Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



жүктеу 4.36 Mb.
бет10/20
Дата15.01.2017
өлшемі4.36 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Бабалар өсиетi

Ұлттық тәрбие жүйесi







Әкелер өнегесi


Аналар үлгiсi




Ұрпақтар сабақтастығы

Салт дәстүр





Сурет-1. Ұлттық тәрбие жүйесi

Ұлттық тәрбие – ұлағатты iс. Бұл тек қазақ ұлты үшiн емес, Республикадағы барлық ұлттар үшiн қажет. Олар ұлттық тәрбиеде қазақтық халық педагогикасы өздерiне үлгi ретiнде пайдалануы керек.

Ұлттық тәрбие отбасында, балабақшада, мектепте, өндiрiс орындарында, жоғары оқу орындарында жан-жақты жүргiзiлуде. Жауапкершiлiгiн түсiнiп, өзiн-өзi жетiлдiру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негiзi болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткiштерi: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзiн-өзi дамыту, жетiлдiру.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұра екені даусыз. Әр дәуір, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің – ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат, білім-білік тәрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына, қоғамына сәйкес талап-тілектерге қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, жүйелене түскенін айқын аңғарамыз.

Жалпы, әл-Фараби рухани пікір үндестігі, ой сабақтастығы ХХ- ғасырда ғұмыр кешкен қазақтың Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев тәрізді зиялылары мен ағартушы-демократ, ақын-жазушыларының ой орамдарында да ұшырасады. Осы орайда қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие жұмысында пайдалану баршамыздың парызымыз. Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде мектеп ашып, оның тәрбиешісі болды. Қазақ тілінде алғаш рет әліппе, оқулық-хрестоматия жазған. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша Хрестоматия» деген бірінші кітабында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала», «Әке мен бала», «Таза бұлақ» т.б. өзі жазған тілі жатық, мазмұны қызғылықты 40-тан астам әңгімелері мен аудармалары бар. 1880 жылы Троицк қаласында басылған екінші кітабында балаларды өзін қоршаған орта, жаратылыс құбылыстарымен таныстыратын және хайуанаттар туралы баяндалатын шығармалары жинақталған.

1889 жылы Қазан қаласында басылып шыққан үшінші кітабына тәрбие тақырыбындағы әңгіме, ертегі, мысалы және қысқа өлеңдері топтастырылған. Бұл шығармалар әрі қысқа, әрі мазмұнды, тілге жеңіл, ойға қонымды балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, жан дүниесіне әсер ететіндей көркемдікпен жазылған. Шығармалар идеясы жағынан бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын, еңбекті сүюге, достыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, ата-ананы құрметтеуге негізделген. Ол: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп отбасылық тәрбиеге ерекше мән берген. Барлық қасиет ананы сүюден, ана еңбегін бағалаудан бастау алады, сондықтан балаларға ана құдіретін ұғындыратын өлеңдерді көп оқып, көбірек жаттатуды ұсынады.

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін! - деп жеткіншектерге ана мейірін, ананың ақ сүтін ақтауды міндеттейді. Данышпан ойшыл оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы еңбектерінде тәрбие мақсаты - адам баласын ізгілік қасиеттерге баулу екенін айтады. Ұлы ұстаз мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік – бақытты болудың басты шарттарының бірі, сондықтан баланың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастау қажет деген қорытынды жасайды.

Әбу Насыр әл-Фараби еңбегінде музыкалық әуендер өнегелі мінез-құлықты қалыптастыруда елеулі маңыз атқаратынын, ән адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойындағы жаман әдеттерден арылуына ықпал ететінін баяндаған. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі үкілі домбыраның мәніне былай баға берген: Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады.

ХХ ғасырдың басында Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты батыл жалғастырушы талантты ақын Мағжан Жұмабаев өзінің 1923 жылы тұңғыш жарық көрген «Педагогика» атты кітабында: «Бастапқы кезде жөнді білінбейтін баланың жан дүниесі, ол өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып қарау керек. Жанды тәрбиелеу үшін жанның жайын баяндайтын еңбекпен таныс болу керек» – келіп, Аристотель мен Әл–Фарабидің жан туралы еңбектерін еске алады. Сонымен бірге «Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» – деген. Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығару емес, ерекше өз заманына лайық қылып шығару ғой» – деп тәрбиешінің үлгісіне де ерекше мән береді.Шынында, қазақ халқының бала бойында ана сүтімен сіңіретін, тәлім-тәрбиелік өзіндік мектебі болғаны даусыз. Көшпелі өмір кешіп жүрген кездің өзінде-ақ ауыз екі үлгі-өнеге ретінде айтылатын ертегі, мысал әңгімелері мен де, шешендік сөздерімен де, түрлі дәстүрлік әдет-ғұрыптарымен де, ұлағатты ырым-тыйымдарымен де баланы алғырлыққа, зерделілік пен көрегенділікке баулып, жаман істер мен әдеттерден тыйып, жалқаулық, жалақорлықтан безіндіре, еңбеккерлікке, адалдыққа, өнерлікке, талапкерлікке үйретіп отырған.

Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай–ас екен деп отыруы – баланың ұғымын кеңейтіп, өмірге, айналаға ойлана қарауға үйретеді. Баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Баланы –жастан» деген мәтелді тектен-текке айтпаған. Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ой менен сөз, мазмұнды пікірлер біздің халықтың алдыңғы байлығы болып келген. Біздің ана тіліміз отбасы мен балабақшалардан басталып, мектепте жалғасатын жүйелі сабақтаса, көздеген мақсатымызға жеткізбек.

Халық тәлімі - ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі - бесік жыры, былдырлап сөйлей бастаған балдырғанның тәтті тіліне балдай оралатын жеңіл де жұп-жұмыр, айтылуы ойнақы тақпақтар. Бесік жырында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне деген үміт-сенімі, арман мақсаты айтылады.

Сонымен қатар халық педагогикасы – ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.



Ол – жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы сұлу әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген. Олар тектен-тек тумаған: өмірдің тыныс-тіршілігінен, қажетінен, күнделікті мүддесінен алынып, халқымыздың ой-парасатымен, бейнелі сөздерімен кестеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Қазақтың аса бай эпосы халықтың ой-арманы мен мақсат-мүддесін білдіреді. Оның адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, жас ұрпақты рухани жағынан байытып отыруда жырлаған тәлім-тәрбиелік идеялары – балаларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие береді, олардың музыкалық талғамын, ой-өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және оның шексіз шешендік мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады. Соның бір саласы – мақал-мәтелдер. Олар – халықтың көрген-білген, көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын қорытқан, сан ғасыр уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы. Өмірде үнемі қайталанатын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Халық педагогикасы – ұлттық тәжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар. Үлгі-өнегелер, халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған.

Демек, халықтық педагогика – тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді. Ауыз әңгімелер шыншылдыққа, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.

Жаңылтпаштар тәрбиеленушінің тілін ширатады, жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары баланың ой-өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ-айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжетті нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың танымдық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мақал-мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес оның мақал-мәтелдері де мол. Ауыздан–ауызға тарайтын бұл жанрды күн сайын толықтырып отырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде дамуы үшін ұлттық санасын оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиелену керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез-құлқын қалыптастырады.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ, т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сйылап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін, жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.

Бала тәрбиесінен кейінгі жауапты адам - тәрбиеші. Қазақтың ғұлама ақыны, ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» - деген. Баланың алдындағы өз борышымды жауапкершілкпен атқару үшін білім беруде ұлттық салт-дәстүрлерді қолдана отырып балаға үйретудемін.

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Біріншісі–ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшіншісі құрбыларынан» деген екен. Баланы әлеут, ауыл-аймақ болып тәрбиелеу – халықтық тәрбиеде ерекше орын алған. Сондықтан өз тобымдағы балалардан байқаған жағымсыз қылықтар үлкенге орын бермеу, сәлемдеспеу, т.б. дер кезінде ақыл айтып, ескертіп отырамын. Балалар өз құрдастарымен жақын, жылулық шеңберінде болу үшін ертегі айтқанда немесе шағын әңгімелер оқығанда, жаттамақтар жаттағанда топ бөлмесіндегі жабдықталған киіз үй макетіне барып, ұлдар малдас құрып, қыздар жинақталып, шеңбер жасап отыруға дағдыландырып, балаларға жаңа өнер білім үйретеміз.

«Бесік жыры» балаларға үйрету, жаттату баланың есту қабілетін дамытады, ән-әуенге әсерлендіреді. Бала есейген сайын ән-әуен мазмұны күрделеніп отырады. Мұндағы мақсат ата-ананың болашақ үміті, балаға «Кім болар екен?» деген арман-мүддесін аңғартады.

Ертеңгіліктерде ұлттық ойындар ойнатылады. «Асық ату», «Арқан тарту» ойындарын ұлдар арасында ойнатып, ал «Орамал салмақ», «Бес тас» ұлттық ойындарын қыздар арасында ұйымдастырып, ойнатып отыру керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі осындай ұлттық этномәдениетті үнемі қолдану тәрбие жағынан маңызы өте зор. Бала салт-дәстүрді үйрене отырып, дүниетанымы өседі. Бүгінгі болашақ бүлдіршіндеріміздің Батысқа еліктеп кетпеу үшін, өз мәдениетімізді бойына сіңірте отырып, білім мен тәрбие берсек, ұлтын сүйетін, құрмет тұтатын ұлтжанды қазақ елінің болашақ азаматтары шығатынына мен сенемін. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлерімізбен сусындап, тәрбиеленген ұл-қыздарымыз өздері де ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алады деп біз үміттенеміз.

Қазіргі таңда оқу-тәрбие үрдісінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, балаларлардың мазмұнды, іскерлікке бағытталған іс-әрекеттерінде халықтық педагогиканың идеяларын қолдану жолы басталуда. Өйткені, халық педагогикасы-ықылым жылдар електен өткен тәрбие мәйегі тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық оқыту, тәрбиелік істі демократияландыру, гуманитарландыру әрбір баланы жеке тұлға деп танып- біліп жан-жақты қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.


Әдебиеттер тізімі:

1.Сейсенбаев К. Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 2012,-153б.

2.Рысбекова Ж. 6-7 жасар балаларды мектепте оқуға даярлаудың педагогикалық мәселелері: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 2011.
Аннотация. Идеи народной педагогики имеют свои давние корни. На традициях народной педагогики было воспитано не одно поколение. Сейчас на современном этапе широко в дошкольных учреждениях используются идеи народной педагогики.

Аnnotation. Further theoretical and practical working out of research problem can be offered in discussing the ways of patriotic upbringing vocational training students on the basis of Kazakh ethnopedagogics, forming political points with the aids of Kazakh ethnopedagogics, using aids of Kazakh ethnopedagogics in patriotic upbringing future specialists of elementary.

ӘОЖ 365.12

ҚАЗІРГІ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Л.Н. Ибраимова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын ендіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: « Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар- болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.» -деп, отбасы тәрбиесіне баса назар аударған болатын.

Ұлттық білім беру жүйесін отбасының білім беру үрдісіне қатысуынсыз модернизациялау мүмкін емес. Бүгінгі таңда отбасының жас буынды тәрбиелеуде әлеуметтік міндеті артып отыр. Себебі отбасы жеке тұлғаның қоғаммен өзара әрекетттестігінің негізгі құралы болып табылады.

Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес қоғамның ісі. Себебі қоғамның дамуы оның басына қандай ұрпақ келуіне тікелей байланысты. Осыған байланысты отбасы тәрбиесі мәселесіне басты көңіл бөлу керек. Бұл жағдайда педагог отбасымен серіктестікке дайын болу керек. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, педагог ата-анамен жұмыс жүргізу барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болып отыр. Педагогтардың 98 пайызы өздерінің педагог қызметіндегі ең қиын жұмыстардың бірі ата-анамен жұмыс деп есептейді.Ұрпақ тәрбиесі әр заманда әр халықтың басты міндеттерінің бірі болған.

Отбасы тәрбиесі – өте күрделі. Себебі оған баланың нәсілдік қасиеті, ата – ананың өмірден алған тәжірибесі, материалдық жағдайы, әке – шеше, туыстар арасындағы қатынас, өмір сүріп жатқан орта т.б. көптеген қатынастар әсер етеді.

Осыған орай отбасының алдында кейбір маңызды міндеттер бар. Олар:

- баланың дамып қалыптасуына бар мүмкіншілік жасау;

- әлеуметтік-экономикалық, психологиялық тұрғыда қорғау;

- отбасын сақтау, отбасылық: ата-әже, аға-әпке, жалпы туыстық қатынасқа үйрету;

- еңбекке баулу, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;

- өзін-өзі сыйлау, өзіндік жақсы қасиетті сақтау, өзінің «Тұлға» екенін көрсете білуге тәрбиелеу.

Отбасылық тәрбиенің принциптері:

- баланың жеке басын сыйлау, оны адам қатарында есептеу;

- баланы отбасылық мәселелерге араластыру, қатыстыру, болып жатқан нәрсені жасырмау;

- балаға сенім арту, ашық сөйлесу, пікірлесу;

- балаға қойылатын талап жасына, ерекшелігіне сәйкес болуы;

- болашаққа сеніммен қарау;

- қол жұмсамау;

- өтірік айтпау;

- біреудің құпия сырын біреуге жеткізбеу;

- сенімді ақтау;

- көп сөзді болмау;

- ұлттық қасиеттерді жоғалтпау т.с.с;

Жоғарыда айтылғандармен қатар, біздің ойымызша, қазіргі кездегі Қазақстандық отбасы тәрбиесінің негізгі міндеттері 1-ден, балаларды оқуға үйрету; 2-ден, өмір сүруге үйрету; 3-ден, еңбек етуге және ақша табуға үйрету; 4 қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйрету, 5-ден, заман талабына сай ұлттық дәстүрлерді сақтауға, жалғастыруға үйрету.

Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің табысты болуы ата- аналардың тәжірибесіне, шеберлігіне, мәдениетіне, отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінушілігіне байланысты. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы дағдарыс, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтар, отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, тастанды бала т.б. Осы мәселелерді шешу көкейкесті мәселе болып отыр. Отбасындағы теріс қылықтар мен теріс әрекеттерді тудыратын негізгі факторлар: ата-аналар жағынан үстемдік жағдайлар, балаларының өз бетімен іс-әрекет жасауына жол бермеуі, өз өміріне немесе отбасына байланысты мәселені шешуге қатыстырмау т.б. Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеу бойынша педагогтар мен психологтар отбасы тәрбиесінде кездесетін мынандай сәтсіздіктер мен қиыншылықтарды көрсетеді:



  1. Отбасы мүшелерінің, әсіресе ата-ана арасында бірыңғай талаптың, көзқарастың жоқтығы;

  2. Отбасында балаға назар аударудың тапшылығы;

  3. Отбасында маскүнемдік, неке бұзушылықтың болуы;

  4. Ата-анамен бала арасында егесу;

  5. Әртүрлі жағдайға байланысты баланың теріс қылығы бар адамдардың қарамағына түсуі.

Отбасылық тәрбиенің ең ұтымдысы балаға ата-ананың өздерінің үлгі тұтарлық іс-әрекеттері. Отбасылық тәрбиенің негізі – ата-ана үлгісі

Сонымен қазіргі отбасы тәрбиесіндегі негізгі кемшіліктер:

- баланы бақылаусыз қалдыру, қаңғыбастыққа жіберіп алу. Мұның себептері – ата-ана өзінің күйбең тіршілігімен бала тәрбиесімен айналысуға уақыт таба алмауы, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі;

- немесе баланың ізін бағу – «Қайда болдың, не істедің, бір нәрсені бүлдіріп қойған жоқсың ба?» т.б. Осындай жөнсіз қадағалау баланы не ынжық, не өтірікші, не екі жүзді етіп өсіреді.

- бала ата-ананың еркесі болып өсуі. Ата-ана баланы өзінің патшасындай етіп өсіруі. Оның айтқанының бәрін орындау. Ондай тәрбие алған бала ұжыммен сыйыса алмайды. Ұжым ол еркелікті көтермейді;

- балаға суыққанды болу. Ол өз баласы бола тұра оған өгей баланың кейпін келтіру, немқұрайлы қарау;

- кейбір ата-аналар қол жұмсағанды дұрыс деп біледі. Баланы ұрып-соғып тәрбиелей алмайсың. Таяқты жасынан көп жеген бала үйге тұрақтамайды. Немесе өзі де өсе келе қатігез, біреуді жазалауды дұрыс көреді. Ондай балалардан ата-анаға қарамайтын ұрпақтар пайда болады.

Біз қателіктің тек кейбіреулерін ғана атадық.

Көптеген ғалым-педагогтар отбасының бала тәрбиесін өзінің қарамағынан шығармау, өзіне тәнті етудің бес жағдайын көрсетеді. Яғни төмендегі бес жағдайды ескеріп, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлуін ескертеді.

Бірінші жағдай. Баланың шатақ мінезі.

Баланың шатақ шығаруға бір табан жақындығы. Болар болмас нәрседен ұрыс-керіс туғызып, өзіне ата-ананың, қоршаған ортаның назарын аудару. Ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдамау, шектен тыс шамдану. Қоршаңан ортаға сыйымсыз әрекеттер жасау. Қазақ мұндайда «Аш пәле, аш пәледен қаш пәле». «Осыған тиіспей-ақ қояйық», дейді.

Екінші жағдай. Бұл топтағы балалар: «ата-аналарын басынып алған». Мұндай балалар өне бойы ата-аналарын кінәлі: кешірім сұратып, жалындырып, ата-ананы құрдай жорғалату. Бұл да дұрыс тәрбие емес.

Үшінші жағдай. Бала ата-ананың өзін өне бойы мақтағанын жақсы көреді. «Мақтау сүйетіндер». Баланы өне бойы мақтай беру жараспайды. Ол мұндайда даңдайсып кетеді, өзіне деген сын көзқарас болмайды. Өзіне – өзі дұрыс баға бере алмаған баланың тәрбиесі де оңды болмайды.

Төртінші жағдай. Ата-ананың етегінен шықпайтындар. Мұндай балалардың өз көзқарасы, өзіндік іс-әрекеті болмайды. Ол байлап қойған бұзаудай. Жалтақ болып өседі.

Бесінші жағдай. Бесінші жағдай төртінші жағдайға жақын. Бұл топтағы балалар: «ата-анам басымнан сыйпаса, маңдайымнан сүйсе екен», деп тұрады. Біз мұны «тері арқылы берілетін сүйіспеншілік» дейміз.

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберген кемшіліктерінің себептері бар.

Ең бірінші себеп ата-ананың педагогикалық тұрғыда сауаты мен мәдениетінің жеткіліксіздігі.

Екінші себеп – ата-ананың өздерінің жүріс-тұрыс, іс-әрекет, мінез құлықтарына зер салмауы. Қасында өсіп келе жатқан бала бар екеніне мән бермеуі. Мұнда да екі себеп бар:

- бірінші себеп – балаға еш талап қоймау. Оның тәрбиесімен айналыспау.

- екінші себеп – балаға өте қатаң болу, үйіріліп, назар аударған болып, кісі жоқта баланың бар-жоғына қарамау. Осындай отбасында бала екіжүзді болып өседі.

Ата-ананың педагогикалық тұрғыда сауаты мен мәдениетінің төмендігі:

Біз жоғарыда айтқандай отбасы тәрбиесі бүгінде төмендеп тұр. Оның көптеген себептері бар. Олар:

- халықтың экономикалық жағдайы. Ата-ана күнкөрістің қамымен бала тәрбиесімен айналысуға уақыт таппайды. Олардың бірінші кезекте қоятыны: «қайтсем балаларды ашықтырмаймын?».

- әлеуметтік жағдайдағы мәдениеттің төмендігі. Сенімсіздік, жұмыссыздық, екіжүзділі

- ананың тәрбиеден алшақтауы. Оның ер-азаматтың қызметін орындауы, сауда-саттық, күнкөріс қамын ойлауы. Әйел-ана, табыс табушы, үй жинаушы, аспазшы. Бала тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыты жоқ.

- түрлі әлеуметтік, отбасылық, экономикалық қиындық себептердің нәтижесінен некеге тұрақсыздық пайда болып, бала тәрбиесімен айналысуға уақыт таба алмайды

- бала тәрбиесі анаға жүктелген. Әке бала тәрбиесімен айналыспайды. Ары кеткенде тамақ тауып берумен шектеледі, экономикалық жағынан отбасын қамтамасыз ету

- балалар арасындағы қараусыз қалушылардың өсуі, қаңғыбастықтың шығуы. Оларды мемлекет өз қарамағына алып отыр.

Қарап отырсақ бүгінгі педагогиканың жүгі ауыр болып, аталған проблемаларға нақты жауап беру қиындап тұр.

Осыдан шығудың жолын тек ұстаздардың ерелі еңбектерінен көреміз. Яғни ұстаздар ескі бағыттан арылып, бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарап, ата-аналарға көмектесу. Ол үшін:

- отбасындағы бала тәрбиесіне адами қатынасты беру, жүрек жылуы.

- дін мәдениетін, тарихын бала тәрбиесіне беру,

- тәрбие мәселесінде ата-ана, отбасы, жұртшылық, мектеп ортақ тілге келуі.

Дегенмен өмірдің өзгеруіне педагогика ғылымы ілесе алмай жатыр. Кешегі кеңестік педагогика, бүгінгі қазақстандық педагогика, жалпы дүниежүзілік педагогика – біз осылардың жалпы байланысына ілесе алмай жатқан халіміз бар. Ол тек ғылым емес. Ол өмір тәжірибесі. Бүгінгі жариялық, мемлекеттер арасындағы қарым – қатынас, ашық ақпарат алмасу, интернет т.б. арқасында басқа елдің мәдениет, салт – дәстүр т.б. ұрпақ тәрбиесіне енуде. Оның жақсы және жаман жағын айыра алмай жатқан жағдайымыз бар.

Заман өзгерісіне байланысты отбасы тәрбиесі де өзгеріп отырады.

Бүгінгі отбасы тәрбиесі өзгерді: қазақтың ұлттық тәрбиесі европа тәрбиесімен араласып, кеңестік тәрбиеден айырылып, евроазиялық тәрбие мәдениеті пайда болғандай. Мұның жетістігі мен кемшілігі қатар дамуда.

Отбасы тәрбиесінің жақсы жақтарын дамыту үшін жақсы, тұрақты, мәдениетті отбасын құру керек. Ол баланы жасынан ана, әке, үй болуға тәрбиелеу.

Біз жоғарыда айтқандай заман өзгерісіне байланысты отбасы құрамы, тәрбиесіде өзгереді.

Ерте заманда бір отбасында 2-3 буын ( ата-әже, әке-шеше, бала-шаға) бірге тұратын. Мұны отбасылық академия деп те атайды. Себебі отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тәрбие құралдары бір бағытта жүретін. Бүгінде бұл әдет-ғұрып жаңарып, өзгеріп отыр.

Бүгінде біз демократиялы қоғам құрамыз деп жастарға ерік бердік. Ол оның тәрбиесіне, үй болуына, жас отау құруына, жас отбасы болуына ұласып жатыр. Қоғам өзгергенімен отбасылық тәрбие кейбір өзгерістерімен қалып отыр. Ол балаға жан-жақты білім-тәрбие беру: адамгершілік (имандылық, ізеттілік, әдептілік, қайырымдылық), азаматтық (елжандылық, ұлтжандылық, құқықтық), ақыл-ой, саяси-әлеуметтік, дене, әсемдік, интеллектуалдық, еңбек және сонымен қатар экономикалық, экологиялық, ұл-қыз тәрбиесін беру,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет