Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері. 1 ОжсөЖ мазмұны



жүктеу 1.58 Mb.
бет4/8
Дата05.03.2017
өлшемі1.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

7 дәріс мазмұны

  1. Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама

  2. Жоғары кәсіби білім беруде жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру ерекшелігі.

  3. Оқытуды интенсивтендіру туралы түсінік.

  4. Мәселелі оқыту.

1.Оқыту принциптерінің анықталуы.

Принцип (латын сөзі principium – негіз) – бұл оқыту мен тәрбие процесін басқарушы ережелер.

пдегаогикада оқыту принциптері тәрбиенің мақсаты мен міндеттері арқылы белгіленеді.

Прициптері:

1. Оқытудың ғылымилығы және қол жетерлік деңгейі.

2.Оқытудың жүйелелігі, бірізділігі және практикамен байланысы.

3.Сананлылық және белсенділік принципі.

4.Нақытылық пен абстрактіліктің бірлігі принципі.

5.Тарихи сиаптты приципі.

6. Педагогика ғылымның жетістіктерін, озат тәжірибені педагогика курсының мазмұнына енгізу принципі.

7.Педагогиканың мектеп және оқу-тәрбие ұйымдарының практикасымен байланысы.

8. Тәрбиенің теориясы мен практикасын шығармашылықпен қолдану принципі.

3. Оқытуды интенсивтендіру жоғары мектеп педагогикасының ең бір ашық мәселесі болып отыр. Ғылыми ақпараттардың өсуіне ақпараттық жарылыстармен қазіргі темптер жатады, яғни студенттерді оқыту барысында біреуі қажет, туындаған жағдайлардан оқытушылардың шығу жолын іздеуді және жаңа педагогикалық қабылдауларды тоқтатады. Осы мысалдардың ішінен оқу әрекетін интенсивтендіру болып табылады.

Оқытуды интенсивтендіру – бұл оқу ақпаратының өте үлкен көлемі өзгеріссіз оқытудың жалғасуы білім сапасына талаптардың алмасуы болады.

Оқытуды сәтті интенсивтендіру үрдісі танымдық үрдістермен басқарылатын ғылыми негізгі бағыттағы әдістерді қолдануда жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын мобилизациялауда шығарылынады.

Оқытудың темпін көтеру жүзеге асыру жолымен қол жеткізуге болады:



  • оқу материалының мазмұны:

  • оқытудың әдістері.

Оқу тәртібінің мазмұнын оптимилизациялау праметірлерін қарастырамыз.Оның жүзеге асуы мынадай минимумдарды көрсетеді:

  • оқу материалын национальді түрде іріктеу, одан негізгі және қосымша базалық бөліктерін іріктеу болады, қосымша ақпараттарды осыған байланысты негізгі қосымша әдебиеттерді бөлуі қажет.

  • Оқу материалын уақыт бойынша бөлуде тенденциялар білім басында жаңа оқу материалында мазмұндалады, яғни оқушылардың қабылдауы белсенді болғанда:

  • Аудиториялық сабақтың концентрациясы курстың бас кезеңінде меңгеріледі, яғни бұл өзіндік жұмыстың жемісіне қажетті болады:

  • Таным үрдісі сызықтық жолмен емес, ол спиральді принциппен дамиды:

  • Ғылымның жаңа логикалық қабылдауларды меңгертуі және меңгерген ақпараттардыда өткізуге арналған жаңа материалдарды ды белсенді пайдалану:

  • Оқу уақытының әр бір минутын экономикалық және оптимальді пайдалану.

Оқу әдістерінің жүзеге асуы келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:

  • таным әрекетінде ұжымдық түрлерді кең пайдалану:

  • студенттерді ұжымдық оқыту әрекетінде мұғалімдерден басқарудағы ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру:

  • мәселелік оқытудың әр түрлі түрлері мен элементтерін қолдану:

  • оқушының шығармашылық ойлауын мобилизацялайтын педагогикалық қарым – қатынастардағы дағдыларды жүзеге асыру:

  • студенттік топтар мен жұмыстануда жекелеп оқытумен қарым – қатынас түрлерін таңдауда жеке баспаларда мінездемелерін есептеу:

  • оқытудың нәтижесіне ұмтылу және олардың жеке қабілеттерімен білім деңгейлеріне тәуелсіз таным үрдісінде оқушылардың барлығын тең қолдау жатады:

  • әлуеметтік және педагогикалық – психология аймақтарында ғылыми мәліметтерді жаңадан үйрету және пайдалану:

  • қазіргі заманға аудиовизуальді заттарды қолдану, ал қажеттілігі бойынша ақпараттық оқытуды қолдану керек.

Оқу әдісін белсендендіруде интенсивтендіріп оқыту ең бір перспективті деп атауға болады. Интенсивтендіру үрдістері жеке психологиялық өзара әрекетке және оқу әрекетіндегі ұжымдық – психологиялық ұғымдарды базмс дейді.

2. Жоғарғы оқу орнындағы мәселелік оқыту.

2.Қазіргі білім берудегі ең басты тапсырма мамандардың әлемді шығармашылықты түрде меңгеру әдістемесімен көрінуі. Шығармашылық үрдісі өзіне жаңаны ашады, жаңа объектілердің, жаңа білімдерді, жаңа мәселелер жаңа әдістермен шешімдерді қосады. Мәсклелік оқытуда шығармашылық үрдіс сияқты ғылыми – оқу тапсырмаларының стандартты емес әдістерімен оқытуда көрінеді. Егер де дайындық тапсырмалары қатысушыларға білімді бекіту үшін оның дағдыларын өңдеуді ұсынса, ал мәселелік тапсырмалар әрдайым жаңа шешімдер іздеуді талап етеді.

Дидактикалық логика категориясы сияқты, мәселе үрдісін зерттеуде объектіні танудағы дидактикалық мәселені көрсетеді.

Психологиялық категория сияқты, объектінің де , субъектінің де , танылуында қарама – қайшылығын көрсетеді. Баяғы сол бір мәселе әрбір адамдармен әр түрлі топ болып қабылдануы мүмкін. Ол мәселелік тапсырма ретінде басында мәселе мәні және оның шешілу кезеңдері құрылуы мүмкін.

Стандартты емес тапсырмаларды шешу мәселелік оқытуға жатуы мүмкін, оған енуде қатысушы жаңа білімді немесе дағдыларды меңгертеміз.

Студенттерді кәсіптік ойлауға құрастыру – шығармашылық мәселелі жағдайды шығару мәні жатыр.

Жоғарғы оқу орындарында дайындық маманды шығармашылық қабілетін құруда қажетболады:



  • мәселені өз бетімен көру және оны құру:

  • болжамды дайындау:

  • мәліметтерді жинап оны талдау керек, әдістемені ұсынып, өңдеу керек:

  • алынған тәжірибиелерді тәжірибиеде қолдануда нәтижесін құруда қабілетті:

  • мәселені түгелдей көру қабілеті, ол ұжымда жұмыста мәселені шешудегі жеке қатысуын анықтау:

Мәселелі оқытудың элементтері ежелден өз орнын иеленген, сондықтан қайта өрлеу дәуірінде болды. Бұл Сократты эвристикалық әңгімелесуі, Г Голилейдың әңгімелерімен диалогтары жатады. Ж.Ж.Руссо педагогикасы арнайы ғасырдағы мәселелік диалогтар жаныры болды. Отандық педагогика тарихында материалдық мәселелердің мазмұнын қабылдауға К.А.Тимирязеваның дәрістерін жатқызуға болады.

Тәжірибиеде мәселелік жағдайларды оқу стихиялық түрде туды. Бұл шындықты іздеуде интелектуалды қиындықты шарттайды яғни стандартты емес тапсырмаларды шешуде студенттер жиі кездеседі.

Оқу материалын мәселелік нәтижелеу мәні мынадан тұрады, яғни оқытушы білімді дайын түрде бермейді, алайда қатысушыларға мәселелік тапсырма қояды, олардың шешу жолдарын оятады. Мәселе өзі жаңа біліммен әрекет тәсілдеріне жол ашады.

Дәстүрлі педагогикалық стратегия бойынша – студенттер өз бетінше біліммен дағдыны ғылыми ізденіспен таппайды, себебі оларға дайын нәтижені үйрену болғасын.

Мәселелік әдістердің авторлары маңызды мәнді білімнен мәселеге, мәселеден білімге стратегиялық көп мән береді. Мысал ретінде дәріс жоспарының екі нұсқасан келтіруге болады, жалпы физика курстсрындағы жылулықты оқығанда дәстүрлі және мәселелі дәріс беріледі.

Дәстүрлік оқытуда түрткілерді оятатын екі топ қалыптасқан:

1 – түрткілердің қатыссыз оянуы. Ол студенттерде мұғалғмнің педагогикаық шеберлігінен туады, осы берілген пәнге қызығушылық қалыптасады. Бұл танымдақ жоспарға қызығыушылықты көрсетеді.

2- түрткілерді перспективті ояту.

Оқытудың белсенді бөлігіндегі мәселелік оқытуда жаңа түрткі топтары пайда болады.

3 – түрткілердің танымдық оятылуы шындықты білімді іздеу.

Оқуға деген қызығушылық мәселемен байланысып ақыл – ой еңбек үрдісінде дамиды, тақырып мәселесі мен топтық тапсырмаларды шешуде үнемі ізденісті қажет етеді. Осындай негізде ішкі қызығушылық туады. Герценнің сөздерімен білімнің эмбриологиялары болып табылады.

Мәселелік оқытуға пәндік мазмұндық мінездеме беріледі.



  • оқытушының оқушымен біріккен қарама – қайшылықтары болады.

  • Мәселелерді шешудегі танымал тәсілдердің жоқтығы

  • Мәліметпен теориалық модельдердің жоқтығы

Мәселелік жағдайды талдау негізінде мәселеләк тақырып туады. Мәселелік тапсырмаға мынадай сұрақтар қатысады. Бұл қарама – қайшылықты қалай шешуге болады. Бұл немен түсіндіріледі.

Мәселелік әдіс келесі қадамдармен болады: Мәселеләк жағдай → мәселелік тапсырма → шешімді іздеудегі модельшешім.

Мәселенің талаптары 3 жүйемен болады.


  • жаңа білімді меңгерудегі үрдісте басты звено болады.

  • меңгеруге сәтті жағдайды қамтамасыз етеді.

  • Оқу нәтиже деңгейін бақылау көрсетеді.

Мәселелік оқудың сәттілігі бойінша тәжірибие зерттеуінше үш негізгі шарт көрсетілген.

  • мәселе мазмұнына нақты мотивацияры қамтамасыз ету.

  • Мәселенің әр бір кезеңінде болған жұмыстың орналасуын қамтамасыз ету.

  • Оқудағы мәселені шешуде ақпараттық маңыздылығы.

Мәселелік оқытудың негізгі функциялары:

  • студенттің білім жүйесін ойлау және тәжірибиелік қызмет әдістерін үйрету.

  • Студенттердің интеллектуалды өзіндік шығармашылық қабілетінің дамуы.

  • Жан – жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Мәселелік оқытудың жақсы жақтары:

  • студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттыру.

  • Оқу еңбегіне қызығушылықтарын арттыру.

Мәселелік оқытудың кемшілікткрі:

  • оқу танымдық іс - әрекетін басқаруға ықпал ету.

  • Мақсатқа жетуге көп уақыт жұмсау.

Сонымен мәселелі оқыту ерекшелігі студенттерге дайын білім бермей, одан мәселені ізденіс арқылы шешуді талап етеді.
8 дәріс мазмұны:

  1. Форма, оқыту формасы,

  2. Әдіс, оқыту әдісі, тәсіл ұғымдар.

  3. Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы.

  4. Семинар, практикалық және лабороториялық сабақтың ерекшелігі.

Форма (латын сөзі forma – сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі дегенді береді) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бенеленуі.

Білім берудің теориясы мен практикасында көптеген формалар жинақталған.

Ең ежелгі форма – жеке. Ежелгі заманда мұғалім бір оқушымен жеке айналысқан. Қоғам қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты жекелей-топтық формасы пайда болды. Жекелей-топтық форманың дамуының көрінісі ретінде класс-сабақ жүйесі енгізілді.

АҚШ-та Дальтон-план формасы кең таралды. Оқу сабақтары жекеше арнайы тапсырмалар бойынша кітапханада жүргізілді.

Бригадалық-лабораториялық әдісте оқушылар бирагадаға не топқа бөлінеді. Мұғалімдер оларға тапсырма береді. Мұғалім алдымен кіріспе сабақ өткізіп, содан соң бригадалар өз бетімен жұмыстанады. Оны орындау барысында оқушылар кеңес алуларына болады.

Жобалар әдісі – оқушылар мұғалімнің басқаруымен белгілі бір жобаны белгілеп, осы жобаның айналасында танымдық қызметін орындайды.

Бұл әдістердің барлығының кемшіліктері болады, сондықтан олар әрі қарай дамытылмады.

Трамп жоспары – бұл оқу жұмысының үш формасын: жеке, топтық және бұқаралықты біріктіреді. Бұл форма негізінен жеке мектептерде қолданылады. Оқу уақытының 40%-і бұқаралық, 20%-і – топтық, 40%-і – жеке. Бұл мектептерде арнайы лекциялық аудиториялар, топтың сабақтарға арналған кабинеттер, жеке жұмыс студиялары болады.

Кеңес мектептерінде көбінесе сабақ формасы кең таралған.

Педагогика сабақтары ... Олар қандай болуы тиіс? Олар бастапқы және келесі оқу кезеңдерінде ұйымдастырылуы және әдістемесі жағынан әртүрлі болуы керек. Кіші курстарда оның құрылымы оқыту, үйрету сипатында болып, кейінірек оларды кітаппен жұмыстануға, қосымша әдебиет қарауға, педагогикалық ойлауға, өз пікірін қорғай білуге үйрететін тапсырмалар берген жөн.

Педагогика пәнін оқыту әдістемесінде көбінесе оқу материалын жүйелі түрде баяндау (әңгіме, түсіндіру, әңгімелеу), түрлі жаттығулар, өздік жұмыс қолданылады. Педагогиканың негізгі ұғымдары түсіндіру жолымен беріледі.

Тәжірибелі оқытушылар сабаққа әдебиетпен жұмыстануды көптеп енгізеді:деректі құжаттар, педагогика классиктерінің еңбектері, көркем әдебиет, баспасөз басылымдары әдебиет түрлі формаларда енгізілуі мүмкін: цитата, үзінді, бейнелеу, зерттеу жайында әңгіме-баяндау, мақала. Оларды көрсету формасы да әртүрлі: плакат, оқу және түсіндірмелі оқу, баяндама, түсінгенін айту, рольдік оқу, тақырыптық жинақтар.

Студенттерді әдебиетті оқуға баулу олардың өздік жұмысын ұйымдастырудың негізгі құралы. Педагогиканы оқытушылар оқылған материал жазуға, жоспар мен тезистер құруға, реферат жасауға, практикалық сабақтарда рефератпен қалай жұмыс жасау керектігімен, оның бір фрагментін жазумен, жазбаларын талдаумен таныстырады. Ең алғаш шолу ерфераттары тапсырылады. Сонымен қатар, педагогика сабақтарын да біртұтас педагогикалық процесті бақылау жүргізіледі. Осыған байланысты студенттерге бақылауды қалай жүргізу керектігін, бақылау күнделігін жүргізуді, педагогикалық мінездеме жазуды практикалық сабақтарда үйреткен жөн.

Соңғы кезде педагогикалық сабақтарында педагогикалық ситуацияларды таңдау, түрлі жаттығуларды орындау қолданылады.



ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар

ЖОО-да оқу процесінде практикалық сабақтар (ПС) өткізіледі. Олардың қызхметі – пәнді терең зерттеу. Олардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, лабораториялық (зертханалық) сабақтар, семинар сабақтары, практикумдар.

ПС студенттердің практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда ерекше орынға ие.

ПС-дың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бөлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой және сөзді дамытады, студенттердің білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады.

ПС-дың жоспары дәріс курсының жалпы идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. ПС-дың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Дәріс жэәне ПС аралығында студенттердің өздік жұмысы жоспарланады.

ПС-дың құрылымы көбінесе бәріне ортақ:



  • оқытушының кіріспе сөзі;

  • белгісіз, анық емес материал бойынша студенттердің сұрақтарына жауап беру;

  • практикалық бөлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.);

  • оқытушының қорытынды сөзі.

Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Студенттер өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс.

2.1. Семинар сабақтары

Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. "Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған.

Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:



  • кәсіби шығармашылық ойды дамыту;

  • танымдық мотивация;

  • оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:

а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру;

ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;

б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру. Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:

- білімді қайталау және бекіту;

- бақылау;

- педагогикалық қарым-қатынас.

Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.

Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста өткізілетін сабақ. Мақсаты – студенттерді өздік жұмыстың спецификасымен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші курс студенттері ақпарат көздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен өңдеуге ерекше назар аударған жөн. Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі. Жоғары мектепте семинарлардың үш типі қолданылады:

1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.

2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.

3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.

Семинар сабақтарының формалары: а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме; б) студенттердің шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады.



Арнайы семинар.

Жоғары курстардағы семинар студенттерді арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми пролема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми мектептің сипатына иеленеді, студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді. Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:



  1. курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;

  2. түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар. Оларды әрбір студенттің қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жөн.

2.2. Семинар – қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы. Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы төмендегідей (топтық форма):

Сызба 5.1.

Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Кемшіліктері:


  1. Жауап беретін студент жеке білімін көрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.

  2. Ынтымақтастық пен өзара көмек жоқ. Жауап беріп тұрған студентке көмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.

  3. Оқу әрекетіне студенттердің тұлғалық қатысуы жоқ.

  4. Студенттердің интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.

  5. Оқытушы мен студент арасындағы қашықтық қарым-қатынасқа, өзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.

  6. Студенттерге үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.

Семинарды ұйымдастыру формасы студенттерді енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дөңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді:


Сызба 5.2.

Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір студенттің интеллектуалдық белсенділікке хұқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста студент белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе, пікірталас-семинарда толцық сақталады. Пікірталас-семинар – курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең өзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында өз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін студенттердің дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет. Студенттерді қарым-қатынас және өзара әрекеттесу мәдениеті үйрету өте маңызды. Пікірталас-семинардың бөлігі ретінде «миға шабуыл», «іскерлік ойын» әдістерінің элементтерін қолдануға болады. Бірінші жағдайда семинарға қатысушылар мүмкіндігінше көп идеяларды ешқандай сынсыз ұсынады, содан кейін оның ішінен ең маңыздылары таңдалып, талқыланады, шешіледі. Екінші әдісте семинар рольдік құралдар көмегімен ұйымдастырылады. Бұнда жүргізуші, қарыслас, сыншы, логик, психолог, сарапшы, және т.б. рольдерді материалдың мазмұнына байланысты ажыратуға болады.

Пікірталас-семинарды жүргізуші пікрталасға жетекшілік жасайды, уақытты бақылайды, айтылатын баяндамалардың дәйектілігін, орындылығын тексеріп отырады.

Қарсылас немесе сыншы оппозиция ролін атқарады, яғни баяндамашы позициясының осал, таласты тұстарын немесе қателерін тауып, проблеманы шешудің басқа жолдарын ұсынады.

Логик баяндамашы және қарсыластың сөздерінен қарама-қайшылықтар мен логикалық қателерді анықтайды, ұғымдарды нақтылайды, талдайды.

Психолог талқылаудың нәтижелілігін, әдептілігін талқылайды, диалогережелерінің сақталуын бақылайды.

Сарапшы пікірталастың нәтижелілігін бағалайды, қатысушылардың қарым-қатынастарына сипаттама береді, пікірталасқа қатысушылардың қосқан жеке үлестері жөнінде пікір айтады.

Бұл семинарда оқытушының ролі ерекше:

1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу.

2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.

3. Студенттердің ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.

4. Студенттерді таңдап алған рольдеріне даярлау.

5. Семинар жұмысын басқару.

6. Пікірталасты жалпы қорытындылау.

Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын семинар-зерттеу. Семинар басында студенттер оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемді сұрақтар тізімін алады. 5-15 минут ішінде студенттер пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады. Топша баяндама оқушыны белгілейді. Басқа студенттер оқытушы не басқа топтың студенттері қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, студенттердің жұмысын бағалайды.

Семинар сабағын бағалау критерийлері:

Мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.

Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.

Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.

Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.

«Студент-оқытушы» қарым-қатынастары: құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.

Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет