Тақырыбы: Қан айналуды зерттеу әдістері. Биологиялық ұлпалардың импедансы. Мақсаты

Loading...


бет1/10
Дата08.11.2019
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Тақырыбы: Қан айналуды зерттеу әдістері. Биологиялық ұлпалардың импедансы.

Мақсаты: Медицинадағы қанайналым әдістерін анықтау. Берілген тақырыпқа байланысты есептер әдістемесін меңгеру.

Оқыту міндеттері: Реография әдісінің медицинадағы маңызын оқып үйрену
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. қанайналымның көлемдік жылдамдығы.

  2. қанайналымның мүшелер мен аумақтарға таралуы

  3. қанайналымның көлемдік жылдамдығын өлшеу әдісі: окклюзионды плетизмография.

  4. Доплер эффектісі. қанайналым жылдамдығын ультрадыбыспен анықтау.

  5. Индикаторлы әдіс (радиоизотопты).

  6. Жүректегі қанның көлемі және зерттеу әдісі

  7. Биологиялық ұлпалардың импедансы (орыс тілінде талқылау).

  8. Реография әдісінің маңызы


Оқыту әдістері - берілген тақырыпқа берілген хабарламаларды талқылау, типтік есептер шығарып, тапсырмаларды орындау.

Қысқаша теория

Қазіргі уақытта медициналық зерттеулерде биологиялық тірі ағза жасушаларында (ұлпалардан) айнымалы ток өткізе отырып, импедансты (толық кедергі) өлшеу өте үлкен орын алады. Жасушалық мембрана токты өте нашар өткізсе, ал цитоплазма мен ағза жасушасының сұйығы токты өте жақсы өткізеді. Осындай жүйелер активті және сыйымдылық кедергілерге иемдене алады.

Тірі ағза жасушасынан айнымалы ток өткізгенде, ондағы толық кедергінің өзгеруі оның жиілігіне тәуелді болады. Міне осы құбылысты импеданстың дисперсиясы деп атайды. Өлі ағза жасушасы үшін импеданс дисперсиясы байқалмайды, бірақ анықтап айтқанда импеданс дисперсиясы мүшелердің және ағза жасушасының өмірге икемділігін (қабілеттігін) анықтайды. Адамның бір жерінің етін алып (оны трансплантант деп атайды), екінші жеріне жапсырғанда оның өмірге қабілеттілігін бағалауға тура келеді. Эквивалентті схемалар көмегімен тірі ағза жасушасы үшін толық кедергіні (импедансты) өңдеуге (модельдеуге) болады. Соңғы кездерде реография әдісі қан айналым үрдісін зерттеудің негізгі диагностикалық әдісі болып табылады. Егер адам денесінің белгілі бір бөлігі арқылы жоғарғы жиілікті (шамамен 40- 500 кГц) және аз ток (10 мА-ден көп емес) айнымалы электр тоғын өткізіп, кедергісін тіркеп отырса, онда пульстық толқынның өтуінен ол кедергі үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Бұл әдіс кедергінің өзгеру ИМПЕДАНСЫН тіркеуге негізделген. Сол себептен айнымалы ток тізбегіндегі әртүрлі кедергілерді және тірі биологиялық ұлпадан өтетін жоғары жиілікті токтың өтуінің ерекшеліктерін білу керек.

Импеданс Z деп толық кедергіні айтады. Көп жағдайда ол мынаған тең:






(1)
Реограммаларды екі түрлі реографтың көмегімен тіркейді - биполярлы және тетраполярлы. Кейінгі кезде тетраполярлы кең қолданыс табуда. Олар кедергіні дәлірек өлшейді және жасушадағы қан көлемінің сандық мәнін көрсетеді. Бұл әдісте екі электорд электр тоғын жіберу үшін қолданылса, тағы да екі электрод электр кедергісін тіркеу үшін қолданылады.



Зерттеу мақсатына байланысты дененің интегралдық реографиясы, орталық реография (жүректің сол және оң бөліктерінің және кіші қан айналу шеңберінің қанға толуы бағаланады), кеуде реографиясы, өкпе реографиясы т.б. болып бөлінеді.



Интегралдық реография. Бұл әдіс арқылы жүректің систолдық, яғни минуттық көлемі анықталады. Бүкіл дене үшін немес белгілі бір аймақтардағы базалық импеданс өлшенеді. Аймақтық импедансты анықтауда зертелінетін жерлерге электродтар қойылады. Хоффер әдісі (1970) кең қолданыс тапты. Оның тұжырымы бойынша интегралдық импеданс пен ағзадағы судың арасында сызықты байланыс бар, ол келесі формуламен өрнектеледі:

, мұнда В—су көлемі, (л); Н—адам бойының биіктігі, (см); Z—дене импедансы, (Ом). Интегралдық реография қанның соққылық көлемін анықтау үшін де пайдаланылады. Базалық импеданс пен пульстық өзгеруі және қан көлемі арасында байланыс бар. Осы байланысқа негізделіп Кедров дененің интегралдық реограммасы арқылы қанның соққылық көлемін есептеу формуласын ұсынды: , мұндағы —қанның соққылық шашырауы, (мл); —систола кезіндегі электр кедергісінің өзгерісі, (Ом); R—реограф генераторы тудыратын жоғарғы жиілікті тоққа дененің базалық кедергісі, (Ом); Р — дене массасы, (г). Электрод қойылған жердің реограммасында белгілі бір аймақтың немесе органдардың (бауырдың, өкпенің) қанға толуы сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...