Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісіне арналған қызметтік нұСҚаулық



жүктеу 63.37 Kb.
Дата11.04.2017
өлшемі63.37 Kb.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



А.С.Имангалиев

03.09.2011 ж.




СТУДЕНТТІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ СЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕПШІСІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ

Орал, 2011


5 беттің 2-сі



АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:
1. Дайындалды: 01.09.2011 ж. Бегеева М.К.

2. Құжаттың орнына енгізілді: 13.09.2005



  1. Енгізілген уақыты: 09.09.2011

4. Қайта қаралды:09.09.2014

5. Өзгертулер:






Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









5 беттің 3-сі


Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


  5. Сипаттаулар

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

5 беттің 4-сі



1 МАҚСАТ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіна, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, еңбек жалақысы, шәкіртақылар және қорларға төлемдер бойынша есеп жүргізу секторының есепшісі бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің қызметтерінің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған.



2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-нің еңбек жалақысы, шәкіртақылар және қорларға төлемдер бойынша есеп жүргізу секторының есепшісі үшін жарамды.


3. ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған қызметтік нұсқаулықтардағы терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.



4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
4.1 Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісі жауапты:

4.1.1 студенттердің шәкіртақысын, жол жүру өтемақысын, жетім және ата-анасының қамкорлығынсыз қалған студенттерге бөлінген тамақтанудың шығын мөлшерін, сыйақымен, материалдық өтемақы есептеуге;

4.1.2 банк арқылы студенттерге карточканы ресімдеуге ;

4.1.3 сыйақының, материалдық өтемақының жалпы санынан: зейнеткерлік және кәсіподақтық төлем ақы, табыс салығы құнын алып тастап отыруға;

4.1.4 сұралған жерге алынған шәкіртақының көлемі туралы анықтама беруге;

4.1.5 оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімі және дирекциялармен студенттердің саны туралы мәліметтерді салыстырып тексеруге;

4.1.6 АҚ « Қаржы орталығы» үшін уақытылы мәлметтермен, оқу үшін алынған ақшалай қаражат туралы анықтама-растаманы жіберуге;

4.1.7 ағымдағы құжаттамаларға (студенттерді оқудан шығару, аудару және т.б. бұйрықтарды) бақылау жүргізуге;

4.1.9 ЗТЖМО-ға зейнеткерлік салымдарын (10 %), студенттердің құрамы бойынша салықты уақытында есептеп отыруға;

4.1.10 университеттің сапа жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыруға;

4.1.11 СМЖ қызмет етуіне.

4.2. Студенттік есеп бойынша есеп жүргізу секторының есепшісі құқылы:

4.2.1 шәкіртақы алатын студенттерге компьютерлық есеп жүргізу;

4.2.2 оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімі және дирекциялармен студенттердің санын білу;

4.2.3 АҚ « Қаржы орталығына» мәлметтермен, оқу үшін алынған ақшалай қаражат туралы анықтама-растаманы жіберу үшін оқу бөлімінен студенттерді қабылдау, оқудан шығару, аудару және т.б. бұйрықтарды талап ету.
5 беттің 5-сі

4.2.4 СМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;


5.СИПАТТАУЛАР



5.1.Бағыныстылығы

5.1.1. Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісі тікелей бас есепшіге бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2. Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісі болмаған кезінде оның жұмысын осы сектордың басқа бір есепшісі жүзеге асырады.

5.3. Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісі білуі тиіс: өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтерді реттейтін ҚР заң шығарушы және басқа нормативтік құқықтық актілерін; ҚР салық заңдарын; ҚР салық салуға қатысты әдістемелік материалдарын; еңбек туралы заңын; Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін.

5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісінің жоғары кәсіби (қаржылық, экономикалық) білімі немесе орта кәсіби (қаржылық, экономикалық) білімі болуы тиіс.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.

5.5.1 Студенттік есеп жүргізу секторының есепшісі БҚМУ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.
6. ЖАЗБАЛАР

_
7. ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Біліктілік анықтамалығын пайдалану жөніндегі қызметшілер лауазымы;

Бухгалтерлік есептің стандарттары; Бухгалтерлік есеп туралы Заңы; Қазақстан Республикасының «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы» Кодексі;

7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.


«КЕЛІСІЛДІ»

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі

____________ А.С.Тасмағамбетов



02.09.2011 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет