Студенттік ғылыми қОҒамы құрметті әріптестер!

Loading...


Дата16.03.2017
өлшемі156.4 Kb.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІc:\documents and settings\администратор\рабочий стол\777\logo_fin.jpg

СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді , С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті Студенттік Ғылыми Қоғамы , 2016 жылдың 21-22 сәуірінде болатын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты IIІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.



Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, ғылыми ой-өрісін және әртүрлі ғылыми бағыттардың байланысын кеңейтуге ықпал ету,өзекті мәселелермен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.

Студенттер, интерндер, резиденттер, ординаторлар, аспиранттар, жас ғалымдар (35 жасқа дейінгі) конференцияға қатысуға шақырылады.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің (оқушыларының, колледж студенттерінің) отырысы өтеді.

Конференцияның іскери тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы:


  1. Баяндама мен тезистің ауызша жариялануы;

  2. Баяндама мен тезистің стенд түрінде жариялануы;

  3. Тек тезистің жариялануы;


Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:



  • Ішкі аурулар

  • Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

  • Педиатрия және неонатология

  • Фармация және фармакология

  • Стоматология

  • Акушерство және гинекология

  • Неврология, психиатрия және наркология

  • Гигиена және экология

  • Морфологиялық пәндер

  • Қоғамдық денсаулық сақтау

  • Мейірбикелік істегі зерттеулер

  • Сәулелік диагностика және терапия, онкология

  • Іргелі пәндер

  • Иммунология, инфекциялық патология, эпидемиология

Конференцияға дайындық барысында, қатысушылырдың өтініштерінің санын және ұсыныстарын ескере келе, жоспарланған секцияларға түзетілулер еңгізілуі мүмкін.


Конференция ұйымдастырушылары қатысушылардың өзі орындаған әрі толық ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша, ауызша баяндамалар мен тезистерді іріктеп алады. Пайдаланылған әдебиетке шолулар қарастырылмайды. Ауызша баяндама ұзақтығы 5 минут.
Постерлі баяндама рәсімдеу талаптары №2 қосымшада көрсетілген. Постерлі баяндаманы дайындау автор есебінен жүргізіледі.

Конференция мәліметтері студенттік «International Student’s Journal of Medicine» журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады. Журналдың электронды нұсқасы университеттің арнайы сайтында www.kaznmu.kz, журналдың арнайы сайтында isjm.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ арнайы сайтында nirs.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ Вконтакте vk.com/snokaznmu қауымдастығы парақшасында жарияланады.



Конференцияға қатысу үшін:

  1. Сілтеме бойынша өтіп, конференцияға қатысудың онлайн-өтінішін толтыру қажет (№3 қосымшаны қараңыз); https://sno-i-smu-kaznmu.timepad.ru/event/278435/

  2. Тезистерді талапқа сай рәсімдеп, мына сілтемеге жіберу кажет: orgkomitet-2016@mail.ru жіберу ( №1, №4 қосымшаларды қараңыз);

  3. Барлық авторлар мен кафедра меңгерушілерінің қолдары қойылған және мөр басылған тезистің сканерленген нұсқасын (jpg немесе pdf форматында) конференция ұйымдастырушыларының поштасына orgkomitet-2016@mail.ru жіберу қажет;

Сіздердің жіберген мәліметтеріңіз келіп түскеннен кейін, ұйымдастырушы комитет сіздерге шақырту жібереді және конференцияға қатысу туралы қосымша ақпаратты хабарлайды.

Қатысуға өтініштер 2016 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу және тезистерді жариялау - тегін. Іс-сапар шығыны(жолақысы мен тамақтануы) жіберген жақтың есебінен жүргізіледі. Қатысушыларға ҚазҰМУ-нің студенттік жатақханасынан орын берілуі мүмкін. Сондай-ақ,төмендетілген бағамен хостелден орын берілуі мүмкін

Конференцияның өтілетін орны: ҚР, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті. Арнайы сайты: www.kaznmu.kz

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
20 сәуір 2016 жыл – конференцияға қатысушылардың келуі, вокзалдан,әуежайдан – ҚазҰМУ-нің жатақханасына және қонақ үйлерге орналастыру.

1-ші күн, 21 сәуір 2016 жыл

Конференцияның 1-ші күні бойынша қысқаша анықтама: Конференцияның ашылу салтанаты, пленарлы отырысы, мастер-кластар және қала бойынша экскурсия.

Уақыты

Іс-шаралар

Іс-шаралар сипаттамасы

Өткізілу орны

9.00-9.30

Тіркеу

Конференцияға қатысушыларды тіркеу

Университеттік «Concordia» театрының күту залы

9.30-10.30

Ашылуы

Алғысөз:

  1. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры

  2. Ғылыми жұмыс және инновациялар бойынша проректоры

  3. Б. Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ директоры,

  4. ҚазҰМУ СҒҚ төрағасы




Университеттік «Concordia» театры

10.30-12.00

№1 пленарлы отырыс

Визитинг-профессорлар дәрістері

Университеттік «Concordia» театры

12.00-13.00

Түскі асқа үзіліс




ҚазҰМУ студенттік асханасы

13.00-15.00

Мастер-класстар

Таңдау бойынша мастер-класстар

Қ.Қожаканов атындағы тәжрибелік дағдылар орталығы

15.00-17.00

Қала бойынша экскурсия

Алматы қаласының негізгі көрікті жерлеріне экскурсия

Алматы қаласы

2-ШІ КҮНІ, 23 СӘУІР 2016 ЖЫЛ

Конференцияның 1-ші күні бойынша қысқаша анықтама: Негізгі ғылыми бағыттар бойынша секциялық отырыстар.

Уақыты

Іс-шаралар

Іс-шаралар сипаттамасы

Өткізілу орны

9.00-10.00

Тіркеу

Секцияға қатысушыларды тіркеу

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу аудиториялары

10.00-13.00

Секциялық отырыстар

Негізгі ғылыми бағыттар бойынша секциялық отырыстар.


С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу аудиториялары

13.00-14.00

Түскі асқа үзіліс




ҚазҰМУ студенттік асханасы

14.00-15.00

№2 пленарлы отырыс

Жеңімпаздарды марапаттау. Конференцияның жабылуы.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ залы

24 сәуір 2015

Конференция қатысушыларының кетуі, қонақ үй және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханасы – вокзал, аэропорт трансфері.



Ұйымдастырушы комитетпен байланысу түрлері:

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ және ЖҒК, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру тобы.

Бас маман: Нуралина Маржан Ембергеновна.

Маман: Мухамеджанова Жадыра Маулетовна.



Тел: +7 727 338 7090, ішкі(7129), E-mail: nirs@kaznmu.kz

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттік ғылыми қоғамы.

Төраға: Абилхас Асылжан Акимханулы Тел: +7 771 390 94 08.

E-mail: abilkhas.asylzhan@gmail.com.

Конференцияны ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы sno@kaznmu.kz;



  • Қосымша ақпараттар арнайы сайттарда:

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ www.kaznmu.kz,

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ nirs.kaznmu.kz,



С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ Вконтакте желісі vk.com/snokaznmu.

ҚОСЫМША №1

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР*

  1. Тезис көлемі – 1 беттен аспауы қажет (2500 символ (пробелдерді қоса санағанда).

  2. Тезис А4 (1 экземпляр) форматында, гарнитура Times New Roman, шрифт өлшемі - 12, қатараралық интервал - 1, абзац - 5 мм. Шектер: сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм, жоғарғы - 20 мм, төменгі - 20 мм.

  3. Тезистің құрылымы: тезис тақырыбы бас әріптермен (ортада, қою әріптермен), одан төмен бөлігінде – курсивпен - автор (қосымша авторлар) (А.Т.Ә., курс, факультет, жоғары оқу орнының аты, қала, мемлекет); төменірек – ғылыми жетекші (дәрежесі, атағы, А.Т.Ә.),одан төменде курсивпен – кафедра. Бір интервал аралықта – тезис мәтіні. Тезис мәтінінен кейін бір интервал аралықта - әдебиеттер тізімі ( 5-тен артық емес). Әдебиеттер тізімі әліпби тәртібімен орналасады. Мақалаға библиографиялық сілтеме құрылымы - Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беті. Кітаптарға библиографиялық сілтеме беру құрылымы - Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Кітаптың атауы. Баспасы, Қала, Том, бет. Мәтіннің өзінде сілтеме номерін тік жақша сандармен көрсету қажет.

  4. Тезистің негізгі мәтінінің құрылымы: Өзектілік (зерттелетін мәселенің қысқаша өзектілігі); Мақсаттар мен міндеттері (оларды шешу арқылы мақсатқа қол жеткізіледі); Материалдар мен зерттеу әдістері (зерттеу әдістемесін сипаттау); Нәтижелер және оларды талқылау (нәтижелерді өңдеу). Қорытынды.

  5. Мәліметтердің статистикалық талдау нәтижелерін қолдану кезінде қолданылған бағдарламалық пакетті және оның нұсқасын, статистикалық әдістердің атауын, статистиканың сипаттамалық әдістерін және статистикалық гипотезаларды тексеру кезіндегі маңыздылықтың нақты дәрежесін көрсету міндетті саналады. Зерттеудің негізгі нәтижелері үшін сенімділік интервалдарын есептеу ұсынылады.

  6. Тезис мәтінінде кестелердің, графиктердің, диаграммаладың, суреттердің қолданылуына жол берілмейді.

  7. Редакцияның тезис материалдарын түзетуге құқылы. Тезиске стилистикалық, номенклатуралық немесе формальді сипаттағы түзетулер автордың келісімінсіз енгізіледі.

*Ескерту: Тезисті жеке Microsoft Word документі түрінде рәсімдеп, файлдың атында қатысушының тегі мен документ түрін көрсету қажет (мысалы, Иванов-өтініш.doc). тезисті рәсімдеу мысалы – №5 қосымша.

ҚОСЫМША №2

ПОСТЕРЛІ БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Постердің жоғары бөлігінде жұмыстың тақырыбы (бас әріптермен, белгілеусіз, үш жолдан көп емес), авторлар (А.Т.Ә., курс, факультет, ЖОО-ның атауы, Қала, мемлекет), ғылыми жетекшісі (А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, атағы, кафедра, ЖОО-ның атауы, қала, мемлекет) көрсетіледі.

  2. Постерлі баяндама ғылыми жұмыстың материалдарынан тұруы қажет: зерттеу мақсаттары, әдістері және зерттеу әдістемесі, тәжірибелік бөлімнің қысқаша резюмесі, жұмыстың нәтижелері график, кесте, сызба, суреттер, диаграммалар түрінде көрсету.

  3. Стенд өлшемі: Биіктігі – 90 см, ені – 130 см

  4. Қолданылатын шрифт өлшемі 100 см арақашықықтан оқи алатындай болуы қажет.


ҚОСЫМША №3

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТІ ТОЛТЫРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының А.Т.Ә. (толығымен)

Иванов Дмитрий Алексеевич

Қызметі (студент/жас ғалым)

Студент

Туылған күні және жасы (КК/АА/ЖЖ және NN жас)

14.12.92г. – 22 жас

Жынысы (ер/әйел)

Ер

Курсы, факультеті (студенттер үшін);

Қызметі (жас ғалымдар үшін)

5 курс, «Жалпы медицина» факультеті

Ғылыми жұмыстың тақырыбы

Спорттағы ЭКГ-нің қызметтік индексінің ерекшеліктері.О

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі және атағы

А.А. Омаров, м.ғ.д, проф.

Кафедра

Қалыпты физиология кафедрасы

Университет (толық атауы), қала, мемлекет

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы,

Конференцияға қатысу формасы:

  1. Ауызша баяндама және тезистерін жариялау

  2. Стенд түріндегі баяндама және тезистерін жариялау

  3. Тек тезистері жариялау

Ауызша баяндама және тезистерін жариялау


Секция:

  1. Ішкі аурулар

  2. Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

  3. Педиатрия және неонатология

  4. Фармация және фармакология

  5. Стоматология

  6. Акушерство және гинекология

  7. Неврология, психиатрия және наркология

  8. Гигиена және экология

  9. Морфологиялық пәндер

  10. Қоғамдық денсаулық сақтау

  11. Мейірбикелік істегі зерттеулер

  12. Сәулелік диагностика және терапия, онкология

  13. Іргелі пәндер

  14. Иммунология, инфекциялық патология және эпидемиология

Морфологиялық пәндер

Баяндама тілі (қазақ, ағылшын, орыс)

Орыс

E-mail:

Ivanov@yandex.ru

Байланыс телефондары:

+7 777 787 5555

ҚазҰМУ студенттік жатақханасынан орынға тапсырыс беру қажеттілігі (Қажет/қажет емес)

Қажет

ҚОСЫМША №4

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ОСОБЕННОСТИ ФУНКЦИОНАЛЬНОГО ИНДЕКСА ЭКГ В СПОРТЕ

Д.А. Иванов, 5 курс, «Жалпы медицина» факультеті

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Үлттық медицина университеті

Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., проф. А.А. Омаров

Қалыпты физиология кафедрасы
ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Автор, A. A., Автор, B.B., Автор, C. C. (жыл). Кітаптың атауы. Баспасы, Қала, Том, беттері.

  2. Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беттері.

  3. Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беттері.



Страница из


: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...