Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері. 1 ОжсөЖ мазмұны



жүктеу 1.58 Mb.
бет3/8
Дата05.03.2017
өлшемі1.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріске қандай талаптар қойылады?

Талаптар: дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық және ақпараттық деңгей (қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі), дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың, фактілердің, негіздемелердің, құжаттардың және ғылыми дәлелдердің жеткілікті мөлшерде болуы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендендіру, ой-толғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң құрылымы және қисыны; әдістемелік өңделуі – негізгі ойларды және қағидаларды көрсету, қорытындылардың астын сызу, қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау; қол жетерлік деңгейде және анық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану. Аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізін құрайды.
Дәрістің құрылымы

Дәрістер бір-бірінен құрылымы бойынша ажыратылады. Ол берілетін материалдың мазмұнына және сипатына тәуелді. Бірақ кез-келген дәріс түріне ортақ жалпы құрылымдық негіз бар. Бұл ең алдымен дәрістің жоспарын беру және сол жоспарды қатаң сақтау. Жоспарда дәрістің басты сұрақтарының атаулары беріледі. Олар кейін емтихан сұрақтарын жасақтауда пайдаланылады.



Алдыңғы өткен дәрістің мазмұнын еске түсірген пайдалы, оны жаңа материалмен байланыстырып, жалпы курс, пән құрылымында оның орнын және маңызын анықтау қажет. Тақырыпты ашуда индуктивті әдісті қолдану ұсынылады: ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мысалдар, фактілер; сонымен бірге дедуктивті әдісті де қолдануға болады: жалпы қағидаларды түсіндіріп, оларды нақты мысалдар негізінде көрсету. Талданатын әрбір қағида бойынша қорытынды жасалу керек, оларды интонациямен және қайталаумен айқындаған жөн. Дәріс соңында жалпы қорытынды жасау керек. ЖОО-дағы дәстүрлі дәріс ақпараттық болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу дәрісі.

Кіріспе дәріс. Ол студенттерді курстың мақсат-міндеттерімен, оның оқу пәндері жүйесіндегі орны және маңызымен таныстырады. Әрі қарай курсқа жалпы шолу жасалады (аталған ғылымының даму кезеңдері, белгілі ғалымдарының есімдері). Бұндай дәрісте ғылыми проблемалар қойылады, гипотезалар ұсынылады, ғылымның даму перспективалары және оның практикадағы маңызы белгіленеді. Кіріспе дәрісте теориялық материалды мамандардың болашақ жұмыс практикасымен байланыстырған жөн. Содан кейін курс бойынша жұмыс жасаудың жалпы әдістемесімен таныстырып, оқулықтар және оқу құралдарына сипаттама береді, міндетті әдебиеттер тізімімен, емтиханда қойылатын талаптармен таныстырады.

Шолу-қайталау дәрісі тараудың немесе курстың соңында оқылады. Онда сол тараудың не курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық қағидалар қарастырылады. Бұл курстың квинтэссенциясы.

Шолу дәрісі. Бұл қысқаша конспект емес, білімді жоғарырақ деңгейде жүйелеуге бағытталған. Бұнда емтиханның күрделі сұрақтары да қарастырылады.

Дәрісті оыған кезде оқытушы студенттердің конспект жазатындығын естен шығармаған жөн.



Конспект мұқият тыңдауға, жазу барысында жақсы есте сақтауға көмектеседі, семинар сабақтарына, емтиханға даярлық барысында негізгі материалдың болуын қамтамасыз етеді. Дәріс оқушының міндеті – студенттерге ұғына отырып конспект жазуға мүмкіндік беру. Тыңдауға, ұғынуға, өңдеуге, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру. Бұл үшін оқытушы студенттерге көмектесуі қажет. Бұны аудиторияның реакциясынан көріп отыруға болады. Конспект жазуға қандай құралдар көмектеседі? Бұл дәріс материалын акцентпен айқындай отырып баяндау, яғни ең маңызды, мәнді ақпаратты дауыс жылдамдығымен, дауыспен, интонациямен, қайталаумен ерекшелеу, үзілістерді пайдалану, тақтаға жазу, иллюстрациялық материалды көрсету, сабақтың тәртібін қатаң сақтау.

Студенттерге конспект жазу әдістемесін, жазбаларды дұрыс графикалық орналастыруға және рәсімдеуге үйреткен пайдалы: азат жолдарды белгілеу, негізгі ойлардың, тірек сөздердің астын сызу, қорытындыларды қоршауға алу, түрлі түсті қалам мен маркерлерді пайдалану.

Дәріс оқушының өнері студенттердің дәріс барысында жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Дәрістің мазмұны, құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдану – бұның бәрі ақыл-ойды және жұмыс жасау қабілетін белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады, студенттердің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік дағдыларын тәрбиелейді, пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.

Дәріс сапасын бағалау.

Сапаны бағалаудағы негізгі критерийлер: мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына жетекшілік ету, дәріс оқушыға тән сапалар, дәрістің нәтижелілігі. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.

Дәрістің мазмұны: ғылымилық, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанымдық жағы, әдістемелік сұрақтардың болуы, оларды дұрыс түсіндіру. Ақыл-ойды проблемді сұрақтарды қою арқылы белсендендіру және оларды дәріс барысында шешу. Сұрақтың тарихына шолу, түрлі тұжырымдамаларды көрсету, оның практикамен байланысы. Дәріс және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндалды ма? оқулықтың мазмұны қайта айтылды ма? ерекше күрделі сұрақтар түсіндіріле ме? өз бетімен жұмыстану үшін оқулық бойынша тапсырма беріле ме. Өткен және алдыңғы материалмен байланысы, пәнаралық, пәнішілік байланыс.

Дәрісті оқу әдістемесі: дәрістің қатаң құрылымы және баяндау қисыны. Жоспардың болуы-болмауы, оны сақтау. Дәріске байланысты әдебиеттер тізімін беру (қашан беріледі, әдебиеттің градациясы). Жаңа терминдер мен ұғымдардың қол жетерлік деңгейі және түсіндірілуі. Дәлелділік және дәйектілік. Басты ойларды көрсету және қорытындылар жасау.

Бекіту тәсілдерін қолдануы: қайталау, зейінді, меңгеру деңгейін тексеру сұрақтары; сұрақ соңында, дәріс соңында қорытындылар жасау. Көрнекі құралдарды, ОТҚ пайдалану. Дәріс оқушының тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, бөлек жазбалар, тірек материалынсыз оқу.



Студенттердің жұмысына жетекшілік жасау: конспект жазуды талап ету және оның орындалуын бақылауы. Студенттерге жазу әдістемесін үйретуі және көмек беруі: жылдамдық, жай жылдамдық, қайталау, үзіліс жасауы, графиктерді сызу.

Конспектілерді тексеруі: дәріс барысында, дәрістен соң, семинар және практикалық сабақтарда.

Зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдануы: риторикалық сұрақтар, әзіл, шешен сөйлеу тәсілдері.

Сұрақ қоюға рұқсат беруі (қашан және қандай формада).



Дәріс оқушыға тән сапалар: пәндік білімі, эмоционалдығы, дауыс ырғағы, дикциясы, шешен сөйлеу шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, сыртық түрі, байланыс орнату іскерлігі.

Дәрістің нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік жағы, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
ЖОО-нда дәріс формасының дамуы

Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты, жеке адамға бағытталуы, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Олар: проблемді дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәріс-визуализация, пресс-конференция-дәріс.

Ақпараттық дәрісте дайын ақпарат хабарланса, проблемді дәрісте жаңа білім белгісіз нәрсе ретінде ұсынылып, оны «ашу» қажеттілігі туындайды. Оқытушының міндеті – проблемді ситуацияны тудыра отырып, студенттерді сол проблеманы біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал проблемді міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарама-қайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім табады. Осылайша, студенттердің таным процесі бұл жағдайда іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады. Басты шарт – дәріс материалын, оның мазмұнын таңдау және өңдеу барысында проблемдік ұстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың диалогтық формасы қолданылады. Проблемді дәріс арқылы теориялық ойдың дамуы, пәннің мазмұнына танымдық қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.

Дәріс-визуализация көрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл дәріс визуальды формаға өзгертілген ауызша ақпарат болып табылады. Бұнда оқытушы мазмұндық ақпарат беретін демонстрацилау материалдарын, көрнекіліктер (слайдтар, пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:


  • бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз етуі керек;

  • жаңа ақпараттың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек;

  • проблемді ситуацияларды тудыру және шешуді қамтамасыз етуі керек;

  • көрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек.

Оқу материалына байланысты көрнекілік түрлері: табиғи (минералдар, реактивтер, машиналардың бөлшектері), бейнелі (слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).

Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық қисыны және жылдамдығы, оның мөлшері, оқытушының аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және дәрісті оқу процесін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жөн:

- аудиторияның даярлық және білімділік деңгейлерін;

- кәсіби бағытталуын;

- нақты тақырыптың ерекшеліктерін.

Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.).



Екі адам оқитын дәріс – бұл екі оқытушының диалогы барысында материалды проблемді жолмен ұсынудың түрі. Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы көрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің өкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы) модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу мәдениетін көрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді қатысуға, өз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей болуы керек. Артықшылықтары:

  • диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім өзектілікке иеленеді;

  • проблемді ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі белгіленеді және т.б.;

  • екі ақпарат көзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға, таңдау жасауға, өз көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында көрнекі түсінігі қалыптасады;

  • педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы танылады.

Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға, сарапшы, сыншы рольдерінде сөз сөйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де, оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу барысында қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді талдауға 10-15 минут уақыт бөлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау, диагностикалық міндеттерді атқарады.

Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін оқытушы студенттерге тақырып бойынша жазбаша түрде өзіне сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5 минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады. Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады. Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл дәрісті мына жағдайларда өткізген қолайлы: тақырыптың басында топтың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген білімнің даму перспективасын анықтау үшін.
6 дәріс мазмұны:

Тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.

  1. Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.

  2. Оқытудың инновациялық технологиясы.

Оқыту технологиясы жоғары мектепте оқу үрдiсiне қажеттi әдiс, тәсiл, амал, дидактикалық талап секiлдi психологиялық iс-әрекеттердiң жүйелi кешенi ретiнде пайдаланылады. Ол студенттердің тәртiбiне, оқуға ынтасына, оқу iс-әрекетiне игi әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, оқытушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қызметi болып табылатын педагогикалық iс-тәжiрибенiң нәтижелiгiне, жинақтылығына ұтымды әсер ететiндей оқу-тәрбие үрдісiнiң басты күре тамырының ролiн атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісiнiң шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесiмдiлiгi оқыту мен тәрбиенiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жанды құрамдас бөлiгi (компонентi). Бiр технологияның өзi әртүрлi атқарушылардың шеберлiгiне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкiн. Білім берудегі кез-келген инновациялық технология қалыптасқан ресми қалыптардан шығып және балама ретінде бағаланды, ал жаңашыл-ұстаздар 80-жылдардың аяғына дейін қудаланды. Нәтижесінде жаңаның бәрі балама ретінде ұсынылды. Оның негігі міндеті – дәстүрлі тұрғымен күресу және жеңу. Ол сында, бұзуда күшті және таратуда сенімсіз, сондықтан да «жүйеге қарсылық» қалаудан босады. Сондықтан да балама білім беру көпнұсқалы білім берудің дамуында жетілу кезеңінде болды. Қазiргi кезде әдебиеттерден қазiргi заманғы бiлiм берудiң даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендiгi мәлiм /107/.

Сонымен бiрге, кез-келген педагогикалық технология негiзгi әдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы керек. Әдіснамалық талаптар:


1. Концептуалдық негiзiнiң болуы. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамаға негiзделуi тиiс.

2. Жүйелiлiгi. Педагогикалық жүйенiң барлық бөлiктерiнiң логикалық байланыста болуы шарт.

3. Басқаруға ыңғайлығы. Диагностикалы байқау жасауға, жоспарлауға, нәтиженi өңдеу, өзгерiс енгiзу мақсатында әдiс-тәсілдердi кезектеп пайдалану мүмкiншілігі болуы керек.

4. Тиiмдiлiгi. Білiм беру стандартын қанағаттандыруы тиiс.

5. Қайталата жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкiндiктiң болуы.

Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады: педагогикалық қарым-қатынасын демократиялық және iзгiлiк негiзiнде құру педагогикалық технологиясы: ынтымақтастық педагогикасы; iзгiлiктi-тұлғалы оқыту технологиясы; адамгершiлiктi қалыптастыруға негiзделген әдебиеттi оқыту жүйесi (Е.Н. Ильин).

Инновациялық технологияны қолдану төмендегiдей кезеңдер арқылы iске асады: оқып үйрену; меңгеру; өмiрге ендiру; дамыту. Инновациялық технологиямен жұмыс iстеу үшiн төмендегiдей алғы шарттар қажет: оқу үрдiсiнде интерактивтендіруді жаппай қолға алу; сабақ үрдісінің ғылыми-әдiстемелiк, оқыту әдiстемелiк, ұйымдастырушылық себептерiне үнемi талдау жасап, назарда ұстау; білім мазмұнын зерттеп бiлу, пәндiк білiм стандартымен жете танысу, бiлiмдi деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге бiлімдi мемлекеттiк стандарт деңгейiнде игертуге қол жеткiзу; оқыту үрдiсiн iзгiлендiру мен демократияландыруды үнемi басшылыққа алу /101/. Өйткенi оқыту тәрбиенiң негiзi. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екi түрлi мағынада қарауға болады. Бiрiншiсi жоғары мектепте арнайы пәндердi оқыту. Екiншiсi - өмiрде оқыту, өмiрге үйрету. Сондықтан жоғары оқу орнының оқытушыларынан бұл мәселенi жан-жақты үрдiс ретiнде қабылдауын және инновациялы технологияны пайдалануға ықпал ететiн көптеген шартты жағдайларды танып бiлуi талап етiледi. Зерттеуiмiздiң ғылыми болжамына сәйкес ЖОО студенттерін кәсіби даярлауға оқытудың инновциялық технологияларының қолайлы әсерін өзара әрекеттің түрлерін дамыту негізінде қамтамасыз ету ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар кешенін орындағанда жоғары эффективтілік деңгейін қамтамасыз етеді. ЖОО студенттерін кәсіби даярлау үрдісіндегі маңызды реформалау бағыты көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша инновациялық білім беру технологияларын енгізу және кең түрде қолдану. Білім беру технологиясының мәселелері өзекті және В.П.Беспалько, О.В.Долженко, В.В.Гузеев, Д.Ш.Матрос, Л.С.Падымов, В.А.Сластенин, Г.К.Селевко, В.Е.Шукшунов және басқалар зерттеулерінде көрініс табуда.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне жататындар:

- әpбip студенттің жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологиялар:



  1. ынтымақтастық педагогикасы;

  2. білім берудің ізгілендіру технологиясы;

  3. проблемалы оқыту технологиясы;

  4. тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

  5. түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы;

  6. деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

  7. міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

  8. модульдік оқыту технологиясы;

  9. жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, студентке iзгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері: оқытушы – студент, - оқытушы, – студент, яғни студент те, оқытушы да субъект;



  1. студенттің жеке басына деген iзгіліктік қарым-қатынас;

  2. студент пен оқытушы арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас /115, 116/.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты – студенті азамат етіп тәрбиелеу, студенттің танымдық құндылығын қалыптастыру және дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылулық ұялату /117, 118, 119, 120/.

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – студентті өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:



  1. студенттің белсенділіктерін арттыру;

  2. оқу материалында студентті қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

  3. студент материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді /121, 122, 123, 124/.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов болып табылады. Tipeк белгілері арқылы оқыту технологиясы темендегідей мақсатты көздейді:

  1. білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

  2. барлық студентті оқыту;

  3. оқытуды жеделдету.

Tipeк бeлгiлepi арқылы оқыту технологиясының epeкшeлiктepi:

  1. үнемі қайталау, мiндeтті кезіндегі бақылау, жоғары
    дeңгeйдeгi қиыншылық, блокпен оқыту, тірегін қолдану;

  2. жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

  3. iзгілік, еркімен оқыту;

  4. әр студенттің жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

  5. оқыту мен тәрбиенің бipлiгi /125, 126, 127/.

Tүciндіpе басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы – жаңашыл мұғaлiмдepдiң бipi, ресейлік мұғaлiм С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық студентті табысты оқыту /128/. Tүciндipe басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. оқу материалдарының бipiздiлiгi, жүйелілігі;

  2. саралау, әр студентке беретін тапсырманың қолайлығы;

  3. бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, киын такырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

  4. - бірте-бірте толық дербестікке жету;

- топта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

  1. студенттің қателігін ескерту, бipaқ еш жазғырмау;

  1. үй тапсырмасы тек әр студенттің мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

  1. білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;

  2. түсіндіруді қабылдау /129, 130, 131, 132/.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік-саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. білімнің базалық деңгейінің барлық студенттер үшін міндеттілігі;

  1. студенттерге берілген тапсырманың саралануы: тапсырма студенттің күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

  2. білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде студенттің бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;

  3. студентке оқу деңгейін таңдауға өріс беру;

  4. студент өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға epiкті.

Модульдік технология дамыта окыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудін жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету /133/.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі:



  1. акпараттардың аяқталған блогынан;

  2. бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан;

- студент ic-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан турады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеруді, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша окытудың дербестігін қамтамасыз етеді /134, 135, 136, 137/.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылықтарын арттыру.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысымыздың барысында қазірігі кездегі оқыту технологияларын төмендегідей етіп жіктедік.2-кестеде

Қaзipгi кездегі оқыту технологияларының жіктелу көрсеткіші

Оқыту

технологиялары



Философия

лық


негізі

Психоло-

гиялық негізі



Педаго-гикалық негіз

Оқытушы-

ның


рөлі

Студент

тің


рөлі

1

2

3

4

5

6

1. Иллюстрациялы түсініктемелі

оқыту технологиясы

2. Лекция

семинарлық

сынақ жүйесі

3. Ipі блокпен

оқыту

технологиясы (Эрдниев)



4. Перспективті дамыта оқыту технологиясы (Н.С.Лысенкова)

Д.Ж.Локк

«Бала


тақтайдай

таза


жанмен

туылады»


Рефлектор

лық


теория И.М.Сеченев, И.П.Павлов

Я.А.Комен-ский педагогика-сы XVII ғ.қағидалаы: оқытудағы ғылымилық көрнеклік, табиғатқа сәйкестік

саналылық белсенділік



Шебер «қалай істеу керек» екендігін біледі.

Оқушы «үлкендердің қалай ойлап, қалай орындай

тындығына» еліктеп солай орындауға тырысады, қайталайды



Студент ерекшелігін жандандыру және қарқындату негізіндегі оқыту технологиялары

5. Проблемалық оқыту технологиясы

6. Ойын арқылы оқыту технологиясы


















7. Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде қарқынды оқыту технологиясы




Ассоциация + ic-әрекет (қабылдау, есте сақтау- қолдану – қорыту – жүйелеу және ic-әрекет)










Саралап-деңгейлеп оқыту технолгиялары

8. Топ ішіндегі деңгейлерді-саралап оқыту технологиясы

(Н.П. Гузик)

9. Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы

(В.В. Фирсов)



өзін – өзі басқару, бағалау

Репититор Kіші топтар + репититор

әр тұлғаны қабілеті мен мүмкіндігінше қарай оқыту




Білімділік

Дербес оқыту технологиялары

10. Бағдарламалап оқыту технологиясы

11. Ақпараттық оқыту технологиясы

12. Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы

(В. Дьяченко)



өзін – өзі дамыту, шығармашылық

Репититор

Альтернаттивті академиялық+ клубтық жеке топтар






Ассоциация рефлекторлық теория

И.М. Сеченов. И.П.Павлов Б.С. Блум



ізгіліктік

13. Модульдік оқыту технологиясы.

(М.Жанпейісова)


















14. Проблемалық оқыту технологиясы
















15. Д.Б.Элькониннің,

В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы



Студент оқу әрекетінің субъектісі

Студент пен қарым- қатынасты және оқу ic-әрекеті




И.И.Песталоцци;

А. Дистерверг



іс-әрекет теориясы ассоциацивтік

16. В.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі

(толығымен емес) (манипуляция)

Қалыптастырады, орнықты жасайды, орнықтырады. Оқытушы мақсат қояды, студент оны қабылдайды




К.Д. Ушинский

даму + ic- әрекет

17. Шығармашылық деңгейлік білім беруді дамыта оқыту технологиясы (И.П. Волков)
















Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерінің қолдануда жеке тұлғаның бойында төмендегідей касиеттер қалыптасады: ізденімпаздық пен зерттеушілік.

Инновациялық әдіс-тәсілдерінің қолдануда оқытушы сабақты дайын күйде бермей, студенттің өзі ізденіп ғылым негіздерін өз бетінше игеруді, зерттеуді кездейді, ал оқытушының негізгі міндеті – студент іc-әрекетінің бақылаушысы болады.3-кесте

Инновациялық әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері


Оқыту технологиясы

Инновациялық әдіс-тәсілердің ерекшеліктері

Іздендіру технологиясы

Педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтары тәжірибеде «студент-субъект», «студент-объект» тұрғысынан енгізуді бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайымен іc-әрекетінің әлеуметік нәтижесінің бірлігі ретінде қарастырады.


Ақпараттық бағдарламалап оқыту

Оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру:

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын интеграция негізінде меңгеру;

- адамның ic-әрекет сферасы тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу.


Иллюстрациялы түсіндірмелі оқыту

«Адам-қоғам-табиғат» бағытта үйлесімді дүниетанымының жүйелі, саналы мәдениетінің қалыптасуы.

Саралап

деңгейлеп оқыту технологиясы




- Дербес оқыту технологиясы

- Дамыта оқыту технологиясы


4-кесте


Қазіргі педагогикалық технологиялардың артықшылығының салыстырмалы кестесі

Салыстыру көрсеткіштері

Дәстүрлі оқыту жүйесі

Қазіргі педагогикалық технологиялар

Мақсат

Білім, білік, дағдыны беру

Жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту

Қарым-қатынас стилі

Субъект-объектілі, авторитарлық

Субъект-субъектілі, өзара сыйластық

Ұйымдастыру түрлері

Фронталдық, жеке

Топтық, ұжымдық

Оқытушының позициясы

Ақпарат көзі

Сабақтастықты ұйымдастырушы, кеңесші

Студенттің позициясы

Енжар, оқытушының сілтемесін орындаушы, инициативаның жоқтығы

Іс-әрекет субъектісі, белсенді танымдық іс-әрекет

Жетекші принцип

«Жаншу»

«Өсіру»

3epттeyiміз көрсеткендей оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланғанда, студентті субъект тұрғысынан қарастырғанда, оқытудың нәтижелі, білімінің сапалы болатындығы және ең бастысы, студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен жаупкершілігінің артып, олардың өз бетінше оқу іс-әрекетін жасау ынтасы оянып, ізденушілік-шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері артады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық, технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық, технологияның түpi, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын кейбip мәселелер бүгiнгi таңда нақтыланып белгілі бip жүйеге түспеген дүние. Кез-келген елдiң экономикалық қуаты, халкының өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылығы, дүние жүзiлiк қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдiң технологиялық даму деңгейiмен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгiзу сапалылығы осы елдегi бiлiм беру iсiнiң жолға койылғандығы мен осы саланы инновацияландыру деңгейiне келiп тiреледi. Экономикасы күштi дамыған елдердiң тәжiрибесi бiлiм беру жүйесiн инновацияландыру экономика, ғылым және мәдениеттiң қарқынды дамуының негiзгi кiлтi екендiгiн көрсетiп отыр. Ендеше қазiргi заманның ақпараттық және телекоммуникациялы технологиясын игеру мiндетiмiз. Елiмiздiң егемендiк алып, қоғамдық өмiрдiң барлық, соның iшiнде бiлiм беру саласында жүрiп жатқан демократияландыру мен iзгiлендiру мектептi осы кезге дейiнгi дағдарыстан шығаратын куатты талпыныстарға жол ашады.

Оқыту технологияларының психологиялық-педагогикалық жағынан жетілдірудің негізгі бағыттарын төмендегідей ой-тұжырымдармен сипаттадық:


  1. есте сақтауға негізделген білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  2. білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық кұрылым жүйесіне көшу;

  3. студентке орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қоғам демократияға қарай қозғалған сайын, «оқытушы-студент» қарым-қатынасында көп өзгеріс болады. Бұл өз кезегінде оқыту мен тәрбиелеу әдістерінде, білім беру жүйесі мен білім беру үрдісін басқару тәсілдеріндегі қажетті өзгерістерді талап етеді. Қорыта айтсақ, қоғамның демократиялық даму деңгейіне қарай, білім берудегі технологиялар өзгерістері болуы қажет. Сондықтан демократиялы қоғамдағы білім беруде мазмұннан өзге, технология да жетекші рөлге ие.

Қандай да бір технологияны таңдау оқытушы мен студенттің оқу үрдісіндегі тұрғысына байланысты. Тәуелсіз адамды тәрбиелеу студентте шығармашылық күшті қолдау әдісі және оның ізденуші, зерттеуші, шығармашылық рухын ояту, студентті жоғары белсенділік жағдайына әкелу құралы болатын әдісті қажетсінеді.

Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерiнiң қалауына сәйкес кез-келген үлгi бойынша қызмет етуiне мумкiндiк алды. Бұл бағытта бiлiм берудiң әртүрлi нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжiрибеге негiзделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлi оқыту технологияларын оқу мазмұны мен студенттердің жас және психологиялық ерекшелiктерiне орай таңдап, тәжiрибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазiргi бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейiнше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкiн емес. Жаңа технологияның меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсiптiк, адамгершлiк, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетiнiң қалыптасуына игi әсерiн тигiзедi, өзiн-өзi дамытып, оқу-тәрбие үрдiсiн тиiмдi ұйымдастыруына көмектеседi.

Білім бер технологиясын дамытудың негізгі төмендегі тенденциялары айқындалды:



    • Студенттердің кәсіби және әлеуметтік-мәдени даярлығының интеграциясы;

    • Оқу жоспарын таңдауы мол таңдау курстары бар блоктық құрылымға, білімді рейтигілік бағалау жүйесіне, кәсіби мамандануға өзбетті тереңдеу үшін көп мүмкіндік аймағына көшу;

    • Индивидуальдық бағдарлама бойынша персональдық білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, білім беру үрдісіне оқыту мен тәрбиелеудің ашық жүйесін ендіру.

Оның ең басты салаларының бiрi - студенттердiң өзара кәсiби әрекеті, өзiнiң оқуға деген ерiк-жiгерiн шыңдау, өзара әрекет негізіндегі оқу дағдысын қалыптастыру. Оқу үрдісін өткізу мен жоспарлауда негізгі болып саналатын ақпаратққа деген қарым-қатынас, ол оқытудың әдісі мен тәсілін, сабақ кезіндегі өзара әрекет схемасының құрылымын анықтайды. «Оқытушы-студент» қарым-қатынасы қоғамның жалпы даму деңгейіне көп бағынады. Сондықтан жоғары оқу орныдағы типтік қарым-қатынас қоғамдағы қарым-қатынастың көрінісі. Көптеген атақты оқытушылар өз уақытынан оза шауып және оншақты жылдан кейін болатын білім беруге тән қырларға ие болып, өз білім алушыларына ізгіліктік адамзаттық қарым-қатынасты қалыптастырғаны белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет