Тақырыбы: «Үздік информатик» зияткерлік сайысы



жүктеу 48.87 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі48.87 Kb.
Тақырыбы: «Үздік информатик» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, бір –бірін құрметтеуге тәрбиелеу.



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұзтаздар. Бүгінгі «Үздік» информатик» зияткерлік

сайысына қош келдіңіздер.

Көрермен жиналаған бұл тамашаға.

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талантқа!

Сайысымызға әділ төрелік ететін, әділ – қазы алқаларын сайлап алайық.

1.

2.



3.
Сайыстың жүру барысы: 5 кезеңнен тұрады.

  1. Кезең «Бәйге»

  2. Кезең «Физика, математика және информатика»

  3. Кезең «Таңдау табыс»

  4. Кезең «Полиглот»

  5. Кезең «Жұмабақ шешу»

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.


  1. Кезең «Бәйге» бұл кезеңде 6 сұрақ оқылады. 3 топақада 6 сұрақ ортақ. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

  1. Бұл санау құрылғысын гректер мен Батыс Еуропалықтар “абак” деп, қытайлықтар “суанпан”, деп атаған ал, жапондықтар “серобян” деп атаған? Бұл қандай құрал? (есепшот)

  2. Информатикаға анықтама бер (Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады)

  3. Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы ол Пол Алленмен бірігіп, университет бітірулеріне 2 жыл қалғанда Microsoft деп аталатын фирма ашты. Алғашында ол программа құрып, көп ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. Осылайша “Microsoft империясы” пайда болды. (Билл Гейтс)

  4. Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

  5. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар! (Тышқан)



  1. Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

(Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен..71 мектептің 9 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.)

  1. Кезең «Физика, математика және информатика» 3 пәннен 5 сұрақтан қойылады, 3 топқа ортақ. Әр дұрыс жауап үшін 15 ұпайдан беріледі.

  1. Физика пәннен сұрақтар

  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйгеөтуі (кристалдану, қатаю).

  2. Жылдамдықтың өлшем бірлігі (м/с²)

  3. Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? (Толқын)

  4. Бойымен жарық таралатын сызық ? (Сәуле)

  5. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле (Рентген сәулесі)

  1. Математика пәнінен сұрақтар

  1. 1 квадрат километрде қанша квадрат метр бар? (1000000)

  2. 1 куб дициметрдің басқаша атауын айт (литр)

  3. Аса көрнекті грек математигі болған ол Пи санының 3 ондық бегісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген (Архимед)

  4. Қашықтықты теңізшілер немен өлшейді? (Миля)

  5. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде

  6. дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Пікір)

  1. информатика пәнінен сұрақтар

  1. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау (Пікір)

  2. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)

  3. Windows - та өшірілген құжаттар қайда жіберіледі? (Себетке)

  4. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама (Компьютерлік вирус)

  5. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа (Антивирустық бағдарлама)

  1. Кезең «Таңдау табыс» деп аталады, бұл кезеңде тақырыптар бойынша ұяшықтарды таңдайсыздар, ұяшық нөмеріне сәйкес ұпай аласыздар.

ҒАЛЫМДАР

10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

ТАРИХ

10 – Бұл машинаның жобасын 1833 жылы Чарлз Бэббидж жасаған. Ол ағдарлама



арқылы басқарылады.

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Ақпараттың өлшем бірліктері (1. Бит, 2. Байт).

30 –Адам қабылдайтын ақпарат неше түрге бөлінеді? (1. Таңбалы; 2. Бейнелік.)

ӘР ТҮРЛІ


10 – Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне

ауыстыру пернелері (Alt+Shift )

20 – Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер (Пиксель)

30 – Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (жоқ)



4 кезең. «Полиглот» . Бұл бөлімде суретте бейнеленген ДК құрылғыларын үш тілде жаубын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.

1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.

2. Монитор; Монитор; Screen.

3. Пернетақта; Клавиатура; Keybord

4. Басып шығарғыш; принтер; printer.

5. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.

6. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk

5 кезең. «Жұмбақ шешу» бұл кезеңде жылдыам, тез жауап беру керек, әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.


  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (Кактус)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (Бит)


  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (Меңзер)

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (Мәтіналғы)


  1. Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді. (Басып шығарғыш)

  2. Төрт бұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (Монитор)

Осымен сайысымыз аяқталды, ендігі сөз кезегі әділ – қазы алқаларында.

8-10 сынып оқушыларына белсене қатысқандарыңызға көп рахмет, сайысымыз аяқталды сау болыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет