Технология сабағында акт қралдарын қолдану тиімділігі



жүктеу 49.44 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі49.44 Kb.
Технология сабағында АКТ қралдарын қолдану тиімділігі

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және ғылыми – техникалық прогресстің қол жеткен жетістіктеріне сәйкес, мектеп оқуының жағдайында жүзеге асатын білім беру мазмұнының жаңа талаптарына сай білім беру жүйесін модернизациялау үдерісінің өзекті ресурстарын міндет етіп қояды және оқыту үдерісінде жеке тұлғаның даму және өзіндік даму қажеттілігіне ерекше назар аударып ,оны меңгерудің сипаты мен тәсілдеріне ерекше талап қояды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім берудің мазмұнын,оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білімдік,рухани,мәдени және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оны дамытудың негізгі құралдары мен факторларын қарастыруға мүмкіндік береді. И.Я.Лернердің пікірі бойынша, «білім берудің мазмұны –меңгеруге қажет әлеуметтік тәжірибе,ал оқытудың мазмұны білім алушылар мен білім берушілердің білімнің мазмұнын беру және меңгеруі бойынша , ұйымдастырылған өзара іс-әрекет үдерісінің мазмұны».Сабақта оқушылардың АКТ құралдары арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін әр түрлі әдістер де қолданылады.

Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа ақпараттық технологияларын меңгерген, кәсіби құзіретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі таңда оқытудың сапасын арттыру мақсатымен оқу үрдісін жетілдіру үшін мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануы ерекше мәнге ие болды. Бұл әдістің технология пәніндегі қолдану аумағы:



бөлімдерін қамтып және де оқушылардың дағдыларының және практикалық іскерліктерінің жетілдіруіне үлесін қосады.Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану үшін мұғалім мен оқушылар Майкрософт офис бағдарламалар пакетімен жұмыс істей білсе жеткілікті.Әдетте мұғалім мен оқушылар сабақ кезінде компьютерді,проекторды,дыбыстық колонкаларды қолданады, соңғы кезде оларға интерактивтік тақта қосылды.Сондай-ақ мультимедиалық презентация жасау үшін Майкрософт Поэрпойнт бағдарламасын жиі қолданады.Сабақ түріне байланысты оқытушы немесе оқушы өз презентациясына мәтіндік немесе графикалық үзінділерді , анимацияларды, бейнефильмдерді, сонымен қатар музыкалық немесе дауыстық безендірулерді қоса алады.Ақпараттық технологияларды үйлестіріп қолданған презентация сабақтың алдына қойған мақсатын үйлесімді шешеді.Мұғалімді үнемі бор мен тақтаның тұрақты көмегімен мәжбүрлейтін дәстүрлі сабақты презентациялық сабақтармен салыстыру кезінде қосымша материалдарды түсіндіруге көп уақыт босатып алуға болатынын көруге болады.Бірақ арнайы әдістемелік дайындықсыз мультимедиалық технологиялармен шамадан тыс әуестену, оларды қолданудың төмен нәтижелілігі педагогикалық қателерге әкелуі мүмкін. Презентацияларды жаңа материалды түсіндіру , өткен материалды қайталау және ағымдағы білімдерін бақылауды ұйымдастыру кезінде қолдануға болады. Ал медиапрезентацияларды қолдану мұғалімнің қызметін ықшамдайды , яғни болатын сабаққа дайындалуын жеңілдетеді. Сабақта үлестіретін дидактикалық материалдарды көбейту проблемасын шешеді.Сонымен қатар қажетті слайдтарды үлкейтіп басып щығаруға мүмкіншілік береді.

Оқушы технология сабағында мұғалімнің тапсырмасымен әр түрлі творчестволық жобаларды орындауы керек.Мұғалім үшін бұл-әдіс, оқушының жеке және топпен бірге жұмыс істей білуінің, танымдық белсенділігінің, шығармашылық көзқарасының даму мүмкіндігімен тартымды.

АКТ құралдарын оқу үрдісінде қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде , біріншіден оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдәгә артады, үшіншіден компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.Әрине оқыту әдістерін таңдап қолдану оны өтілетін материалға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі. Сондықтан оқушыларға берілетін білім көлемін сұрыптап алу оқыту әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді.Оқыту әдістерін іске асыруда оларды топтастыру мен жіктеу қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

АКТ құралдары арқылы ұйымдастырылған сабақта мұғалім оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігін кеңейтеді.Ал ақпарат адамға қоршаған орта туралы барлық мағлұматты береді. Қорыта айтқанда АКТ құрадарының тиімділігі мұғалім жұмысын жеңілдетеді, ал оқушының білім аясын кеңейтіп қызығушылығын арттырады

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және ғылыми – техникалық прогресстің қол жеткен жетістіктеріне сәйкес, мектеп оқуының жағдайында жүзеге асатын білім беру мазмұнының жаңа талаптарына сай білім беру жүйесін модернизациялау үдерісінің өзекті ресурстарын міндет етіп қояды және оқыту үдерісінде жеке тұлғаның даму және өзіндік даму қажеттілігіне ерекше назар аударып ,оны меңгерудің сипаты мен тәсілдеріне ерекше талап қояды.

Осыған байланысты, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес , оқу пәнінің ерекшелігін ашатын және оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған оқу материалының мазмұнын таңдау мәселесі педегогика ғылымы мен практикасында өзекті мәселердің бірі болып табылады.Ол білім берудің мазмұны және оқытудың мазмұны сияқты ұғымдардың мәнін талдаумен байланысты.сонымен бірге әртүрлі пән салаларында, оның барлық деңгейлері мен дәрежелерінде , оқу материалдарының мазмұныны анықтайтын ,соның ішінде технология пәні бойынша оқу материалының мазмұнын анықтайтын олардың арақатынасымен байланысты болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім берудің мазмұнын,оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білімдік,рухани,мәдени және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оны дамытудың негізгі құралдары мен факторларын қарастыруға мүмкіндік береді. И.Я.Лернердің пікірі бойынша, «білім берудің мазмұны –меңгеруге қажет әлеуметтік тәжірибе,ал оқытудың мазмұны білім алушылар мен білім берушілердің білімнің мазмұнын беру және меңгеруі бойынша , ұйымдастырылған өзара іс-әрекет үдерісінің мазмұны».Сабақта оқушылардың АКТ құралдары арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін әр түрлі әдістер де қолданылады.

-алгоритмдік немесе программалау әдістерін жүргізудің негізгі мақсаты-оқушыларды өз ойын жүйелеуге , салыстыра білуге, тиянақтылыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.



Бұл әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет