Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының міндеттерін талдаңыз.

Loading...


Дата09.11.2019
өлшемі77.07 Kb.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қашықтықтан оқыту факультеті

Орындаған: Гайсина Жансая Муратовна

Топ: 131 ШТкс (Шетел тілі: екі шетел тілі)

Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының міндеттерін талдаңыз. (салыстырмалы талдау)

Инклюзивті тәжірие мамандардан жаңа құзіреттіліктер мен білімдерді талап етеді. Түрлі мамандар мен педагогтардың мүмкіндігі ектеулі баланы жалпыға ілім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеудегі өзара байланысқа түсу ерекеліктері – бүкіл ұжымның олардың дамуына жағымды жағдай жасалынуына қатысуында. Топта жұмыс жасауда, оның әр мүшесі өзінің пәндік іс-әрекеті шеңберінде нақты мақсаттар мен міндеттерді орындайды.

Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс:


  • М үмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта) , мектепке дейінгі мекемеде немесе мектепте мақсатты интеграциялау;

  • топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық процесті ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиеілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне , әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру педагогына кеңес беру;

  • фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістерін сараптауда көмек беру;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық- педагогикалық және медициналық көмекті реттеу;

  • басқа мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене ынықтыру мұғалімімен және т.б.)

  • мүмкіндігі шектеулі немесе жас көрсеткіштерінен қалыс қалған тәрбиеленушілермен фронталды және жеке саақтар өткізу, сонымен қатар қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп кіші топтарда және топтық сабақтар жүргізу;

  • педагогикалық анықтау жұмысыy жүргізу;

  • жеке ілім алу ағыттарын құрастыруды және нақтылауды қамту;

  • пәнаралық топтың мүшесі ретінде жеке бағдарламалар мен топтың бағдарламамларын құрастыруға және іске асыруға қатысу;

  • баланың анықталған нәтижелерін ескере отырып онымен жұмысты ұйымдастыруға байланысты асқа мамандарға арналған ұсыныстар жасау;

Мұғалім-логопед алалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтарды түзетумен айналысады.

Ол:


- тәриеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын және анықтығының деңгейін зерттейді;

- тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтық және жеке сабақтар жүргізеді;

- мүмкіндігі ектеулі балалармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдерді қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды;

- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады.



Педагог- психолог іс-әрекетінің ағыттары:

  • тәрбиеленушілердің психикалық-соматикалық және әлеуметтік қалыптылығын сақтайды;

  • нақты мәселелерді шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға көмек береді ;

  • психологиялық анықтау жғмысын жүргізеді;

  • тәриеленушілердің дамуындағы ерекшеліктерді (ақыл –ой, физикалық,эмоционалдық) анықтайды;

  • ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді;

  • әлеуметтік дамудағы ұзылыстарды анықтайды және психологиялық-педагогикалықтүзету жүргізеді;

  • педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

  • пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму бағдарламаларын құрастыру мен іске асыруға қатысады;

  • өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады;

Әлеуметтік педагогтің жұмысы.

Тәриеленушілердің және олардың отбасының әлеуметтік жайлылығын қамтуға бағытталған.



Әлеуметтік педагог:

  • білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты жүзеге асырады;

  • тәрбиеленшілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

  • баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді қалыптастыру сұрақтары бойынша ата- аналарға кеңес береді;

  • баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды зерттейді;

  • педагогтар, әлеметтік құрғау қызметтерінің мамандарымен,тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша қайырымдылық мекемелерімен өзара байланысты болады;

  • топ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау іс –шараларын іске асырады;

  • тәрбиеленуілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, қиындықтарын, іс-әрекеттеріндегі ауытқушылықтарды анықтап, дер кезінде оларға әлеметтік көмек көрсетеді.

Мұғалім (педагог-тәрбиеші):



  • тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;

  • балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, о сынвпйындар, серуендер, бос уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;

  • типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта) жағдай жасайды;

  • музыка, дене-шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды;

  • басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың ) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты жеке бағытты қолдануды қамтиды;

  • баланы отбасында тәрбиелеу сұрағы бойына ата-аналармен жұмыс жүргізеді, оларды балаақамен, мектеппен белсенді серіктестікте болуға шақырады;

Дене шынықтыру инструкторы:

  • дене шынықтыр сабақтарын жүргізеді және оларды өткізу кезінде тәрбиеленуілердің қауіпсіздігіне жауап береді;

  • жалпы және ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс бағдарлануын, балалардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған сабақтар жүргізеді : дұрыс отыру, физикалық даму, психомоторлы қабілеттерді жетілдіру;

  • балалардың күні бойындағы қозғалыс белсендігін қадағалайды;

  • балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойына ата-аналармен түсіндірме жұмысын ұйымдастырады;

  • пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады, балалардың жасерекшелік ерекеліктері ескерілген бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, және де сабақтар жүргізу барысында әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескереді.

Жүзу инструкторы:

  • білім беру мекемесінің бағдарламалық талаптарына және жеке даму бағдарламаларына сай бассейнде сабақтар өткізеді;

  • судан қорықпауға (арнайы ойын сабақтары арқылы) үйретеді;

  • орта мектепке дейінгі жастан бастап жүзудің түрлі тәсілдерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»);

  • балалардың судағы қауіпсіздігіне толық жауап береді;

  • медикемен ббірге бассейннің тазалық қалпын қадағалайды;

  • балаларға еінуге және душ қабылдауға көмек береді, тазалық ережелері қатаң сақтауға үйретеді;

  • жалпы моториканы дамытуға қозғалысты реттеуге бағытталған балалардың денсаулығын ынықтыруға арналған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыруды қалыптастыру, физикалық дамыту, психоиоторлық қаілеттерді жетілдіру.

Музыка жетекшісі:

  • музыка сабақтарын, мерекелерді ұйымдастырады және өткізеді;

  • пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың өзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерінұйымдастырады және өткізеді;

  • пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекеліктерімен танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардыңөзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын ббелсендіру міндеттерін атқарады;

  • ертеңгілік гимнастиканы, дене ынықтыру сабақтарымен сауықтыру шараларын өткізуге қатысады;

  • күннің екіні жартысында балалардың ұйымдастырылған ойындарына музыкалық сүйемелдеу жасайды;

  • музыкалық- дидактикалық, театралдық және ритмикалық ойындар өткізеді;

Қосымша білім беру педагогтары:

- қосымша білім беру бағдарламаларын музей, музыка, би, креативті, театралды терапия элементтері көмегімен, дефектолог-мұғалім мен педагог – психологтың ұсыныстарын ескере отырып, іске асырады;



- міндетті түрде психологиялық талдау жұмысына, проективті материал ретінде, балалардың ығармаылық еңбектерін ұсынады.

Медициналық бике:

  • балабақшадағы, мектептегі санитарлық-эпидемиялықттәртіпті қадағалайды;

  • күн тәртібін, балалардың тамағын, ертеңгілік гимнастиканың дұрыс өткізілуін, дене шынықтыру сабақтарымен серуендердің өткізілуін қадағалайды;

  • балалардың шынықтыру іс-шараларын өткізеді және сауықтыру іс-шараларының ұйымдастырылуына қатысады;

  • ауырып қалған балаларды күнде есепке алады, ауырып қалғандарын басқалардан еттейді;

  • балаларды дәрілік тексерістерге дайындайды және өзі де оларға қатысады: салмақ өлшейді, балалардың антропометриялық өлшемдерін жасайды,алдын-ала егулерін жүргізеді, дәрігердің ұсыныстарын орындайды;

  • жүзу сабағының алдында балаларды тексереді, балалардың денсаулық күйі нашар немесе әлсіз болғанда сабаққа қатыстырмайды, сабақ өту барысында балалардың күйін бақылайды;

  • бассейннің барлық бөлмелерінің және құрал жабдықтарының санитарлық күйін қадағалайды;

  • пәнаралық консилиумның шешімі және дәрігердің ұсынысы бойынша массаж жасайды;

  • баланың даму деңгейін анықтайтайды;

  • даму бағдарламасын құрастырады;

  • күнделікті ас мәзірін құрастырып тамақтың сапасын қадағалайды, дайын тағамдарды тексеріп, санитарлық-эпидемиялық қызметтің талаптарына сай сақтауға жібереді, топтардың тамақты кестеге сай алуын қадағалайды, тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру үшін күнделікті топтарды аралап шығады.

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті мекемеге оқуға дайындауға көмек беруге түрлі бағытта жұмыс атқаратын мамандар қосылуы мүмкін (невропатолог, психиатр, кинезотерапевт және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...