Тақырыбы: Жаңа жыл -2017 «Ертегілер әлемінде»



жүктеу 128.87 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі128.87 Kb.
Тақырыбы:Жаңа жыл -2017 «Ертегілер әлемінде»

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді.)

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар, шабытты шәкірттер! Бүгінгі жаңа жылдарыңыз,тауық жылы құтты болсын. Жаңа жыл қуаныш, бақыт әкелсін.
Ау бақытты ұландар!
Айлы көкке қараңдар
Мініп аппақ кемені
Жаңа жыл Ғарыштан келеді
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Ән  менен биі  басталсын
Жарқырап шырша шамдары

1-бала: Жаңа жылдарыңызбен!


2-бала: С новым годом!
3-бала: Хаппи нью е!

Жүргізуші: Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз бірге әдемі шыршаның шамын жағайық.

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Бір, екі, үш

Шырша шамы жан.

Жүргізуші:Балалар,қазір біз ортаға Жаңа 2017 Тауық жылын шақырайық.(тауық ортаға билеп кіреді)

Тауық сөз сөйлейді.

Жүргізуші: Балалар, әдемі шыршамыздың қасында Тауық жылымен би билейік.

Ән: «Шырша жыры» (балалар ортада билейді)

Жүргізуші: Балалар, шыршамыздың шамы жағылды, енді ортамызға кім жетпей тұр? 
Балалар: Аяз Ата
Жүргізуші: Дұрыс-ақ, балалар, енді бәріміз бірге Аяз Атаны шақырайық.
Хормен: Аяз Ата, ау-у-у
(Аяз Ата келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым

Қырмызы сұлу қыздарым

Өздеріңді сағындым

Көп сыйлығым жоралғым!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата,

Қарсы аламын орын беріп

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.

Аяз аталар би:1,2,3,4-сынып ұлдары.

Жаңа жылымызға қош келдіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Аяз Ата, қасыңыздан Ақшақар қызыңызды көрмей тұрмыз ғой, Ақшақар қайда?
Аяз Ата: Ақшақар қызымнан адасып, таба алмай қалдым.

Жүргізуші: Аяз Ата, қазір Ақшақар қызыңыз келіп қалар, балалар, біздер қандай ертегілерді білеміз, айтыңдаршы?

Балалар: Бауырсақ (қоян,қасқыр,аю,түлкі).

«Ертегілер»әні Аяжан мен Ақниеттің орындауында

Жүргізуші: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Бір күні ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.

Ән: «Жаңа жыл» (3-4 сынып оқушылары)


Жүргізуші: Балалар, бауырсақ қоянға кездесіпті.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қоян: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.


(Қоян бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қоян: менің жаттаған тақпағым бар.

(Қоян тақпағын айтып береді)

Ойын: «Пималар»ойыны

Аяз ата: Бәрекелді, Жаңа жыл мерекесіне ақ қоян да өз тартуымен келіпті. Ақ қоян, сен менің Ақшақар қызымды көрмедің бе?

Қоян: Жоқ, жоқ, көрмедім.

Аяз ата: Ақшақар неге кешікті екен, а? Мүмкін ол осы маңда адасып жүрген шығар. Бауырсақ, сен менің Ақшақар қызымды да қарай жүр.

Бауырсақ: Жарайды, қарайын.

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қасқыр: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Қасқыр бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қасқыр: Менің дайындаған ойыным бар.
(Қасқыр ойын ойнатады) Ойын: (Шармен жекпе-жек)

Ойын шарты:Екі оқушы ортаға шығады.Бокс қолғабын киіп ,шарды жару.

«Айгөлек» әні 3- сынып

Аяз ата: Қасқыр-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?

Қасқыр: Жоқ! Жоқ! Көрмедім!

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Аю: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Аю бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Аю: менің дайындаған биім бар.
(Аю би билейді)

Ойын : «Қарды қағып ал»

Аяз ата: Аю-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?

Аю: Жоқ! Жоқ! Көрмедік!


(Осы кезде бауырсақпен ілесіп түлкі мен Ақшақар келе жатады).

Жүргізуші: Балалар, бауырсақпен бірге кім келе жатыр, қараңдаршы?

Балалар: Қу түлкі! Қу түлкі келе жатыр.

Түлкі: Жооқ, балалар, мен қу емеспін. Мен ешкімді алдамаймын. Бәріміз дос болайық. Мен сендерге жаңа жылға Ақшақарды алып келе жатырмын.

Ақшақар:   

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Аяз ата: Бауырсақ пен түлкі, сендер біраз еңбектеніп шаршадыңдар ғой, енді біраз отырып дем алайық. Жаңа жылға арнаған тақпағыңды тыңдап көрейін.


(Түлкі тақпағын айтады) Барлық балалар тақпақтарын айтады.

Көрермендермен ойын:

Жүргізуші: Ақшақар, сізде жолдан тоңып келген шығарсыз. Біздің мына кішкентай Ақшақар қыздарымызбен би билеңіз.


(«Ақшақарлар » биі.)

Жүргізуші: Ал, енді, балалар, Аяз атамен бірге «Түрлі шыршалар» ойынын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз. (Ойын ойналады)

Бауырсақ: Аяз ата және менің достарыммен бірге шырша айналып, өлең айтайық. Енді бәріміз дос болайық, ренжіспейік, жарайды ма, балалар?

«Қошақаным» әні. Ақмаржан мен Ақеркенің орындауында

Көрермендермен ойын:Сыйлықты безендіру

Қарша қыздар биі

Аяз ата: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Маған Ақшақарды тауып бердіңдер, көп рахмет сендерге.(менің де сендерге арнап дайындаған сыйлығым бар) Кулек таратады.

Енді біз Ақшақар қызым екеуміз жолға шығайық. Бізді басқа мектепте де балалар күтіп отыр.

Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!

Көрермен болып,уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет!

Шығу.

Жүргізуші:     Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!



жаңа жылдық, жаңа жылдық ертеңгілік, балабақшада, жаңа жылдық сценарий

1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!



2 бала: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!



3 бала: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

1.      Ән «Қыс»

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)



Жүргізуші:   Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.

1 лақ:  Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!



3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!



4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран салайын, мә-мә!



5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә!

6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә!



7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,

Аяз ата алып келсеңші!



Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.



Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.

Сол кезде Ақшақарды кездестірді.



Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?

Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!

Ақшақар: Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.



Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.



Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.



Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.

  1. 2.   «Кішкентай шырша» хоровод әні.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).

Бауырсақ: Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.

Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,

балалар жиналған, кел бірге тойлайық.



Түлкі:  Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.

  1. 3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»

(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).

(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).



Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.

Жүргізуші:  Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән  айтса келіп қалар.

  1. 4.      Ән «Мысығым».

Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.

Ақшақар:  Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші:  Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).



Аяз ата:  Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,

менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды

жағып алайық, қанекей бірге…



Бәрі бірге:   «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

  1. 5.  Ән хороводы: «Аяз ата».

Жүргізуші:  Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.

  1. 6.  Тақпақтар.

Аяз ата:  Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!

Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?

1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,

Бөліспеймін балымды,

Бір өзім-ақ жеп қоямын.

2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.

Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,

Егер балды бөліспесеңдер,

Мақтаншақ деп ат қоямыз.

Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.



  1. 7.      Хоровод биі «Жаңа жыл».

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге

сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).

Ақшақар:  Ой, мынау не? Жылан ғой!

Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен.

Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.



1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,

Түзу жолда бұраңдайсың.



2 бала:  Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады  жылан жылы – жылбасы.



Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!

(Сыйлық үлестіру).

Рахмет айту.

Қазақ тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру,мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.

 

 

 



 

 

Бұлақ басындағы оқиға.

 

    Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам,сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.



Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ,бір лақ бақпаққа батып,тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.  

 

 



 

  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға,көк майса,батпаққа батып,

талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.

 

 



 

 

 



Мазмұндама жоспары:

1.Жайлауға бару.

2.Қой тоғыту.

3.Ешкінің бақылдаған дауысы.

4.Бақпаққа батқан ешкі.

5.Лақты ұйықтан шығару.



6.Қатты қуану.

 

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет