Абонентке хабарлайды. 3 жұмыс күні ішінде хабарласа алмаған жағдайда Клиентке/Абонентке хабарлама (осы Қағидаларға 3-қосымша) немесе қосымша салу жұмыстарын өз бетінше орындау туралы ұсыныс (қажет болғанда) жібереді. Мұнымен қатар, Клиентке/Абонентке оның өтініші тіркелгені, есепке алынғаны және техникалық мүмкіндік болған жағдайда Қызмет (-тер) кезектілік тәртіппен орнатылатыны туралы хабарланады.

22. Шартты қайта ресімдеу Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде және Оператордың ішкі құжаттарында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

23. Абоненттің мекенжайы өзгеруінен дербес шотта есепте тұрған қызметтерді ауыстыру қажет болғанда, Оператордың қолданыс аймағында Абонентпен өзара іс-қимыл жасаудың мынадай тәртібі белгіленеді:

1) Абонент көшкен жағдайда, ол тиісті өтінішімен Шарт жасасу орнындағы СЖО-ға өтініш білдіруі керек;

2) Абоненттің дербес шотында есепте тұрған барлық қызметтерді көшіру қажеттілігі туралы өтініші болмаған жағдайда, ол жаңа мекенжайы бойынша Оператордың Абоненті бола отырып, басқа мекенжай бойынша қызметтерді алуға құқы барлығы туралы анықтаманы (осы Қағидаларға 4-қосымша) алуға құқылы: белгілі бір Филиалдың әрекет ету шеңберінде кез келген елді мекенде желіге қосылу төлемін төлеусіз (бұдан әрі – Анықтама). Анықтама Филиалдың құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен және Филиалдың мөрімен расталуы керек. Анықтама Абоненттерге қосымша төлемсіз беріледі;

3) Анықтама Абонентке бұдан бұрын көрсетілген қызметтер үшін берешек болмаған жағдайда ғана беріледі. Анықтама берілгеннен кейін телефон тез арада ажыратуға, ал осы телефонда есепте тұрған қызметтер алып тасталуға жатады;

4) Анықтама Абонент алған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болады. Бұл Абоненттің Анықтамада көрсетілген қызметтерді алу өтінішімен Анықтаманы берген Филиалға үш жыл бойы өтініш білдіруіне құқы бар екенін білдіреді;

5) Абонент жаңа мекенжай бойынша қызметтерді алуға өтініш берген жағдайда Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа, қайта ресімдеу үшін Анықтаманың түпнұсқасын көрсету керек;

6) Анықтаманың қолданыс кезеңінде Абоненттен қосымша төлем (нөмірді, портты бұғаттау үшін) және желіге қосылу үшін төлем алынбайды, ал Қызметтерді қайта ресімдеу кезінде ақы төлеуге жататын тариф қолданылады;

7) Абонентке Анықтаманы бергеннен бастап Оператор бұрынғы Абоненттен нөмір(-лер)ді, қызметтерді жаңа мекенжай бойынша қайта орнатуға өтініш болмаған жағдайда орынжайдың жаңа меншік иесіне (немесе жаңа мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаға) абоненттік нөмірді (абоненттік нөмірлерді), портты беруге құқылы. Мұндай өтініш болғанда, нөмір(-лер)ді, қызметтерді жаңа мекенжай бойынша қайта орнатудың техникалық мүмкіндігі бірінші кезекте қаралады;

8) бұдан бұрын бөлінген абоненттік нөмір (-лер)ді пайдалана отырып, жаңа мекенжай бойынша қызметтерді, телефон(-дар)ды қайта орнатуға арналған өтінішпен Абонент өтініш білдірген жағдайда және техникалық мүмкіндік болғанда, Оператор мұндай қайта орнатуды Шартты тиісінше қайта ресімдей отырып жүргізеді.

24. Абонент жаңа тарифтермен немесе Шартқа және Қағидаларға енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда қызметтерден бас тартуға құқылы:



        1. Қызметтерден және сервистерден бас тартуға өтініштер қабылдау СЖО-да жүргізіледі (осы Қағидаларға 5-қосымша);

        2. Қосымша қызмет көрсету түрлерінен бас тартуға өтініштерді ауызша қабылдауға (Оператордың БО телефондары арқылы) және электронды адреске телефон сөйлесулері үшін шоттарды және анықтама парақтарын алуға жазылуға жол беріледі. Өтініштер берілген күні қаралады;

        3. Оператор Абоненттің қызметтерден бас тартуын Абоненттің жекебасын куәландыратын деректерден тұратын оның жазбаша өтініші негізінде тіркейді;

        4. Оператор Абонеттен нақты күні көрсетілген қызметтерден бас тартуға өтінішті алған жағдайда қызметті ұсыну Абонент көрсеткен күннен бастап тоқтатылды;

        5. өтініште нақты көрсетілген күн болмаса – Абоненттің қызметтерден бас тарту туралы өтінішін берген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

        6. Абонентте Жабдықты қабылдау-тапсыру актісі бойынша жауапты сақтауға қабылданған Оператордың клиенттік жабдығы болған жағдайда, Қызметтерден бас тарту өтініші Жабдықты қайтару актісінде көрсетілген клиенттік жабдықты Абоненттің қайтару күнімен тіркеледі.



  1. : media -> upload
    upload -> Қазақстан тарихы
    upload -> Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (574). 06
    upload -> Ксро аумағында паспорттық ЖҮйенің енгізілу кезеңдері (1918-1945 жж.): Алғышарттары, ЖҮру барысы
    upload -> Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
    upload -> «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
    upload -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
    upload -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер
    upload -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
    upload -> Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады
    upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...