Техника философиясындағы жауапкершілік мәселесінің топологиясы



жүктеу 146.41 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі146.41 Kb.
Техника философиясындағы жауапкершілік мәселесінің топологиясы

ХХІ ғасырдың басында адамзат өзі жасаған техногенді қызметтің толық мөлшерде жағымсыз салдарын аңғарды. Заманауи техника бірегей даму үрдісімен, тағдырдың жалпылығымен адамзатты біріктірді. Адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндірген күштің үдеуіне байланысты, қазіргі ғылыми-техникалық дамудың кезеңінде, техникалық құнды табиғаты жөніндегі сұрақ өзекті болды. Жоғарғы технологиялар заманауи адамды, дәстүрлі құндылықтар шеңберінен шығып кететін, билік пен бостандық дәрежесін көтерді. Техника мәселесімен айналысқан философтардың басым бөлігі бостандық жауапкершілік негізінде қалыптасып, жүйеленуі қажет деп есептейді.

Жауапкершілік философиясында жаңа ұғым емес, бірақ техника философиясындағы осы түсініктің кеңейтілген мазмұны жөнінде талқылаулар, бір кездері адамға қоршаған ортаны өзінің қалауы мен қажеттіліктері бойынша қолайландыруға мүмкіндік берген, адамның өзіндік бостандығы жаңа мүмкіндіктер мен шекаралардың арақатынасымен байланысты. Сондықтан, техника философиясында техникалық жауапкершілік мәселесі басты орын алатыны таңқаларлық жағдай емес. Біздің пікірімізше, ғылымдағы жауапкершілік мәселесіне қарағанда, техникадағы жауапкершілік мәселесі біршама кең мағынаға ие болып келе жатыр, бірақ бұл мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Егер ғылыми жаңалықтарды қарастырсақ, А.А. Рубенистың пайымдауынша, олар шектеулі кәсіби мамандарға ғана тиесілі, ал « ... бұқараның дүниетанымына тек популяризация үдерісінің шеңберінде ғана әсер етеді... Ғылыми жаңалықтар техникалық жетістіктермен бірге жүзеге асатын болса, тиімді болар еді. Өткен ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан техниканың жетістігі бұқаралық өндіріс жүйесі көптеген адамдардың өмірін түбегейлі өзгертіп, бүкіл адамзатқа, өмірдің шарты мен ритмін өзгерте отырып, жаһандық көлемде салдарын тудыруға қабілетті» [1, 39 б.].

Ең алдымен, техника философиясында ғалымның, инженердің, жобалаушының, яғни техниканы ойлап тауып, өмірге енгізетін субъектінің жауапкершілігі жайлы сөз қозғалады. Техникалық қызмет, техникалық құралдарды ойлап табуға бағытталған қызмет ретінде, оны жасап шығарушы инженер, ғалым, техник, жобалаушы субъект ретінде қабылдануы мүмкін. Көрсетілген субъектілер өзінің білімін техниканы ойлап табу мен құрастыру мақсатында пайдаланады. Заманауи әлемде техникалық қызметтегі субъект ұжымдық мінез басымдылығына ие болады. Техниканы ойлап табушы, субъект, ғылыми-техникалық бірлестік жүйесі, құрастырушы немесе жобалаушы бюро, ғылыми-зерттеу институты ретінде таныстырылуы мүмкін. Егер техникалық қызметті жалпы ойлап табудан бөлек, қолдану ретінде қарастыратын болсақ, онда оның субъектісі ретінде, кез-келген белсенді әрекет етуші, өзінің және сыртқы табиғатына билік ету саласын кеңейтуші адам бола алады.

Философтар өзінің міндетін тек субъектілерге нақты ұсыныстарды құрастырушы ғана ретінде емес, сонымен қатар ең басты субъектінің іс-әрекетіндегі моральдық-адамгершілік негіздерін толықтай ойлауды көздейді. Қазіргі заманда техникалық жаңалықтар өте қарқынды дамып, бірін-бірі жылдам аламастырғандықтан, техникалық қызметтегі субъектінің үздіксіз білім мен тұрақты түрде өзін-өзі оқытуды талап етеді. Техника философиясымен айналысатын философтардың міндеттерінің бірі, техникалық қызметтегі субъектінің кәсіби шектеулерін және оның тәжірибедегі әлеуметтік, этикалық аспектілер бағытын еңсеруге көмектеседі.

Техника философиясында жауапкершілік мәселесі қарастырылғанымен, жүйелілік жетіспейтіні анық. Философиялық мәселелердің көптеген әдіс-тәсілдері мен ұстанымдары арқылы талдануына байланысты, жауапкершілік мәселесінің қаралуы, философтардың теоретикалық зерттеулерінде кездейсоқтық әсерін туғызады. Бұл тұжырымдама, ХІХ ғасырдың соңынада пайда болған техника философиясы, жүзжылдықтың ортасына дейін өзін зерттеу саласында қалыптасқанын көрсете алмағаны байқалады. Техниканың дүмпуі орын алып жатқан ғасырда, көптеген зерттеушілер техникаға жаппай назар аударатыны күмән туғызбады, бірақ Х.Ленктың пайымдауынша, «ойшылдардың философиялық мүдделеріне сәйкес, толғандыруға тұрарлық мәселесінің орталығы ретінде техника мәселесі мен феноменіне назар аударғандықтан, жауапкершілік тақырыбы жөнінде ой-толғаныстар кездейсоқ жұмыс ретінде бағаланады» [2, 183 б.]. Көптеген зерттеулерде, Э.Штрекер [3], Ф.Рапп [4] сынды ойшылдардың пікірінше, техника феномені философиялық пайымдауларда кеш қарастырыла бастады. Ф.Рапп осы көзқарасты ұстанды, өндірістік революцияға дейін тарихта техника сыни фактор ретінде қарастырылып, тарихи немесе философиялық типте бір де бір ғылыми жұмыс жазылмағаны атап көрсетті.

Расында да, ХХ ғасырға дейін философияда техника мәселесі жеткілікті деңгейде қарастырылмады. Ф.Рапп [5], Х.Блюменберг [6], Х.Ленк [2], Х.Сколимовски [7] ғалымдар қатары, философияның техника мәселесіне кеш көңіл бөлінуі қабылданған философиялық «екі мәдениеттің» бөлінуінен шығады деп болжайды. Тарихта әлемді танудың теоретикалық әдісі тәжірибелік әдістен басым түседі деп саналды. Ф.Рапптың пікірінше, «Уақыт өте келе антикада, батыс-европалық дәстүрде ең жоғарғы өмірлік қызмет формасы теоретикалық мәселелермен айналысу, яғни bios theoreticos таза тәжірибелік семинарлардан асып түсетін, қолөнер түріндегі қызмет ретінде бағаланды. Осыған сәйкес біздің заманымызға дейін техника мәселесі теоретикалық және философиялық қатынаста төмен сатыдағы мәселе болып қала берді...» [5, 76 б.]. Техника философиясының пайда болуының өзі берілген ұстанымның дәрменсіз екенін айқын көрсетеді. А.А.Ворониннің ойынша, «Техника философиясы – философияға жақындатылған, философиялық мәселені «табан астынан» іздеп табудың тәжірибелік бағыт-көріністерінің бірі» [8, 4 б.].

Егер техника мәселесі талдауының кеш қолға алынғандығы, философияның ұстанымдары мен шарттарына байланысты дейтін болсақ, онда жаңа пәндермен салыстырғанда, мысалы, тіл, ғылым, тарих философиясы жеке зерттеу объектісі бар, мойындалған пәндердің қатарында. Техника философиясының қалыптасуы барысында әдістемелік қиындықтарды түсіндірмейді. Оның себептерін техника философиясының өзінен, яғни пәннің арнайы зерттеулерінен іздеу қажет. «Техника» терминінің «айқындылығында» феноменнің қиындығы мен көпмәнділігі жасырын тұрғандығы айқын көрінеді.

Зерттеу әдебиеттерінде, техника философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-жылдары жарияланған «Мозер-Ленктың» техниканы жан-жақты талдау бағдарламасымен тығыз байланысты. Сол себепті, осы көзөараспен келісетін болсақ, техника философиясы ХХ ғасырдың І-жартысында қалыптасты деп айту қиын. С.Мозер мен Х.Ленк техниканың жан-жақты талдау бағдарламасын құрастыру барысында, олар дәстүрлі техника философиясының сынына сүйенді. Зерттеушілер оның негізгі қырларының қатарын ерекше көрсетті. Біріншіден, ол техника болмысын іздеуге бағытталған. Екіншіден, техниканың дүниетанымдық бағасы басым. Осыдан бөлек, техниканы зерттеу бағдарламасын құрастыру барысында, зерттеушілер тобы оның әртүрлі талдау аспектілерін анықтады: мәдени-тарихи, ғылыми-зерттеушілік, әлеуметтік-философиялық және тағы басқа. Ғылыми-техникалық прогрессты философиялық талдау үшін, техника жүйесіның, информатиканың, футурологиялық ғылымның маңызы ерекше көрсетілді [9].

Техника философиясы ашық, әртүрлі рефлексия формалары қолданылатын талдау облысы, пәнаралық зерттеулердің пәні болып бара жатыр. Техника философиясының пәндік облысы біртекті емес, оның мазмұнына философиялық, әлеуметтік, экологиялық және саяси мәселелер кіреді. Техника философиясы – техниканың таным мәселесіне бағытталған, адамның әртүрлі саладағы білімдерінің синтезі. Техника философиясының ішкі көптүрлі мәселелеріне тереңдемей, біз берілген пәнді тәуелсіз дамушы және ашық философияның рефлексиялық облысы ретінде қарастыруды ұсынамыз. «Техника философиясы, - Ф.Рапп жазады, - сөзсіз философияның жаңа формасы, бірақ сондада философиялық форма» [5, 31 б.].

Техникаға бет бұрған, бірінші зерттеушілер (Э.Капп, П.К.Энгельмейер, А.Эспинас), техника табиғатын түсіндіріп, адамзат пен қоршаған ортаға әсерін көрсетуге тырысты. Техногенді өркениеттің қалыптасуы, ғылыми зерттеулер мен инженерияның даму үрдісі, философтардың техника феноменіне қызығушылығын арттырып, көңіл аудартты деп айтуға болады. Бірақ, бұл үстіртін түсіндірме. Техника философиясы, Х.Сколимовскидің сөзімен,- «өркениеттегі адам философиясы, өзінің шектен тыс мамандануы, бөлшектенуі, тозаңдануы қауіп төндіретін, шарасыз күйде көрген өркениет адамы, өзінің табиғатпен қарым-қатынасындағы жалған тіл таңдағанын сезініп, түсінеді» [7, 242 б.]. Философтар, мәдени және техникалық прогресстың қарама-қайшылығын, ғылыми-техникалық қызметтің жаттануы және оның өнімдері адам мен қоғамнан екенін айқын түсінді, техникада болмысты ұйымдастырудың жаңа әдісін тапты. Бұл қарама-қайшылыққа өз кезегінде Н.Бердяев назар аударды. Н.Бердяев бойынша, техника табиғаты жоқ, жаңа шынайлылықты қалыптастырады, бұл шынайлылық Құдаймен емес, адаммен, техникамен, өркениетпен жаратылады. Машина, ойшылдың көзқарасы бойынша, ескі табиғаттан алынған материалды элементтер көмегімен құрастырылды, бірақ ескі ғарыштық тәртіпке тиесілі емес, жаңа өң берілген [10].

Техника – адамзатқа жат құбылыс емес. Көптеген зерттеулерде қарулық және техникалық қабілеттің дамуы оң үрдіс деп бағаланып отыр. Техниканың талдануына бетбұрған философтар, адамның ойлап табу мен қайта құру қабілеті ең әуелден бар деп атап өтті. Атап айтқанда, М.Хайдеггер бойынша, техника экзистенциалды жүйе Dasein болмысына қосылған: адамның затты жан-жақты ашу қабілеті, оны даярлық жағдайынан көмекші жағдайына ауыстыру. Сондықтан, М.Хайдеггер техниканы грек тілінен τέχνη аударғанда қолөнершінің қызметі деп қана емес, дағды, шеберлік және жалпы өнер ретінде қарастырады. Техникада ең бастысы әрекет істеу емес, ең әуелгі мәні жаңалық ашу (обнаружить) [11]. Х.Ортега-и-Гассет, болмыс – бұл жоба ретінде, сондықтан техниканы адам болмысының мүмкін болатын мәнмәтініне орналастырады. Техника табиғат әлемінің шекарасын еңсеру әдісі мен табиғаттың бөлінбес бірлігінен адамды босату рөлін атқарып бара жатыр [12]. Бердяев бойынша, техника адамның рухани өміріне қосылып, техникалық және «табиғи органикалық» бірлестіктегі материалдан босап шығуышы адамның рухы осындай бастамадан өседі [13].

Бірақ жаңа заманда техниканың басқа мәні қалыптаса бастайды. М.Хайдеггер бойынша, қазіргі замандағы техниканың қайнар көзі жаңа заманның метафизикалық орнатуларында жатыр: субъективизм және үстемшілдік(өктемшілдік) идеясы [14]. Х.Брункхорсттың ойынша, М.Хайдеггер жаңа заманды екі үрдістің тоғысуы ретінде қарастырады, «әлемнің картинаға, ал адамның субъектіге айналуы. Жақында адам ортағасырлық байланыстан босап шығып, нақты қарым-қатынастың түйіні бола бастайды. Адам өзін, барлық нақтылықты тудыратын, нақты репрезентант ретінде ұсынады» [15, 84 б.]. Философтар (М.Хайдеггер [16], Н.Бердяев [10], Ф.Юнгер [17] және т.б.) техникадан қазіргі өркениеттің дағдарысы мен іргелі өзгерістердің көздерін көрді.

Техника – техникалық, экономикалық және т.б. ғылымдардың пәні болып табылады. Философиялық зерттеулердің ерекшелігі, техниканы көпқырлы қатынастың талдауы «адам және техника», оның онтологиялық, танымдық, аксиологиялық және т.б. мәнмәтіндерінде қарастырылу мүмкіндігінде. «Техника философиясы, - И.Ф.Игнатьева айырықша атап өтеді, - жай ғана техника туралы ілім емес, техника призмасы арқылы көрсетілген, адам туралы(адамтану) ілім» [18, 11 б.]. Техника өзінен-өзі ешқандай философияны қажет етпейді. «Техника философиясын – Г.М.Тавризян жазады, − әсіресе қазіргі кезеңде, өзін жүзеге асыру үшін, адам аса қатты қажет етеді» [19, 7 б.]. Зерттеушілердің пікірінше, техника философиясы техникамен қатты байланысты емес, тек оның адаммен арақатынасында ғана үлкен мәнге ие болады. Бұл пікірді жақтаушылар ( Х.Сколимовски [7], А.Хунинг [20], Х.Закссе [21]) техника философиясы мен адам философиясын тең қояды, техниканың антропологиялық интерпретациясы берілген феномен туралы білімді біріктіруге және адам санасын техникалық прогресс туралы жалған түсініктен босауын қамтамасыз ету үшін икемді.

Техника философиясы техниканың қызметтік болмысы, техниканың дамуы мен қызмет көрсетуіндегі адамның рөлімен байланысты мәселелерді талдайды. Бірақ, техника философиясындағы жауапкершілік мәселесінің тарихи-философиялық талдауының күрделілігі берілген пәннің эклектикалық және бірыңғай емес мінезіне ғана түйістірілмейді. Техника феноменін анықтауда көптүрлі тәжірибелік тәсілдердің барлығы негізгі мәселеге айналып отыр. Техниканы талқылауда, феноменнің көпқырлылығымен байланысты плюрализм туындайды. Осылай И.Ф.Игнатьева техникада материалды-пәндік, әлеуметтік, құндылықтық, табиғи жақтарын ерекшелейді. Субъект пен табиғаттың, материалды мен идеалдының, субъекті мен объектінің арасында берілген феномен құрылымы бойынша сыйып кетеді. «Бір сөзбен айтқанда,- зерттеуші сызып көрсетеді,- техника – күрделілік деңгейі бойынша адам феноменіне жақын» [18, 8 б.].

Техниканың көптүрлі анықтамалары зерттеушілердің және техниканың өзіндік даму деңгейінің теоретикалық ұстанымдарымен байланысты. Осы пікірді ұстанушы А.А.Воронин, техника анықтамасы мәселесін мәнмәтіннің теоретикалық бағытталуына тәуелді, түсінікті жаңа мәндермен толықтыру үрдісі ретінде қарастырады [22]. Сондықтан, техниканың нақты анықтамасын беру қиын, сонымен қатар, қазіргі заманғы техника екі жақты сипатта анықталады. Бір қарағанда оңай жүргізілетін сараптама «жаман» мен «жақсының» арасындағы шекара, одан әрі түсініксіз болып көрсетеді. Техника эволюциясы «пайдалы» және «зиян» (дифференциациясын) жіктелуін күрделендіреді. Қазіргі заманғы барлық техникадан шығып жатқан қауіп, тек оны жаман мақсатта қолданғаннан емес, жалпы қолдану үрдісінен шығады. Егер техника өзінің мақсатына сәйкес қолданылсада, бәрібір өзінде қауіп төндіретін күшті сақтайды.

Техниканың анықталуы немесе түсіндірілуі, моральды-адамгершілік мәнмәтінінің талдауындағы оның мүмкіндігіне тәуелді. Философиялық ойдың тарихында техника моральды-бейтарап феномен ретінде қарастырылғаны белгілі. Осыған сәйкес Г.Йонас, techne түсінігін талдай отырып, бейтараптылық объектіге қатынасында болған (techne табиғатқа мардымды зиян тигізе алмағанда), және субъектіге қатынасындағыдай, techne мақсат емес, тек қана құрал екендігін белгілейді [23]. Берілген ахуал, Э.Агаццидің ойынша, техниканың жеке мүддесі, сарыны, әлем туралы түсінігі, идеологиясы жоқ, адам мінез-құлқының ережесі және жалпы өмірдің ережесі мазмұнында жоқ деген сенімге негізделгендіктен, техникаға қатысты моральды-адамгершілік категорияларды қолдануға болмайды[24].

Осыдан бөлек, берілген нұсқама көптеген философиялық-дүниетанымдық концепцияларда берілді. Техника нақтылық саласы ретінде міндеттілік саласымен қиылыспайды. Көбінесе, мұндай бөлінушілік И.Канттың моральдық философиясында белгіленеді, адам мораль ретінде мақсаттар мен құндылықтар патшалығына тиесілі, демек, еркін жаратылыс, адам мақсаттар мен құралдардың логикасы бойынша өмір сүретін және әрекет ететін қажеттілік патшалығымен қиылыспайды. Сол уақытта, яғни, ХХ ғасырда техниканың моральды-бейтараптылық ұстанымы терістелді. Каршельск декларациясында « О технике и моральной ответственности » −

« Техника және моральдық жауапкершілік туралы » (1974 жылы) көрсетілген, « бірде-бір техника аспкетілері моральдық талқылауда «бейтарап » бола алмайды » [25, 391-392 б.]. « Техника - Э.Агацци жазады,- жаңа сенімді, мінез-құлық формаларын, идеологияны және саяси қозғалыстарды тудырады. Осы мағынада ол бейтарап емес » [24, 101 б.].

Егер техниканы адамның анықталған қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдардың жүйесі ретінде анықталса, онда моральды-бейтарап феномен ретінде техника мен жауапкершіліктің соқтығысу нүктелерін айқындау тым күрделі болады. Сәйкесінше, мұндай түсіндірме техниканың көпқырлылығын оның инструменталды қызметіне дейін төмен түсіреді. Қазіргі әлемдегі «техника-құрал» анықтамасы, берілген түсініктің адекватты және нақты, толық мазмұнын ашпайды. Г.М. Тавризян, «көптеген салаларда жаңа техникалық құралдар, әсіресе, әскери техника құралдарына жаңа «сәйкес» келетін мақсаттар табуды қажет етеді... қазіргі уақытта «құрал» түсінігінің шеңберіне техникалық потенциалды (шаманы) құрайтын мәндер сыймайды» [19, 12 б.].

Техника табиғат күшін пайдаланады, ал ғылым ойлап табуға міндетті техника философиясын көбінесе қолданбалы ғылым ретінде қарастырады. Демек, техника тағы да инструмент-құрал, мақсатқа жету құралы ретінде көрініс табады, берілген жағдай – ғылымның мақсаты. Бірақ, берілген анықтама, нақты емес моральдық бейтараптылығы танылған техниканы этикалық мәнмәтінде қарастыруға рұқсат етпейді. Сонымен қатар, қолданбалы ғылым ретінде техниканың түсіндірілуі адамдық қызметтің екі облысының арасындағы шынайы өзара байланысты жеңілдетеді. Біресе бір, біресе басқа аспектілері белгіленетін техникаға берілген анықтамалардың жеткіліксіздігі, феноменнің тар мағынада түсіндірілуімен қорытындыланады.

Техника түсінігінің анықтамаларының басқа нұсқауларына көз жүгіртейік. Сондай-ақ, зерттеушілер техниканы «болмыс», «табиғат», «қоғам», «қызмет» категориялары арқылы анықтауға тырысады. Сол себепті, техниканы кең мағынада түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, О.Шпенглер техниканы «... барлық тіршіліктің тактикасы» ретінде барлық жануарлар әлеміне тарата отырып, анықтайды [26]. М.Хайдеггер техника мәнін «құпиялылықтың ашылу түрі», болмыс құпиясын табу тәсілдерінің бірі ретінде түсіндіреді [27]. Ж.Эллюль бойынша, техника адамдық қызметтің әр саласындағы абсолютті нәтижеліліктің даму кезеңі бар, рационалды өндірілген тәсілдердің жиынтығы ретінде көрініс табады [28]. Бірақ, техникаға берілген анықтамалары, техникалық құбылыстардың моральды-адамгершілік талдауын қиындатты, феноменнің кең мағынада түсіндірілуі пәннің зерттеу объектісінің жоғалуына алып келеді. Егер техника анықтамасының «тар мағынасы» ұстанымында қалсақ, онда даму келешегі мен оның нақты әсерін оңай елемеуге болады, ал егер тек «кең мағынасында» мақұлдасақ, онда пәннің зерттеу бағытын жоғалытып аламыз. Ф.Рапп кең және тар аспектілерінің өзара қатынасын анықтауды ұсынады. Ойшылдың пікірінше, «қазіргі заманғы техниканың тегіс қамти алатын сипатын сызып көрсету – оның эвристикалық қызметіне нұсқауды білдіреді. Техниканың тар, инженерлік және кең, әлеуметтік аспектілерінің нақты терминдерінің айқын өзара байланысын анықтау міндеті тұр» [5, 31 б.].

Техниканы келесі элементтердің жиынтығынан көруге болады. Біріншіден, осының бәрі техникалық құралдар. Екіншіден, техникалық құралдарды ойлап табу үшін шеберлік пен дағдының, техникалық білімнің жиынтығы. Осындай техника түсіндірмесі бізге болашақта оны моральды-адамгершілік мәнмәтінде көруге көмектесетін себептер қатарына: бір жағынан, бұл анықтамада техниканың әртүрлі аспектілері ескерілсе, екінші жағынан – берілген анықтама техниканы моральды-бейтараптылық феномен ретінде қарауға мүмкіндік бермейді.

Талдауды аяқтай отырып, төмендегідей тұжырымдарды атап өту керек.

1.Техникалық қызметтің кеңістік және мезгілдік шектеу салдарының

жоқ болуы, әлемде өмірлік технизацияның күшеюі нәтижесінде жауапкершілік келді. Техникалық реттеушіліктің өскен рөлі және оның әлеуметтік салдары техника, инженерлік салаларына жауапкершілік түсінігін әкелді. Техника философиясында жауапкершілік техникалық субъектінің іс-әрекетіндегі негізі болуға тағайындалды.

2.Техника философиясында жауапкершілік мәселесі рефлексияның біртұтас және жүйелілік саласы ретінде көрсетілмеген. Біздің пікірімізше, пәннің өзіндік жағдайымен, оның дамушы, ашық, пәнаралық сипатымен байланысты.

3.Техниканы философиялық зерттеудің ерекшелігі, оның көпқырлы қатынасының «техника-адам» талдауымен қойылды, техника философиясының дәстүріндегі көптүрлі интерпретациясында берілген: онтологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, аксиологиялық.



4.Техниканың этикалық талдауының негізгі күрделілігі зерттеу әдебиеттеріндегі көптүрлі анықтамалардың бар болғандығымен байланысты. Техника – күрделі және екіжақты феномен, түсіндірілуіндегі көпнұсқалылығынан көруге болады. Осы зерттеу шеңберінде техника техникалық құралдардың жиынтығы, техникалық білім, дағды мен шеберлік және бүкілі техникалық қызмет ретінде ұсынылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Рубенис А.А. Техника и нравственность // Этическая мысль. – М.: Республика, 1992. – С. 38-53.

  2. Ленк Х. Размышление о современной технике. – М.: Аспект Пресс,– 1996. – С.183.

  3. Штрекер Э. Философия техники: трудности одной философской дисциплины // Философия техники в ФРГ. – М: Прогресс, 1989. – С. 54-68.

  4. Рапп Ф. Перспективы философии техники // Философия техники в ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 75-89.

  5. Рапп Ф. Философия техники: обзор // Философия техники в ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 24-53.

  6. Блюменберг Х. Жизненный мир и технизация с точки зрения феноменологии // Вопросы философии. – 1989. – №3. – С. 64-93.

  7. Сколимовски Х. Философия техники как философия человека // Новая технократическая волна на Западе. – М.: Пргресс, 1986. – С. 240-249.

  8. Воронин А.А. Миф техники / Ин-т философии РАН. – М.: Наука, 2004. – 200 с.

  9. Попов Е.В. Идейное содержание и проблемы западногерманской философии техники // Вопросы философии. – 1985. − № 12. – С. 122-129.

  10. Бердяев Н.А. Человек и машина. Предисловие к публикации Е.В.Барабанова // Вопросы философии. – 1989. ̶ №2.− С. 64-93.

  11. Хайдеггер М. Вопрос о технике // Время и бытие. Статьи и выступления. – М.: Республика, 1993. – С. 221-238.

  12. Ортега-и-Гассет Х. Размышления о технике // Вопросы философии. – 1993. − № 10. – С. 32-69.

  13. Бердяев Н.А. Человек и космос. Техника // Царство Духа и царство Кесаря. – М.:Республика, 1995. – С.301-305.

  14. Хайдеггер М. Время картины мира // Время и бытие. Статьи и выступления. – М.: Республика, 1993. – С. 41-62.

  15. Брункхорст Х. Эгоцентризм в эпоху картины мира. Хайдеггер. Вебер и Пиаже // Философия М.Хайдеггера и совремменость. Сборник АН СССР/ Под ред. В.Н.Мотрошиловой. – М.: Институт философии, 1991. – С. 80-91

  16. Хайдеггер М. Наука и осмысление // Время и бытие. Статьи и выступления. – М.: Республика, 1993. – С. 238-253.

  17. Юнгер Ф. Совершенство техники. – Спб.: Владимир Даль, 2002. – 559 с.

  18. Игнатьева И.Ф. Антропология техники: человек как субъект мира техники. – Екатеринбург: Изд-во Урал. Ун-та, 1992. – 130 с.

  19. Тавризян Г.М. Философия техники и философия человека: линии сопряжения // Будем ли мы жить во всемирной деревне? – М.: ИФРАН, 1993. – С. 6-23.

  20. Хунинг А. Homo mensure: люди – это их техника – техника присуща человеку // Философия техники в ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 393-403.

  21. Закссе Х. Что такое альтернативная техника? // Философия техники в ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 420-423.

  22. Воронин А.А. Техника и мораль / Вопросы философии. – 2004. – №10. – С. 93-101.

  23. Йонас Г. Принцип ответственности. Опыт этики для технологической цивилизации / Перевод с нем., предсловие, примечания И.И.Маханькова. – М.: Айрис-Пресс, 2004. – 480 с.

  24. Агации Э. Моральное измерение науки и техники. – М.: Московский философкий фонд, 1998. – 324 с.

  25. Ленк Х. Ответственность в технике, за технику с помощью техники // Философия техники В ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 372-392.

  26. Шпенглер О. Человек и техника // Культрология. ХХ век: Антология. – М.: Юрист, 1995. – С. 454-494.

  27. Хесле В. Философия техники Мартина Хайдеггера // Философия Мартина Хайдеггера и современность. – М.: Наука, 1991. ̶ С. 138-154.

  28. Эллюль Ж. Другая революция // Новая технократическая волна на Западе. – М.: Прогресс, 1986. – С. 147-152.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет