Тарих, археология және этнология факультетінің 1 к магистранты Темирбаева Айтолқын

Loading...


жүктеу 55.91 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі55.91 Kb.
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих, археология және этнология факультетінің 1 к. магистранты Темирбаева Айтолқын
Қазақстанның тарихи дамуындағы гендерлік фактор

2000 жылдың қазан айында БҰҰ мыңжылдық саммитінде БҰҰ мыңжылдық декларациясы қабылданды, ондағы белгіленген сегіз мақсаттардың бірі гендерлік теңдікті қолдау болып табылды. Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берілетін әлеуметтік рөлдер. Гендерлік статистика – ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлік проблемаларды көрсетеді. Гендерлік таптаурындар – лайықты «әйелдік» және «еркектік» мінез-құлық, олардың мақсаты, әлеуметтік рөлдері мен қызметі туралы қоғамда жалпыға бірдей қабылданған орнықты көзқарастар [1].

Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елімізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Әйел ұғымы біз үшін әрқашан жоғары. Батыр аналарымыздың бізге сіңірген ерең еңбектері зор.  

11 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» әзірленді. Бұл жобаның қабылдануы саяси сананың биіктігін көрсетті, ол азаматтық жағынан белсенді қоғам қалыптастыру жолындағы батыл шешім болды, – деді ол.

Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, елімізде гендерлік теңдікті ілгерілету үшін дамыған институттық негіз құрылғанын, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мүмкіндіктері кеңейтілгенін, халық денсаулығының нығайып келе жатқанын, азаматтардың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасалынғанын айтты [2].

Гендерлік мәселеде Қазақтстан теңдікке ұмтылуда, оның барлық халықаралық сарапшылар атап көрсетеді. Social Watch ұйымы Гендерлік теңдік индексінде Қазақстанға әлемдегі гендерлік теңдік деңгейі бойынша 31-ші орынды беріп отыр. Анықтама бойынша 2013 жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстандағы ерлер саны 125,9 мыңға көбейіп, 8 млн.284 мың адамға, әйелдер 8 млн. 875 мың адамға жеткен. Сонымен 1000 қазақстандық әйелге 933 қазақстандық ер- азамат келеді [3].
Гендерлік өлшемедгі мемлекеттік қызметшілер саны 2014 жылғы статистика бойынша:



Саяси мемлекеттік қызметшілер

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер

Мемлекеттік қызметшілердің барлығы

Әйел адам

8,9%- 39 адам

49%- 47 795 адам


49%- 47 795адам

Ер адам

91,1%-400адам

51%- 49 605адам

51%- 50 044адам


Әйелдердің биліктің жоғары органдарындағы үлесі 2014 жылдың мамыр айы бойынша :



Парламент

Үкімет

Жоғары сот

Әйел адам

20%- 31 адам

19%- 4 адам

36%- 12 адам

Ер адам

80%- 123 адам

81%- 17 адам

64%- 21 адам


Қоғамдық ортадан жасы 23- 40 жас аралығындағы адамдардан Гендрлік теңдік тақырыбында сауалнама жүргіздік, сауалнама сұрақтарына мынандай жауаптар алдық.

Гендерлік теңдік жайлы білесіз бе? Иә, білемін деушілер 77, 8 пайызды құрды демек гендерлік теңдік жайлы біздің қоғамдық ортамыз хабардар . Жоқ 22,2. Саясатта әйелдерге орын бар ма? Деген сұрағымызға 66, 7 иә,бар деген жауап алдық. Саясатқа өз үлесін қосып жүрген, нәзік жандыларды атасақ  Гүлшара Әбдiхалықова, Гүлжан Қарағұсова, Ирина Аронова. Гендерлік үстемдік кімде болуы керек? 100 пайыздық ер адамға дауыс беру болды, біздің қорғаушымыз ер азаматтарғой. Гендерлік теңдікке қалай қарайсыз? 66,7 пайыз құқықтары тең болуы керек деп шешіпті. ҚР гендерлік теңдік әйелдерге қолжетімді ме? 55,6 пайыздық, толық емес деген жауап алдық. Гендерлік саясат өрекениетімізге кері әсерін тигізбей ме? 55,6 пайыздық жоқ ешқандай кері әсерін тигізбейді деген жауап алдық, демек Қазақстан Республикасы гендерлік теңдікке жақсы көзқараста. Гендерлік теңдік жайында кімдер ойлануы тиіс? 88, 9 пайыздық ер адамдар ойлануы керек деп есептейді екен. Әйел адамдардың жұмыспен қамтылуы 77,8пайызды құрайды. Гендерлік теңдіктен қандай нәтиже күтесіз? 62,5 пайыздық адамдар, гендерлік теңдік орнайды деген ойда. Гендерлік теңдік дінге нұқсан келтірмей ме? 55,6 дауыс, ислам дініне еш қатысы жоқ. Биліктегі әйел адам көрсеткіші? 77,8 пайызда,орташа деген жауап алдық. ҚР гендерлік саясаттың жоғары дамуын қолдай ма? 88, 9 пайыздық орта деңгейде деген жауап келді.

1 Иә деген жауап

2 Жоқ деген жауап

3 Төмен немесе білмеймін деген жауап



Қазақ қоғамы гендерлік қатынастарға оң көзқараста екені және де ер мен әйел құқығын тең көретін қоғам. Әйелдер – ошағымыздың ұйытқысы, ерлер- Отанымыздың сақтаушысы. Еңбекте ер атанып, ел үшін, ұрпақ қамы үшін тер төккен, сұлулығымен әлемді билеген әйелдер бүгінде қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Нәзік жандылар қауымы ерлермен етене араласып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында өз үлестерін қосып келеді. Одан өзге ел ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеп, өсіріп отырған еңбектері де шексіз. Ер мен Әйел тең құқылы қоғамда өмір сүріп, бүгінгі таңда өздерін реализациялауға ұмтылыстарының бір деңгейде жүріп жатқанын көріп отырмыз.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. http://e-history.kz/kz/contents/view/1405, пайдаланған күн 7.11.2016.

  2. Егемен Қазақстан https://egemen.kz/2016/04/23/36373

  3. Н.Назарбаев, «Мәңгілік ел», 2015 жыл

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...