Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»



жүктеу 1.84 Mb.
бет6/20
Дата15.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Макростар құру»



Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.

Негізгі түсініктер:

Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.

Жаттығу жұмыстары.

1- жаттығу. Word программасында қарапайым макрос құру.

1. Удалить_До_Конца_Строки деп аталатын макросты құру.

1.1.Жаңа құжат құрыңыз. Құжатта келесі 1234567890 сандарын теріңіз де курсорды жолдың басына апарыңыз.

1.2. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады..

1.3. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Удалить_До_Конца_Строки деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступен тұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описание тұсына макрос туралы текст, мысалы: Удаляет текст до конца строки деп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі. Мұның нәтижесі программа терезесінде Остановка записи панелінің пайда болуымен аяқталады. Бұл панель енді макросты жазу басталғанын білдіреді, яғни сіздің орындаған әрбір командаңыз құрып жатырған макросыңызға тіркеліп жазылып жатады.

1.4. Әрі қарай + пернелер комбинациясы басылады. Сол кезде курсор тұрған орыннан бастап жолдың соңына дейінгі текст белгіленеді. пернесі басылады да белгіленген текст жойылады.

1.5. Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл бірінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.

Ескерту: Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.
2-жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..

2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросы командасын орындаңыз.

2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.
3- жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.

3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic ( Вид->Панели инструментов-> Visual Basic командасы арқылы) панелін шығарып аласыз.

3.2. Сервис->Настройка командасы орындалады. Пайда болған терезеден Команды жапсырмасын таңдайсыз. Категории тізімінен Макросы категориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрған Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы Visual Basic панеліне апарасыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.

3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Основной стиль түрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.

3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопки таңдалынады. Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.

3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.


4- жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын пернелер комбинациясына бекіту.

4.1. Сервис->Настройка командасы орындалады. Пайда болған терезеден Клавиатура батырмасына шертіңіз. Категории тізімінен Макросы категориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрған Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп аласыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады. Новое сочетание клавиш тұсына көшіп, ++ пернелерін басыңыз да Назначить батырмасына шертіңіз. Диалогтық терезені жабыңыз.

4.2. Әрі қарай алдыңғы жаттығудағы сияқты, жолды өшіруді ++ пернелер комбинацисы көмегімен орындап көріңіз .

5- жаттығу. Жаңадан Темно_Красный_Цвет деп аталатын макрос құру.

Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:



  • Формат->Шрифт командасы орындалады;

  • Цвет тізімінен қызыл қоңыремно-красный) түс таңдалынады;

  • ОК батырмасы шертіледі.

5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады.

5.2. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступен тұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описание тұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цвет деп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі.

5.3. Әрі қарай Формат->Шрифт командасы орындалады да Цвет тізімінен қызыл қоңыремно-красный) түс таңдалынады, ОК батырмасы шертіледі.

Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл екінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.

5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.


Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

6-кестедан алынады)
1. Жол түрінде берілген тексті курсор тұрған жерден бастап жолдың басына дейін өшіріп тастайтын макрос құрыңыз (Мұнда 1-жаттығудағы сияқты орындалады, өшіру үшін + пернелері қолданылады).

А) Құрған макросыңызды Удаление_До_Начала_Строки деп атаңыз.

Б) Құрылған макросқа қоңырау (Колокольчика) түріндегі батырма тағайындаңыз.

2. « ... » деп аталатын макрос құрыңыз /2-тапсырма/.

3. Құрған макросыңызды саймандар панеліне батырма түрінде орналастырыңыз (Белгінің түрін өзіңіз таңдаңыз).

4.Құрған макросыңызды ... пернелер комбинациясына /4-тапсырма/.

6-кесте


вар.

2- тапсырма

4-тапсырма

1

Кесте_сызу ( өлшемі 4х5)

<Ctrl>+<Shift>+<A>

2

Сурет_салу (жыл мезгілі)

<Ctrl>+<Shift>+<B>

3

Кесте_сызу (өлшемі 8х2)

<Ctrl>+<Shift>+<C>

4

Сурет_салу (ғылым)

<Ctrl>+<Shift>+<D>

5

Кесте_сызу (өлшемі 6х4)

<Ctrl>+<Shift>+<E>

6

Сурет_салу (құрылыс)

<Ctrl>+<Shift>+<F>

7

Кесте_сызу (өлшемі 5х5)

<Ctrl>+<Shift>+<G>

8

Сурет_салу (өсімдік)

<Ctrl>+<Shift>+<K>

5. Жасаған жұмысыңызды оқытушыға көрсетіп болғаннан кейін өзіңіз құрған макростарды жойыңыз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Макрос деген не?

  2. Макросты не үшін қолданады?

  3. Макрос атауында қандай белгіні қолданбайды?

  4. Макросты жазу қалай жүргізіледі?

  5. Макросты программа деп қарастыруға болады ма?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет