Т. Рысқұлов ауданы білім мекемелерінде 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына талдау, зерттеу, рейтингілеу қорытындысы



жүктеу 285.03 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі285.03 Kb.
Т.Рысқұлов ауданы білім мекемелерінде 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына талдау, зерттеу, рейтингілеу қорытындысы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сай білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының (орта, негізгі, бастауыш мектептер) жұмысына сараптау, рейтингілеу жұмыстары жүргізілді. Талдау, сараптау, зерделеу жұмыстары барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 12.06.2015 жылғы №377 бұйрығымен бекітілген «Мектептердің рейтингісі туралы Ереже» басшылыққа алынды. Сараптау барысында әр білім мекемесінің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты талдау, оқу жылының І жартыжылдығында барлық сала бойынша нәтижелер мен жетістіктерді есепке ала отырып, өзін өзі рейтингілеу, сараптау, талдау әдісімен барлық қызмет саласы бойынша әрекеттердің нәтижелілігі назарға алынып, қаралды. Мекеме басшыларының талдау жұмыстарына мекемеде өзіндік рейтингілеу көрсеткіштері назарға алынды.

Критерийлерге сәйкес І жартыжылдықта талдау, сараптауға мүмкіндік болған қолжетімді критерийлер бойынша әр мектептің балл жиынтығы шығарылды. Осының нәтижесін білім мекемелерінің оқушылар санының құрамы мен контингентіне, педагогикалық ұжым мүшелерінің сандық құрамына сай үш деңгейде бөліп, сараптама жасалды. І деңгейде орта мектептер-18; ІІ деңгейде шағын жинақталған орта және негізгі мектептер-12; бастауыш мектепр-9; Сараптау, рейтингілеу нәтижесі төмендегідей:

Орта мектептер арасында Ақбұлақ (211 балл), Р.Смаилов(218 балл),Қ.Сәтбаев (241 балл), Ақыртөбе (276 балл),Алғабас (293 балл) Болтай батыр (312 балл) төмен нәтиже көрсетсе; шағын жинақталған орта және негізгі мектептер арасында Малдыбай(114балл),Бірлес(216 балл),Ы.Алтынсарин (229 балл), Қорағаты (270 балл), Қызыл ту (276 балл), А.Шынасилов (287 балл), Т.Әубәкіров(294 балл); бастауыш мектептер арасында Мамайқайыңды(39 балл), Жалпақсаз (48 балл),Тасшолақ (57 балл) мектептері төмен нәтижелі мектептер санатында тұр.

Жоғарыда төмен нәтижелі мектептердің пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды жандандыруы қажет. Бұл оқу жылы соңында облыстық деңгейде өткізілетін мектептерді рейтингілеу қорытындысына да кері әсерін тигізеді.Аталған мектептердің барлығы да Кризистік режимдегі мектептер санатына жатқызылады.Өткен жылмен салыстырғанда, орта мектептер арасында Ақбұлақ Қ.Сәтбаев, Ақыртөбе,Алғабас,Болтай батыр төмен нәтиже көрсетсе; шағын жинақталған орта және негізгі мектептер арасында Малдыбай,Бірлес,Ы.Алтынсарин, Қорағаты, Қызыл ту, А.Шынасилов, Т.Әубәкіров; бастауыш мектептер арасында Мамайқайыңды, Жалпақсаз,Тасшолақ әлі де төменгі деңгейде тұрғандығы мектеп басшыларын алаңдатуға, кемшіліктермен жұмыстарды шұғыл жоспарлы түрде жүргізу қажеттігін ескертеді.



Білім сапасына талдау қорытындысының нәтижесі: 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша 28 жалпы орта, 3 негізгі, 9 бастауыш білім беретін мектептерде 12976 оқушы білім алды. Оның ішінде 9 бастауыш мектепте -299 оқушы, 3 негізгі мектепте -589 oқушы, 29 орта мектепте -12088 оқушы оқыды.

Аудан мектеп оқушыларының І жартыжылдық үлгерімінің қорытындысы: 2-11 сыныптардағы 11294 оқушының 1410-і (12,5%) үздік бағаға оқитындар,3366-і (29,8%) екпінділер, 6514 -і (57,7%) орта оқитындар.

Аудан бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша білім сапасы- 42,29 %, үлгерімі - 99,96 %. Аудан бойынша оқушылардың білім сапасы басқа сыныптарға қарағанда 8,9,11 сыныптарда төмен: 8 сыныпта-34,22%, 9 сыныпта -31,32%, 11 сынып-33,23%

Аудан бойынша барлық пәндер бойынша негізгі пәндерден жалпы бңлңм сапасының қорытындысы 42,29% көрсетті. Негізгі пәндерден аудандық көрсеткіштен төмен білім сапасын көрсеткен мектептер:Алғабас-42,01% ,Жамбыл-41,51%, Ақбұлақ-41,20%, Қызыл шаруа-40,18%, Қызыл ту-39,38%, Ақыртөбе-39,82%, Подгорное-38,89%, Қорағаты-37,77%,



М. Горький-37,46%, Р.Смаилов-37,34%, Қ.Сәтбаев-37,32% ,М.Әуезов-37,06%, Болтай батыр-33,92%,Т.Рысқұлов-33,65%.

Оқушылардың білім деңгейі жалпы білім беретін пәндер бойынша пән олимпиадасы қорытындысы бойынша өлшенеді.

Биылғы жылы аудандық пән олипиадасына 674 оқушы қатысып, оның 220-ы жүлделі орынға ие болды:І орын-27, ІІ орын-73; ІІІ орын-120; Жақсы нәтиже көрсетіп, оқушылары жоғары білім деңгейімен танылған мектептер қатарында №1 мектеп-лицейі, №2 орта мектеп, Б.Момышұлы, Қ.Сұлтанбеков, А.Байтұрсынов, Ақтоған, Абай, Құлан мектептері; Биыл Малдыбай орта мектебі оқушылары ешбңр пәннен орын алмады.

Облыстық пән олимпиадасына қатысқан 27 оқушының 19-ы ІІ турға өтіп, оның ішінде қазақ тілі пәні бойынша Батанова Гүлсая (Б.Момышұлы), Кирбасова Айгерім (А.Шынасилов), қазақ тілі орыс сыныптарында пәні бойынша Перзентбай Дилнур (Ақтоған), орыс тілі пәнінен Айбек Аяулым (Ақтоған) орыс тілі орыс сыныптарында пәнінен Жиесова Жанель (№2 орта мектеп), тарих пәнінен Жақсылыққызы Әсел (Ақтоған), құқық пәнінен Үсенова Балнұр (М.Горький), география пәнінен Сүлейменова Диляра (№1 мектеп-лицейі) жүлдегерлер қатарынан танылуы үлкен жетістік деп айтуға болады.

Әйтсе де оқушылардың пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың жараталыстану-математика пәндері бойынша білім деңгейі әлі де төмен.Мектептерде олимпиадаға үміткерлерді даярлау өз дәрежесінде жүргізілмейді.Орыс және қазақ сыныбынан тек 1 жеңімпаз анықталуы керек болса да, мектептерден орыс сыныбынан оқушыларды іріктеп жіберіп отырған.



Бұл бағыттағы жұмыстың жекелеген мектептерде өте әлсіз екендігін көрсетті, яғни қатысу болғанымен, нәтиже жоқ, жетістік болмаған.Бұл мектептерде «Кіші олимпиадашылар мектебі» жұмысының талап деңгейіне сай еместігін айқындады.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-шараларға педагогтар мен оқушылардың қатысу көрсеткіші:Аудандық білім бөлімінде іс-шаралар жоспарына сай барлық негізгі пәндер бойынша оқушылар мен педагогтар үшін түрлі жоспарлы және жоспардан тыс негізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижелері сарапталады.Осы жұмыстар тиісті балл өлшемдерімен критерийлерге сай қаралды. Барлық пәндер бойынша іс-шараларға қатыспаған, қатысса да төмен нәтижелі мектептер қатарының әлі де болуы Әдістемелік бірлестік пен сол пәндерге жауапты мектеп директоры орынбасарларының өз жұмыстарына салғырт қарағандығынан туындайтыны белгілі. Мектеп басшысы тарапынан бақылау болмағандықтан да, оқушылар мен педагогтарда белсенділік болмайды. Сараптама жұмысының нәтижесі төмендегідей:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылар қатысуға тиіс түрлі іс-шаралар өте көп өткізілгенімен, нәтижесіз жұмыс атқарған мектептер көп кездесті.Мысалы: Қызыл ту, Малдыбай, Т.Әубәкіров, Ю.Гагарин, Алғабас, Р.Смаилов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов,Бірлес, Ақыртөбе, Қызыл шаруа мектептері; Пән мұғалімдерінің оқушыларды өз деңгейінде дайындамай, салғырт, өз жұмыстарына немқұрайлы қарауынан және мектеп әкімшілігінің дұрыс бақылау жасамағандығынан жоғарыдағы кемшіліктерге жол беріліп отыр. Себебі байқауға қатысқан оқушылар өте төмен деңгейдегі дайындықпен келеді. Пән мұғалімдері қатысуға тиіс іс-шараларда төмен нәтиже көрсеткендері:Ш.Уәлиханов, Ақбұлақ, Қызылшаруа, Ю.Гагарин, Алғабас, Ақыртөбе, Жамбыл, Р.Смаилов, Малдыбай, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов,Подгорное, А.Шынсилов мектептері;

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:2015-2016 оқу жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық 4 семинар өтті. Мектеп оқушылары арасында «Голос Абая-голос народа», «Мой любимый учитель» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Шығарма байқауына қатыспаған мектептер:М.Әуезов,Қ.Сәтбаев, Қызыл шаруа, Малдыбай, Алғабас, Қызыл ту, Шынасилов орта мектептері мен Ю.Гагарин негізгі мектебі. 9 -11 сынып оқушылары арасында өткен «Мәнерлеп оқу» байқауына қатыспаған- Қ.Сәтбаев орта мектебі.2015 жылы желтоқсан айында XVII М.В. Ломоносов атындағы оқушылар арасындағы дәстүрлі турнирге бір де бір мектеп қатыспады. «Дарын»республикалық ғылыми –практикалық орталығының ұймдастыруымен өткен оқушылар арасындағы республикалық қашықтық олимпиадаға қатыспаған мектептер: №2, Ш.Уәлиханов, Абай, Момышұлы, М.Әуезов, Қызыл шаруа, Ақбұлақ, Қорағаты,Болтай батыр, Ы.Алтынсарин, Малдыбай, Алғабас, Қызыл ту, Бірлес, А.Шынасилов, Ақыртөбе, Жамбыл, Р.Смаилов орта мектептері және Т.Әубакиров негізгі мектебі. Рейтинг бойыншаең төменгі «3» деген ұпай алған Қызыл шаруа, Малдыбай, Қызыл ту, ал М.Әуезов, Ақбұлақ, Қорағаты, Алғабас, Шынасилов орта мектептері мен Ю.Гагарин негізгі мектебі (1 ұпай). Аталған мектептерде орын алған кемшіліктер пән мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарға немқұрайдылығы мен кәсіби деңгейдің төмендігін көрсетеді. Пән мұғалімдерінің, оқушылардың іс-шараларға қатысуы мектеп басшылары тарапынан бақылаудан тыс қалған.

Ағылшын тілі пәні бойынша оқушылар мен мұғалімдері өткізілген іс-шараларға қатысуда белсенділік танытпай, төмен нәтиже көрсеткен мектептер:А.Байтұрсынов, Р.Смаилов, Ақбұлақ, Жамбыл, Октябрь шаруа, Ы.Алтынсарин, Малдыбай, Алғабас, Қызыл ту, А.Шынасилов, Ю.Гагарин; Бұл- мектепте шетел тілін меңгеруге деген немқұрайдылықтың көрінісі.Пән мұғалімдерінің толықтығына қарамастан, кәсібіи өсу, шығармашылық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар бақылаудан тыс қалған.

Тарих, Дүние жүзі тарихы, география пәндері бойынша: оқушылары және педагогтар үшін өткізілген іс-шараларға өте төмен деңгейде қатысқан мектептер:Малдыбай, Қорағаты, Ш.Уәлиханов, Бірлес, Ақыртөбе, Құлан, Ақбұлақ, Қызыл шаруа, Ы.Алтынсарин, Жамбыл, М.Әуезов, №1 мектеп-лицейі;

Биология, химия, экология пәндері бойынша: Өткізілген іс-шараларға қатысуы өте төмен және нәтижесіз мектептер: №2 орта мектеп, М.Горький, А.Байтұрсынов, Ақбұлақ, Қызыл шаруа, Болтай батыр, Малдыбай, Алғабас, Қызыл ту, Ақыртөбе; Ақыртөбе, Октябрь шаруа, Қорағаты, Құлан, Подгорное, Қ.Сәтбаев,Р.Смаилов, Т.Әубәкіров мектептері; Пән мұғалімдерінің біліктіліктері мен тәжірибелері жеткілікті болғанымен, шығармашылық ізденіс тоқырауға ұшыраған аталған мектеп басшылары бақылауды күшейткені жөн.

Математика пәні бойынша: аудандық білім бөлімінің іс-жоспарына сәйкес математика пәнінен бұл жартыжылдықта байқаулар өткізілген жоқ. Физика пәнінен аудандық «Шығармашылық байқауы» өткізілді. Байқауға Құлан, №1 мектеп-лицейі, Ақбұлақ, Қызыл шаруа, Ы.Алтынсарин, Малдыбай, Қызыл ту, Р.Смаилов орта мектептерінің мұғалімдері қатыспады.



Информатика пәні бойынша өткізілген іс-шараларға мүлдем қатыспаған мектептер Р.Смаилов, Ақыртөбе, А.Шынасилов, Малдыбай, Қорағаты, Қызыл шаруа, Қ.Сәтбаев, Октябрь шаруа, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов. Аталған мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсу деңгейін қатаң бақылауға алу қажет.

Психология, өзін-өзі тану пәні бойынша: аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес қазан айында аудан мектептерінде «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында акция өткізілді. Аталған іс-шараға байланысты №1мектеп-лицей, №2, М.Горький, Октябрь шаруа, Абай, Б. Момышұлы, М.Әуезов, Ақбұлақ, Қорағаты, А. Байтұрсынов, Ақтоған, Болтай батыр, Подгорное, Ы. Алтынсарин , Малдыбай, Алғабас, Қызыл ту, Бірлес, А.Шынасилов, Р. Смаилов, Ю. Гагарин, Т. Әубакіров, Шолаққайыңды,Тасшолақ, Мамайқайынды,Көкарық,Сөгеті, Ғ.Мұратбаев , Жалпақсаз, Бәйтелі, Құмарық бастауыш мектептері мәліметтерін өткізген жоқ.

Қазан айында «Ең үздік сыныптан тыс іс-шара» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға Құлан, Ақбұлақ, Б. Момышұлы , Қорағаты, Малдыбай, А. Шынасилов мектептері қатысқан жоқ. А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебі, №2 шағын орталықты орта мектебі, Жамбыл орта мектебі, Подгорное орта мектебі, Қ. Сатпаев атындағы орта мектептері байқауға қатысу үшін байқау материалдары мен сұраныстарын ұйымдастыру комитетіне мерзімінен кешіктіргендіктен, байқауға қатыстырылған жоқ. Бірлес , Р. Смаилов атындағы орта мектебі, Октябрь шаруа орта мектебі әкімшілігінен сұраныстары ұйымдастыру комитетіне өткізілген, бірақ байқау материалдарын өткізбегендіктен, байқауға қатысқан жоқ. Қараша айында « Өзін-өзі тану – гуманистік құндылықтар бастауы» аудандық «Ең үздік интерактивтік сабақ» байқауы өткізілді. Байқауға Болтай батыр, Подгорное, Малдыбай, Қызыл шаруа, №2 орта мектебі, Алғабас, Қызыл ту, Ш. Уәлиханов ,Қ. Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі, Ақыртөбе , Ю. Гагарин , Т. Әубакіров атындағы негізгі мектебі, Қорағаты мектептері байқауға қатысқан жоқ.

Қараша айында бастауыш мектептерінің өзін-өзі тану пән мұғалімдері арасында « Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру сабақтары» аудандық «Ең үздік интерактивтік сабақ» байқауы өткізілді. Байқауға Тасшолақ, Мамайқайынды, Құмарық, Көкарық, Шолаққайынды қатысқан жоқ.

Қараша айында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі- білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы аудандық педагогикалық оқуға №1мектеп-лицей, №2 орта мектебі, Октябрь шаруа, М.Әуезов,Ақбұлақ, Қорағаты, А. Байтұрсынов ,Ақтоған, Болтай батыр, Подгорное, Малдыбай, Алғабас, Бірлес, А.Шынасилов, Р. Смаилов, Ю. Гагарин, Жамбыл, Құлан, Қ. Сұлтанбеков, М. Горький, Қызыл шаруа, Т. Рысқұлов мектептері қатысқан жоқ.



Музыка бейнелеу өнері, технология пәндері бойынша 3 іс-шара өтті. Осы шараларға Ақбұлақ, Болтай батыр, Подгорное, Малдыбай, Қызыл ту, Бірлес, А.Шынасилов, Ақыртөбе, Р.Смаилов мектептері қатыспай, еш нәтиже көрсетпеген.
Денешынықтыру, АӘД пәндері бойынша өткізілген іс-шараларға төмен деңгейде қатысқан мектептер: Т.Әубәкіров, А.Шынасилов, Бірлес,М.Горький, М.Әуезов;Алғабас мектептері; Т.Әубәкіров негізгі мектебінен басқа мектептерде оқушыларға барлық жағдай жасалғанына қарамастан, ешбір нәтиже болмауы алаңдатарлық жағдай.Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыстарында ешбір нәтиже жоқ.

Бастауыш саты бойынша 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығында бастауыш сынып оқушылары үшін 1 және мұғалімдер үшін 2 (олимпиада) іс-шара өтті.Өкінішке орай аталған іс-шараға 9 бастауыш мектеп мұғалімдерінің бірде-біреуі қатыспаған. Орта мектептер арасында Құлан орта мектебі үш шараға да қатыспаған, сол сияқты қатысу деңгейі өте төмен №1 мектеп-лицейі, Т.Рысқұлов, Қ.Сәтбаев, Болтай батыр, Октябрь шаруа, Қорағаты, А.Шынасилов, Ю.Гагарин,

Оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуде, олардың сұраныстарын қанағаттандыруда дарынды және ерекше қабілетті балалармен жұмысты жандандыру әр мектептің жұмысының ең басым бағытының бірі болуға тиіс. Бұл жұмыс нәтижесі оқушылардың түрлі интеллектуалдық іс-шараларға қатысу көрсеткішімен өлшенеді.Бұл жұмысты ұйымдастыру мен өткізуде кемшіліктерге жол беріп, төмен нәтиже көрсетіп оытырған мектептердің пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі ІІ жартыжылдықта кемшіліктерді жою үшін сапалы жұмыстар атқаруы тиіс.



Деңгейлік курстан өткен пән мұғалімдері арасында өткізілген іс-шараларға барлық мектептерде курстан өткен мұғалімдердің қатысуы міндетті, шығармашылық байланыс аясын кеңейтіп, кәсіби өсу қажет. Алайда бұл жұмысқа мүлдем қатыспаған мектептер- Қорағаты, М.Әуезов, Алғабас, Малдыбай, ал төмен нәтиже көрсеткен мектептер- Қызылшаруа, Ы.Алтынсарин; Бұл мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті бақылауда болуы қажет жұмыстар. Көшбасшылық жұмыстар, жаңару бағытындағы жұмыстардың әлі де өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын атап өту қажет. Алдағы жартыжылдықта осы бағытта бақылау, қадағалау жұмыстары күшейтілетінін ескеру керек.

Жоғарыда көрсетілген барлық пәндер бойынша өткізілген іс-шараларға қатыспаған оқушылар мен пән мұғалімдері туралы ақпараттық мәліметтерге сараптама жасалып, мектеп әкімшілігі тарапынан жоспарлы, нәтижелі жұмыстар қолға алынуы қажет, әлсіз буын ретінде тиісті орындарда қаралып, жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылдануы тиіс. Әсіресе осы жұмыстарды ұйымдастыру мен әдістемелік көмек көрсетуде босаңдық танытып, өз лауазымдық міндетін дұрыс атқармай отырған әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, оқу және ғылыми-әдістемелік, тәрбие, инновация, бағдарлы оқыту жөніндегі лауазымдағы мектеп орынбасарларының жұмысы қатаң бақылауға алынуы тиіс.

Іс-шараларға қатысуда облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі арқылы берілген тапсырмалардың т.б. қатаң орындалуы күнделікті директор, меңгеруші тарапынан бақылауда болып, апта, ай, тоқсан сайын сараптау,зерделеу жүргізілуі қажет.

Білім мекемелеріндегі жұмыстың басым бағытының бірі -Тәрбие жұмысы. Бұл бағыттағы жұмыс оқушылардың рухани-адамгершілік жағынан дамуы мен тұлғалық жағынан қалыптасуына жағдай жасау мақсатында жүргізіліп, кешенді шаралар жүзеге асырылады. Тәрбие саласы бойынша өткен іс-шараларға қатысуда төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Ш.Уәлиханов, Октябрь шаруа, Ақбұлақ, Малдыбай, Бірлес және барлық бастауыш мектептер.

Мектептің тәрбие жұмысы бойынша Өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Құлан, Октябрь шаруа, Ақбұлақ, Малдыбай, Бірлес орта мектептері және бастауыш мектептер;



Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен шараларға Ш.Уәлиханов, Ақбұлақ, Болтай батыр, Ақыртөбе, Р.Смаилов, Ю.Гагарин, Жамбыл, Қорағаты мектептері өте төмен деңгейде қатысқан.

«Мәңгілік ел» тәрбие-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен шараларға қатыспаған мектептер:Ақбұлақ, Қ.Сәтбаев, Ақтоған, Болтай, Малдыбай, А.Шынасилов, Жамбыл және бастауыш мектептер;

Оқушылар арасындағы құқықбұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын алу бойынша: аудандық білім бөлімінің 2015 -2016 оқу жылының І жартыжылдығындағы құқықбұзушылық пен діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстарына талдау жасалып, нәтижесі шығарылды.Құқықбұзушылыққа жоспарланған іс -шаралар бойынша 2015 жылдың қыркүйек айында Ю.Гагарин негізгі мектебінде «Жанұя және жасөспірім» атты пікірталас өткізілді. Қыркүйектің 28 күні ішкі істер бөлімімен бірлесіп,қиындық тудыратын оқушылардың есебін алып,олармен жұмыс жүргізіліп, білім басқармасына ақпарат ұсынылды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы жоспарланған іс-шаралар бойынша 2015 жылдың қыркүйек айында «Діни ағымдарға тартылған оқушылар мен мұғалімдер туралы мәлімет жиналып,білім басқармасына ұсынылды.Қыркүйек айында Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Дін саласындағы ақпараттық-ағарту» жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарлары бекітілді.2015 жылдың қыркүйек айында«Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм және терроризм проблемалары» тақырыбында білім беру мекемелерінде сынып сағаттары өткізілді.Қ.Сәтбаев орта мектебінде қыркүйек айының 23 күні «Жасөспірімдер мен жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру және деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу бойынша жұмыстары жүргізілді.Жоспардан тыс «Азамат» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп,Т.Рысқұлов орта мектебінде және Құлан орта мектебінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы қүрес» туралы жиналыс өткізілді. Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде 2015 жылдың қазан айында «Қазақстандағы дін мәселесі және қазіргі қоғамдағы жат ағымдар» тақырыбында жиналыс өткізілді. «Хизб-ут Тахрир исламның жолы емес» атты еркін микрофон Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың қазан айында өтті.Әр айдың 5 күні қиындық тудыратын оқушылардың есебін алу, облыстық білім басқармасына ақпарат ұсынылады.

Балалардың қапуіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп,аудан мектептеріне таратылды. 2015 жылдың 20 қараша күні Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде «Жастық шақ-адам өміріндегі маңызды кезең» тақырыбында дәріс өтті.«Дін және мәдениет» тақырыбында М.Горький атындағы орта мектебінде кездесу өткізілді. Әр айдың 5 күні қиындық тудыратын оқушылардың есебін алу, облыстық білім басқармасына ақпарат ұсынылады. «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында қабырға газеттері мен эссе байқауы өткізілді.Зорлық-зомбылықсыз 16 күн тақырыбында акция өтті.Акция барысында білім бөліміне қатысты білім беру мекемелерінде сынып сағаттары,эссе байқауы,тәрбие сағаттары өтті.

Т.Рысқұлов ауданы құқық қорғау органдарының,ішкі саясат пен дінтанушылардың қатысуымен аудан мектептерінде оқушылар мен ата-аналар арасында діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді.2015 жылдың желтоқсан айында Ю.Гагарин негізгі мектебінде «Өмірден қымбат нәрсе жоқ» атты оқушылармен кездесу өтті.Әр тоқсан сайын құқық қорғау органдарының,ішкі саясат пен дінтанушылардың қатысуымен аудан мектептерінде оқушылар мен ата-аналар арасында діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді.



Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы бастауыш, негізгі, орта білім беру мекемелеріндегі 2015-2016 оқу жылындағы құқықтық тәрбие жұмыстарының қорытындысы:



Мектеп атауы / өткізілген іс-шаралар атауы

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жасап, тіркелгені үшін

Аудандық жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция есебінде тұрған оқушылар үшін

Мектеп-ішілік есепте тұрған оқушылар

Сабаққа тартылмай қалған оқушылар үшін

Жалпы

1

Құлан орта мектебі

-5

-5 (1 оқушы)







-10

2

№ 1 мектеп-лицей







1 оқушы







3

№ 2 шағын орталықты орта мектебі




-5 (1оқушы)







-5

4

Ю.Гагарин негізгі мектебі







4 оқушы







5

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

-5

-5 (1 оқушы)

4 оқушы




-10

6

М.Горький атындағы орта мектебі

-5

-5 (1 оқушы)

1 оқушы




-10

7

Б.Момышұлы атындағы орта мектебі

-5

-5 (1 оқушы)







-10

8

Р.Смаилов атындағы орта мектебі

-20

-20 (4 оқушы)







-40

9

Қызыл ту орта мектебі







1 оқушы






Оқу жылы бойында оқушылар арасында ерекше құқықбұзушылық, топтық қылмыс әрекеттері болмағаны жетістік саналғанымен, майда бұзақылық пен құқықбұзушылық әрекеттер орын алды. Айта кетерлік жайт І жартыжылдық қорытындысы бойынша аудандық Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалар саны төмендеген, Мектептер бұл бағыттағы алдын алу жұмыстарын әлі де жандандыруы қажет.



ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заң талаптарына сай түскен арыз-шағым, өтініштер бойынша сараптама:

2015 жылдың 12 айында білім бөліміне аудан білім мекемелеріндегі заңсыз әрекеттер туралы түскен арыз, шағым, өтініштер саны-41; оның ішінде тоқтатылғаны-6; түсіндірілгені-25; қанағаттандырылғаны-6, қысқартылғаны-1; басқа органға жіберілгені-2; қарауда жатқаны-1; тоқтатылғаны-6; түсіндірілгені-25;

Оның ішінде 2015 жылдың 4 айында түскен 10 арыз, шағым, өтініштердің қанағаттандырылғаны-2, қарауда жатқаны-1; түсіндірілгені-5, тоқтатылғаны-2;



р/с

Арыз иесі

тіркелу күні

Қысқаша мазмұны

Жауапты мекеме басшысы

Нәтиже

1

Иесі бүркемеленген

10.09.2015 ж

ЖТ-АБМ-39


Аудандағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті туралы (арыз)

Джапарова Шолпан Тельмановна

Түсіндірілді

14.09.2015 ж



2

Ильясова А

17.09.2015 ж

ЖТ-И-41


Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры туралы (арыз)

Турманбетов Ануарбек Махамбетович

Тоқтатылды

29.09.2015 ж



3

Махамбеталиева К

23.09.2015 ж

ЖТ-М-45


«Ақбота» бала бақшасының меңгерушісі А.Кудайбергенова туралы (арыз)

Кудайбергенова Айгул Досмахановна

Қараламастан басқа органға жіберілді.

23.09.2015 ж



4

Адаева Және басқалары

05.10.2015 ж

ЖТ-ҰЖ-47


Бірлес орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Шаихиева туралы (арыз)

Киялбеков Бекмурат Мухамбеткулович

Қанағаттандырылды

13.10.2015 ж



5

Дастанова М

09.10.2015 ж

ЖТ-Д-48


М.Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебінің директоры М.Сарсенова туралы (өтініш)

Сарсенова Мадина Шералиевна

Қанағаттандырылды

23.10.2015 ж



6

Сұлтанова А

ЖТ-ҰЖ-51


06.11.2015 ж

№ 1 мектеп – лицейінің іс сапар шығындарын төлеу туралы

Тасыбаев Кайрат Байгашович

Түсіндірілді

06.10.2015 ж



7

Ақылбаева Қ

ЖТ-А-53


20.11.2015 ж

Жолдасы Керимкулов Ернарды маусымдық жұмысқа орналастыру туралы (арыз)

Примкулова Айман Баймуратовна

Түсіндірілді

04.12.2015 ж



8

Сарсенбиева А

27.11.2015 ж

ЖТ-С-55


Бірлес орта мектебінің директоры Киялбеков Бекмурат туралы (арыз)

Киялбеков Бекмурат Махамбеткулович

Тоқтатылды

27.11.2015 ж



9

Рахимова Ә

24.12.2015 ж

ЖТ-Р-57


Ақтоған орта мектебі қызы Слеусін Айсұлу колледжге оқуын жалғастыруға қарсы еместігі туралы (өтініш)

Рыскулова Орундук Мутиевна

Түсіндірілді

24.12.2015 ж



10

Бидайшиева Бакыткуль

28.12.2015 ж



Қ.Сатпаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің асханасының кәсіпкері Р.Айдарбеков туралы (арыз)

Ускенбаев Копжасар Тулегенович

Қаралуда

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының орындалуы білім мекемелері басшылары тарапынан қатаң бақылауда болуы тиіс.Бұл бағыттағы жұмыстар жанданып, түрлі іс-шаралар жүргізілгенімен, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықретінде тексеруге қамтылған мекемелер бар екені рас. Мысалы: ауданда 2015 жылдың соңғы 4 айында «Алтын сақа» балабақшасының меңгерушісі А.Адилованың үстінен бірнеше қайтара түскен түскен арыз-шағымға сай жоспарлы тексеру жүргізіліп, қазіргі уақытта іс қысқартуға жатқызылды. Меңгеруші өз еркімен жұмыстан босатылған. Қазіргі уақытта Қызыл ту орта мектебінің директоры А.Примкулованың заңсыз әрекеттері туралы шағым қаралу үстінде.Бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауда ұстау үшін білім бөлімінің алқа мәжілісінде жоспарға сай үнемі ақпараттар беріліп, заң талаптары ескертілгеніне қарамастан, әлі де жұмысты жандандыру қажеттігі туындайды.

Мемлекеттік аттестаттау жұмыстарының қорытындысы:

Білім мекемелерін аттестаттау ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесін» басшылыққа алып, өкілетті орган, ҚР БжҒМ-нің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан жүргізіледі.



2014 жылы 1 балабақша, 2 орта мектебі мемлекеттік аттестастаттаудан талапқа сай өтсе, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектеп 4,9,11 сынып оқушыларының білім сапасы төмен болуына байланысты аттестатталмады.Аталған жұмыста әсіресе Болтай батыр атындағы орта мектебінің директоры Р.Жаңабердиева өз лауазымдық міндеттерін атқаруда кемшіліктерге жол берген. Бұл барлық Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаменті берген құжаттарда және Т.Рысқұлов аудандық сотының 2015 жылғы 16 маусымдағы №3-221-15 Қаулысында нақты көрсетілген. Аталған кемшіліктерге жол берген мектеп әкімшілігінің жұмысы сапасыз,ҚР «Білім туралы» Заң талаптары мен лицензиялық талаптар орындалмай отыр.Бұл басқа білім мекемелеріне сабақ болуы қажет, материалдық-техникалық базаны қоспағанда, мектеп директоры жауаптылықта болатын оқу-тәрбие үрдісін талапқа сай ұйымдастыру, білім сапасын қамтамасыз ету, құжаттармен сапалы жұмыс әр мектеп басшысының назарында болуға тиіс.Бұл мәселеде барлық мекеме қызметкерлері бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.

Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектеп

04.08.2014 жыл

(ауызша)


Бұйрық №399

13.11.2014ж

25-28 қараша

2014 жыл



Хаттама №143100253000088;28.11.2014ж

Қаулы №143100253000088; 12.12.2014ж

Хаттама №153100253000001; 06.05.2015ж

Бұйрық №411; 02.12.2014 жыл «Аттестатталмасын»


Мектеп директоры Р.Жанабердиева хаттама, тұжырымдаманы, қаулыны 2014 жылы 15 желтоқсанда алған, екінші рет қайта аттестаттау қорытындысы туралы хаттаманы 12.05.2015 жылы алған.

2015 жылы барлығы 4 балабақша, 2 бастауыш мектеп аттесттаттаудан талапқа сай өтті. Материалдық –техникалық базасының сәйкес болмауы себепті 3 мектеп(Подгорное ОМ, Жалпақсаз, Тасшолақ БМ); 4,9,11 сынып оқушыларының білім сапасы тиісті талап деңгейіне (70 пайыз) сай болмауы себепті 3 мектеп (Болтай батыр,Ы.Алтынсарин ОМ, Мамайқайыңды БМ) мемлекеттік аттестаттаудан өткен жоқ.Мектеп ғимаратының және материалдық-техникалық базасының талапқа сай болмауынан қайта тексеруге қалдырылғандар: Подгорное орта мектебі, Тасшолақ ,Жалпақсаз бастауыш мектептері.

Подгорное шағын орталықты орта мектебі


24.12.2014 жылы

№01-03/620



Бұйрық №99

20.03.2015ж

01-04 сәуір

2015ж


10.04.2015ж

Нұсқама


(материалдық-техникалық база сәйкес емес)

Мектеп директоры Р.Омаров нұсқаулықты 2015 жылы 10 сәуір күні алған. Бірақ қорытындысы туралы бұйрықты әлі алмаған.

Тасшолақ бастауыш мектебі


1.02.12.2014 жыл

№01-03/578

08.01.2015 жыл

№01-03/18



Бұйрық №132

17.04.2015ж

4-6 мамыр

2015 жыл


13.05.2015 ж

№2

(материалдық-техникалық база сәйкес емес)



Мектеп меңгерушісі Т.Мейрманова Нұсқаманы 2015 жылы тамыз айында алған,

Жалпақсаз бастауыш мектебі


02.12.2014 жыл

№01-03/577





Бұйрық №140

30.04.2015 ж

12-13 мамыр

2015 жыл


20.05.2015ж

№32


(материалдық-техникалық база сәйкес емес)

Мектеп меңгерушісі Л.Бугираева тұжырымдаманы 2015 жылы 13 мамырда алса, нұсқаманы 28 мамыр күні алған.

4,9,11 сынып оқушыларының білім сапасының шекті деңгейден төмен болуына байланысты аттестаттаудан өтпеген мектептер:

Мамайқайыңды бастауыш мектебі

29.07.2015 жыл

№01-02/365



15.09.2015 ж

Бұйрық №340

29-30 қыркүйек

2015ж


05.10.2015 жыл

Нұсқама


(білім сапасы сәйкес емес)


Мектеп меңгерушісі А.Шадырқұлова Нұсқаманы 2015 жылы 05 қазан күні алса,«аттестатталмағаны» туралы бұйрықты қазан айының соңында алған.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

29.07.2015 жыл

№01-02/366



Бұйрық №341

15.09.2015 ж

01-03 қазан

2015 ж


09.10.2015 ж

Нұсқама(білім сапасы сәйкес емес) Бұйрық №385:06.10.2015ж«сәйкес емес»




Мектеп директоры М.Серикбаева анықтаманы 03 қараша күні,ал бұйрықты 07 қараша күні алған.

2015 жылдың ІІ жартыжылдығында кезекті аттестаттаудан өткендер:

Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі

29.07.2015 жыл

№01-02/386



Бұйрық №444

06.11.2015ж




17-19 қараша 2015 ж

Бұйрық №464

24.11.2015ж

«аттестатталсын»


Құлан орта мектебі

29.07.2015 жыл

№01-02/402



13.11.2015ж

№452


24-27 қараша 2015 жыл

Бұйрық №519

25.12.2015ж

«аттестатталсын»


Малдыбай орта мектебі

29.07.2015 жыл

№01-02/385



Бұйрық №445

06.11.2015ж



17-20 қараша 15 ж 2015ж

Нұсқама 23.11.2015ж

Бұйрық №462 24.11.2015ж



«сәйкес емес»

Мемлекеттік аттестаттау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша облыстық білім басқармасынан келген Ескерту хатпен таныстырылып , мекеме басшылары тарапынан құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау туралы мәселе бойынша арнайы кеңес өтіп, хат беріліп (шығыс №01-11-2308 17.11.2015ж) ескертілді.

Ағымдағы жылы кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшылары аттестаттау Ережесіне сай жоспарлы жұмыстар атқарып, оқушылар білімінің сапасына баса назар аудару қажеттігі ескертіледі.



Мектепке дейінгі білім мекемелерінің (балабақшалардың) 4 айдағы оқу-тәрбие үрдісін зерделей келе, төмендегі жайттар анықталды: балабақша тәрбиешілері тарапынан шығармашылық ізденіс әлі де жетілдіруді қажет етеді, «Балауса» және «Балдырған» балабақшаларынан басқа барлық білім ұйымдарында педагогтардың сапалық құрамы төмен, біліктілігі сай келмейтін тәрбиешілердің жұмыс атқарып отыру үрдісі әлі де жалғасуда. Баспасөз арқылы іс-тәжірибелерін насихаттау, өзіндік шығармашылық ізденіс жұмыстары әлі де талап деңгейіне сай келме йді.

Қазіргі уақытта «Жауқазын», «Ертөстік», «Бәйшешек», «Балдәурен», «Айгөлек» балабақшалары педагогтарының шығырмашылық кәсіби деңгейінің өсуі бойынша нәтижелі жұмыстар қолға алынуы қажет.

Мектепке дейінгі мекемелер педагогтары, тәрбиешілері үшін 9 іс-шара ұйымдастырылды, аталған шараларға төмен деңгейе қатысқан балабақшалар-«Ер төстік», «Айгөлек», «Балдәурен», «Болашақ», «Балбөбек» балабақшалары;

Балабақшаларда стандарт талаптарына сай дамытушы ортаны қалыптастыру міндеті толық орындалмай келеді, алдағы уақытта осы мақсаттағы жұмыстарға ерекше назар аударылуы қажет.



Балалардың тамақтану нормасының санитарлық талаптарға сай болуы мекеме меңгерушісі тарапынан күнделікті қатаң бақылауға алынсын.

Қосымша білім беру мекемелері бойынша: ауданда 4 қосымша білім беру мекемесі бар:Балалар мен жасөспірімдер орталығы, М.Төлебаев атындағы музыка мектебі, «Өнер» мектебі, «Мәңгілік ел» оқу-тәрбие орталығы, аталған мекемелер осы оқу жылының 4 айында барлық іс-шараларға белсене атсалысып, жоспарға сай жұмыстарды толығымен атқарды. Балаларға қосымша білім беруде аталған мекемелер ақылы негізде қызмет жасауға құқылы екендігін ескерсек, осы бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейге көтеріп, оқушыларды қамту үлесін арттыруы қажет. Мектеп басшыларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарып, оқушылардың шығармашылық әлеуетінің артуына өзіндік үлес қосуға тиіс.

Аудан білім мекемелерінде 2015-2016 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын талдау, зерттеу қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімі төмендегідей ұсыныстар береді:


  1. Барлық білім беру ұйымдары мектептегі оқу- тәрбие процесін жүргізуде нормативтік- құқықтық құжаттарды қатаң басшылыққа алып, сапалы, нәтижелі жұмыстар жүргізсін және мекеме басшылары тарапынан күнделікті қатаң бақылауға алынсын.



  1. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім беруді қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар атқарылсын, пән мұғалімдерінің оқыту сапасы бақылауға алынсын, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жандандырылсын.



  1. Барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді ОЖСБ және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жұмыстары күшейтіліп, нақты жұмыстар жүргізіліп,білім сапасын арттыру бағытында, негізгі пәндерді сапалы оқыту бағытындағы жұмыстардың талапқа сай ұйымдастырылуы мектеп басшысының жеке бақылауына алынсын.



  1. Білім беру ұйымдарында ғылыми- әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру мақсатында әдістемелік пән бірлестіктерінің жұмысы жандандырылып, мектеп әкімшілігі (орынбасарлары) тарапынан бақылау, қадағалау күшейтілсін, әр ай, тоқсан сайын рейтингілеу жұмыстары жүргізілсін.



  1. Оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуде, олардың сұраныстарын қанағаттандыруда дарынды және ерекше қабілетті балалармен жұмыстар жандандырылып, түрлі деңгейдегі шараларға қатысу көрсеткіштері мектеп басшылары тарапынан бақылауға қойылсын.



  1. Білім беру ұйымдарының басшылары педагогтардың кәсіби білігі мен шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын кәсіби байқаулар мен конкурстарға қатысуы бақылансын.



  1. Білім беру ұйымдарында оқыту процесінде тәрбиенің құрамдас бөлігін, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту жұмыстары жүргізілсін.



  1. Мекемеде психологиялық жағымды ахуал туғызып, қалыпты деңгейде жұмыс атмосферасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жандандырылсын.



  1. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу жұмыстары жандандырылып, азаматтардың арыз, шағым, өтініштерімен талапқа сай жұмыстар ұйымдастырылсын



  1. Қосымша білім беру арқылы балалардың тұлғалық дамуына ерекше көңіл бөліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, адамгершілік тәрбие негіздерін қалыптастыру жұмыстары сапалы жүргізілсін.



  1. Мектепке дейінгі білім мекемелері қызметкерлерінің шығармашылық ізденісін арттыру бағытында талапқа сай жұмыстар ұйымдастырылып, тәрбиешілердің сапалық құрамын арттыруға ерекше көңіл бөлінсін.



  1. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде тәрбиеленушілердің денсаулығы, өмір қауіпсізідігін сақтау және жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тиісті стандарт талаптарына сай жүргізілсін.

Анықтаманы ұсынғандар: 1.Е.Сейтжапаров-сектор меңгерушісі

2.Т.Естемесова-бас маман

3.Н.Садықбекова-бас маман

4.А.Баймуратова-әдістемелік кабинет меңгерушісі

5.Г.Шапетова-кадр маманы

6.Ш.Толымбетова-әдіскер

7.Г.Жұматаева-әдіскер

8.Г.Қырықбаева-әдіскер

9.Б.Самылтыров-әдіскер

10.Г.Жамалбекова -әдіскер

11.Р.Каландарова-әдіскер

12.Г.Нуралиева-әдіскер

13.Ж.Бағылбеков-әдіскер

14.Н.Дархамбекова-әдіскер

15.К.Медеров-әдіскер

16.А.Бейсенов-әдіскер

18.Г.Суюндукова-әдіскер

19.Г.Ноғайбаева-әдіскер-инспектор

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет