Суюбаева Р. Д. Әби Гүлсім 2016 ж. 2016 ж. Ашық сабақ жоспары



жүктеу 81.56 Kb.
Дата17.06.2017
өлшемі81.56 Kb.
логотип каспий
ЖШС «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі»

Келісемін» Бекітемін

Директордың ғылыми-әдістемелік «Каспий» ПжСТК директордың ісі жөніндегі орынбасары оқу ісі жөніндегі орынбасары
___________ Суюбаева Р.Д. ___________________ Әби Гүлсім «___» ____________ 2016 ж. «___» ____________ 2016 ж.

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: «Дене тәрбиесі теориясы мен оқыту әдістемесі»

Тақырыбы: «Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда

дене тәрбие сабағын жүргізу әдістемесі»



Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

Біліктілігі: 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің

мұғалімі»



Курс: 2

Дайындаған: пән оқытушысы М.И.Ильясов

Уақыты: 06.12.2016 жыл.



Жаңаөзен қаласы, 2016 жыл

Арнайы және кәсіптік білім беретін пәндер топтамалық

комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды

2016 жылғы « _____ » __________ № ____ хаттама



ТӘК төрағасы: ___________

«Дене тәрбиесі теориясы мен оқыту әдістемесі» сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш, орта, жоғары сыныптарда дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі

Сабақтың мақсаты:

Бастауыш, орта, жоғары сыныптарда дене тәрбиесі сабағын жүргізу, үйрету.

Ұлттық ойын ойнатуға машықтану.

Көңілді мәре (Эстафеталық) ойындар ойнауды меңгеру.

Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын артыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Ұлттық ойындар туралы мағлұмат алу;

  • Ұлттық және қозғалмалы ойындарға қызықтыру.

  • Әртүрлі ұлттық және қозғалмалы ойындардың ережесіне түсінік бере білу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгіме, мәтінге түсініктеме, ойындардың ойнатылу ережесі.

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, Әдебиеті, орыс тілі,ұлттық өнер, математика, психология, өзін-өзі тану.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, ұлттық ойындар, көңіді мәре сайысы, әртүрлі қозғалыс суреттері, видео-ролик.

Сабақ жүрісі

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын арттыру,

Ұлттық, қозғалмалы, эстафеталық және спорттық ойындарды ойнаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге баулу

Ойындар туралы өз пікірін айта білу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Басатауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері, оларды сапқа тұруды, сапта санауды, санаудың 1-2,1-2-ге; 1,2-3,1,2-3ке саналуды, бұрылулар, оң-ға, сол-ға, кері ай-налу жаттығуларын, саппен жүру және жүру кезінде орындалатын жаттығуларды. Қатармен жүгіру, жүгіру кезінде орындалатын жаттығуларды және жалпы дамыту жаттығуларын мұғалім оқушылардың барлығын бірдей орындата білуі тиіс (өткен тақырыптар және спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар және дене тәрбиесінің әдістемесі пәндерінен сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың білімін тексеру, арттыру.

Үйге берілген тапсырма тықырыбы көлемінде видео ролик көрсетілімін көрсетіп студенттермен бірге бекіту.

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Оқушылардың кейбір білмеген жайыттары туралы қысқаша айту және сабақ өткізуге арналған жаттығулармен секірулерді интерактивті тақта арқылы 6-7 (минуттық) видео ролик көрсету

ІV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі.

Сабақ өткізуге уақыт көлемі ережелері туралы мағлұмат беру слайд көрсету оқушыларға сұрақ жауап арқылы түсіндіру, ұлттық, қозғалмалы және спорттық эстафеталық ойындардан 3-4 минуттық видео роликтер көрсету

V.Жаңа білімді меңгеру кезеңі
1. Сабақ барысында түсіндірілген сабақ өтудің әдіс-тәсілдерін және әдістемесін үйрету туралы қолданылған слайд және суреттер көрсетілімінен ұлттық жән, қозғалмалы, жүгіруге арналған эстафеталық ойындар, гимнастикалық жаттығулар туралы түсінігін оқушылармен сұрақ-жауаптар арқылы түсінік алу
2.Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері орта сынып оқушыларының қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады, осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі сабағы әдетте ағзаның дамуын, өсуін қамтамассыз етіп қоймай тепе-теңдік күйіне түсіруге арналған жай жаттығулар тобын жасаумен, жүрумен сапқа тұрып жаттығулар жасаумен, маршпен аяқталады. Сапта және қатарда жүру, дене шынықтыру жаттығулары, қолданылмалы жаттығулары, негізгі гимнастикалық жаттығулар болып табылады. Әдетте қолданылмалы сипаттағы гимнастикалық жаттығулар жеңіл атлетика бойынша үйреніп жүрген қимыл түріне жүргізуге, секіруге, лақтыруға немесе спорт ойындарының үйреніп жүрген қимылдарына-баскетболға, волейболға т.б. сәйкес келеді.

Ойын туралы түсінік

      Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.

      Ойын – балалар мен ересектерге қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.

      Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.

    Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.

      Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өзіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.

      Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.

      Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.

 Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар

      Педагогикалық практикада, әлеуметтік өмірде және тұрмыста қозғалмалы ойындарды ұйымдастырудың екі негізгі формасы бар: белгіленген және белгіленбеген.

      Қозғалмалы ойындар өткізудің белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтардың реттілігін, ойын материалының регламентацияланған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойынға енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі, мазмұны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы.

      Белгіленбеген формаға қозғалмалы ойындар балалардың ішінен ұйымдастырушылардың, вожактардың үлкен рөлін бөліп көрсетеді, олар ереже бойынша элизодтық түрде ұйымдастырылады, қатысушылар құрамы өзгереді, ал ойындар ойын материалдарының көлемі және мазмұны бойынша түрленеді.



Оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі қозғалмалы ойындарға жіберілетін уақыт оқушылар оқитын сынып, жас деңгейлеріне, оқытудың жылдық күн тәртібіне және басқада әрекеттермен демелудің түрлеріне тәуелді.

Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие, олар: 1) сауықтандыру; 2) білім беру; 3) тәрбиелік.

Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.

      Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.

      Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет. Ойындары бар жүйелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды.

Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.

      Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақты) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардан шапшандылықты талап етеді.


VІ. Қауіпсіздік ережесі. Студенттерге дене тәрбиесі сабағын өткізер кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтағаны дұрыс, сабақ үстінде және өз бетінше спортпен шұғылданған кезде осы көрсетілген ережені мұқият орындауға міндетті.

1.Ойын кезінде тек қана көрсетілген жолымен жүгіруі керек;

2.Жүгіру кезінде басқаға кедергі жасамау;

3.Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды;

4.Жалпы спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқ киім киіледі;

5.Спорт құралдарын пайдаланған кезде адамдарға қарай қарсы қолданбау;

6.Сабақ жүріп жатқанда жүгіретін, секіретін лақтыратын алаңдарды кесіп өтуге болмайды;

7. Спорт құралын рұқсатсыз алуға болмайды.

8.Сабақ барысында жаттығудың қандайы болсын, тек мұғалімнің ғана нұсқауымен орындалады;

VII.Жаңа білімді бекіту сұрақтары
Ұлттық, қозғалмалы және спорттық ойындары бар эстафеталық ойындар туралы видео ролик көрсету 2-3 минуттық


  1. Ойынды өткізуге даярлау.

  2. Ойынға арналған алаңды даярлау.

  3. Қозғалмалы ойынға арналған құралдарды (инвентарь) даярлау.

  4. Ойынды алдын-ала талдау.

  5. Ойынға жетекшілік ету.

  6. Ойынды түсіндіру.(әрбір ойынды жеке-жеке)


VІIІ. Қорытынды

ІХ.Бағалау

Үй тарсырмасын орындаған студенттерді бағаландыру және айту
Х.Үйге тапсырма:
Ұлттық, қозғалмалы және спорттық ойындары бар эстафеталық жарыс ережесін жазу 5 немес 7 ойыннан құралған

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет