Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»



жүктеу 1.84 Mb.
бет20/20
Дата15.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»



Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

  • Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама

(Выборка)



Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту

(Обновление)



Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)



Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою

(Удаление)



Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)



Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)


Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

Сұратулардағы есептеулер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]



Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Сұратуларды жасау және қолдану»

  1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.

а) қарапайым сұрату жасау үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;

  • Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп <ОК> басыңыз;

  • Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

  • в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне тауысады;

  • осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);

  • <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;

  • <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.

б) Сұратуды сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі -Сохранить батырмасын шертіп немесе Файл – Сохранить командасын орындаңыз. Енді сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Пара­метр ретінде оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұратуды Гришин деген оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:

  • Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».

  • Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.

  • <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.

  • Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып немесе Вид Конструктор ко­мандасын орындаңыз;

  • Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды да жазу керек):
    [оқытушы фамилиясын енгіз];

  • Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы басып немесе Запрос Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:



  • Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.

  • Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

  • Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

  • Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

  • Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

  • Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

  • Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.

  • Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.

  • Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.

  1. Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

  2. «Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

  3. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:

  1. «Музыкалық альбом» деректер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.

  2. «Емхана» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  3. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  4. Задайте к базе данных «Компьютерлік салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  5. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.


Бақылау жұмыстары:
1. Сұрату деген не?

2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұратудың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?

5.Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?

зертханалық жұмыс №20

Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»


Мақсаты: Microsoft Access деректер базасының объектілерінің бірі есеп берумен, оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Есеп беру – бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструктор көмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.



Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

  1. Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.

  2. Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

  3. Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный)есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

  4. Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

  5. Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:

  • Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

  • Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

  • Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

  • <ОК> батырмасын басыңыз;

  • Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;

  • <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;

  • «Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

  • Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

  • <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .

2. Өз беттеріңмен Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттер кестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка) түрінде есеп беру жасаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.





Нұсқа №

Тапсырма

1

«Музыкалық альбом»

2

«Емхана»

3

«Сабақ кестесі»

4

«Компьютерлік салон»

5

«Конференцияға қатысушылар»


Бақылау сұрақтары:


  1. Есеп беру дегеніміз не?

  2. Какими способами создаются отчеты?

  3. Автоесепберу (автоотчет) деген не?

  4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

  5. Автоесепберудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?

зертханалық жұмыс №21

Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»


Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:



  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.



HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:


</b><b>Құжат тақырыбы</b><b>

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( / ) болуында. Бұл мысалда тег</b><b>і</b><b> <a href="/saba--24-tairip-web-bettegi-gipersiltemeler.html">WEB-броузер</a></b><b>ге тақырып пішімінің </b> <b>(</b><b>формат</b><b>) қолданғанын, ал </b><b> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы,


(абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:



  • TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

  • Міндетті емес элемент CAPTION – кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

  • TR тегтері – кесте жолдарын спецификациялайды.

  • TH тегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

  • TD тегтері– кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін (бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:







1 0

1

0

0

1


0 1

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.



Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.

Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:



  • Кестенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

  • Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

  • Жақтау (рамка, borders) – кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN мен VALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH– Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML –құжат жасау.


  1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

  2. Құжаттағы алғашқы тег тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына деп теріңіз.


1-сурет. HTML құжат үлгісі



  1. Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

<TITLE> Пример работы

с тегами. Форматирование

TITLE>
HEAD>

  1. Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:



мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны – сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.

  1. Ары қарай тағы да теріңіз:

Это заголовок первого уровня



Это заголовок второго уровня

Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.



  1. Енді нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасауды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

    Это пример пронумерованного списка

  1. Первый элемент

  2. Второй элемент

  3. Третий элемент



    Это пример непронумерованного списка

  • Первый элемент

  • Второй элемент

  • Третий элемент



  1. Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

Это курсив

Это жирный шрифт

Это подчеркнутый текст

Это верхний индекс

Это нижний индекс индекс


Это начало нового абзаца.


Это большой шрифт

Это маленький шрифт

Это перечеркнутый шрифт

  1. Келесі жолға

    деп теріңіз. Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter » клавишасын басқанды білдіреді).



  2. Келесі жолға теріңіз: ЭТО БЕГУЩАЯ СТРОКА. Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.

  3. HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан тегін жабу керек , ол үшін

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет