Тақырыбы: Қазақстан жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Мақсаты

Loading...


Дата17.06.2017
өлшемі186.39 Kb.
3 сынып

Тақырыбы: Қазақстан жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Мақсаты: оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елеміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өткендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н.Ә. Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Өтілу барысы:

  • Қазақстан туралы не білеміз?

  • Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау:

  • Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстан

  • ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

  • ҚР-ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

  • Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі:

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Елабасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс –тіршілігінің дамына бірден –бір ықпал еткен фактор –бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы –болашақ табыстардың негізі екені бас айтылды. Ал ең бастысы –еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы –елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Тағы бір жайт –тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру –баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу –болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.


  1. Әлемдік сөзінің синонимі. (жаһандық)

  2. Отағасының антонимі (отанасы).

  3. Ата –ана тәрбиелейді? (бала)

  4. «...-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)

  5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)

  6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)

  • Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Қазақстан -2050 стратегиясының логотипін таныстыру 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірлікті мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.

Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен ел таңбадан көре аламыз. Шыңырақ өз үйіміздің ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» -күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесінде аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, бір алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай-ақ еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемелекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасу мен ел бірлігі.

Белгінің мазмұны бірлік пен қуатты.

Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай «Ойын»

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым ...»

Оқушыларға өз ойларын айтқызу

Ән: Көк тудың желбірегені (тыңдалады)

Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін

Бұл бейбітшіліктің тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады .

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз .

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!



Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасысымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!


c:\documents and settings\user\local settings\temporary internet files\content.word\33.jpg
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...