Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



жүктеу 4.36 Mb.
бет12/20
Дата15.01.2017
өлшемі4.36 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Список литературы:

1.Овчарова Р.В. Практическая психология в дошкольных учреждениях. – М., 2011.- 296 с.

2.Осипова А.А., Малашинская Л.И. Диагностика и коррекция внимания. Программа для детей 4-6 лет.- М., 2012. – 403 с.

3.Панько Е. А. и др. Развитие познавательных процессов дошкольников: Учебное пособие. — Минск, 2010.- 153с.

4.Поддъяков А.Н. Вариативность преобразований предмета дошкольниками как условие его познания. - Вопросы психологии, 2012, № 4, с. 49-53.
Аннотация. Мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс. Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.

Аnnotation. By basic cognitive psychical processes, that participate in the construction of characters of the surrounding world, are, : feeling, perception, thinking, imagination, memory. They form an informative base, reference basis of psyche. Exactly cognitive psychical processes provide a receipt the man of knowledge about the surrounding world and about to itself.

ӘОЖ 37.355

К 62
ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫН ДАМЫТУ
Р.Қ. Керімбаева, Ұ.Б. Ергаш

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі педагогика ғылымының ең негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»» атты жолдауында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы барысындағы жағдайлар атап көрсетілген. Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие болғандықтан, 12 жылдық жүйеге көшуде мектепалды дайындықты жетілдіру мәселесі ерекше маңызға ие болмақ. Бүгінгі таңдағы заманауи өзгерістер ағымы балалар психологиясының дамуына ықпал етуде, әсіресе бұл құбылыстың нәтижелі жүзеге асуы тәрбиеші-педагог мамандардың күнделікті тынымсызда, адал еңбегіне байланысты

Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабынан тыс қалдырмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын «ұлттық құндылықтарды меңгерген жаңа дәуір балалары» моделіне бағыттай білу қажет. Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік заңдылықтарымен қоса, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды. Балабақшада балаларды оқыту мен тәрбиелеуде түрлі әдіс-тәсілдеріді шығармашылық ізденіспен қолдану, жаңашыл педагог-психолог ғалымдардың іс-тәжірибелерімен байланыстырып, балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика ғылым салаларының жаңалықтарымен ұштастыру - бүгінгі заман талабы.

5-6 ересек жас кезеңінде балалардың дамуын көптеген психологтар «мектепке дайындық» немесе «мектептегі оқуға жетілу» деп қарастырады. Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, оның қол өнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі психологиялық өріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл – ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі мекемеден мектепке өтеді.

Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда шешуші орын алатыны сөзсіз. Ойлау, сөйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сөздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар педагогтың жетекшілігімен өткізілетін арнайы ойын – жаттығулар кезіндегі қолданылатын сұрақтарды мұқият тыңдап, түсіну, жауап беруге сөйлеуге үйретеді. Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сөйлеуі, ұсақ мотарикасының дамуы, жеңіл қозғалуы, көруі, қабылдауы, сондай – ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту т.б. оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға қызықты мәліметтерді білуге ынталы, қызығушылығын, өзін танып, білуін, құрбыларымен, үлкендермен ойын бөлісе білуін дамыту қажет.

Бала ақыл–ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс–әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады.

5 жасында бала көрнекі–әрекеттік ойлаудан көрнекі–бейнелі ойлауға ауысады. 6 жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі–әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым–қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі–бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі–схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді. Ол құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, кесте бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады.

5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.

Мақсаты:Ересек жастағы балалардың логикалық ойлауының бастауын қалыптастыру, жалпы интеллектуалды дамуына мүмкіндік туғызу, танымдық және психикалық процесстерін дамыту, логикалық операциялар, проблемалық жағдаяттарды шешуге, тиімді әрекеттер ұйымдастыру, мектепте табысты оқуға дайындықты қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;

- логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

- балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру;

- қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімдерін, дағдыларын бекіту;

- балалардың оқыту үрдісінде кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беруге, мектепке жеңіл бейімделуге жағдай тудыру;

- балалардың оқып-білуіне, танып-зерттеуіне, өздігінше ой қорытып, зерделеуіне, жалпы интеллектуалдық дамуына мүмкіндік жасау;

- баланың мектепке психологиялық дайындығын қамтамасыз ету.



Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің Технологиялық картасы

Білім саласы: «Таным», «Қатынас»

Бөлімі: «Логика»

Тақырыбы: №4 «Шаршы құрастыр»

Мақсаты:

- ұйқас сөздерді мағынасына қарай тез табу қабілетін жетілдіру, балалардың ой өрісін кеңейту;

- аталған үлгілерге антоним сөздерді дұрыс тауып айтуды қалыптастыру;

- қолдың моторикасын дамыту;

- көріп есте сақтау мен бөліктерден бір бүтін бейне шығару қабілетін жетілдіріп, жаттықтыру;

- белсенділікке тәрбиелеу.



Құрал - жабдықтар: доп, қақпақтар жиынтығы, «Шаршы құра» ойыны

Билингвалды компонент: лақ – козленок; бұзау – теленок; бота - верблюженок


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды «Шаттық шеңберіне» шақыру. Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген

Оларды «Қамшытастар» ойынында өздерін ақын болуды ұсыну



Қойдың төлі – қозы,

Ешкі төлі – лақ,, сиыр төлі – бұзау,

Түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын.

Білем десең, ұлым, қиыны жоқ мұның.

Өлең жолдарында кездескен сөздерді екі тілде айтып үйренуді ұсыну



Балалар қуана қолдарын ұстап шеңберге тұрып, келесі өлең жолдарын қайталайды
Аталған өлең жолдарының жалғасын ұйқастырып жалғастырып айтуға тырысады.

Аталған сөздерді екі тілде айтып масаттанады



Ұйымдастыру-іздестіру

Балалардың ойлау қабілетін жетілдіруге арналған «Керісінше айт» допты қолданып ойналатын ойынға шақыру (т) Биік – аласа; ақ – қара; үлкен – кішкентай;батыр – қорқақ т.б.

Қолдың кіші моторикаларына жаттығу жасауды ұсыну «Бір үйде біз нешеуміз?» Бір үйде біз нешеумі



Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым- атам,

Балаң үйрең – апам,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Түрлі – түсті қақпақтардан «жер құртының» бейнесін қиялдан ойластырып жасауды ұсыну (ж)


Сергіту сәтіне шақыру «Шымыр бол»

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа

Екі шеңбер сызғандай

Қолды айналдыр сен тұрмай.

Балаларды ойлау қабілетін жетілдіруге арналған «Ойлан тап» ойынында тапсырма орындауға шақыру (ж)

Балаларды дамыту орталығына «Шаршы құрастыр» ойынына шақыру (ж)


Қызығушылықпен допты тосып, аталған сөздерге антонимдерді табуға тырысады
Саусақ қимылдарымен, өлең жолдарын қайталайды

Шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, қақпақтардан аталған бейнені жасайды.

Өлең жолдарын қайталап, сергіп, көңіл көтереді.
Берілген тапсырмалардан әр қатардан артық затты табуға тырысады және берілген заңдылыққа сәйкес қатарды жалғастырады

Қызығушылықпен бөліктерден бір бүтін шаршы құрастыруға тырысады, құрастырады.



Рефлексивті-түзетушілік

«Қоштасу шеңберінде» балаларды өзара пікір бөлісуге шақыру, ұнаған ойындары туралы айтуды ұсыну, бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу

Өздеріне ұнаған ойындары туралы айтып, ойларымен бөліседі. Бір – бірімен сыйластықта болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет