Сундетова Асемгуль Сапаровна Информатика мұғалімі Ақмола обл., Кокшетау қ. Кмм

Loading...


Дата03.02.2017
өлшемі65.36 Kb.
Сундетова Асемгуль Сапаровна

Информатика мұғалімі

Ақмола обл., Кокшетау қ. КММ «ОМГ №11»

2 категория

Информатика 6 сынып

Тақырыбы «Алгоритм және оның орындаушылары»


Жалпы мақсат:

  • Оқушыларды алгоритм және оның орындаушылары, жазылу формалар ұғымымен таныстыру.

  • Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сілтеме:

  1. 6-шы, 9-шы сыныпқа арналған электронды оқулық.

  2. 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.

  3. Портал материалдары.

Оқу нәтижесі:

Алгоритм ұғымымен және формаларымен танысу күнделікті өмірдегі алгоритмдерге мысалдар келтіре алу.

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, доп, Paint бағдарламасында, бағалау парақтары

Оқыту әдістері:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.

Жұмыс түрлері: жұптық



Дерек көздері:

  • Информатикаға арналған жұмыс дәптері. Оқулық. Сілтемелер. Электронды оқулықтар

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, электрондық оқулықпен жұмыс, тест тапсырмасы.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және  жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі.

Амандасады, тренингке қатысады.

Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1,5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин )


Өзін -өзі бағалау парағы алдын ала таратылады, түсіндіріледі

1 нұсқа


1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А. Шоттар

В. Арифмометр

С.Калькулятор

Д. Сорбан

2. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А. 1946ж.

В.1949 ж


С.1980 ж.

Д.1956 ж.

3. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?

А. оптикалық дискілерді



В. флэш-дискілерді

С.жұмсақ магниттік дискілерді

Д. DVD дискілерді

4. Жедел жады не үшін керек?

А.модеммен компьютерді жалғау үшін

В. ақпаратты өңдеу үшін

С.программаларды іске қосу үшін

Д. ақпаратты уақытша сақтау үшін

5. Бірінші программалаушы кім?

А.Чарльз Беббидж

В. Герман Холлерит



С.Ада Августа Лавлейс

Д. Блез Паскаль

6. Шинаның негізгі сипаттамасы:

А. разрядтылығы

В. тактілік жиілігі

С.сыйымдылығы

Д.ұзындығы

2 нұсқа

1. Шинаның негізгі сипаттамасы:



А. разрядтылығы

В. тактілік жиілігі

С.сыйымдылығы

Д.ұзындығы

2. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А. 1946ж.

В.1949 ж


С.1980 ж.

Д.1956 ж.

3. Бірінші программалаушы кім?

А.Чарльз Беббидж

В. Герман Холлерит

С.Ада Августа Лавлейс

Д. Блез Паскаль

4. Жедел жады не үшін керек?

А.модеммен компьютерді жалғау үшін

В. ақпаратты өңдеу үшін

С.программаларды іске қосу үшін



Д. ақпаратты уақытша сақтау үшін

5. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?

А. оптикалық дискілерді

В. флэш-дискілерді

С.жұмсақ магниттік дискілерді

Д. DVD дискілерді

6. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А. Шоттар

В. Арифмометр



С.Калькулятор

Д. Сорбан



2 нұсқада тест тапсырмалары таратылады.

Бірінің жауабын бірі тексереді.

Ұпай санын төмендегідей бағалаймыз:

"5"-6 ұпай

"4"-5 ұпай

"3"-4 ұпай



ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин)


Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге ребус шешуді ұсынамын.

Интерактивті тақтада ребус көрсетіледі, осы ребусты шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын айтады.


(АЛГОРИТМ)

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілгеналгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.

Электронды «Бота» оқулығы бойынша тақырыпты түсіндіремін.
9 сыныбының электронды оқулығын ашып мысалдарды қарастырады


IV. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(10 мин)

Бота программасы арқылы алгоритм туралы тусінік алады және тапсырмасын орындайды

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер.



1.

2. Бота программасында

2С,3Т,2О,3Т,2С алгоритмін орындайды

3.Бота қандай фигураларды сала алады?




3.Шәй қайнату алгоритімін орындау (9 сыныптың электрондық кітабы)




V. Сергіту сәті.

(2 мин)

Көңілді видео көру.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Видео қарайды

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.


V І. Бекіту.

Оқулықпен жұмыс (6 мин)


Берілген тапсырманы ДК- де Paint бағдарламасында орындайды.

Өзіңді суретшімін деп елестетіп көр.

Төмендегі тапсырмаларды оқып, алгоритдемді орында.

• Басын сал.

• Екі көзін сал.

• Мұрнын сал.

• Ауызын сал.

• Шашын сал.

• Қасын сал.

• Кейіпкеріне есімін бер.

• Есімін суреттін астына жазып қой


ДК қосып, Paint бағдарламасын ашып, берілген тапсырманы орындайды. Адамның суретін салады.

VІІ. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)

§8-9 оқу

күнделікті тұрмыстағы кез келген әркет бойынша алгоритм құрып келу



Қорытынды жасайды, ой толғайды.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу



VIІІ. Бағалау (2 мин)


Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

Бір-біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады

ІХ. Рефлексия (3 мин )


Оқушылармен шеңберге отырып, қолдарына доп беремін. Әр оқушы сол допты бір-бірлеріне лақтырып, ұстаған оқушы өзінің сабақ жайында пікірін айтады.

Допты ұстап алып, сабақта тақырып бойынша нені түсінгенің, нені түсінбегенің айтады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен өзендер
2017 -> Ақпараттық қауіпсіздік Біліктілік: Ақпаратты сақтау бойынша т
2017 -> Компъютерлік желі және телекоммуникациялар Біліктілік: Техник
2017 -> Білім беру бағдарламасы мамандық: Жаңартылмалы энергетика, 0903000 Электр энергетикасы (сала бойынша) Біліктілік
2017 -> Сабақтың тақырыбы
2017 -> Бейнежазбаны (avi, mp4 форматында) 27. 03. 2017 дейін жіберу керек (қосымша №2)
2017 -> Қонақ үй бизнесі: мейманхананы/мейрамхананы басқару Біліктілік: Сервис менеджері
2017 -> Бағдарламалау Біліктілік: Техник-бағдарламашы
2017 -> Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...