Тақырыбы: «Қайың ағашының ерекшелігі мен пайдасы»

Loading...


Дата29.04.2017
өлшемі445 b.


  • Тақырыбы: «Қайың ағашының ерекшелігі мен пайдасы».

  • Бағыты: Өз өлкемізбен танысайық

  • Орындаған: Азамбаева Айгерим Ербулатовна

  • 3 «а» сыныбы

  • Жетекшісі: Баймуханбетова Валентина Омрбековна –

  • бастауыш сынып мұғалімі

  • 2015 жыл




Мазмұны:

  • Мазмұны:

  • I Кіріспе:

    • 1.1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.
  • ІІ Негізгі бөлім:

    • 2.1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.
  • 2.2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

  • ІІІ Қорытынды:

  • 3.1. Қайың ағашының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.

  • ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер:



Кіріспе

  • Кіріспе

  • Ерке өзендер жатпайды тасып ағып,

  • Таулар да тұр жамылып басына бұлт.

  • Ақ қайыңдар жылайды жапырағын,

  • Байқаусызда , байқаусызда шашып алып.

  • Сұлу ақ қайыңдар талай ақын - жазушылардың өлең - жырларына арқау болған. Қайың ағашы басқа ағаштарға қарағанда, кереметтей нәзік, әдемі көрінеді. Оның адамға әсері, емдік қасиеті және эстетикалық ләззаты ұшан – теңіз.



1.1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.

  • 1.1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.

  • Қайың ағашы біздің өлкемізде көп таралған өсімдіктің бірі. Біздің ауылымызда, мектеп ауласында тіпті кейбір үй аулаларында да өсіп тұр. Маған өсімдіктердің барлығы да ұнайды. Мен кішкене кезімнен-ақ табиғаттағы өсімдіктерге қызығып қарап, суретін салып жүретінмін. Мектепке келгеннен кейін өсімдіктер туралы көп білім ала бастадым. Өсімдіктердің түрлерінің өте көп екенін, олардың пайдасын оқып білдім. Біз мектеп ауласындағы өсімдіктерге бақылау жасап жүреміз. Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты табиғатта көп өзгерістер болады. Әсіресе көктемде ағаштар ерекше құлпырып кетеді. Бір күні зер салып қарасам, бір қайың ағашында 3 литрлік шыны ыдыс жіппен байланып, ілініп тұр екен. Оған қайың шырыны тамшылап ағып, жиналып қалыпты. Қайың шырынын солай алуға болатынын білдім.



Қайың шырынын тек қана көктемде ғана алады екен. Осыдан бастап, қайыңның тағы қандай пайдасы бар екенін білгім келді. Кітапханадан қайың туралы жазылған әдебиеттерді алып оқыдым. Сонымен қайыңның пайдасы өте көп екен. Қайың – жалпақ жапырақты, діңі тік өсетін өте сүйкімді, сұлу ағаш. Қайыңның діңі жұқа ақ қабықпен жабылған. Діңінің қабығы ақ болатын себебі онда бетулин (латынша «бетула» - қайың) деген бояғыш зат болады. Қазақстанда қайыңның 17 түрі өседі. Қайыңдардың барлық түрінің қабығы ақ емес, сарғыш, қоңыр, қызыл, қара қабықты қайыңдар да кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына қайыңның 3 түрі енгізілген. Олар: қызыл қайың, талас қайыңы, Ярмоленко қайыңы. Бұл өте сирек кездесетін қайыңдар. Сол себепті қорғауға алынған.

  • Қайың шырынын тек қана көктемде ғана алады екен. Осыдан бастап, қайыңның тағы қандай пайдасы бар екенін білгім келді. Кітапханадан қайың туралы жазылған әдебиеттерді алып оқыдым. Сонымен қайыңның пайдасы өте көп екен. Қайың – жалпақ жапырақты, діңі тік өсетін өте сүйкімді, сұлу ағаш. Қайыңның діңі жұқа ақ қабықпен жабылған. Діңінің қабығы ақ болатын себебі онда бетулин (латынша «бетула» - қайың) деген бояғыш зат болады. Қазақстанда қайыңның 17 түрі өседі. Қайыңдардың барлық түрінің қабығы ақ емес, сарғыш, қоңыр, қызыл, қара қабықты қайыңдар да кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына қайыңның 3 түрі енгізілген. Олар: қызыл қайың, талас қайыңы, Ярмоленко қайыңы. Бұл өте сирек кездесетін қайыңдар. Сол себепті қорғауға алынған.



Қайыңның тұқымы сырғагүл деп аталады, желмен тозаңданады, жел соқса болды, ұша жөнеліп, 1-2 километрге дейін жетеді. Діңі түзу, бұтақтары жіңішке әрі төмен қарай иіліп тұрады, жарық сүйгіш өсімдік. Қабығы өте жұқа, тез сылынады. Биіктігі 25 – 30 метрге жетеді. Ғалымдардың болжауынша қайың ұзақ тіршілік ететін ағаш. 120-800 жылға дейін өсе береді.

  • Қайыңның тұқымы сырғагүл деп аталады, желмен тозаңданады, жел соқса болды, ұша жөнеліп, 1-2 километрге дейін жетеді. Діңі түзу, бұтақтары жіңішке әрі төмен қарай иіліп тұрады, жарық сүйгіш өсімдік. Қабығы өте жұқа, тез сылынады. Биіктігі 25 – 30 метрге жетеді. Ғалымдардың болжауынша қайың ұзақ тіршілік ететін ағаш. 120-800 жылға дейін өсе береді.

  • Қайың деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған, тіп-тік өскен әрі «мың бұрала билеген» ақ қайыңдар бейнесі елестейді. Неге халық арасында «мың бұрала билеген» деген теңеу бар? Себебі ақ қайыңның самал желмен әдемі тербелгені биші ару қызды көз алдымызға елестетеді.

  • Жаздың ыстық күнінде қайың ағашының саясында көлеңкеде, таза ауада демалған қандай жақсы! Таза ауа-денсаулық кепілі деген рас қой. Бұл ақын, сазгерлердің әнге қосқан ағашы. Әр түрлі құстардың паналайтын мекені, табиғаттың сәні.



ІІ Негізгі бөлім:

  • ІІ Негізгі бөлім:

  • 2.1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

  • Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алуға болады. Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады.

  • Қайың шырынының құрамы

  • 2% жеміс қанты

  • Кальций тотығы

  • Хош иісті заттар

  • Дәрумендер

  • Органикалық қышқылдар

  • Микроэлементтер

  • Эфир майлары 1 грамының тығыздығы – 1,0007-1,0046 мл-ға тең



Қайыңның тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан үшбұрышты немесе ромб тәрізді , тез өсетін ағаш. Көптеген бағалы қасиеттері бар. Діңі өте қатты, суда да жақсы сақталады, сондықтан шахталарды бекіту үшін және құдықтарда тіреуіш ретінде пайдаланылады. Соңғы жылдары ғалымдар қайыңның қабығын кәдеге асыру жолдарын да қарастырып, битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін ойлап тапты. Одан вирустық және склероз ауруларына және өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын дәрілер жасауға болатынын анықтады.

  • Қайыңның тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан үшбұрышты немесе ромб тәрізді , тез өсетін ағаш. Көптеген бағалы қасиеттері бар. Діңі өте қатты, суда да жақсы сақталады, сондықтан шахталарды бекіту үшін және құдықтарда тіреуіш ретінде пайдаланылады. Соңғы жылдары ғалымдар қайыңның қабығын кәдеге асыру жолдарын да қарастырып, битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін ойлап тапты. Одан вирустық және склероз ауруларына және өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын дәрілер жасауға болатынын анықтады.

  • Парфюмерия кәсібінде де қайыңның сөлінен ласьон, сондай - ақ түрлі косметикалық заттар жасайды. Тамақ өнеркәсібінде одан кондитерлік бұйымдар үшін қамыр дайындайды. Қайыңның сөлінің осыншалық көп қасиетке ие болуы - қазіргі кезде оған деген сұранысты барған сайын арттырып отыр. Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал, қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады.



  • Жылдың төрт мезгілінде де қайың әдемілігін жоғалтпайды. Қыс кезіндегі ақ қырау басып тұрған қайыңдар қандай тамаша!



3.2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

  • 3.2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

  • Көктемде адамдар қайың ағашының діңіне ыдыстарды жапсыра іліп, (төмендегі суреттегідей) сөл жинап алады.

  • Қайың шырынын алу тәсілі





  • 2. Халық медицинасында көктем шығып күн жылына бастаған кезде қайың қабығын теріп, одан ағатын шырынды пайдаланады. Жапырақтарының қайнатындысымен ревматизм, құяң, шемен, бүйрек ауруларын емдейді, арнаулы булау жасап, денедегі қышыма қотырды, ұшықты және тағы басқа да тері ауруларына қарсы пайдаланады.

  • 3.Қайың шырынын басы айналып, көзі қарауытқан, қаны аз адамдарға қан толтыру үшін береді. Тамақты сіңіру үшін де сөлін ішкізеді.

  • 4. Қайыңның жапырағында С витамині болғандықтан шырын дайындап, тістің қызыл еті қабынғанда, демікпе ауруына, ісінгенді басу үшін ішеді.

  • 5. 100 грамм жапырақты ұсақтап турап, аз ғана тұз, сірке суын, лимон қышқылын қосады. Қоспаға 2-3 стақан суытылған қайнаған су құйып тұндырады. 2-3 сағаттан соң тұнбаны сүзіп зәр жүргізу үшін пайдаланады.



Жапырақтарын жазда жинайды. Адамдар қайыңнан жасалған бейнекпен моншада шабынатынын бұрыннан білетінмін. Моншаға неге қайың сыпырғышы қолданылады? Себебі қайың ағашы ауру туғызатын бактериаларды өлтіреді және теріні жұмсартады. Одан «фитонцид» бөлінеді, зиянды микробтарды жояды.

  • Жапырақтарын жазда жинайды. Адамдар қайыңнан жасалған бейнекпен моншада шабынатынын бұрыннан білетінмін. Моншаға неге қайың сыпырғышы қолданылады? Себебі қайың ағашы ауру туғызатын бактериаларды өлтіреді және теріні жұмсартады. Одан «фитонцид» бөлінеді, зиянды микробтарды жояды.

  • Қайыңның бұдан басқа да көптеген пайдасы бар. Одан тұрмысқа қажетті пайдалы заттар жасалынады. Мысалы ойыншықтар, ыдыстар, домбыра, шана, шаңғы, мылтық жасайды.



ІІІ Қорытынды:

  • ІІІ Қорытынды:

  • 3.1. Қайың ағашының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.

  • Қайыңды емдік мақсатта ел арасында қаншалықты қолданатындығын сауалнама арқылы анықтадым.

  • Сауалнама төмендегідей:

  • 1. Халықтық емге жиі жүгінесіз бе?

  • 2. Қайың шырынын жиі пайдаланасыз ба?

  • 3. Қайыңның емдік қасиеті қаншалықты көмектеседі?

  • 4. Қандай ауруларды емдеуде жиі қолданасыз? Нәтижесі қандай?

  • Осы сауалнама қорытындысы мынадай:



  • Қорыта келе, дертке дауа болатын қайың, біріншіден ауаны тазартып, даламызды көріктендіреді, денсаулығымызды нығайтады, екіншіден көптеген аурулардың алдын алады, үшіншіден отбасының қаражатын үнемдейді.

  • Әрбір өсімдіктің пайдасын таба білейік. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Табиғаттың тазалығын сақтап, оны қорғайық, бағалайық. Ауылымызды көгалдандыруға өз үлесімізді қосайық. Жыл

  • сайын жас көшеттерді отырғызып, аулымызды көріктендіруге жұмыла кірісейік.



ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер:

  • ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. Р. Әлімқұлова, Р. Сәтімбеков. Қызықты биология. Өсімдіктер әлемі. Жүйелік топтары. "Таймас" 2011, 60 бет.

  • 2. Қ. Аймағамбетқызы, Б.В.Муханов. Табиғаттану. 3-сыныпқа арналған оқулық. «Рауан» 1998,

  • 3. Қ.А.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник, Г.М.Жүнісова, С.Ж. Базарбаева. Дүниетану хрестоматиясы. 2-сынып. «Атамұра» 1998, 41-бет

  • 4. Интернет материалдары: w.w.w.bilimdi.kz, Twig-bilim.kz, т.б. сайттары





: uploads -> doc -> 0711
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
0711 -> Сабақтың тақырыбы: Терезелер. Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...